Материалдар / Көне Тараз мәдени-тарихи ескерткiштері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көне Тараз мәдени-тарихи ескерткiштері

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттер мен оқушыларға қосымша көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2021
611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көне Тараз мәдени-тарихи ескерткіштері


Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау және қайта қалпына келтіру ісімен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музейі айналысып келеді. Музей Мекеме Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі, №3 – үйде – 1900 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші есебінде мемлекеттік қорғауға алынған ғимаратта орналасқан (бұрынғы Офицерлер үйі). Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеуде көптеген археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Тapихи нысaндap, oлapдың пaйдa бoлуы, қaлыптaсу жәнe зepттeлу мәсeлeлepi алғаш өлкетанушылар мен ғалымдар В.А. Каллаур, П.И. Лерх, Д.И. Иванов, В.В. Бартольд және Г.И. Пацевич еңбектерінде кездеседі. Шығыс моншасын 1940 ж. А.Н. Бернштам зерттеген. Тараз қаласы мен қала аймағының тарихи-топографиясын, шаруашылық аймағының қорғаныс жүйесінің қалыптасу тарихын анықтауға елеулі үлес қосқан Т.Н. Сенигова болды. Ежелгі қаланың қала аймағының қорғаныс жүйесін зерттеуде – М.Е. Елеуов, Каль, И. Кастанье, К. Байбосынов үлестерін қосты. Ақыртас кешенін археологиялық тұрғыдан жоспарлы зерттеу профессор К.М. Байпақовтың басшылығымен ОҚКАЭ 1992 ж. бастады 2016 жылы 6 мaмыp күнi пpoфeссop М.E.  Eлeуoвтің 70 жылдық мepeйтoйынa apнaлғaн хaлықapaлық кoнфepeнция мaтepиaлдap жинaғындa Қaзaқстaндaғы тapихи-мәдeни eскepткiштepдi қopғaу мeн сaқтaу мәсeлeлepiнe apнaлғaн көптeгeн ғылыми мaқaлaлap жapиялaнғaн. Атап айтқанда: «Бұзылып жaтқaн тapихи-мәдeни eскepткiштepдi зepттeу жәнe oлapды туpистiк нысaндapғa eнгiзудiң өзeктi мәсeлeлepi» жәнe «Тapихи-мәдeни eскepткiштepдi eсeпкe aлу, сaқтaу, қopғaу мeмлeкeттiк мaңызы бap iс». «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің Жамбыл облысының тapихи-мәдeни eскepткiштepiн қopғaудaғы атқарып жатқан қызметін анықтау зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Мақаланың мaқсaтынa қол жеткізу үшін төмeндeгi мiндeттeр жүзeгe aсыpылады: «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорықмузейінің қалыптасу тарихын зерттеу. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорықмузейінің құрамына кіретін тарихи-мәдени нысандарды сипаттау. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорықмузейінің қалыптасу тарихы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 25 желтоқсан №645-р Қаулысымен Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорықмузейі облыстық бюджет есебінен құрылған. 1992 жылғы – Жамбыл облысы әкімінің Шешімі негізінде оңтайландырылды. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 Қаулысына сәйкес ашылған. Қорық-музейдің негізгі қызметіне тарихи-мәдени мұра объектілеріне жүргізілетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын зерттеу, дәріптеу, қадағалау мен қорғау, баспа өнімдерін дайындап шығарады. Музей иелігіне Жамбыл облысындағы тарихи ескерткіштер кіреді. Бұл аймақтың бай әрі ұзақ тарихы бар. Мұнда тарихи дамудың негізгі сатыларынан көптеген айғақтар – ежелгі адамдардың тұрақтары, петроглифті ордалар мен тас мүсіндер, көшпелілердің обалары мен қорғандары, орта ғасырлық қалалар мен қоныс мекендері, Әулие ата кезеңі сәулетінің ескерткіштері сақталып қалған. Бүгінгі күні жалпы тізімде Облыс бойынша 1064 тарихи-мәдени мұра бар. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінде тарих пен мәдениеттің 110 ескерткіші бар, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерден жинастырылған, тас дәуірі мен біздің қазіргі заманымызға дейінгі қала шекарасында да, облыс территориясында да орналасқан 28 ескерткіштің республикалық маңызды статусына ие. Солардың ішінде туристерге ең танымалы ретінде Тараз қаласы, Айша бибі кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі, Қарахан кесенесі, Дәуітбек кесенесі, Ақыртас кешені мен Тектұрмас кесенесін атап кетуге болады. Бұл ескерткіштер ҚР «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес және тиісті құқықтық нормативтік актілер негізінде құжаттандырылған (Боданов, Журумбаева, 2000: 7). Мекемеге қарасты барлық ескерткіштердің компьютерлік жүйесі жасалынып, электронды қорға енгізілген және электронды табақшаларға қондырылған. Мекеме Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі, №3 – үйде – 1900 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші есебінде мемлекеттік қорғауға алынған ғимаратқа орналасқан (бұрынғы Офицерлер үйі). 78 Хабаршы. Тарих сериясы. №4 (87). 2017 «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің қызметі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайы жұмысының негізгі бағыты – Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы №1277 Жарлығы негізінде дайындалған − Ұлттық-Стратегиялық «Мәдени мұра» Бағдарламасының талаптарына сәйкес жүргізіліп келеді. Осы жылдар ішінде мекеме Республикалық дәрежедегі маңызға ие, Қарахан кесенесі, Айша бибі кесенесі, Дәуітбек кесенесі, Бабаджа хатун кесенесі және Ақтөбе-Баласағұн, Құлан, Меркі, Төменгі Барысхан, Төрткөл т.б. археологиялық ескерткіштерді қайта жаңғыртудан өткізіп, қазба-зерттеу жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар 2011 жылдан бастап «Ежелгі Тараз қалашығы» зерттеле бастады. Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай, «Ежелгі Тараз» музейі ашылып, «Ашық аспан» астындағы археологиялық саябақ салынды. 2011 жылдан қолға алынған қазба жұмыстары, тарихты зерттеу – зерделеу жұмыстары да, мекеме мамандарының зерттеуімен осы жылы да өз жалғасын тапты. Мекеме қарауындағы тарихимәдени мұралар төңірегіндегі тарихы зерттеліп, баспасөзге тың мақалалар жариялануда. (http:// www.drevniytaraz.kz) «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорықмузейінің құрамына кіретін тарихи-мәдени нысандар Тараз – Қазақстан жеріндегі ең көне қалалардың бірі. Қаланың аты жазба деректерде VI ғасырдан бастап белгілі. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы ірі сауда орталығы болған қалада түрлі елдерден келген көпестер мен тауарлылар шоғырланған. Сол тұста қала халықаралық сауданың ғана емес түрлі саяси оқиғалар мен мәдени-рухани байланыстардың да орнына айналды. Сөзіміздің дәлелі ретінде 568 жылы түрік қағанына дипломатиялық тапсырмамен келген Византиялық елші Земарх Киликийскийдің сапарын айтуға болады (Елеуов, 2015: 231-237). Ежелгі Тараздың ортаазиялық қалалар секілді шахристаны, рабаты болған. Шахристанның аумағы 7,5 га. Онда көптеген елдің көпестері, мемлекетаралық іспен шұғылданған елшілер, әртүрлі діни ағымды таратушы миссионерлер мен жол кезбелер, тарихшылар болып кеткен. Соңғы кезде көне қала жұртындағы археологиялық қазба жұмысы барысында ірі қоғамдық ғимараттардың тұғырлары мен қабырғаларын безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы Таразда сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимараттардың болғандығын растайды. Оған қазба барысында қала датқасының сәнді-сарайлары мен халық бас қосатын қоғамдық көпшілік үйлерге қойылатын тамаша өрнектері бар бірнеше қоладан жасалған шырағданның табылғандығы да дәлел бола алады (Елеуов, 2002: 55-57). Шамамен 10-12 ғасырларда Талас өзеніне салынып, Тараздың шығысын батысымен жалғастырып тұрған Таскөпір − көне сәулет өнері ескерткіштерінің тағы да бірі. Көпір үлкен тас блоктардан қаланған. Оның ізін Талас өзенінің оң жағалауындағы Тектұрмас кесенесінің маңынан байқауға болады. Өзен суы тартылып, азайған кезде тас тіреулер мен жалпақ тастардың қалдығы көрініп қалады. Таскөпір туралы алғашқы дерек 10 ғасырдағы араб саяхатшысы Макдисидің жазбаларында кездеседі. 13 ғасырда Таразда болған монах Чань-Чунь хабарламасында да Таластың үстінде тастан салынған үлкен көпір болғаны айтылады. Оның қалдығын 19 ғасырда В.А. Каллаур зерттеді. ХХ ғасырдың бас кезіне жататын ортағасырлық сәулет өнерінің үлгісіндегі Тараз қаласындағы моншаны Әулиеата қаласының тұрғыны, меценат Қали Жүніс өз қаржысына 1906 жылы салдырған. Монша Әулиеата кезеңінің сәулет өнері ескерткіші болып саналады. Ортағасырлық Шығыс елдерінде моншаға деген құрметтің зор болғанын жазба деректерден табуға болады. Қандай да бір қаланың артықшылығын көрсету үшін, алдымен оның моншасы дәріптелген. Салтанатты күмбездермен көмкерілген түрлі көлемдегі 10 бөлме, бір-бірімен иінді өткелдер арқылы жалғасқан. Қабырғаларының қалың болуы, ауа айналымына арналған күмбез ұшындағы саңылаулары, кішілеу келген терезе ойықтары, еден асты жылыту жүйесі, ортағасырлық Шығыс моншаларына тән. Бізге дейін келіп жеткен аңыз әңгіме былайша өрбиді. Қали Жүніс өте қарапайым тұрмыс кешкен екен. Ол монша салдыру үшін Ферғана мен Бұқара қаласынан шеберлерді шақырады. Алыстан ат арытып жеткен шеберлер Қали Жүністің тұрмыс тіршілігін көріп, монша салдыруға қаржысы барына күмән келтіреді. Сонда Қали Жүніс шеберлерді үйіне кіргізіп алтын мен күміске толы екі сандықты ашып көрсеткенде, олар естерінен тана таңқалған екен. Осылайша Қали Жүніс барлық жиналған қаржысын ел игілігіне арнапты. Қали Жүніс моншасы өткен ғасырдың 20-шы жылдарына дейін жұмыс істегені та- ISSN 1563-0269 Journal of history. №4 (87). 2017 79 Тұрғынбаев Е.М., Қайратұлы Р. рихтан белгілі. Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында – 2002 жылы моншаға жаңғырту жұмыстары жүргізілді (Байпаков 1998: 42-46). Мекеменің жоспарына сәйкес 2014–2016 жж. аталған монша толықтай қайта жаңғыртудан өткізілді. Қайта жаңғырту жұмыстарын «Қазқайтажаңғырту» РМК Тараз филиалының мамандары жасап шықты. Қазіргі кезде «Қали Жүніс моншасы» облысқа келген әрбір қонақ пен туристер үшін көрсететін тарихи-мұра санатында. Жамбыл обылысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер ішіндегі елеулілерінің бірі – тарихи мұралардың сәулет өнері санатына жататын нұсқасы – Талас ауданындағы Үшарал (Абдулла Ишан) мешіті. XVII ғасырдың аяғына қарай Әулиеата-Тараз жеріне табан тіреген өз дәуірінің зиялы қауымы санатындағы қожа-молдалар жержерде мешіт, медреселер салу жұмысын қолға алса керек. Бұл ұсынысқа жергілікті азаматтар аянбай, қолдан келген көмегін көрсетеді. Бүгінде Үшарал мешіті, Қарақожа мешіті, Жүнісбай, Әбдіқадір, Нәметбай мешіттері аталатын, әлі де діндар қауымға қызмет етіп келе жатқан тарихи ғимараттар, сол дәуірлерде бой көтерген құрылыстар. Үшарал мешітінің құрылысы 1900 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. Жалпы құрылыстың бас-қасында болып, құрылысшылар тарту, материалдар дайындау ісімен сол кездегі Үшарал, Тоғызкент аймақтарының имамы болған Абдулла Ишан деген діндар адам айналысады. Терракот қыштар мен басқа да материалдар жергілікті жерде дайындалып отырған (Молдақынов, 2007: 114). Сәулеттік шешім бойынша – арқалық күмбезді ғимарат. Үлкен айванмен көмкерілген шығыс және батыс қабырғалары мешітке ерекше сән беріп тұр. 2003 жылы Республикалық «Қазқайтажаңғырту» мамандары және Қаз НИПИ ғылымизерттеу институтының жобалауымен аталған тарихи мұраны қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда мешіт тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекеттің қорғауында. Тараз қаласындағы тарихи ескерткіш санатына жататын Әбдіқадір мешіті XX ғасырдың басында салынған, Тараз қаласының үлкен мешіттерінің бірі болып саналады. Үлкен ауласы және Әулиеата жеріндегі үлкен медресесі болған. Бұл мешіттегі бас имамдық парызды 1920 жылдарға дейін мұсылман әлеміне кеңінен таныс білімдар, ислам өркениеті мен рухани білімнің негіздерін зерттеп көптеген еңбектер жазған, есімі осы күнге дейін ел аузында жүрген Алтынхан төре атқарған. Алтынхан төре, кейбір мәліметтерге жүгінсек, Таяу Шығыстағы Арабстан жерінде жерленген. Кешегі аумалы-төкпелі заманда мешіт үйі мен медресе бірте-бірте бұзылып, залал шеккен. Мешіт үйі қойма, әртүрлі мекемелердің қызмет үйі, наркологиялық диспансер секілді қызмет бабындағы ғимарат есебінде пайдаланылған. Дегенмен, мешіт ғимаратындағы үлкен аркалы қақпа мен азанханасы бұзылмай сақталған. 