Материалдар / Компьютердің қосымша құрылғылары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Компьютердің қосымша құрылғылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары № 4 Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
512
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Сабақ жоспары № 4

Оқытушы: Байтемирова Гүлімхан Жаппарқызы

Пән: Информатика

Мамандық: 0112000 - «Исламтану» (011202 3 – Ислам негізінің мұғалімі)

І курс, топ: 23-9-81, 82, 83.

Күні:

Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату.

Сабақ түрі: жаңа білімді, дағдыны және біліктілікті бекіту сабағы

Мақсаты: студенттерді компьютердің қосымша құрылғыларымен таныстыра отырып, оларды баптап және орната алады.

Әдістері: Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Күтілетін нәтиже:

  • Сөйлеу қабілеті артады,

  • ойы толығады;

  • өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;



Сабақ жабдығы: Баннер. Дербес компьютерлер, ноутбуктер, қосымша құрылғылар, графикалық сызба, плакаттар, слайдтар, маркер, тақта.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, математика, физика.

Негізгі әдебиет: Информатика 10 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Б.Қ. Сапарғалиева, Н.Е. Масалимова, Г.А. Тезекбаева, «Арман-пв» 2014ж, 32-42 беттер





























Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру,сабақ өткізу жоспары.


5 минут

2

Білімдерін тексеру







Білімді бағалау өлшемі

«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» Тестілеу бойынша сұрау. Өткен тақырып бойынша тест сұрақтарын 4 нұсқа бойынша дайындап, бағалау



Бес балдық жүйе

30 минут

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі





Түсіндірілетін сұрақтар тізімі:

«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы», конспект арқылы, компьютердің қосымша құрылғыларына жеке –жеке мәлімет беру, жаңа сабақ бойынша бейне дәріс.

  1. Қосымша құрылғылар деген не?

  2. Олардың орнатылуы?

  3. Қызметтері?

30 минут

4

Оқушылардың өздік жұмысы

Жаңа тақырыпты конспектілеу практика бойынша құрылғыларымен танысу.

15 минут

5

Тақырыпты бекіту

Графикалық диктант арқылы


5 минут

6

Сабақ қорытындысы

Түсінік бере отырып, студенттердің біліміне қарай бағалау.

3 минут

8

Үй тапсырмасы

Негізгі 1: Информатика 10-сынып, қоғамдық –гуманитарлық бағыт «Арман -пв» 2014ж. 32-42 беттер

2 минут





Оқытушының қолы___________



Әдіскер:____________







Жаңа сабақты түсіндіру:

Қосымша құрылғылар- дербес компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Олардың жүйелік блогтың сыртына да, ішіне де қосуға болады.

ДК-дің қосымша құрылғыларына : дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, мәтіналғы, модем және т.б. жатады.

Дыбыс колонкалары- дыбысытық ақпаратты шығару құрылғысы.

Принтер – ақпаратты дербес компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Олардың бүріккіш, лазерлік ,3Д принтері

Бүріккіш принтер бояулардың көмегімен басып шығарады. Бүріккіш принтерлер бояулардың көмегімен басып шығарады.

Бүріккіш принтердің суреті 3D принтердің суреті.



3D принтердің қызметі- физикалық нысанның сандық үшөлшемді моделін қабаттар құру әдісі арқылы шығаратын құрылғы. Құрамында пластик, смола, керамика, металл, тағы басқа қоспалары бар.

Windows жүйесі – графиктік орта болғандықтан мұнда кез келген программадан мәтінді баспаға шығармастан бұрын, ең алдымен принтерді жұмысқа алдын ала баптап алған жөн. Ол үшін мынадай іс-әрекеттер тізбегі орындалуы тиіс:

І. Принтерді орнату:

а) принтерді компьютерге қосу

Іске қосу  Баптау  Принтерлер командасын орындау;

б) Осы сәтте ашылатын терезеге Windows жүйесінде тіркелген барлық принтерлердің белгісі және «принтерді орнату» белгісі шығады.

в) «Принтерді орнату» белгісінде тышқанды екі рет шертіп «принтерді орнату шебері» терезесін ашамыз;

г) «Принтерді орнату шебері» ұсыныстарына сәйкес әрекеттерді орындау;

Желілік принтерді орнату және пайдалану үшін келесі командаларды орындаймыз: Басқару панелі → Қондырғылар және принтерлер→Орнату командасын орындацймыз.

Желілік принтерді орнату үшін Желілік орта командасын таңдаймыз.

Мәтіналғы (Сканер) –мәтіндік және графикалық ақпаратты (суретті, сызбаларды) қағаздан дербес компьютерге енгізу құралы.

Мәтіналғыны орнату- үшін драйвер туралы мәселені шешіп болып, шнур арқылы мәтіналғыны компьютерге жалғаған соң, Windows автоматты түрде құрылғыны орнатады.

Мәтіналғы ескі болса, орнатуды өз қолдарыңмен іске асыруға тура келеді. Пуск арқылы басқару панелі деген мәзірге барып, терезенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша құрылғы атты батырманы басып, Windows –тың айтқан барлық қадамдарын орындап шығасыңдар.

Желілік мәтіналғыны орнату – Басқару панелінің Іздеу бөліміне «Желі» деген жазуды енгіземіз. Содан кейін Қондырғыларды және желілік дербес компьютерлерді көру атты бөлімге кіреміз – Орнату батырмасын басамыз.

Web камера орнату үшін компьютерге арнайы шнуры арқылы қосып, арнайы драйверін орнатамыз. Web камера арқылы адамдар ғаламтор арқылымыңдаған километрдегі ғаламторда отырған танысыңмен жүзбе-жүз сөйлесу, ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Модем-дербес компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы.

Ақпарат тасығыштар:

  • Қатты диск (винчестер)- үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.

  • Жұмсақ диск (дискета)-

  • Лазерлік дискілер (CD, DVD)- жазылған деректер диск бетінен шағылатын лазерлік сәулелердің көмегімен оқылады.

  • Флеш-жадылар- ақпаратты бірнеше рет қайталап жазуға болады.

  • Сыйымдылық – тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.

Қорытынды: Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, принтер мен сканерді орнату баптау тақырыбын толық түсіндіру үрдісі аяқталады. Сабақты түсінгендігі жайында шәкірттерден сұрақ қою арқылы сұрап тексеру.

Үйге тапсырма: Оқулықтан – 5 параграфты оқып келу.

Бағалау : Шәкірттердің білімдеріне қарай бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!