Компьютерлік желілер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютерлік желілер

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Мектеп: «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 28.09.2018 ж.

Оқытушының аты-жөні: Ихсанова Фарида Мендигереевна

Сынып: 8 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Компьютерлік желілер

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

8.1.3.1. Желінің өткізу қабілетін анықтау

Сабақтың мақсаттары

  • Желінің өткізу қабілеті ұғымын сипаттау;

  • Мәлімет тасымалдау жылдамдығын анықтау;

  • Тасымалданушы ақпарат көлемін есептеу.

Бағалау критерийлері:

  • Желінің өткізу қабілеті ұғымын сипаттайды;

  • Мәлімет тасымалдау жылдамдығын анықтайды;

  • Тасымалданушы ақпарат көлемін есептейді.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты терминология:

Желі өнімділігі (трафикті беру жылдамдығы, тасымалдау кідірісі);

желінің өткізгіштік қабілеті;

мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы (желі жылдамдығы);

Диалогқа қатысты сөз тіркестері:

  • Желі өнімділігінің негізгі сипаттамасын атай аласыз ба?

  • Қарапайым өткізгіштік қабілеті қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

  • Желінің мәліметтерді тасымалдау жылдамдығын қалай анықтаймыз?

  • Желінің өткізу қабілетін онлайн тексеру дегенді қалай түсінесіз?

Құндылықтарға баулу

  • Өзара бірлескен іс- қимыл және топтағы қарым -қатынас, шешімді бірлесе қабылдау сындарлы дағдыларын дамыту арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады;

  • Топта бірлесе жұмыс жасау мен өзгенің пікірін тыңдай білу, оған қолдау көрсету арқылы құрмет құндылығы қалыптасады;

  • Компьютерлік желі өнімділігі сипаттамалары мен қолдану аясын түсіндіріп, шығармашылықпен сыни тұрғыда орындау арқылы еңбек пен шығармашылдық құндылығы қалыптасады;

  • Сұрақтарға жауап беру мен қалыптастырушы бағалау үдерісі арқылы ашықтық құндалығы қалыптасады;

  • Желі өнімділігін анықтауда (өткізу қабілеті, ) сипаттамаларын зерттеу арқылы өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

математика, физика

Алдыңғы білім

Бұл бөлім желі және оның түрлерін білу, түсіну және дағдылануға негізделген. Оқушылар:

  • Интернет, желі ұғымдарын біледі;

  • Желі түрлерін меңгерген;

  • Желіні топтастыра біледі.

Сабақтың барысы

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)


Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут




2 минут




2 минут



Ширату жаттығу. (Ұ)"Карусель" әдісі

Мақсаты: оқушылар бір-біріне жүректерінен шыққан жылы сөзін сыйлап, әр оқушы бір-біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтан бәрі жүректен шыққан жылы сөздерін жеткізеді.

Жаңа сабаққа оқушылардың зейінін шоғырландыру

Топқа бөлу. "Магнит әдісі "

Мақсаты: оқушылар өз қалаулары мен қабілетін ескеріп, топты құрайды: желі қолданушы, провайдер, программалаушы, жұмысшы.

Әдіс "Миға шабуыл" (диалогтік оқыту)

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы ОМ анықтап алу

  • Желі дегеніміз не?

  • Интернет деген не?

  • Қандай желі түрлерін бар?

  • Желілік тополгия деген не?

Picture 3 Picture 4

Picture 2



Модем, топология

Picture 1

Сабақтың ортасы


5 мин



















4 минут














2 минут




4 минут


















5 минут












4 минут














2 минут







2 минут


Оқушылар оқулықты, интернет ресустарын және қосымша әдебиеттерді пайдаланып тапсырмаларды орындайды:


1 тапсырма (Т, Қ) Әдіс: "5.5.1"

Мақсаты: оқушылар тақырыпқа қатысты маңызды деп шешкен 5 сөйлем жазады, соның ішінен маңызды деп шешкен 5 сөз теріп жазады, соңында негізгі ұғымды білдіретін 1 сөз алып шығады.

Әр топ өз таңдауларын түсіндіре отырып , постер жасап, оны қорғайды.

Дескриптор

Бағалау критерииі

Желінің өткізгіштік қабілеті ұғымына қатысты 5 сөйлем жазады

Желінің өткізу қабілеті ұғымын сипаттайды

Сөйлемдер ішінен 5 маңызды сөз жазады

1 негізгі сөз немесе термин атауын көрсетеді

ҚБ Бірін-бірі бағалау. Тапсырма жауаптарын топта талқылайды және жауап этолондарын басшылыққа алып, "Кері ой қозғау" әдісі бойынша топтар өзара бірін -бірі бағалайды.


2 тапсырма "Кувертка" әдісі (Ж, Қ)

Мақсаты: оқушылар екіге бүктелген ақ парақтың екі жағына жұпта кезек -кезек өлшем бірліктер жазып, ой бөліседі.

Дескриптор

Бағалау критерииі

Мәлімет тасымалдау жылдамдығының өлшем бірліктер атауын көрсетеді

Мәлімет тасымалдау жылдамдығын анықтайды


Берілген өлшем бірлікті басқа өлшем бірлік түрінде анықтайды

ҚБ Бірін-бірі бағалау. Тапсырма нәтижесін жұптасып талқылайды, «Кемпірқосақ» әдісі бойынша бір -бірін бағалайды. Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз жұптары жазылған стикерлерді желімдейді.Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өз жұптарын бағалайды.