2002 жылы мешітке толықтай қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бүгін бұл мешітте 200 адамға дейін намаз атқаратын жағдайы бар. Мешіттің сақталып қалған бөлігі тарихи ескерткіш ретінде мемлекет қорғауында («Қазақстан тарихы», 2010: 59). Қарахан кесенесі орта ғасыр дәуірінен бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгісінің бірі. Кесене XI ғасырда салынған. Қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ши-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. XI ғасырда салынған кесененің 4 қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы XIX ғасырдың 90 жылдарына дейін сақталған. Оның күмбезі ғана құлаған. 1905 жылы оның құлаған бөлігін түгелдей бұзып алып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишамы Саид Бахманов салдырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне ұқсайды. Кесененің бас беті оңтүстікке қараған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Алдыңғы жағында екі мұнарасы бар. Сыртын жаңа кірпішпен қалаған. Кесененің ішкі құрылысына келетін болсақ, 4 бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және кіші бөліктен тұрады. Ортаңғы бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатып салынған. Бөлменің нақ ортасында оңтүстіктен солтүстікке қаратылған қабір бар. Ішкі жағын кесененің бұрынғы кірпіштерімен қалаған. Кесене қасиетті жер саналады (Молдақынов, 2007: 115). Қорытынды Қорық – мұражайдың ашылғанынан бері бірталай жұмыстар атқарылды және ескерткіштерді қалпына келтіру мен қорғау, оларды зерттеу, насихаттау жұмыстары бойынша 80 Хабаршы. Тарих сериясы. №4 (87). 2017 «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің қызметі белгілі бір тәжірибелер жинақталды, ғылыми – белгілі басылымдардың үш томы мен әртүрлі буклет түрлері басып шығарылды. «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы және «Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтардың қайта жаңғыруы, түркі тілдес мемлекеттер мәдени мұрасының басым дамытылуы мен сақталуы» бағдарламасы аяларында тарихи туризмді дамытуға арналған инфрақұрылымдар жасалуда. 2002 жылдан бастап 15 Республикалық маңызды тарихимәдени мұра нысандарына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. 2013 жылы Тараз қаласындағы Әулие ата кезеңінің ескерткіші – 1900 жылы тұрғызылған бұрынғы Офицерлер үйі (Бектұрғанов көшесі, 3)  қайта қалпына келтірілді. Әр жылдары басталған археологиялық жұмыстар орта ғасырлық ескі қалаларда жалғасуда: Тараз, Құлан мен Өрнек (Т. Рысқұлов ауданы), Баласағұн (Ақтөбе, Степинское, Шу ауданы), Түймекент (Байзақ ауданы), Бектөбе (Жамбыл ауданы). Мысалы, орта ғасырлық қалалар, керуенсарайлар, кесенелер мен мешіттер ескерткіштері әр жыл сайын танымал болып келуде, әр елден келетін туристер, басқа облыстар мен республикамыздың басқа қалаларынан келетін тұрғындар саны артып келеді. Көпшілік халыққа бұрын белгісіз болып келген тарихи археологиялық фактілерді табу мен зерттеу жұмыстарын ұсыну жалғасуда. Сонымен қатар қорық-музей ғылыми қызметпен айналысады, ғылыми әдебиеттер, кітапшалар, жолсеріктер, буклеттер басып шығарылады. Бүгінгі таңда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» деген жалпы атаумен үш томдық кітап пен әр нысанға арналған жеке кітапшалар басып шығарылды. Мұражай қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті газетжурналдарға өздерінің ғылыми мақалаларын жариялайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!