Материалдар / Композиция негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Композиция негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
1246
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ





УАЛИЕВ Б.М., МУКАЕВА А.М.






«КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯ СЫ»

Оқулық құрал










Page 2

2
Уалиев Б.М., Мукаева А.М.
Костюм композициясы: оқулық құрал- Тараз,
-104 бет








Оқулық құрал бастауыш, орта кәсіптік және жоғары білім беру
мекемелерінің композиция пәні жоспарына сәйкес жазылып, онда
жазықтық, көлемдік және кеңістік - көлемдік композицияларын
түрлеріне сипаттама беріліп, композициялық шешімдерінің
тәсілдік мәселелері, және композиция сабағын жүргізу үдерісінің
негізгі қағидалары қарастырылды.
Оқулық құрал студенттермен мамандарға арналған.














Page 3

3
Мазмұны

Кіріспе 4
1 «Костюм композициясы» түсінігі.

5
2 Костюм композициясының негізгі заңдары мен
қасиеттері.

5
3 Композицияны айқындау құралдары.

11
3.1 Пропорция.

11
3.2 Масштаб.

20
3.3 Ырғақ.

20
3.4 Қарамақайшылық. Нюанс. Тепе-теңдік.

29
3.5 Симметрия. Асимметрия.

39
4 Костюм композициясының элементтері.

47
4.1 Пішін.

47
4.2 Силуэт.

52
4.3 Икемділік

59
4.4 Түс. Колорит 65
4.5 Сәндік безендіру. 74
4.6 Фактура. 80
4.7 Ансамбльдың композициялық бірлестігі.

95
Тәжірибелік тапсырмалар

101
Әдебиеттер тізімі 104





Page 4

4
КІРІСПЕ

«Костюм дизайны» оқу құралы киім тігу, имидж, стиль
бағытында шығармашылық қызмет етуге оқып жатқан ЖОО мен орта
кәсіби білім беру оқу орындарының білімгерлеріне арналған. Оқу
құралында костюм дизайнердің авторлық жеке туындысы, көркемдік
бірлігі ретінде қарастырылған.
Кітапта 5В042100-Дизайн (костюм дизайны мамандығы),
5В072600-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және
конструкциялануы мамандықтарының студенттеріне арналған «костюм
дизайны» оқу пәнінің қажетті бөлімдері қарастырылған.
Оқу құралында костюмді көркемдік жобалаудың авторлық
нұсқасы ұсынылған, ол нұсқа ТарМУ-дың «Дизайн және тігін
бұйымдарының технологиясы» кафедрасында оқытудың әдістемелік
негізінде жасалған.
Кітапта киім дизайнының негізгі ұғымдары, қазіргі заманғы
көркемдік-жобалау қызметіндегі киім дизайнының орны, дизайнердің
көркемдік-жобалау ерекшеліктері дизайн-жобалаудың кезеңдері
қарастырылған.
Оқу құралын жазу барысында осы мамандық бойынша қажетті
кітаптар есепке алынды. Костюм пішінін құру, киім модельдеу және
кейбір тақырыптар бұл кітапқа енгізілген жоқ. Ал, киім жобалау,
жобалау графикасы секілді тараулар барынша толық қамтылды. Бұл
тарауларда костюм жасау үдерісінде болатын жобалау есептерін
шығаруға арналған алгоритмдер енгізілген. Оларды «Дизайн және тігін
бұйымдарының технологиясы» кафедрасында оқытушылар мен
студенттер тексеруден өткізген.
Кітаптың екінші бөлімінде композиция негіздері, костюмнің
белгілік жүйелері, оларды айқындау құралдары қарастырылған.
Бөлімнің жеке тарауларында колористика мен дизайнға, костюмді
фактурлық құрастыру және текстура мен фактураның графикалық
эквиваленттеріне арналған көптеген материалдар қамтылған.









Page 5

5
1. «Костюм композициясы» түсінігі

Киім дизайнеріне кәсіби қызметі барысында костюм жобалауға
байланысты көптеген міндеттерді шешуге тура келеді. Солардың бірі –
костюмді көркемдік жүйе ретінде түсіну, костюмге тиесілі көркемдік,
үйлесімдік, авторлық ерекшеліктерді көрсете білу. Осы жүйенің
заңдары мен ережелерін - композиция зерттейді.
«Композиция» сөзі өзінің бастамасын латынның «compositio» -
құрастыру, біріктіру, байланыс деген сөздерінен алады.
Композицияның қазіргі заманғы түсінігі – форманың (пішіннің)
барлық элементтерін біртұтас біріктіру арқылы көркемдік форма құру.
Костюм дизайны – костюмнің барлық бөліктерін біртұтас
гармониялық бірлікке біріктіретін, автордың идеясын нақты формада
көрсететін ұйымдастырушылық бастама болып табылады.
Костюм композициясы костюмнің функционалдық қызметімен
тығыз байланысты. Киім дизайнері костюм композициясымен жұмыс
істеу барысында өз идеясын жүзеге асыру үшін көптеген нұсқалардан
ең тиімді, жақсысын таңдауы керек.
Сондықтан, композицияны эмоциялық, шығармашылық,
түйсікпен саналы таңдау нәтижесі деп қарастырады.

2. Костюм композициясының негізгі заңдары мен қасиеттері

Костюм композициясы дизайнер шығармашылығының негізгі
элементі ретінде, көркемдік, сәнді форма құрудың талаптары мен
ережелеріне бағынады.
Композицияның негізгі заңы – көркемдік пішіннің барлық
бөліктері бір-бірімен гармониялық бірлікте болуы тиіс, оларда
бейнелік (образдық), функционалдық және конструктивтік
бастамаларда көрінуі тиіс.
Композицияның негізгі заңының қағидалары:
1. Кез келген дизайнерлік пішінде бір-біріне идеялық қарсы келетін
элементтер болмауы керек, форма логикалық біртұтас болуы тиіс.
2. Кез келген жобалық пішінде басты және қосалқы элементтердің
бірлігі көрінуі тиіс.
Композицияның негізгі заңының басты қағидаларын
қарастырайық.


Page 6

6 Костюм фор-эскиздері

Бірінші қағида – костюм
композициясының барлық бөліктері
мен элементтерінен суретші –
жобалаушының басты идеясы көрініп
тұруы тиіс. Композиция тіпті, әдемі әрі
тиімді болса да, кездейсоқ бөліктер мен
бөлшектер болмауы керек. Егер
модельдің бір бөлшегі костюм
идеясына қарсы келетін болса, оның
бөліктерінің біртұтастығын бұзады.
Дизайнер мұндай бөлшекті кедергісіз
алып тастауы немесе композицияның
жалпы идеясына «бағындыруға»
тырысуы тиіс. Бұл бұйымды жөнсіз
безендіруден сақтайды, костюм
дизайнының міндеттерін орындайды
және композицияның бірлігін
нығайтады.
Екінші қағида – композиция
бөліктерінің басты және қосалқы
бөліктерге бөлу қажеттілігін көрсетеді.
Бұл бөліктердің үйлесімдік бірлігі,
олардың бір – бірімен үйлесім табуы
арқылы жүзеге асады. Композицияның
басты, негізгі бөлігі ерекшеленеді,
бірақ, қалған бөліктерге қарсы
келмейді.
Композицияның басты бөлігі
композициялық орталық болып
табылады, оған қалған басқа бөліктер
бағынышты, тәуелді болады. Басты
бөлік – костюм композициясының
доминанты болып табылады.
Форманың кез келген элементі
композициялық орталық бола алады.
Егер күрделі композиция болса, бір-
бірімен тығыз байланыстағы бірнеше
компози-циялық орталықтар болуы
мүмкін.
Форма бірлігі барлық бөліктер
мен элементтердің үйлесім табуы


Page 7

7
арқылы жүзеге асады. Олардың гармониялық қатынаста орнала-суына
костюм пластикасының, түсінің, фактураларының, пішін көлемі мен
массасының пропорционалды қатынастары ықпал етеді. Костюмнің
бұл элементтерінің барлығы бір-бірімен тығыз байланыста, бір-біріне
тәуелді, бағынышты, олардың бәрі дизайнердің идеясын жүзеге
асыруға «қызмет» етеді.
Композицияның басты және қосалқы бөліктерінің бір - бірімен
тығыз байланысын және бірлігін қамтамасыз ету – жобалаушы -
суретшінің басты мақсаты болып табылады.

Костюм композициясының қасиеттері

Айқындылық. Костюмнің көрерменге алғашқы әсері осы
қасиетке байланысты. Айқындылық костюм композициясының қасиеті
ретінде көрермендердің назарын модельге аударады, олардың
қызығушылығын тудырады. Егер киім моделі нде жеткілікті
айқындылық болмаса, көрермен назары басқа модельдерге ауып кетеді.
Жобалаушы – суретші шығармашылығының нәтижесі осы
айқындылық арқылы анық көрінеді.
Айқындылық – автор белсенділігінің көрсеткіші, оның жобалау
нысанына көркемдік көзқарасы, эмоционалдық бейнелерді таба білуі.
Қажетті айқындылықты таба білу - киім дизайнерінің басты
мақсаттарының бірі.
Жасалып біту – костюм композициясының маңызды
қасиеттерінің бірі. Көрермен назарына ұсынылған киім моделінде
өзгерту, алып тастау тілегін тудыратындай артық бөлшек, элементтер
болмауы тиіс. Басқаша сөзбен айтқанда, жасалып біту – бұйымның
дайындық дәрежесін көрсететін қасиеті, модель жасау жобасының
қорытындысы, костюм композициясына ешқандай өзгеріс енгізу
қажеттілігінің жоқтығын көрсететін көрсеткіш. Жақсы ойластырылып,
үйлестірілген костюм композициясына ешқандай өзгеріс ендіру талабы
туындамайды, яғни ешнәрсе қосу немесе алып тастау қажеттілігі
туындамайды, костюмнің біртұтастығын бұзуға болмайды.
Жасалып біту костюм композициясының қасиеті ретінде негізгі
үш ережеге сүйенеді, ережелерді бұлжытпай орындау арқылы қажетті
нәтижеге қол жеткізуге болады.
Бірінші ереже – бүтін біртұтас бұйымның бірлігін бұзатын
элемент қосуға болмайды.
Екінші ереже – бұйымның бөліктері мен элементтерін алып
тастауға немесе басқа элемент қосуға болмайды, яғни бұйым бірлігін
бұзуға болмайды.
Үшінші ереже – бұйым бөліктерінің орналасу тәртібін өзгертуге,
орындарын ауыстыруға болмайды.


Page 8

8
Костюм фор-эскиздері
Біртұтастық . Костюм композициясының бұл қасиеті композиция
элементтерінің өзара іс-әрекет ету жүйесін сипаттайды. Жаңа костюм
формасын жобалаушы – суретші, пішіннің барлық элементтері
көлемдерінің үйлесімділігінің, қажетті қатынастарын ойластырады.
Композиция біртұтастығы болуы үшін бірнеше қажетті ережелер
орындалуы тиіс.
Адам мүсіні жалпы аядан бөлек қарастырылуы тиіс, яғни белгілі
ортаға орналасқанда айқын көрінуі керек. Мүсіннің қоршаған ортада
ерекшелену ережесі – костюм
тартымдылығын арттырудың әдісі.
Бұйымның біртұтастығын көрсететін
ереженің бірі – форманың және оның
бөліктерінің жинақы (компактно) орналасуы.
Форманың бөліктері мен элементтерінің
шамадан тыс көп болуы көрермен назарына
оғаш көрінеді. Сондықтан, киім дизайнері
костюмді тартымды көрсететіндей
бөлшектер мен элементтер санын анықтауы
керек.
Костюмнің функционалдық мақсатына
сәйкес оның бөліктерінің
пропорционалдылығы сақталуы қажет.
Тепе-теңдік – костюм
композициясының маңызды қасиет-терінің
бірі. Композицияның әрбір элементі
көрермен назарына өз орнында, тұрақты,
пропорционалды жағдайда орналасуы шарт.
Костюм тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін
барлық элементтер үйлесімді орналасуы
қажет. Тепе-теңдік жағдайы көз мөлшермен
анықталады.
Костюм тепе-теңдігінің факторлары:
 Пішіні
 Көлемі
 Мөлшерлері
 Түсі
 Фактурасы
 Декоры
 Ырғағы
 Орналасуы және т.б.


Page 9

9
Костюм тепе-теңдігіне қол жеткізудің ең қарапайым құралы
болып симметрия саналады.
Статика мен динамика.
Сәтті құрылған композицияда метр мен ырғақтың белгілі бір
қатынаста болатыны секілді, статика мен динамика арасында да сондай
қатынас болады. Осы екі біріне-бірі қарама-қарсы бастамалардың
болуы нысанның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Динамика бойында даму, өзгеріс, белгілі бағыты бар, яғни
қозғалысы бар композицияны сипаттайды. Әрине, мұнда
физикалық қозғалыс емес, көзге түсетін қозғалысты айтады.
Көрерменнің көз жанары динамикалық композицияда,
еріксізден оның элементтерін белгілі тәртіппен, суретші берген
бағытпен қабылдай бастайды. Динамиканың көмегімен назарды басты
элементке немесе композицияның басты бөлігіне аударуға болады.
Динамикаға қарама-қарсы сапа, ол – статика.
Статика бір қалыпты, композицияның барлық
құрылымындағы тыныштық, тұрақтылықты көрсетеді.
Шығармашылық нысаны көптеген пішіндер мен
элементтерден құралуы мүмкін, мұнда композицияның
динамикалығына немесе статикалығына әрбір элементтің пішіні,
олардың үйлесімді орналасуы ықпалын тигізеді.
Динамикалық композицияда қимыл орталыққа қарай, яғни
өзінің қимылының соңғы нүктесіне қарай бағытталуы мүмкін; немесе
орталықтан шетіне қарай, яғни көрерменнің көзқарасын
композициядан тысқары алып кетуі мүмкін; болмаса, жоғары немесе
төмен, вертикальды немесе қиғаш бағытталуы мүмкін.
Композицияның барлық типтерін шартты түрде 4 түрге бөлуге
болады:
- статикалық тұрақты, яғни тып-тыныш, ешқандай бағытсыз;
- статикалық тұрақсыз, яғни ішкі қимылы жоқ, сонымен қатар,
қатал тәртіппен орналаспаған ;
- динамикалық тұрақты, яғни жалпы тәртіпті бұзбайтын қимылы
бар секілді әсер қалдыратын;
- динамикалық тұрақсыз - айрықша кернеулікті, өзінің бағытты
қимылымен еріксіз назар аудартатын .
Композицияның бұл қасиеттері костюм композициясын
сипаттайтын басты көрсеткіштер болып табылады.
Сонымен, статика мен динамика әрқашан бір-біріне қатысты,
олар бір мезгілде бір композицияда әртүрлі құраммен қатыса алады.
Бұйымды жобалаған кезде бұлардың қайсысын көбірек пайдалануды
болжауға болады. Ол бұйымның атқаратын қызметіне байланысты.


Page 10

10
Жобалаудағы бұйым жасалатын материалдың пластикалық
қасиеттеріне қарай бұйым пішінінің динамикасын қарастыруға болады.
Әртүрлі материалдардың қозғалу қасиеттері әртүрлі екендігі белгілі.
Кез келген композицияға статикалық немесе динамикалық қасиет
беруде оның ырғақтық ұйымдастырылуының маңызы үлкен. Бірдей
элементтерді бірдей аралықта орналастыру композицияға статикалық
қасиет береді. Ал ырғақтың кез келген түрін қолдану пішінге
динамикалық қасиет береді.
Бұйымның статикалығына және динамикалығына симметрия
мен ассимметрия секілді композициялық құралдар үлкен ықпал етеді.
Симметрия өзінің барлық көріністері мен түрлерінде тепе-
теңдікті, тұрақтылыөты, яғни статиканы көрсетеді.
Айқын көрінетін орталығы бар, симметриялық осі пішіннің
ортасында орналасса, ол да тыныштықты, тұрақтылықты көрсетеді.
Сонымен, орталық сызығы бар немесе симметриялық осі бар
бұйымдардың бәрі осы статикалық қасиетке ие болады.
Егер, пшін ұйымдастыруда, композиция шешімінде ассимметрия
тәсілі қолданылса, яғни әртүрлі фактураларды, декорларды
орналастыру, түрлі-түсті дақтарды орналастыру арқылы композицияға
динамикалық қасиет беруге болады.
Кез келген композицияны жобалауда статика мен динамиканың
дұрыс ара қатынасын табудың маңызы үлкен. Пішінде оларды теңдей
пайдалану бұйымның сәтсіз шығуына әкеліп соғуы мүмкін.
Статикалық композиция – пішінді қозғалыссыз, тұрақты
көрсетеді. Статикалық тыныштықты, тұрақтылықты суреттейді.
Динамикалық композиция –элементтерінің қозғалысын, іс-
қимылын көрсетеді. Композиция динамикасында қозғалыс, даму,
өзгеру көрініс табады.
Костюм композициясында статикалықты немесе динамикалықты
таңдауда, дизайнер костюмнің функционалдық мақсатын,
тұтынушының жасын есепке алуы тиіс.










Page 11

11
3. Композицияны айқындау құралдары
3.1. Пропорция

Пропорция маңызды композициялық құралдардың бірі болып
табылады. Пропорцияның көм егімен бұйымның біртұтастығы,
үйлесімділігі жүзеге асырылады.
Костюм пропорциясы – пішін элементтері арасындағы көлемдік,
түстік байланыстарын білдіреді. Кез келген композицияның негізінде
форма бөліктерінің көлемдік қатынастары жатады. Костюм
пропорциясы форма элементтері мен бөліктерінің үйлесімді бірігуін
қамтамасыз етеді.
Пропорциялар қарапайым (рационалдық) және күрделі
(иррационалдық) болып екіге бөлінеді. Гармониялығы жағынан ең
жетілдірілген иррационалдық пропрция болып «тең қима» (золотое
сечение) саналады. Кезінде «тең қиманы» Леонардо да Винчи терең
зерттеген. Бұл пропорцияның мәні мынада: егер қиманы «тең қима»
қағидасымен екі бөлікке бөлетін болсақ, қиманың кіші бөлігінің
қатынасы, үлкен бөліктің қимаға қатынасымен бірдей болады.
Егер қима ұзындықтарының бір-біріне қатынасын тұтас
сандармен белгілейтін болсақ - 3:5; 5:8; 8:13 және тағы да басқа
қатынастар пайда болады. Адам мүсінінің құрылысы да «тең қима»
пропорциясына бағынады. Адам мүсінінің пропрциясының модульдік
жүйесінде өлшем бірлігі болып адам басының ұзындығы саналады.
Қазіргі заманғы адам мүсінінің каноны болып 8 модульден тұратын
мүсін саналады (бастың ұзындығы адам денесі ұзындығына сегіз рет
қойылады). Осы қағидаға сәйкес мүсін бөліктерге бөлінеді. Негізгі
горизонтальды бөлік бел сызығы арқылы анықталады. Бел сызығы
мүсінді төменгі және жоғарғы бөліктерге бөледі. Жоғарғы бөлік
қарақұстан бел сызығына дейін 3 модульдан, ал төменгі бөлік бел
сызығынан өкшеге дейін 5 модульдан тұрады.
Сонымен, адам мүсінінің жоғарғы және төменгі бөліктерінің
қатынасы 3:5 – ке тең, яғни «тең қима» қағидасына сәйкес келеді.
Нақты адамға арналған костюм адам мүсініне тікелей
байланысты, яғни пропорциялауға жатады. Жобалаушы – суретші
нақты адамға костюм жобалағанда костюмнің функционалдық
қызметін есепке алады. Костюм пропорциясын анықтау дегеніміз –
костюм бөліктерінің бір – біріне қатынастарын анықтау деген сөз.


Page 12

12


Сурет. Киімдегі пропорция


Page 13

13


Сурет. Киімдегі пропорция


Page 14

14


Сурет. Киімдегі пропорция


Page 15

15


Сурет. Киімдегі пропорция


Page 16

16


Сурет. Киімдегі пропорция


Page 17

17


Сурет. Киімдегі пропорция


Page 18

18


Сурет. Киімдегі пропорция


Page 19

19
Костюмнің пропорционалдық шешімінің алгоритмі

1. Костюмнің силуэттік шешімін іздеу.
Силуэт таңдау. Оның басты
пропрцияларын анықтау. (Силуэт
биіктігінің еніне қатынасы).
2. Силуэттік форманы негізгі бөліктерге
бөлу – жоғарғы (лиф) және төменгі
(юбка, шалбар). Жоғарғы және төменгі
бөліктердің оптималды қатынасын
анықтау.
3. Форманың жоғарғы бөлігін майда
бөліктерге (жаға, жең және т.б.) бөлу.
Жеке бөліктердің көлемдік қатынастарын
табу.
4. Форманың төменгі бөл ігін майда
бөліктерге (кокеткалар, юбка және т.б.)
бөлу. Жеке бөліктердің көлемдік
қатынастарын табу.
5. Костюм формасын дизайнердің идеясына
сәйкестендіріп жеке бөліктерге бөлу
арқылы пропорциялау.
Сәтті табылған костюм
пропорцияларын үлгі ретінде қарастыруға
болмайды. Пропорция-лаудың әр түрлі
нұсқаларын пайдалана отырып, жаңа,
қызықты шешім табуға болады.
Пропорциялауда шығармашылық
эксперименттер арқылы пішін құрудың
мәнін түсінуге болады.











Костюм фор-эскиздері


Page 20

20
3.2 Масштаб

Костюм пропорциялары адамның мүсін пропо рцияларына
міндетті түрде сәйкес болуы керек. Адам мүсіні – костюм жобалауда
басты көрсеткіш болып табылады. Сондықтан, костюм композициясын
жобалауда пропорциямен қатар, масштабтылық та басты көрсеткіш
болып саналады.
Костюмдегі масштабтылық – костюмнің, оның элементтерінің
адамның мүсініне және қоршаған ортаға (заттар әлемі) көлемі
жағынан сәйкес келуі. Костюм массасы, оның бөліктері адамның
мүсініне сәйкес келуі тиіс. Басқаша айтқанда, адам костюмде өзін
физикалық және психологиялық жағынан еркін сезінуі тиіс.
Сонымен қатар, костюмдегі сәтті табылған масштабтылық адам
мүсінінің кемшілігін жасырады, артықшылықтарын айқын көрсетеді.
Форманы бөлшектерге және бөліктерге бөлу адам бойының
ұзындығына сәйкес жүргізіледі. Костюм бөлшектерінің өлшемдері
адам денесінің өлшемдеріне сәйкес болады.

3.3 Ырғақ

Костюм композициясының басты құралы - ырғақ болып
табылады.
Ырғақ – (грек тілінде rhithmos – ағыс) композиция элементтерінің
белгілі бір заңдылықпен қайталануы, ауысуы.
Кез келген ырғақ қимылға негізделеді.
Костюмде ырғақ көлемдердің, форма құрушы бөліктердің,
сызықтардың, бөлшектердің алмасуы арқылы жүзеге асырылады.
Пішінің әртүрлі элементтерінен біртұтастығынан бұйым алынады.
Ырғақ пайдалану арқылы костюмнің тартымдылығы, үйлесімділігі
және гармониясы жүзеге асырылады.
Элементтердің қайталану заңдылықтары, ырғақтық қатарлардың
ауысуы көзге айқын көрініп тұрады.
Ырғақтық қатарлардың және элементтердің қайталануы үш реттен
кем болмаса жақсы нәтиже береді. Модельдердің композициялық
шешімінің тартымдылығына ырғақтық құрудың сипаты әсерін тигізеді.
Костюмдегі форма элементтерін ырғақтық ұйымдастыру төрт
түрге бөлінеді:
1. Алмасатын элементтер мен олардың арақашықтығы (интервал)
бірдей болады. ырғақтық құрудың бұл түрі метр деп аталады.
2. Алмасатын элементтер әр түрлі, бірақ олардың арақашықтығы
бірдей.


Page 21

21
3. Алмасатын элементтер бірдей болғанымен, олардың
арақашықтығы әр түрлі.
4. Алмасатын элементтер де, олардың арақашықтығы да әр түрлі.
Костюм элементтерін ырғақтық ұйымдастырудың бірінші түрі
метрлік немесе метр деп аталады.
Метр бірдей элементтердің бірдей аралықта қайталануымен
сипатталады. Киімде метр, әдетте, түймеге ілгек қадауда, мата
өрнектерінде, жолақ маталарда, лифтің біржақты қабаттарында немесе
белдемшеде қолданылады.
Элементтерді метрлік ұйымдастырылуы костюм композициясына
тәртіптілік, біртектілік береді.
Костюмде ырғақтың метрлік түрінен басқа динамикалық түрі де
қолданылады.
Ырғақтың динамикалық түрі форма элементтерінің және олардың
аралықтарының өзгеруімен сипатталады. Ырғақтың бұл түрі
динамикалық бұйымдарды жобалауға мүмкіндік береді.
Костюмдегі ырғақтық қатарлар әртүрлі бағыттарда болуы мүмкін:
вертикальды, горизонтальды, диагональды, спиральды, радиальды
және т.б.
Жобалаушы-суретші ырғақтың қандай түрі мен бағытын таңдаса
да, костюм композициясын ритмдік ұйымдастыру басты пішіндерді
ритмдік ретке келтіруден басталуы тиіс.
Костюм формасының ырғақтың конструктивтік шешім арқылы
табады. Негізгі басты формаларды орналастырғаннан кейін, костюмнің
қалған қосалқы бөліктері мен детальдарын орналастыруға болады.
Костюмді ырғақтық ұйымдастыруда түстік, фондық, фактуралық
ритмдерді жасау басты роль атқарады. Түс дақтарын ырғақтык
ұйымдастырудың маңызы зор.








Page 22

22

Сурет. Костюмдегі ырғақ


Page 23

23


Сурет. Костюмдегі ырғақ


Page 24

24


Сурет. Костюмдегі ырғақ


Page 25

25


Сурет. Костюмдегі ырғақ


Page 26

26

Сурет. Костюмдегі ырғақ


Page 27

27


Сурет. Костюмдегі ырғақ


Page 28

28


Сурет. Костюмдегі ырғақ


Page 29

29
Костюм фор-эскиздері

3.4. Қарамақайшылық. Нюанс.
Тепе-теңдік.

Қарамақайшылық, нюанс, тепе-
теңдік – композицияны айқындаушы
құралдар, элементтер көз мөлшермен бір-
біріне қарама-қарсы қою арқылы
салыстырылады.
Костюм жобалауда айқындаушы
құралдарды таңдау келесі факторларға
байланысты:
 негізгі идея мен оның бейнелік
мазмұны;
 функционалдық мақсаты;
 тұтынушылардың жас мөлшері.
Костюмдегі әр түрлі элементтерде
контраст, нюанс, теңдік төмендег і
жағдайларда бірдей көрініс табуы мүмкін:
 пішін мен силуэтті ұйымдастыруда;
 пішіннің пластикалық шешімінде;
 түс шешімінде;
 тондық ұйымдастыруда;
 фактуралық шешімдерде;
 декорда.
Тепе-теңдік – костюм элементтері
сипаттамаларының абсолютті теңдігін
көрсетеді.
Костюм композициясының айқынды-
лығын арттыратын құрал қарамақайшылық
болып саналады.
Қарамақайшылық – костюм
композициясының біртекті элементтерінің
бір-бірінен ерекшеленуі.
Киім модульдеуде автор таңдайтын
қарамақайшылық деңгейі көптеген
факторларға байланысты, олардың ішіндегі
ең шешуші, басты фактор болып киімнің
функционалдық мақсаты саналады.
Қарамақайшылықты композиция
өзінің белсенділігімен және айқынды-
лығымен ерекшеленетіндіктен, тұтыну-


Page 30

30
шының көпшілік ішінен айқын, әрі ерекше көрінуі үшін таңдайды.
Сондықтан, қарамақайшылықты шешім эстрада костюмдерінде, спорт
киімдерінде, белсенді демалысқа арналған киімдерде жиі
қолданылады.
Балалар мен жастарға арналған киімдерді жобалауда да,
қарамақайшы композиция қолданылады. Балалардың тынымсыз көп
қимылына арналған киімдерде түс Қарамақайшы пайдаланылса,
жастардың киімдерінде форма, фактура, түс, пластика, тон
қарамақайшылықтары қолданылады.
Форманың қарамақайшы, нюансы және тепе-теңдігі киім
бөліктерінің көлемдік қатынастарын сипаттайды. Мысалы, кішкене тар
лиф пен кең етекті белдемше.
Костюм қарамақайшылығының жеткіліксіздігі оның
айқындылығын кемітеді, сонымен қатар, шамадан тыс артық
қарамақайшылық костюмнің бірлігіне, біртұтастығына нұқсан
келтіреді.
Сондықтан, костюм жобалауда мына ережені сақтау ке рек:
қарамақайшылық бір мезгілде композицияның екі элементінен артық
қолданылмауы керек, қалған элементтердің бәрі нюанс немесе тепе-
теңдік қағидаларымен ұйымдастырылуы керек.
Нюанс қарама-қайшылыққа қарсы болып табылады.
Нюанс – жұмсақ, әзер байқалатын ерекшелік.
«Нюанс» сөзі «ауытқу», «әзер байқалатын өту» деген мағына
береді. Мысалы, қарама-қайшылық ақ пен қара түстерді
салыстырғанда, екі түс пен олардың арасындағы шекара ғана
байқалады, нюанстық қатынаста ақ түстен қара түске өту біртіндеп
жүзеге асады. Сонымен, нюанс дегеніміз біртұтас бұйымдардың бір-
біріне ұқсастығы.
Костюм элеганттілігін арттыру үшін көбінесе нюанс
пайдаланылады. Нюанс қағидаларын қолданған костюм назарға ерекше
ілінбейді. Сондықтан, нюансты іскерлік немесе күнделікті киетін
киімдер мен егде жастағы адамдарға арналған киімдерді жобалауда
пайдаланады.
Нюанс қағидалары қолданылған киімдер ыңғайлы және теңдік
сезімін тудырады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!