Материалдар / Компьютердің құрылысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Компьютердің құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі қ ұрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
546
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7 кәсіптік лицей



Әдістемелік бірлестік отырысында Бекітемін: ____________

қаралды: _____________________ №7 КЛ директорының ӨОЖ

орынбасары С.Г.Шингужиева





А ш ы қ с а б а қ


Т а қ ы р ы б ы :

«Компьютердің құрылысы»


Теориялық оқыту сабағына әдістеме құрған арнайы пән оқытушысы:

Армат Ерболатұлы Кушелеков







Шыңғырлау


Теориялық оқыту сабағының жоспары


Сабақтың мақсаты:


Білімділік мақсаты: Оқушыларды компьютердің архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен таныстыру. Дербес компьютердің құрылымымен, программалық басқару принципімен таныстыру.


Тәрбиелік мақсаты: Бір кезеңнің ЭЕМ-дерін басқа кезеңнің ЭЕМ-дерінен олардың техникалық сипаттамалары мен құрылымы арқылы ажырата білуге үйрету. Қазіргі компьютерлердің қолданылу аясы мен мақсаты туралы түсініктерін кеңейту.


Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын

арттыру.

Оқушылар білуі тиіс: - компьютердің айрықшаланатындай негізгі техникалық параметрлерін;

- ЭЕМ-нің буындары мен элементтік базасын;

- қазіргі дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымын;

- компьютердің негізгі тораптарын және олардың өзара байланысын;

- компьютердің автоматты жұмыс істеу принципін;


Оқушылар меңгеруі тиіс: - әр компьютерлер маркаларына мысал келтіруді және сипаттамалық ерекшеліктерін айтып беруді;

- кез келген шығыстық құрылғыны компьютерге қосуды және оны орналастыруды іске асыру.


Сабақтың түрі: Өткен тақырыптарға шолу және жаңа ұғымды меңгеру.


Сабақтың әдісі: Оқушылардың өзіндік жұмысы, машықтық көрсетілім.


Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд, интерактивті тақта.


Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Информатика 8-сынып; 2. Информатика 8-сынып әдістемелік нұсқау.3. Информатика 8-сынып практикум

Интернет сайттары: www.azerbayev.kz,, www.klaksa.net, ustaz.kz, wikipedia.org


Пәнаралық байланыс: физика, тарих.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, өткен

тақырыптарға шолу жасау (5 мин)

ІІІ. Сабақтың теориялық және практикалық бөлімдері (30 мин)

ІV. Үй тапсырмасы (2 мин)

V. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру (5 мин)

VІ.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау (2 мин)


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау және өткен тақырыптарға шолу

жасау



Үй тапсырмасын тексеру



Сабақтың теориялық және практикалық бөлімі


Қазіргі кездегі дербес компьютердің негізгі құрылғылары



















1. Жүйелік блок
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі қ ұрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, блоктың ток көзіне қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді.
1.Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында:
-
қосу;
- қайта жүктеу;

- CD/DVD дискжетек сияқты батырмалары орналасады.


2 . Жүйелік блоктың артқы тақтасы.

негізгі қосылатын порттар:

  • монитор;

  • пернетақта;

  • тышқан.

қосымша қосылатын порттар:

  • принтер;

  • модем;

  • сканер;

  • микрофон.






Жүйелік блоктың ішкі бөлігі:

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі.

Ол – компьютердің “миы”. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және программалық барлық командаларды орындайды.

Процессор жедел жад пен тығыз байланыс жасайды.

ТЖҚ: тұрақты жаттайтын құрылғы.

ЖЖҚ: жедел жаттайтын құрылғы

Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған.

Ақпаратты уақытша сақтауға арналған

Компьютерді өшіргенде ТЖҚ – дағы ақпарат бұзылмайды.

Компьютерді өшіргенде ЖЖҚ – дағы ақпарат бұзылады.

Мұнда сақталған командаларды тек оқуға болады, бірақ жаңа ақпарат жазуға болмайды

Мұнда жазылған командаларды оқуға да, әрі жаңа командалар, ақпарат жазуға болады.

DrawObject1





DrawObject2

DrawObject3

DrawObject5 DrawObject4

Жедел жады

(256, 512 Мб, 1, 2 Гб)




DrawObject6








Бейне карта

32,64,128, 256, 512 Мб, 1 Гб



Процессор



Шлейфтер




Қоректендіру блогы









Монитор

  • Монитор – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

  • Монитор – компьютердің “тілі”.

Монитор үш бөліктен тұрады:

1) электронды сәулелік түтікше;

2) қоректендіру блогынан;

3) сәулені басқарушы

электрондық блоктан.



Пернетақта

  • Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

  • Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады.

Пернелер бірнеше бөлікке бөлінеді:

1) Сиволдық пернелер;

2) Функционалды пернелер:

3) Нұсқаушы немесе меңзерді

экранда басқару пернелері;

4) Цифрлық немесе қосымша пернелер.






DrawObject7

DrawObject9 DrawObject8

DrawObject10

DrawObject11



DrawObject12





Символдық пернелер





Функционалды пернелер





Меңзерді басқару пернелері


DrawObject13

Цифрлық немесе қосымша пернелер




DrawObject14



Тышқан

Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттты енгізу құрылғысы – “Тышқан”.




Екі батырмалы тышқан








Үш батырмалы тышқан













Асыңғы бөлігі









Оптикалық үш батырмалы тышқан







С канер

Сканер – қағаздағы кескінді (жазу, сурет) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Сканер кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады.

Сканерлер қара – ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Сканерлер 3 түрге бөлінеді:
1. планшетті;
2. барабанды;
3. оптикалық.














  • Ықшам дискілер – диаметрі 12 см, қалыңдығы 1,2 мм, сыйымдылығы 700 Мб

1 ықшам диск 500 дискетке пара-пар.

  • Флэшка – ақпаратты сақтаудың ең қолайлы контейнері болып табылады.

Оларға 32 Мб – 8 Гб ақпаратты сақтауға болады.





















  1. Компьютердің “атасы” деп, кімді айтуға болады? Жауабы: Ч.Бэббидж

  2. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? Жауабы: Пернетақта

  3. Ақпаратты шығару құрылғысы? Жауабы: Принтер,Монитор

  4. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? Жауабы: Сканер

  5. Барлық ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? Жауабы: Компьютер

  6. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша (см) болу керек? Жауабы: 60-70см

  7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? Жауабы: Бит

  8. Компьютердің “миы” деп қай құрылғыны атайды? Жауабы: Процессор

  9. Компьютер жанында тұратын өсімдік атауы? Жауабы: Кактус

  10. Дыбыс тыңдау құрылғысы? Жауабы: Колонка

  11. Бір килобайт қанша байтқа тең? Жауабы: 1024 байт

  12. Қазіргі пернетақтадағы пернелер саны? Жауабы: 105 перне

  13. Компьютердің “тілі”? Жауабы: монитор

  14. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? Жауабы: Модем





































Портативті компьютер (laptop) Қалталық компьютер Үстел үстіне қойылатын

компьютер (desktop)


Дербес компьютердің құрауыштары


Төменде қазіргі дербес компьютерлердің құрамына кіретін негізгі құрауыштар аталған.

  • жүйелік тақша

  • процессор

  • жад

  • қатқыл диск

  • CD-ROM, CD-R немесе DVD-ROM жинақтауыштар

  • бейнеадаптер

  • монитор (дисплей)


Ж үйелік тақша – жүйенің ядросы. Дербес компьютердің басты бөлшегі – қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.








Процессор – компьютердің қозғалтқышы. Бұл жүйедегі ең маңызды микросхема, өйткені дәл осы микросхема программалық жасауының командаларын орындайды.









Ж едел жад – процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад. Компьютерді ажыратқанда жедел жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін жедел жадқа қайта жүктейді.






Қ атқыл диск – жүйедегі ең басты ақпарат тасушы. Онда қазіргі кезде жедел жадта жоқ бағдарламалар мен деректер сақталады. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды.







CD-ROM жинақтауыштары – компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін қолданылады. Компакт-дискілерде барлық мәлімет  иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х – 52х.





Б ейнеадаптер (видеокарта) – мониторда көрінетін ақпарат бейнесін басқару қызметін атқарады. Процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.






Монитор (дисплей) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. 

        Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады.









Дербес компьютерлерді жіктеу


Тұрмыстық ДК – жалпы тұтынушыға арналған, сондықтан олар мейлінше арзан, сенімді және базалық конфигурациясы өте қарапайым болу тиіс. Біраз жаңғыртулар енгізсе, бұл модельдер мәтін өңдеуге, шығын ғылыми және инженерлік есеп шығару үшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы мақсаттағы –дербес компьютерлер ғылыми-техникалық және экономикалық сипаттағы есеп шығару үшін, сондай-ақ оқу және жаттығу үшін қолданылады. Олар пайдаланушылардың жұмыс орнында: кәсіпорындарда, мекемелерде, дүкендерде, қоймаларда және т.с.с. орналастырылады.

Кәсіптік компьютерлердің жоғары шапшаңдығы ақпараттың үлкен көлемді жиымын тиімді жіберуді, жедел жадтың айтарлықтай сыйымдылығын талап ететін күрделі ақпараттық және өндірістік мәселелерді шешу үшін ғылым саласында пайдаланылады.


Бекіту сұрақтары


1. Жұмбақ: дербес компьютердің құрылғылары

Берілген слайдтарда дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының

суреттері төртбұрыш фигуралармен жасырылған. Сіздердің міндетіңіз осы суреттердің

10-15 %-і ашық тұрған жері арқылы компьютердің қай құрылғысы екендігін анықтау.

Мысалы:






ІV.Үй тапсырмасы: Дербес компьютер


V.Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.


VІ.Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.


Сабақ кезінде белсенділік көрсетіп, ерекшеленген оқушыларды сәйкесінше бағалау. Сабақты қорытындылау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!