Материалдар / Компьютер құрылғысы 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Компьютер құрылғысы 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2018
710
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.1А Компьютер және программалар

Мектеп:


Мұғалімнің аты-жөні:


Күні:

Қатысқан оқушылар саны:


СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Компьютердің құрылғылары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау

  • енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

Сабақтың мақсаттары

  • Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

  • Компьютер сыныбында өзін - өзі ұстау ережелерімен таныстыру.

  • Көз талғанда жасалатын жаттығулармен таныстыру.

  • Төтенше жағдайлардағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру. енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу

Бағалау критерийлері

  • Есептеуіш техникамен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін білу;

  • Компьютер сыныбындағы іс - әрекет ережелерін білу;

  • көз талғандағы жаттығуларды жасау;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминалогияларды қолдана отырып компьютердің енгізу, шығару құрылғыларын атап олардың мақсатын айтады.

Пәндік лексика және терминалогия:

  • енгізу құралы, шығару құралы, камера, монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Ақпаратты енгізу құрылғыларына жатады.

  • Ақпаратты шығару құрылғыларына жатады.

  • Пернетақта ... қажет, монитор .. қажет.

Құндылықтар

Адами құндылықтар: өзара сыйластық, топтарда қабылданған жұмыс ережелерін ұстану, біреудің пікірін құрметтеу, бастаманы қолдау, «сыни дос» пікірін тындау, өзіне және досына жауапкершілікпен қарау, шыдамдылық, әділеттілік, қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жеке құндылық: шығармашылық арқылы өзін білдіру мүмкіндігі. Қауіпсіздік ережесін сақтау

.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, Бейнелеу

АКТ қолдану дағдылары

Білімленд интербелсенді сабақ

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың қауіпсіздік туралы түсінігі бар

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


1-7 минут

  1. Ұйымдастыру кезені

 «Сәлемдесу» ойыны:


Біз компьютер класына келдік. Қане бір-бірімізге жылы лебізімізді жолдайық.

  1. Мақсатты тұжырымдау


Биылғы жылы сіз ақпараттық- коммуникативті технологияны үйренуге кірісесіз.


Анаграммаларды шешіңіз.

(Оқушыларға әріптер таратылады. Топтасып анаграмма шешуге кіріседі)

Нәтижесі: Компьютер, Қауіпсіздік ережесі.


  • Бұл пәннің басқа пәндерден ерекшелігі неде?

  • Компьютер дегеніміз не?


  1. Білімді жүйелеу


Компьютер – ол адам жиі байланысатын көмекші құрал. Көріп отырғанымыздай, біз ерекше класқа келдік - компьютерлік класқа. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас процесі ыңғайлы және қауіпсіз болу үшін белгілі бір ережелерді сақтау қажет.

-Бүгін біз өзімізді қалай қауіпсіздендіреміз және қалай қорғайтындығымыз туралы айтамыз, қауіпсіздік ережелерін қарастырамыз.


  • Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз. Әдемі отырамыз, арқаларымызды тік ұстаймыз.


Презентация

1-2 слайд








Презентация

3 слайд











Презентация

4 слайд



Презентация

5 слайд

Сабақтың ортасы


8-36минут


















  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.


  • Сіз қауіпсіздік ережесін қандай сабақта қарастырдыңыз?

  • Ережелердің мысалдарын келтіріңіз


Топтық жұмыс

Суреттерге қарап, компьютерлік сыныпта қауіпсіздік ережелерін құрастырыңыз.


Оқушылар бір-біріне құрастырған ережелерді айтып береді. Мұғалім өз тарапынан дұрыстап отырады.


Сергіту сәті

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).


Бағалау


1-тапсырма. Орындауға болатын ережелерді жасыл түспен бояңыз.

- Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер бөлмесіне кіру.

- Компьютердің көзге көрінетін ақаулығы жоқ екенін тексеріңіз.

- Қосылатын сымдардың қосқыштарын түрту.

- Басқа компьтерлерден компакт-дискілер мен дискеттерді сыныпқа әкелу.

- Лас қолмен компьютерде жұмыс істеу.

- Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басу.

