Мазмұны
1.Кіріспе....................................................................................................................3
2.Негізгі
бөлім
2.1.
Көне
жосықтардың шығу
тарихы...............................................................4
2.2. Көне жосықтардың түрлері және олардың
мәні............................................5
Суреттер...................................................................................................................9
3.Қорытынды.........................................................................................................11
Пайдаланған
әдебиеттер.......................................................................................12
Кіріспе
Халқымызда ежелгі заманнан қазіргі
заманға жеткен көне
салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары
бұл рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі
қымбат қазыналарымыздың бірі.
Әдет - ғұрып – белгілі
бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің
мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған
жөн-жосық, жол-жоралғы.
Белгілі бір халықтың тек өзіне ғана тән
қайталанбас әдет-ғұрыптары, дәстүрлері
бар. Сол
дәстүрлермен ұрпақ тәрбиелейді. Халықтың кейбір жөн-жосықтары
жарғыға, белгілі-бір заң жоба жүйесінде бүкіл бір елді жөнге
салар қалыпқа айналады. Содан бұл жарғылар қоғам дамыған
сайын іріктеліп, сұрыпталып жетіле береді, өзінің қоғам алдындағы
қызметін өтей береді.
Қазақ
халқында ұрпақ тәрбиелеудің өз кезінде қоғамдық нормасына айналған
тамаша эстетикалық, этикалық жоралғылары
сақталған.
Көне жосықтардың шығу тарихы
Қазақ халқының көне жосықтары
- көшпелі
тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі
табиғи құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай
ойнауының),
маусым алмасымдарының, т.б.
сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік
ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің ырқындағы нәрсе
– жазмыш екеніне шүбәсіз сенген.
Табиғат
заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының тәртібіне айналдыруға
тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі
халықтарының түп-тегінде – ғұн, сақтайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі
Тәңірді «бабай,
баба», «Көк
ата» атап, оның құдіретіне бас имеу
– күпіршілік, ата - баба жолын бұзушылық деп санаған
[1].
Осы
түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты –
әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі
реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен, жеке
тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағлымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа
таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың
мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық
пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін
тигізді.
Қазақ
тарихында ежелгі мемлекеттілік
нышандарының пайда болуына орай табиғат және өмір құбылыстарын
тұтас қалпында, әр алуан қағидаға жіктемей зерделеудің немесе
тәңіршілік дүниетанымның жемісі – әдет-ғұрып сенімдері бірте-бірте
дәстүрлі құқықтық сана-сезімге ұласып, ел билеудің
арнаулы заң
нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастаған [1].
Көне жосықтардың түрлері және олардың
мәні
Қазақ халқының салт - дәстүрінде көне
жосықтардың, жөн-жоралардың, әдет-ғұрыптардың түрлері өте көп.
Сонымен қатар олардың әр қайсысының мәні де әр түрлі. Соларға
тоқталып өтсек.
"Айды қолмен және саусақпен сілтеп
көрсетуге
болмайды" және
"Жұлдызды санауға
болмайды", себебі Ай, Күн, жұлдыздар адамға
құпиялы,
сырға толы болып көрінген. Сондықтан олар
киелі, ал
киелі нәрсені саусақпен
шұқып көрсетуге болмайды. Бұл ата - бабаларымыздың айға, күнге
табынған ең ескі дәуірінен
хабар береді.
"Отқа су құйма, түкірме,
күлді
баспа", себебі ата - бабаларымыз отқа да табынған. От - өмір,
тіршіліктің көзі саналған. Жаңадан келін болып
түскен қыз-келіншекті отқа шақыру, оған отқа май құйғызу,
от - ана, отта қасиет бар деген ұғымдар
осыдан
шыққан [1].
"Шамды (бұрынғы май шам) үрлеп
сөндірме", себебі шам - от, ал от - киелі. От әсіресе жанып
тұрған шам бақыт деп саналған. Оны үрлеп сөндіру өз бақытыңды өзің
өшіргенмен бірдей, сондықтан шамды сөндірерде
саусақпен
басып, немесе білтесін бұқтырып сөндіру
қажет.
Ең көне
тәрбиелік жосықтар
қатарына мыналар
жатады:
"Көкті жұлма". "Аққуды, құндызды
аулама". "Малды теппе". "Малды бастан ұрма". "Мал сүйегін отқа жақпа". "Ақты
төкпе". "Ақ төгілген жерді
баспа".
Бұлардың
барлығы бұрынғы заманда қастерлі заттар саналған.
Көк жұлу басына қара
күн туған адамның табиғаттан "кек алу" әрекеті саналған. Аққу
- құс төресі, сұлулық сипаты. Сондықтан қазақ халқы
сұлу қыздарды "аққудың
көгілдірі секілдім-ай" деген.
Мал
- көшпелі халықтың
тағдыры болған. Малы көп,
бай болу бақыт, дәулет, құт деп есептелген.
Мал сүйегін отқа жақса, тірі
малдың сүйегі сүйегі сырқырайды деген ұғым
бар. Малдың
ағы төгілген жерді басса, сол малдың желіні іседі деп аяушылық
жасаған [1].
"Малға теріс қарап
мінбе",
"Киімді теріс
киме"
дейді
халық, себебі бұлай істеу - жаман ырым. Ертеде
кімде -
кім үлкенге тіл тигізсе, өте
қатаң жазаланған. Ел ішінен ондай бірер тентек шыға қалғандай
болса, оны ауыл ақсақалының қазылығына салып, мынандай "үкім"
шығаратын болған. Өзінен үлкен адамға (мейлі ер, мейлі әйел) тіл
тигізген кісіні қара сиырға теріс міңгізіп, бетін қара күйе жағып,
киімін теріс кигізіп ауыл-ауылды аралатып ұялтқан. Масқаралап,
бетіне түкіріп рухани қатаң жаза берген. Бұл қорлыққа шыдамай,
ұяттан өліп кеткендерде болған. Өлмей қалса, өмірден тиісті
қорытынды шығарған көрінеді [2].
"Жас түскен келін өзі келін болып түскен елдің
үлкен - кішісін, бала-шағасына дейін атымен
атамау немесе олардың бәріне лайықты ат
қою".
Бұл
көне жосықтардың бірі. Қазақтың бұл әдетін "ат тергеу" деп атайды. Жас
келін барған жердегі әкесін (күйеуінің әкесін) ата деп күйеуінің
анасын ене деп, күйеуінің ағаларын қайын аға деп, (үлкен қайын аға,
ортаншы қайын аға, кіші қайын аға, т.б.) деп, күйеуінің
қарындастарын - қайын сіңлілеріне әдемі аттар қоятын
болған: "ақылдас", "ақбілек", "еркежан", "сұлуқыз",
"тәттіқыз" т.б. Күйеуінің інілеріне де жарасты аттар қоюға
тырысқан: "мырза жігіт", "төрем", "кенжем", т.б. Күйеуіне ілісе
туған бауырын "тетем" деп те айту жеңіл болған. Бір қарағанда,
ескілік болып көрінетін осы салтты да әдептілікке, үлгілілікке,
өзара сыйластыққа
тәрбиелейтін көп
элементтері бар [2].
"Ауылға қарай атпен шауып
келме". "Молаға қарай
жүгірме", себебі, бұлар жаман ырымға бастайды. Ежелден келе
жатқан жора-жосық бойынша, тек кісі өлген үйге ғана шауып баруға
болады. Ат қойып, бауырымдап жылау, үйге қарай шабу - қаралы күні
жасалтын әдеттер. Бағзы заманда қайтқан адамныың жылын бергенде,
оның зиратына ат қойып, шауып баратын болған. Жақын тумалары, қимас
достары марқұмның атын айтып, оның бейітін құшып жылайтын.
Сондықтан жайшылықта бұлай істеу барып тұрған өрескелік
саналған.
"Үйді
айналма (от
айналма)" -
үйді айналудың жаман болатыны
ежелден
келе жатқан жосық. Біреудің малын, мүлкін ұрлады деп күдік тудырған
адамды жауапқа тартқанда істелетін көне жосық
болған.
Мал
жоғалтушы ұрыны көрсетеді. Ол ұры қылмысын мойындамайды. Сол кезде
қазылық етіп отырған ақсақалдардың шешімін, күдікті адам малды
(немесе ұрланған затты) алмағаны үшін "жан беретін" болған. Жан
беретін адам қолына Құран ұстап, жанып тұрған отты үш айналып, ант
ішеді. Сонда барып, оның ұрлық істемегеніне жұрт сенеді. Күнәсін
кешіреді. Кейде жоқшылық пен тапшылықтан құтылу үшін ұрлық істеп
күн көріп, артынан ант-су ішіп жүре беретін сұйық мінезді адамдар
да кездескен. Олар "Арам іске ант ішсе, айрандай жұғар" дейтін
мақал да жасап алған [3].
"Бүйіріңді
таянба". "Таяққа сүйенбе". "Аһылап-үһілеме". "Күрсінбе", себебі бұларда - жаман
әдеттерге жатады. Көне заманда ата - анасы өлген адам таяққа сүйеніп жылайтын болған,
не екі қолымен бүйірін таянып, дауыстап жылаған. Мұндай себепсіз
бүйір таяну, таяққа сүйену сүйенішімнен айырылдым, жалғыз қалдым
деген ұғым берген.
"Күн шыққан соң
ұйықтама". "Күн батарда
ұйықтама" -
пайдалы
өміршең жосықтар. Ауырған
адамның өзі
күн
батарда төсектен басын көтеріп отыруы керек. Күн - ұлы, киелі
планета. Күн батар кезінде оған жол беру керек, онымен бірге
жарыспау керек деп сенген [1].
"Аяғыңды басыңнан биік
көтерме" -
өйткені бас - дос, аяқ
- дұшпан деген ұғым бар. Содан болу керек, "дос
басыңа қарайды, дұшпан аяғыңа қарайды" деп
жатады.
"Өмірден озған, қайтыс
олған адамға бата жасап
қайтқанда, не бейіт басынан
оралғанда,
жолай басқа үйге
кірме, қыдырма", себебі анық. Ондай қаралы күнді басқа ешкімге
тілемеу.
"Есікті
керме". "Маңдайшаға төбеңді
тіреме" -
бұл да ескі ұғымнан шығады. Ерте кезде,
барымтадан өлген адам үшін не жаугершілік соғыстарда өлген батырлар
үшін өлтірген жақтан құн сұрау - заңды талап деп танылған. Сол құн
сұрауға келген жақтың бір адамы құндікердің үйіне келіп, екі
қолымен босағаны керіп, маңдайшаны төбесімен тіреп тұрып, бір аяғын
ішке аттап, бір аяғымен сыртта тұрып, құн сұраған. Оның мәні -
өлген адамның құнын төлемесең, босағаңды қиратып, шаңырағыңды
ортаңа түсіремін дегені. Көп жағдайда құнды соғыста жеңген жақ
сұрайтын болған [1].
Қорытынды
Қазақ халқының
ежелгі заманнан қазіргі
заманға жеткен көне
салт-дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары бұл рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі
қымбат қазыналарымыздың бірі болып
табылады.
Әдет -
ғұрып – белгілі бір
қоғамдық -
әлеуметтік ортада пайда болып, оның
мүшелерінің мінез -
құлқының, тұрмыс - тіршілігінің
бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық,
жол-жоралғы болып табылып, осы күнге дейін қолданысқа
ие.
Оларды халқымыздың әр бір отбасы барлығын
болмаса да, көнеден келе жатқан жора-жосықтарды жасап, күнделікті
тұрмыста қолданып жүр. Олардың эстетикалық, тәрбиелік маңызы өте
зор. Соның ішінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы
зор.
Мұндай
көне жосықтардан қоғамдық өмірдің барлық қабатын қамтығанын,
қоғамдық дамудың әртүрлі сатысын көрсететінін байқауға болады.
Қазіргі кезеңде өзіміздің ана тілін құрметтеу, халқымыздың
салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын, мәдениетін дамытуда мұндай көне
жөн-жосықтарды білудің маңызы зор.
Пайдаланған
әдебиеттер
1.Қазақ Ұлттық
энциклопедиясы,
7 -
том [1].
2.Орысша-қазақша түсіндірме
сөздік.
2006 жыл. 569 бет
[2].
3.
Қазақтың
этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі
жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS,
2011 [3].