Материалдар / Компьютерлік желілер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Компьютерлік желілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) – берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау колледжі



ӘБ отырысында қаралды: Бекітемін: ________________

______________________ Директордың ӨОЖ жөніндегі

орынбасары С.Г.Шингужиева


12 оқу тобына арналған өндірістік оқыту сабағы

(Ашық сабақ)


ТShape1 ақырыбы:




















Дайындаған: №12-топтың өндірістік оқыту шебері А.Е.Кушелеков









2013 – 2014 оқу жылы

Өндірістік оқыту сабағы


Сабақ тақырыбы: «Компьютерлік желілер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік желі ұғымымен, түрлерімен жұмыс істеу ережесімен таныстыру.

Дамытушылық: Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың өндірістік оқыту сабағынан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту, өзіндік іс-әрекетін, шығармашылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, ізденімпаздыққа, өз бетімен, жұптық жұмыс жасай білуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланылған көрнекі құрал-жабдықтар:

Сұлба, концентратор (хаб), желілік кабель, обжим, дербес компьютер.

Сабақтың әдісі: Аралас.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Теориялық тексеру сұрақтары

  1. Microsoft Office Word мәтіндік редакторының қызметі қандай?

  2. Microsoft Office Word мәтіндік редакторының көмегімен қандай жұмыстарды атқаруға болады?

  3. Дербес компьютердің құрамына қандай құрылғылар жатады? Соларды ата.

  1. Жаңа сабақ мазмұны


1.Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер

Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) берілген ереже-лерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі

немесе

ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.


2.Компьютерлерді желіге біріктіру себептері:

1) бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM-ға немесе стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану,

- бір принтерге, плоттерге нәтижелер шығару, - ортақ сканерді қолданып, информация көшірмелерін кезекпен алып отыру.

Бұлар әр тұтынушының сол құрылғыларға жіберетін шығындарын азайтады.

2) қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т.б.) ортақ дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға болады.

3) әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуника-циялық қызметтер түрі, мәліметтер, бейне суреттер және дыбыстық құжаттармен алмасу, т.б.) пайдалануға жол ашылады. Мәліметтерді жекелеп кезектесіп өңдеу ісін ұйымдастырудың маңызы артады. Информацияны бөлмей бір орында сақтап отыру оны тұтас көшіріп алу немесе сол толық қалпында ұстау мүмкіндіктерін жеңілдетеді.


Желіге қойылатын талаптар

  • Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;

  • Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;

  • Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;

  • Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;

  • Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.



2. Компьютерлік желілердің жіктелуі (классификациясы)


Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

  • географиялық қамтылу аймағына қарай;

  • өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

  • топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

  • басқарылуына байланысты.


ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:



















Әр топологияның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар:


Толық байланысты топология ең қымбаты, бірақ ең сенімді жұмыс істейтін топология, оның бір байланыс арнасы істен шыққанмен, мәлімет басқа арналық жолдармен жеткізіле береді.


Shape2


Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.


Shape3


Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айна-лыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады.


Shape4


Желілерді жіктеудің басқа да түрлері бар, мысалы:

  • қызмет саласына қарай: банк желісі, ғылыми мекемелер желісі, университет желісі, т.б.;

  • жұмыс түріне байланысты: коммерциялық немесе тегін желі, корпоративті және жалпы мақсаттағы желілер;

  • атқаратын қызметіне байланысты:

есептеу желісі - берілген мәліметті өңдеу тәсіліне қарай басқару есептерін шығаруға арналған;

информациялық желі - тұтынушылардың сұранысы бойынша әр түрлі мәлімет алуға арналған;

аралас желі – есептеу және информациялық функциялар қатар орындалатын желілер, т.б.


3. Желінің негізгі программалық және аппараттық компоненттері

Желі құрамындағы негізгі элементтер:

  • Компьютерлер: (ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).

  • Коммуникациялық жабдықтар: (коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары).

  • Операциялық жүйелер: (Windows; Novell NetWare; Unix).

  • Желі қосымшалары: (желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы).


5. Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар

  • Байланыс арналары мен интерфейстер

  • Желілік карта (Сетевая карта)

  • Трансивер (transceiver)

  • Қайталауыш (Repeater)

  • Концентратор (Hub)

  • Көпір (Мост-Bridge)

  • Коммутатор (Switch)

  • Маршрутизатор (Router)

Ал енді бейнероликке назар аударсақ.














































































































  1. Сабақты бекіту

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Компьютерлік желілерге қажет жабыдқтар

  3. Топология (байланысу тісілі) бойынша желілердің жіктелуі


  1. Қорытынды

Жеке тапсырманы тапсыру, жетістіктері мен артықшылықтарын атап көрсету. Кемшіліктерін түзетіп, қайтадан орындату.


  1. Үйге тапсырма

Техника қауіпсіздік ережесін есте сақтау. Өтілген жаңа сабақ мазмұнын қайталау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!