(К) «Желі жылдамдығын анықтаудың жолдары» бейнефильмін көрсету


Сараланған тапсырмалар:

1 тапсырма (Ө, Қ)

Сөйлемдердегі қалып кеткен сөздерді жазыңыз

а) Желінің өткізу қабілеті -мәліметтерді тасымалдаудың _________________________________, ол 1 секундта _________________________ санына тең.

ә) Мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының (желінің өткізу қабілеті) өлшем бірлігі 1 секундтағы ________________ және оның ________________, сонымен қатар кейде 1 секундтағы _________________ және оның _________________________ анықталады.


Дескриптор

Бағалау критерииі

Желінің өткізу қабілеті туралы анықтаманы жазады

Желінің өткізу қабілеті ұғымын сипаттайды

Желінің өткізу қабілеті бойынша өлшем бірліктерін атап көрсетеді


2 тапсырма (Ө, Э, Қ)

www.speedtest.net веб- сайтын пайдаланып, интернетке қосылу жылдамдығын тексеріңдер, тестіні әртүрлі уақытта іске қосыңдар. Кестеге интернет жылдамдығын тексеру тестінің нәтижесін жазыңдар.

Дескриптор

Бағалау критерииі

Желідегі мәліметтерді тасымалдау жылдамдығын анықтауға арналған сервистерді тиімді пайдаланады

Мәлімет тасымалдауда желі жылдамдығын анықтайды

Әртүрлі уақыт аралығындағы интернет жылдамдығын анықтайды


3 тапсырма (Ө, Қ)

1) Өткізу қабілеті 100 Мбит/с канал бойынша 1 секундта қанша байт ақпарат өтеді?

2) Көлемі 205 Кбайт ақпарат 2560 бит/мин жылдамдықпен тасымалданады. Аталған хабарлама қанша минутта жіберіледі.

Дескриптор

Бағалау критерииі

Тасымалдау жылдамдығының өлшем бірлігіне сәйкес есептеулер жүргізеді

Тасымалданатын ақпарат көлемін есептейді

Тасымалдау жылдамдығының еселік мәнмен берілген өлшем бірліктерін басқа бірлікке айналдырады

ҚБ Өзін-өзі бағалау. Тапсырма жауаптарын талқылайды және жауап этолондарын басшылыққа алып, "Жетістік баспалдағы" әдісі бойынша өзін-өзі бағалайды. Тақтаға ілінген білім баспалдағының сатыларына тапсырмалардың мақсаты жазылады.

Оқушылар өз есімдері жазылған стикерлерді өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғанын түсіндіреді.

Ширату "Арқаға жазылған комплименттер" әдісі

Әр оқушының арқасына А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір- бірінің арқасындағы қағазға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2 минуттай уақыт өткен соң қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.

Ресурс тарату

және оқулық бойынша

үлестірме


Shape1










https://www.google.kz/lifehacker.ru немесе

https://www.youtube/zol05070lc8

Shape2

ҚАЛЫП КЕТКЕН СӨЗДЕР: еселік мәндерімен (Мбайт/с, Гбайт/с), тасымалданатын ақпарат, байттар санымен (байт/с), биттер санымен (бит/с), максималды жылдамдығы, еселік мәндерімен (Мбит/с, Гбит/с)


















Уақыт

Қабылдау жылдамдығы

Жіберу жылдамдығы







ДК мен Интернет желісі

www.speedtest.net

Zip.ru

Интернетометр Яндекс


Г.И. Салғараева

А А Бекежанова

Ж Б Базаева

ЖББМ 8 сыныбына арналған «Информатика оқулығы»

Астана "

Арман-ПВ"

2 018 жыл 184 бет





Соңы




4 мин














2 минут

1. Жұмыс орнын тазалау.

2. Тапсырма: Өзіңіздегі интренет желісінің өнімділігін анықтап әкеліңіз.

Кері байланыс:

3. «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы нақты алған білімдерін тексеруге бағытталған жетекші сұрақтарға жауап береді.

Өткізу қабілетінің шамасы желінің маңызды сипаттамасы болып табылатындығы туралы өз пікірлеріңізді дәлелдеңдер.

  • Бірінші сөйлем. "Менің ойымша .....................".


  • Екінші сөйлем."Себебі, мен оны ..............деп түсінемін".

  • Үшінші сөйлем."Оны мен .....................................деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын".

  • Соңғы сөйлем. "Осыған байланысты мен.........деген шешімге келдім".


Қорытынды рефлексия: "Бес саусақ" әдісі

Қосымша материал

С.Т.МұхамбетжановаА.С.Тен, Н.Т.Маликова «Информатика оқулығы

Алматы «Атамұра» -2018



Рефлексия парақтары


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

Тапсырмаларды орындау барысында интернет жылдамдығын тексеруде, желі жылдамдығын есептеуде диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы тапсырманы орындауда қиналатын оқушыларға қолдау көрсетемін, тапсырманы дұрыс орындаған оқушылардың қабілетін атап көрсету арқылы ынталандырамын.

Бақылау, қадағалау, қолдау көрсету, бағыттау, сұрақ-жауап, рефлексия

  • ДК- де жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтауына баса назар аударамын;

  • тақырыпты түсіндіру, бекіту барысында АКТ жұмыс жасайды;

  • тапсырмаларды орындау барысында математика, физика пәндерімен өткен тақырыптарымен байланыстыра жұмыс жасауға қолдау көрсетемін;

  • МЖМББС бекітілген құндылықтарды сабақтың өн бойынша дарытамын

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:


2:




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
1377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі