"Компьютерлік желілер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Компьютерлік желілер"

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәнінен сабақ жоспары 10-11 сыныптарга арналган. колледж студенттерінеде қолдануга болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Информатика Оқытушы: Нагимбаева Гульнафис

Сабақтың тақырыбы: Жергілікті желілер

Мақсаты:

Білімділік: жергілікті желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға жергілікті желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту,ой-өрістерін дамыту,өзіндік іс-әрекетін, шығармашылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға,ізденімпаздыққа, өз бетімен, жұптық жұмыс жасай білуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: топтық жарыс, СТО технологиясының элементтерін қолдану

Сабақтың типі: аралас сабақ

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар,слайдттар,өзін-өзі бағалау парағы, трек-конспектілер,

Сабақтың барысы

І . Ұйымдастыру кезеңі 5мин а) оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу в) оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сабақтың мақсатымен таныстыру ІІ.Үй тапсырмасын тесеру 1.«Еске түсіру» кезеңі

Топтастыру стратегиясы

Shape2 Shape1

Компьютерлік желілер

провайдерлер






ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру 5мин

1. Көптеген жергілікті, аймақтық және копоративтік желілерді біріктіретін ауқымды компьютерлік желі.(интернет желісі) 2. Үлкен қашықтықта және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер (телекоммуникациялық желілер) 3. Бір қала мен ауданда не бір мемлекетте орналасқан мекемелердің өзара біріктіруді қандай желі деп атайды.(аймақтық желілер) 4.Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін не қажет.(модем) 5.Әр түрлі желілерді байланыстыруды недеп атайды?(шлюз)

6.Интернет қай елде және қашан пайда болды?(1969ж. АҚШ-та қорғаныс министрлігінін тапсырысы бойынша)

7. Ұйыммен тұлғаларға интернет қызметін ұсынатын компания.(провайдер)

8.Біздің провайдеріміз кім? (қазақтелеком


Ү. Жаңа сабақ түсіндіру. «Түртіп алу» кезеңі 15 мин Жергілікті желі- бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.
Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, ) компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен (желілік адаптер) жабдықталуы керек. Компьютерлер(желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдер арқылы арқылы байланысады. Кабельдердің бірнеше түрлері бар : есілген қоссым,коаксидальды, оптоталшық.

Желілік адаптер-компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерлерге: Ethernet, Token Ring, Ark Nett типтері жатады. Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желінің сымды және сымсыз түрлері бар.

Желілік құрылғыларға – концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар мәлімет алмасу сапасын жақсартады және мәліметтерді таратудың әр түрлі стандартарын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді. Екі компьютерді желіге қосудың –тікелей кабельдік жалғау деп аталатын қарапайым әрі тиімді тәсілі бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың керегі жоқ: компьютерлер бір біріне параллель немесе тізбекті порттары арқылы қосылады. Тікелей жалғауда компьютерлердің бірі- жетекші, екіншісі жетекте болады. Жетекші компьютерден жетектегі компьютердің папкаларына, дискісіне,принтеріне қатынасты қамтамасыз етеді.

Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент-сервер және бірдеңгейлі(бір рангілі),яғни тең дәрежелі желі. БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады:
Клиент – өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа).
Сервер – басқаға қызмет көрсететін объект. Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген файылдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса,онда олар клиент – сервер түріне жатады.Сервер ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер.Ортақ ресурстар деп электрондық пошта, факс,модем,принтерлерді атайды.

Бірдеңгейлі желілер

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.

Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Шиналық топология Сақина топология Жұлдыз топологиясы Ақшақар топологиясы

1.Ең қарапайым топология түрі-шина. Мұндай желіде барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.

2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.

3.Файылдық серверлерге негізделген желіде компьютер бір-бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.

4.Құрылғылардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желі топологиясын мекеменің қажетіне қарай таңдап алады.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп,оны ақшақар(снежинка)схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.

Жергілікті желіні атқаратын қызметі


ҮІ. Сабақты түсінгенің тексеру 5мин

«Сүреттерді табайық» ойыны

Кубизм стратегиясы. Шарты: Кубик лақтырып, түскен санын таңдау керек.


ҮІІ.Бекіту

5. «Әр сұраққа бір жауап» кезеңі 5мин

Информатикалық диктант

Компьютерлік желілер ...............мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. (масштабы)

Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес........қажет.(модем)

Желілік құрылғыларға .............мен...................жатады.(концентратор, коммутатор)

Жергілікті желінің ......түрі бар: .................және .................( клиент-сервер, бір рангілі)

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі................деп аталады.(топология)

Ең қарапайым топология ........ (шина)

ҮІІІ.Бағалау және үйге тапсырма

«Білім шыңы» кезеңі






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2021
721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі