Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Уақыты: 90 мин.

Сабақтың педагогикалық мақсаты:

  • Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;

  • Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;

  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

  • Ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту;

  • Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету.

  • Пәнге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың педагогикалық мақсаты:

  • Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;

  • Интерактивті технология әдісі мен электронды оқулықты қолданудың маңыздылығын көрсету;

  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;

  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

  • Ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту;

  • Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;

  • Пәнге деген қызығушылығын ояту.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • ЭЕМ-нің архитектурасымен таныстыру;

  • ЭЕМ-нің негізгі құрылғыларымен жұмыс жасай білуге үйрету;

  • Ғылыммен техниканың соңғы жаңалықтарымен таныстыру;

  • Жаңа заман талабына сай технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.


Дамытушылық:

  • Жаңа тақырыпты меңгерту барысында жеке тұлғаның қабілетін, қызығушылығын, ынтасын дамыту;

  • ЭЕМ-нің инстументальдық жабдықтарын пайдалана білуге үйрету;

  • Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттерін, талдау, салыстыра білу, негізгісін ажырата білу, керек компьютерді дұрыс қолдана білуге машықтандыру.


Тәрбиелік: Студенттерді компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;

Студенттерді колледждің техникалық құрал-жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету. Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру. Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету. Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.


Студент білуі керек:

  • Жаңа заман талабына сай технологиялардың түрлерін;

  • ЭЕМ-нің қолдану салаларын;

  • Жаңа типті арнаулы компьютердің құрылғыларын;

  • Компьютер құрылғыларының мәнін және атқаратын қызметін;

  • Жүйелі қорап, манитор, пернетақтамен жұмыс істеуді;

Студент істей алуы керек:

  • ЭЕМ-нің құрылғыларын жалғауды;

  • ЭЕМ-нің құрылғыларын іске қосуды;

  • ЭЕМ-нің құрылғыларымен жұмыс жасауды;

  • ЭЕМ-нің құрылғыларын өшіруді.


Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Оқытудың компьютерлік, ақпараттық, дамыта оқыту, бақылау- бағалау, деңгейлеп оқыту және интерактивті технологиясы.


Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

Сабақтың әдісі - іздену, сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, даралап оқыту, тапсырмалар, суреттермен жұмыс, білім мен тәжірибені байланыстыру.


Пәнішілік байланыс:

  • Тақырып 1.1 Әлемнің ақпараттық бейнесі. Техникалық қауіпсіздік ережесі;

  • Тақырып: 2.2 Компьютердің негізгі құрылғыларын баптау және орнату.


Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)

Қамтитын пәндер:

  • Орыс тілі /сөздікпен/

  • Ағылшын тілі /сөздікпен/

Қамтылатын пәндер:

  • Терапия /тынысалу мүшесі жүйелерінің зақымдалу семиотикасы және зерттеу әдістері /

  • Ішкі аурулар пропедевтикасы /клиникамен танысу/

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:

    • Слайдтар;

    • Электронды оқу құралы.

Үлестірме материалдар:

    • Тапсырмалар;

Техникалық оқу құралдары:

    • Компьютер;

    • CD, DVD дискілерКомпьютер;

    • Интерактивті тақта.

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

    • Қазақстан Республикасының ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал // К.Б. Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиева Алматы, ҰАО АҚ, 2007 -136 б. //

Қолданылған негізгі әдебиеттер

1.Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері / Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанова / Оқулық – Алматы 2014, 352 бет

2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық , Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014

3. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014

4. Информатика Михеева Е.В., Титова О.М. М. Изд.центр «Академия» 2013

5. Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен, Алматы. Нур-принт, 2012-144бет

6. Информатиканың элементтері Ермеков Н.Т. Астана, Фоллиант 2007

7. Windows 7 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға оқу құралы. Microsoft Excel –зертханалық оқу құралы, Балафанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.

Қосымша әдебиеттер

1. Стив Джонсон Windows Office 2007. Пресс 2009

2. Алексеев А.П. Солон Информатика. 2002

3. Соловьева Л.Ф. Информатика в видеосюжетах. Петербург 2002

4. Праффенберген Б. Эффективная работа с Ms Internet Explorer. Санкт-Петербург 1998


WEB сайттар тізімі

1. algorifm@mail.kz

2. infojournal@mail.ru

3. e-gov@mail.kz

4. Ustaz@ mail.kz


Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) - Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына, студенттердің сырт келбетіне көңіл бөлу. Студенттердің зейінін сабаққа аудару.


2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3 мин) – Тақырыпқа мотивациялық, сипаттама беру, маңыздылығын түсіндіру. Студенттерді сабақтың жоспарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.


Студенттерді бағалау критериі:




Аты жөні


Студенттердің теориялық білімін бағалау (ауызша сұрақтар бойынша)

Студенттердің білімін тест беру арқылы бағалау

Студенттердің жаңа тақырып бойынша алған білімдерін. бағалау

Жалпы бағасы

1






2






3







Сабақ жоспары мен хронокартасы


Мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

2

Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау

3 мин

3

Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау

20 мин

4

Баға қою және түсінік беру

5 мин

5

Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру

30 мин

6

Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау

20 мин

7

Сабақты қортындылау

5 мин

8

Үйге тапсырма беру

5 мин


3 Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау (20 мин)

Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:

1-ші Сұрақ: Алғашқы дербес компьютерді қандай фирма ұсынды?

Жауабы: Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды.

2-ші Сұрақ: Компьютер дегеніміз не?

Жауабы: Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.
3-ші Сұрақ: Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді?

Жауабы: Компьютердің құрылғылары екіге бөлінеді, негізгі және қосымша.

4-ші Сұрақ: ДК негізгі құрылғыларына не жатады?

Жауабы: ДК негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады.
5-ші Сұрақ: ДК қосымша құрылғыларына не жатады?

Жауабы: ДК Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);
- енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
6-ші Сұрақ: Жүйелік қорап дегеніміз не?

Жауабы: Тік немесе жатық қорапта орналасқан, онда барлық мәліметтер сақталып, өңделеді.

7-ші Сұрақ: Жүйелік қорап дегеніміз не?

Жауабы: Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:
- жүйелік (аналық) тақша*;
- процессор*;
- оперативті жады*;
- тұрғылықты диск*;
- алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;
- CD және DVD диск жетектері;
- бейнесызбалық бейімдеуіш;
- дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);
- желілік тақша;
- енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар)*;
- қоректендіру блогы*.

8-ші Сұрақ: Манитор дегеніміз не?

Жауабы: Монитор исплей/ – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

Порттар

9-ші Сұрақ: Пернетақта дегеніміз не және оның пернелері нешеге бөлінеді?

Жауабы: Мәтіндік және сандық ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады:

  • басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер)

  • жетелік пернелер (функционалды пернелер): Ғ1 -Ғ12

  • арнайы операциялар пернелері: Епtег, Еsс, Таb, Сtгl, Аlt, ВаскSрасе

  • жүгіргіні басқару пернелері

  • сандық пернетақта.

10-ші Сұрақ: Тінтуір дегеніміз не?

Жауабы: Тінтуір – өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор . Тінтуір – компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша
11-cұрақ. Тінтуір құрылғысының қызметі?

Жауабы: Өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор.

12-cұрақ. Тінтуірдің сол жақ пернесін бір шерту ...

Жауабы: Нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет.

13-cұрақ. Тінтуірдің оң жақ пернесін ...

Жауабы: Мәтінмәндік мәзірді шақыруүшін қолданылады (мәзірде осы бағдарламада немесе бейне беттің осы аумағанда жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады. Тінтуір жүгіргісін нысан үстіне апарып, тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту қажет.

Студенттердің алған білімін тест беру арқылы бақылау:

I-нұсқа

1. Компьютер - бұл:

a) информацияны іздеу және сақтау құрылғысы

b) имнформацияны қағазға басып шығару құрылғысы

c) информацияны өрнектеу, оны түрлендіру, жинау, сақтау және пайдалану әдістері мен құралдары туралы ғылым

d) белгілер мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мәліметтерді компьютерге езгізіліп сақталып, ізделіп, сыртқа шығарылатын деректер

e) құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл


2. Компьютердің "миы" ол:

a) сканер

b) плоттер

c) принтер

d) жүйелік блок

e) пернелік


3. Дербес компьютердің негізгі құрылғысына жатады:

a) сканер

b) плоттер

c) принтер

d) тышқан

e) пернелік


4. Дербес компьютердің негізгі құрылғысына жатады:

a) сканер

b) плоттер

c) принтер

d) тышқан

e) монитор


5. Дербес компьютердің негізгі құрылғысына жатады:

a) сканер

b) плоттер

c) принтер

d) тышқан

e) жүйелік блок


6. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын көрсетіңіз:

a) Принтер, Сканер

b) Сканер, Процессор

c) Процессор, клавиатура, монитор

d) Монитор, принтер, модем

e) Тышқан, клавиаура, процессор


7. Дербес компьютердің пернелер тақтасы қандай топтардан тұрады?

a) Әріпті-цифрлі, функционалдық, бағыттаушы, арнайы басқарушы пернелер

b) Әріпті-цифрлі, функционалдық, арнайы басқарушы пернелер

c) Функционалдық, бағыттаушы, арнайы басқарушы пернелер

d) басу пернетақтасы, жетелік, арнайы операциялар, жүгіргіні басқару, сандық пернелер

e) Әріпті-цифрлі, бағыттаушы, арнайы басқарушы пернелер


8. Дербес компьютердің пернелер тақтасының пернелер саны?

a) 85-86

b) 100-108

c) 112-113

d) 79-80

e) 106-109


9. Жүйелік блокқа жатпайтын құрылғы:

a) енгізу-шығару құрылғысы

b) электрондық схемалар

c) сақтау

d) іздеу

e) факс


10. Орталық процессордың қызметі:

a) текстік, графиктік информацияны қағазға басып шығару

b) компьютер жұмыстарын басқару және оның есептеу жұмыстарын жүргізу

c) енгізілген информацияны экранға шығару

d) информацияны компьютерге енгізу

e) өткізілген суреттер, сызбалар компьютерге енгізіледі


II-нұсқа

1. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын көрсетіңіз:

a) Принтер, Сканер

b) Сканер, Процессор

c) Процессор, клавиатура, монитор

d) Монитор, принтер, модем

e) Тышқан, клавиаура, процессор


2. Дербес компьютердің пернелер тақтасы қандай топтардан тұрады?

a) Әріпті-цифрлі, функционалдық, бағыттаушы, арнайы басқарушы пернелер

b) Әріпті-цифрлі, функционалдық, арнайы басқарушы пернелер

c) Функционалдық, бағыттаушы, арнайы басқарушы пернелер

d) Басу пернетақтасы, жетелік, арнайы операциялар, жүгіргіні басқару, сандық пернелер

e) Әріпті-цифрлі, бағыттаушы, арнайы басқарушы пернелер


3. Дербес компьютердің пернелер тақтасының пернелер саны?

a) 85-86

b) 100-108

c) 112-113

d) 79-80

e) 106-109


4. Жүйелік блокқа жатпайтын құрылғы:

a) енгізу-шығару құрылғысы

b) электрондық схемалар

c) сақтау

d) іздеу

e) факс


5. Орталық процессордың қызметі:

a) текстік, графиктік информацияны қағазға басып шығару

b) компьютер жұмыстарын басқару және оның есептеу жұмыстарын жүргізу

c) енгізілген информацияны экранға шығару

d) информацияны компьютерге енгізу

e) өткізілген суреттер, сызбалар компьютерге енгізіледі


6. Компьютер - бұл:

a) информацияны іздеу және сақтау құрылғысы

b) имнформацияны қағазға басып шығару құрылғысы

c) информацияны өрнектеу, оны түрлендіру, жинау, сақтау және пайдалану әдістері мен құралдары туралы ғылым

d) белгілер мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мәліметтерді компьютерге езгізіліп сақталып, ізделіп, сыртқа шығарылатын деректер

e) құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл


7. Компьютердің "миы" ол:

a) сканер

b) плоттер

c) принтер

d) жүйелік блок

e) пернелік


8. Дербес компьютердің негізгі құрылғысына жатады:

a) сканер

b) плоттер

c) принтер

d) тышқан

e) пернелік


9. Дербес компьютердің негізгі құрылғысына жатады:

a) сканер

b) плоттер

c) принтер

d) тышқан

e) монитор


10. Дербес компьютердің негізгі құрылғысына жатады:

a) сканер

b) плоттер

c) принтер

d) тышқан

e) жүйелік блок

Тест эталоны:


I – нұсқа II – нұсқа

1. a 1. c

2. d 2. d

3. e 3. b

4. e 4. e

5. e 5. b

6. c 6. a

7. d 7. d

8. b 8. e

9. e 9. e

10. b 10. e


10 дұрыс жауап «5»

9 - 8 дұрыс жауап «4»

7 - 6 дұрыс жауап «3»

5 және ↓дұрыс жауап «2»


4 Қатемен жұмыс, баға қою және түсінік беру (5 мин) – Үй тапсырмасы бойынша және тақырыпқа сай берілген тест жинағы бойынша алған білімдерін бағалау.


Студенттерді бағалау критериі:




Аты жөні


Студенттердің теориялық білімін бағалау (ауызшы сұрақтар бойынша)

Тест тапсырмасы арқылы бағалау

Студенттердің жаңа тақырып бойынша алған білімдерін. бағалау

Жалпы бағасы

1






2






3






4












5 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (30мин)


Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:

Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.

Дәрістің тезистері:

  1. Компьютердің архитектурасы.

  2. Компьютердің қосымша құрылғысы

  3. Компьютерді дұрыс қосу және өшіру

Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды1.
Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады: үстел үстінде тұратын (DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket PC), алақанға сыятын (Palm PC) және т.б. ).




Компьютердің қосымша құрылғысы;

Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Бұл құрылғылар әдетте компьютерге ақпаратты енгізу немесе шығару үшін қолданылады. Солардың кейбіреулерін атап өтсек:

· басып шығарғыш, плоттер

· мәтіналғы

· модем

· дыбыстық бейімдеуіш

· желілік бейімдеуіш


Басып шығарғыш / Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

1- матрицалық, 2- сия бүріккіш, 3- лазерлік принтерлер

Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелік) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады. Матрицалық принтерлердің қағазды басып шығару сапасы мен жылдамдығы төмен, олар жұмыс кезінде шу шығарады. Сол себептен қазір бұл принтерлер көп қолданылмайды десе де болады.

Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерлерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығарады.

Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып оған жабысады.

Сублимоционалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады.

Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан LED принтерлері біршама арзандау болып келеді.


Плоттер

Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару құрылғысы - плоттер қолданылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен кескін сызатын векторлық және растрлық болады. Растрлық плоттердің термографиялық, электростатикалық, бүріккіш және лазерлік түрлері бар. Құрылымы бойынша плоттерлер планшеттік және барабандық болып бөлінеді. Барлық плоттерлердің негізгі сипаттамалары, шамамен бірдей: сызу жылдамдығы – 100-1000 мм/с, ең жақсы модельдерінде түрлі түсті кескіндеу мен солғын түстерді де түсіру мүмкіндігі бар Ең үлкен мүмкіндік қабілеті және кескіннің анықтығы лазерлік плоттерлерде болады, бірақ олардың бағасы қымбат


Мәтіналғы/Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Сканерлердің негізгі екі түрі болады:

· - Қол сканері

· - Планшетті сканер

Қол сканерлері қазіргі супермаркеттерде қолданылып жүрген штрих-кодты оқитын сканерлерге ұқсайды. Бұндай сканерлерді пайдаланып ақпаратты компьютерге енгізу үшін оны қолмен ұстап отырып, қағаздың үстімен өткізіп шығу керек. Планшетті сканерлер кәдімгі ксероксқа ұқсайды: бұндай сканерлердің қақпағы ашылып, ішіне қажетті сурет немесе мәтін орналастырылады да сканер өзіне қажетті ақпаратты көшіріп алады. Планшетті сканерлердің барлығы дерлік қазір түрлі түсті болады.

Модем немесе модемдік плата бір-бірінен алшақ орналасқан компьютерлерді телефон желісі арқылы өзара байланыстыру үшін қолданылады. Модем (екі сөздің қосындысынан шыққан модулятор/демодулятор) – телефон желісі арқылы сырттан келіп түскен аналогті сигналды сандық кодқа өзгерту үшін немесе осыған кері әрекетті орындау үшін қолданылатын құрылғы. Модемнің ақпаратты өткізу жылдамдығы Кбит/секундпен (қабылдау - 56 Кбит/c, жөнелту - 33 Кбит/c) өлшенеді.