- Компьютердің бөліктеріне заттар қою

- Компьютерлік сыныпқа тыныш кіріңіз. Жұмыс орныңызға орналасыңыз.

- Компьютерлік сыныптың кіреберісінде бір-бірін итермелеу

- Мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана компьютерде жұмыс істеуді бастау.

- Компьютердің ақаулықтарын өз бетінше жоюға тырысу.

- Пернелерді абайлап, қатты соққысыз басу.

- Компьютерде дымқыл киімде немесе дымқыл қолмен жұмыс жасау.

- Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіру.

- Компьютер жабдықталған кабинетте сыртқы киімде болу.

- Егер компьютердің көрінетін ақаулары пайда болса, мұғалімге айту

- Қуат сымдарын ұстау.

- Сабаққа қатысты емес ойындарды немесе басқа программаларды қосу

- Экран мен монитордың артқы жағына тию

- Көз бен монитор экранына дейінгі қашықтық 60-70 сантиметрден аспауы керек.

- Бумалар мен файлдарды мұғалімнің рұқсатынсыз жою


Оқушылар жұптасып бір-бірінің жауаптарын тексеріп, бір-біріне кері байланыс береді. (Оқушылар кері байланыс беріп болған соң, тақтадан дұрыс жауап көрсетілсін). Кеспе қағаздарын қайтарып тақтадан тағы бір рет тексереді.


  • Айтыңыздаршы сіздер компьютердің қандай құрылғыларын білесіздер?

(оқушылар білетін құрылғыларды атайды)


Оқушыларға кеспе қағазы таратып, білетін құрылғыларды жазу ұсынылады

Жауабы:

  • Монитор

  • Пернетақта

  • Тінтуір

  • Жүйелік блок

  • Дискжетек




Презентация

6 слайд




2 қосымша

Презентация

7-16 слайд





Презентация

17 слайд







Қосымша 3


Презентация

18 слайд




































Презентация

19 слайд






Презентация

20 слайд



Презентация

21 слайд




Сабақтың соңы

37-40 минут


Рефлексия

Сабақтың соңында рефлексия өткізіледі:

  • Сабақтың тақырыбын атаңыз

  • Сізге оңай немесе қиын болды ма?


«Тазалық»- әдісі


Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (Суреті)
- Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)


Презентация

22 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)















1 Қосымша

Анаграмма

Әріптерді қиып оқушыларға таратып беру


К

О

М

П

Ь

Ю

Т

Е

Р



Қ

а

у

і

п

с

і

з

д

і

к



е

р

е

ж

е

с

і


2 Қосымша

Суреттерге қарап ереже құр















3 Қосымша

Тапсырма-1

Орындауға болатын ережелерді – жасыл түспен немесе орындауға болмайтын ережелерді қызыл түспен бояңыз.


Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер бөлмесіне кіру

Компьютерлік сыныпқа тыныш кіріңіз. Жұмыс орныңызға орналасыңыз

Компьютер жабдықталған кабинетте сыртқы киімде болу.

Компьютердің көзге көрінетін ақаулығы жоқ екенін тексеріңіз.

Компьютерлік сыныптың кіреберісінде бір-бірін итермелеу

Егер компьютердің көрінетін ақаулары пайда болса, мұғалімге айту

Қосылатын сымдардың қосқыштарын түрту.

Мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана компьютерде жұмыс істеуді бастау

Қуат сымдарын ұстау.

Басқа компьтерлерден компакт-дискілер мен дискеттерді сыныпқа әкелу.


Компьютердің ақаулықтарын өз бетінше жою ға тырысу.

Сабаққа қатысты емес ойындарды немесе басқа программаларды қосу

Лас қолмен компьютерде жұмыс істеу.

Пернелерді абайлап, қатты соққы сыз басу.

Экран мен монитордың артқы жағына тию

Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басу.

Компьютерде дымқыл киімде немесе дымқыл қолмен жұмыс жасау

Көз бен монитор экранына дейінгі қашықтық 60-70 сантиметрден аспауы керек.

Компьютердің бөліктеріне заттар қою

Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіру

Бумалар мен файлдарды мұғалімнің рұқсатынсыз жою




4 қосымша

Компьютер құрылғыларын ата





5 қосымша Рефлексия

«Тазалық» әдісі

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!