Компьютерлік вирустар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютерлік вирустар

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін.
Материалдың қысқаша нұсқасы



3 шағын орталықты орта мектеп











Реферат



Тақырыбы: Компьютерлік вирус

Орындаған: Жұмалы Аружан

Қабылдаған: Жұманбаева Айда





















2021-2022 жыл

Вирус —



Басқа программалар мен файлдарға өз көшірмесін автоматты түрде кірістіре отырып, файлдарды «бүлдіретін» компьютерлік шағын бағдарлама (1—2 Кб) немесе макрос. Зақымданған мәліметтерді жедел жадқа жүктеуде онда орналасқан басқа файлдарға өтіп, оларға да зақым келтіре алады. Вирустардың мәлімет түтастығын жоятын көптеген қауіпті қосымша әсерлері бар, олар — қатқыл дискінің қүрылымдық бөлімдерін (бөлімдердің түпкі кестесін бұзу арқылы) бүлдіреді, қатқыл дискіні қайта пішімдеп жібереді, файлдарды өшіріп тастайды немесе құрамын өзгертіп жібереді және т.б.;

Қалжың үшін немесе зиянкестік үшін жасалған бағдарлама. Басқа программалардың қүрамына еңіп, содан кейін жағымсыз, ал кейде тіпті қауіпті әрекеттер жасай отырып тарайды. Вирус пайда болғанда экранда қалжың хабарлардың пайда болуынан бастап жүйедегі, күрделі ақауларға немесе қатқыл дискідегі барлық ақпараттың жоғалуына дейінгі оқиғалар болады



Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа бағдарламалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін.Ішінен осындай вирус табылған бағдарлама “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Мұндай бағдарламаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған бағдарламаға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады да және т.с.с.).



Өзінің жабысқаның жасыру мақсатында вирустың басқа бағдарламаларды бүлдіру және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі бағдарламаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол бағдарлама бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге “вирус жұққандығы” бастапқы кезде байқалмай қалады.



Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.



Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғащқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалиайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.



Компьютерде “вирус жұққан” бағдарлама саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:



кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, тағы басқа шығады;

компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және тағы сол сияқты;

Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгіреді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.



Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген бағдарламалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін бағдарламаларға өте аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтерді іштен құртып жататын вирустарға не істеуге болады?!



Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.



Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус бағдарламасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.



Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:



резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.



Дискілерге мәлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай “жұққанын” адамдар білмей де қалады. Ал, резидентік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген бағдарлама іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе PATH командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.



Компьютерлік вирустар дегеніміз бұл сонда не? Бәрінен бұрын бұл — өзінен — өзі көбейіп кететін бағдарламалар. Міне компьютерлік вирустарға дәл осындай анықтама берді бұл құбылысты алғашқы зертеушілердің бірі Фред Коэн.



Бұл өзінің дара еркі бойынша бола беретін бағдарламалар пайдаланушының қалауын еш қатыссыз өзінің көшірмелерін жасап алады да, оларда басқа компьютерлерге таратады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2021
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі