Пән
аты: Информатика
Сынып: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың
негізгі кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің
қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу
кезеңдерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық,
компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік
беру.
Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере
отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, тест сұрақтары, сөзжұмбақ.
Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, компьютер.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру. (2 – 3 мин)
2. Үй тапсырманы тексеру. (5-7
мин)
3. Жаңа сабақ. (10 – 15 мин)
4. Сабақты бекіту. (10 – 20
мин)
5. Сергіту сәті. (8 - 10 мин )
5. Қорытындылау. (5 – 4 мин)
6. Үй тапсырманы беру. (3 – 5
мин)
7. Бағалау. (2 – 3 мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Оқушылардың
назарын аудару.
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырманы
тексеру.
-
REPEAT (қайталау) операторы оқып
келу.
-
Тапсырма: N=1,
2, 3 және k=2, 4, 6, 8 барлық мәндерiнде y=2k+n айнымалысының мәнiн
табу.
-
Циклдің ілесу шартының
операторы?
-
Циклдің алдын
– ала тексеру операторы?
-
Арифметикалық
цикл қалай аталдаы?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Модель дегеніміз – нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі
шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – обьектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зеррттеу
мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модель түрлері
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай
топтарға жіктейді:
1. Қолданылу аймағы
2. Модельде уақыт факторын ескеру
3. Білім саласына қарай топтау
4. Модельді көрсету тәсіліне қарай
топтау
Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі
түрде жіктеледі.
1. Оқу
2. Тәжірибелік
3. Ғылыми – техникалық
4. Ойын
5. Имитациялық
Оқу моделі - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші
программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель
– жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте
майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу
мақсатында қолданылады.
Ғылыми - техникалық
модельдер – процестер мен
құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.
Ойын моделдеріне
- әскери, экономикалық, спорттық ойындар
жатады.
Имитациялық модель
– шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары
дәлдікпен бейнелей алады.
Модельді уақыт факторына байланысты
динамикалық және статистикалық деп
екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп
объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір
уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында
дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы
мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы
буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны
т.б.
Динамикалық модель
–уақыт
барысындағы объектінің қасиеттерінөзгерісін көрсету мүмкіндігін
береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын
динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша
жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау
мүмкіндігі бар.
Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен
тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек.
Бұл – үйдің статистикалық моделі. Сондай – ақ дауылға, жер
сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді
де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып
анықтауға болады.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай
топтау:
- Материалдықмодель
- Вербальдық модель
- Ақпараттық модель - Компьютерлік
компьютерлік емес модель
- Таңбалық модель
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе
физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және
физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым
мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре
алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай
модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік
береді.
Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен
күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара
байланыс болып табылады.
Таңбалық және вербальдық ақпараттық
модельдер
Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық
модель.
Таңбалық модельдеп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл
құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай
топтарға жіктеуге болады:
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді
конструкциялар.
Ауызша модель –
иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша
сипаттаулар.
Математикалық модель–объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің
байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс -
әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген
модельдер. Арнайы модельдер
– ноталар, химиялық формулалар.
Компьютерлік және компьютерлік емес
модельдер
Тарату тәсіліне қарай модельдер
компьютерлік және компьютерлік
емес болып бөлінеді.
Компьютерлік модельдеп программалық орта іске асатын модельдерді
айтады.
IV. Сабақты бекіту.
1.Төменде сұрақтар және дұрыс
жауаптар жазылған фигуралар берілген. Оқушылар осы сұрақтарға дұрыс
жауап берсе фигура жасыл түске, ал дұрыс емес болса қызыл түске
боялады.
- Модельдеу дегеніміз
не?
Жауабы:
Нысанның макетін құру.
- Модель дегеніміз ?
Жауабы: Нақты
объектіні шағын түрде бейнелеп көрсету.
- Модельдің
жасалу жолдары.
Жауабы:
Көрнекті жазбаша сызба.
2.
Компьютердегі тәжірбиелік жұмыс.
1.PAINT графикалық редакторы программасын іске
қосыңдар.
2. Сағаттың модельін салыңдар.
3. Өз модельдерінді жұмыс үстеліне бейнелер деп
сақтаңдар.
3. 1.Модельді
тек …… құруға болады.
а) нақты бар нысанға
в) ойластырып алған нысанға
с) кез келген нысанға , үдеріске ,
құбылысқа
д) табиғи құбылыстарға
2. Графикалық пішіндер мен
көлемді конструкциялар?
а)
математикалық модель
в)
геометриялық модель
с)
таңбалық модель
д)
компьютерлік модель
3.Ақпараттық модель:
а) компьютердің көмегімен жүзеге
асады
в) нысанның ,үдерістің , құбылыстың
сипаттамасын береді
с) нысанның қасиеттерін сипаттайтын
математикалық формулалар
д) тек статикалық модель болуы мүмкін
4.Уақыт факторларына байланысты модельді
келесідей деп айтуға болады:
а)
компьютерлік және компьютерлік емес
в)
статистикалық және динамикалық
с)
тәжірибелік және имитациялық
д)
сөздік модельдеу
5. Вербальдық модель дегеніміз не?
а) ойша немесе әңгіме түрінде
в) арнайы формулалар қойылады
с) схема график түрінде
д) ой – қорытындысы шарты арқылы
V. Сергіту сәті.
VІ. Қорытындылау.
Сөзжұмбақ шешу.
-
Мәліметтерді сақтайтын құрылғы?
-
Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге
пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты
қамтамассыз етеді.
-
Компьютерлік ойындарда тінтуірдің орнына
қолданылатын терте?
-
Санау жүйесінің түрі?
-
Жемістің түрі?
-
Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам
әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
-
Кескін үлгі сұлбаны көрсету.
VIІ. Үйге тапсырма.
«Астана қаласындағы «Бәйтерек» кешенінің макетін
жасау, реферат жазып келу»
VIIІ. Бағалау.