Iшкі және сыртқы модемдер

Модемнің ішкі (жүйелік блоктың ішінде орналасады) және сырқы (жүйелік блоктан бөлекорналасып, онымен кабель арқылы байланысады) түрлері болады. Ішкі модемдерді бөлек сатып алудың қажеті жоқ, олар жүйелік блоктың ішінде, аналық плата орналасады. Бұл модемге келіп түскен барлық мәліметті арнайы драйвер немесе процессордың өзі өңдейді. Сондықтан жұмыс кезінде бұндай модемдер процессорға артық салмақ түсіреді және бұлардың программалық жабтықтамасы операциялық жүйеге тәуелді болады. Сыртқы модемдердің бағасы қымбат болғанымен, жұмыс істеу сенімділігі мен байланыс сапасы жоғары. Модемнің алдыңғы панелінде жұмыс режимі туралы мәлімет беріп отыратын жарық индикаторлары орналасады.

Модемдердің сонымен қатар дауыстық модем, факс-модем және ADSL-модем деген түрлері бар. Дауыстық модемдер дауыстық хабарламаларды (голосовые сообщения) жіберуге мүмкіндік береді және автожауапберуші қызметін атқара алады. Факс-модемдер факс-машинаға немесе өзі секілді факс-модемдерге факстарды жөнелтіп, қабылдай алады. Соңғы кездері ADSL-модемдер қолданысқа еніп келеді. Еліміздегі танымал Megaline қызметін пайдалану үшін осындай модемдердің болуы қажет. ADSL-модемдерді пайдаланып интернетке шығу үшін телефон желісінің өзі болса жеткілікті («сегіздіктің» қажеті жоқ). Бұл модемдер компьютерді интернетпен үздіксіз байланыстырып тұрады және бұрынғы модемдер секілді арасында «қосылып» тұрудың қажеті жоқ. ADSL-модемдердің ақпаратты өткізу жылдамдығы өте жоғары (қабылдау 8 Мбит/с, жөнелту 1 Мбит/с-ке дейін).












Компьютерді дұрыс қосу және өшіру жолдары

Компьютерді алғаш қосар алдында желідегі кернеу компьютер талап ететін кернеуге сәйкес келетін-келмейтінін тексеріп алу қажет (көптеген компьютерлер кіретін кернеудің түрлі мәндері, мысалы 220 немесе 110 В болғанда да жұмыс істей береді). Қажет болған жағдайда компьютердегі кернеу айырып-қосқышын дұрыс қалыпқа келтіру керек.
Электр қуаты тұрақсыз түрде берілген жағдайда компьютермен бірге электр қуатының жетіспеуінен қорғайтын құрылғылардың бірін: желілік сүзгі, тұрақтандырғыш немесе үздіксіз қорек көзі құрылғысын (UPS) қолданған орынды.
Windows XP амалдық жүйесінде жұмыс істеген кезде компьютерді өшіру үшін:
· жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды аяқтау;
· Windows XP амалдық жүйесінде Бастау батырмасын басқан кезде шығатын мәзірден Өшіру немесе Компьютерді өшіру бұйрығын, ал пайда болған сұратудан – Өшіру батырмасын немесе Жұмысты аяқтау тармағын таңдау (компьютер қорек көзінен амалдық жүйе арқылы автоматты түрде ажыратылады, қоректендіру батыр-масын басу қажет емес);
· басып шығарғышты және компьютерге қосылған өзге де шеткері құрылғыларды (сыртқы модем,мәтіналғы және т.б.) өшіру;
· компьютердің мониторын өшіру;
· егер компьютер үздіксіз қорек көзі құрылғысы арқылы қосылған болса, ондағы компьютерге қорек беру режімін өшіру қажет. Ал егер компьютер кернеуді тұрақтандырғыш арқылы қосылған болса, сол тұрақтандырғышты өшіру қажет.

6 Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (20 мин)- Студенттердің білімін ауызша сұрау және тапсырмалар беру арқылы пысықтау.


Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:

1-ші Сұрақ: Тінтуір дегеніміз не?

Жауабы: Тінтуір – өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор . Тінтуір – компьютермен әдетте сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша

2-cұрақ. Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына не жатады?

Жауабы: Мәтіналғы (сканер), басып шығарғыш (принтер), тінтіуір, плоттер және т.б.


3-cұрақ. Басып шығарғыш (принтер) құрылғысының қызметі?

Жауабы: Сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.


4-cұрақ. Мәтіналғы (сканер) құрылғысының қызметі?

Жауабы: мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы.

5-cұрақ. Модем құрылғысының қызметі?

Жауабы: Компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәліметалмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.


6-cұрақ. Тінтуір құрылғысының қызметі?

Жауабы: Өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні (курсорды) жылжытатын шағын манипулятор.


7-cұрақ. Тінтуірдің сол жақ пернесін бір шерту ...

Жауабы: Нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет.


8-cұрақ. Тінтуірдің оң жақ пернесін ...

Жауабы: Мәтінмәндік мәзірді шақыруүшін қолданылады (мәзірде осы бағдарламада немесе бейне беттің осы аумағанда жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады. Тінтуір жүгіргісін нысан үстіне апарып, тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту қажет.


9-cұрақ. Принтер қандай түрлерге бөлінеді?

Жауабы: Матрицалық, шектік , лазерлік.


10-cұрақ. Плоттер құрылғысының қызметі?

Жауабы: Инженерлік, графиктік, техникалық есептерді шығару үшін қолданылатын құрылғы.


11-cұрақ. Үздіксіз қоректендіру көзі (UPS) құрылғысының қызметі?

Жауабы: Кернеудің бірден төмендеуі және электр қуатының ажыратылуы кезінде компьютерді қорғайды.


Студенттердің алған білімін қосымша сөз жұмбақ беру арқылы бақылау:




2














5


7









4





9






3





8


10



1





6






1
























































































































Көлденең

  1. Ереже бойынша ол 101-102 ге дейінгі пернелер.


Тігінен

  1. Компьютердің баспаға шығару құрылғысы?

  2. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей әкранынан шығаруға мүмкіндік береді?

  3. Компьютердің миы?

  4. Компьтердің экранына шығаратын құрылғы

  5. Интерненпен байланысқа шығауға арналған құрылғы?

  6. Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған манипулятор?

  7. Процессорға басқа құрылғылардың сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырады оны....?

  8. Information сөзінің аудармасы?

  9. Ең кіші өлшем бірлік?


Дұрыс жауабы:



С










К



М


Ш





А


М

О


И


Б



Н

П

О

Д


Н

А

И

М

П

Е

Р

Н

Е

Т

А

Қ

Т

А

Р

Р

О

И

М

Е


П


У

И


Ц

Т


Р


А


С

Н


Е

О


Т


Р



Т


С

Р


Е


А



Е


С





Т



Р


О










Р


























7 Сабақты қортындылау (5 мин) - Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау.

/ Студенттердің алған білімін интерактивті тақтада арнайы дайындалған слайдты ашып көрсете отырып қорытындылау/.

8 Үйге тапсырма беру (5 мин) - Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.

Тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

- Дербес компьютер дегеніміз не?

- Дербес компьютер қанша топқа бөлінеді?

- Негізгі құрылғыларға не жатады?

- Жүйелі блок қандай қызмет атқарады?

- Жүйелі блоктың неізгі тораптарын не қамтиды?

- Монитор қандай қызмет атқарады?

- Пернетақта қандай қызымет атқарады?

- Пернетақта қанша және қандай топтарға бөлінеді?

- Арнайы операциялық пернелерге не жатады?

- Функциональдық пернелерге не жатады?

- Курсорды жылжыту және тексті редакциялау пернелерін ата?

- Текстік баспа пернелерін ата?

Қосымша:

  • Компьютердің негізгі құрылғысы тақырыбына интернеттен, баспа беттерінен және т.б. қосымша материалдар әкелу, өз бетінше іздену.

Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Қолданылған негізгі әдебиеттер

1.Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері / Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанова / Оқулық – Алматы 2014, 352 бет

2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық , Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014

3. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014

4. Информатика Михеева Е.В., Титова О.М. М. Изд.центр «Академия» 2013

5. Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен, Алматы. Нур-принт, 2012-144бет

6. Информатиканың элементтері Ермеков Н.Т. Астана, Фоллиант 2007

7. Windows 7 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары сыныптарға оқу құралы. Microsoft Excel –зертханалық оқу құралы, Балафанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.

Қосымша әдебиеттер

1. Стив Джонсон Windows Office 2007. Пресс 2009

2. Алексеев А.П. Солон Информатика. 2002

3. Соловьева Л.Ф. Информатика в видеосюжетах. Петербург 2002

4. Праффенберген Б. Эффективная работа с Ms Internet Explorer. Санкт-Петербург 1998

WEB сайттар тізімі

1. algorifm@mail.kz

2. infojournal@mail.ru

3. e-gov@mail.kz

4. Ustaz@ mail.kz















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
806
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі