Материалдар / Конференция "Өз балаңа үлгі бол" ата-аналар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Конференция "Өз балаңа үлгі бол" ата-аналар

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бірінші сынып оқушылары үшін өмірдің ең маңызды жаңа - мектепте білім алу кезеңі басталады. Қоғамымыздың болашағы бұл кезеңнің қаншалықты сапалы болғанына байланысты. Ата-аналар конференциясының міндеті – мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау. Белігілі бір жағдайда балаға психологиялық қолдау көрсету, кәсіби көмек көрсету – бұл проблема өкінішке орай отбасында да білім беру ордаларында әлі күнге дейін орын алып келеді. Білім алу – жауапты, қиын еңбек. Мектепке бару баланың өмірін айтарлықтай өзгертеді. Мектептегі жаңа жағдайға сәтті бейімделуге қалай көмек беруге болады? Конференция осы тақырыпта өрбиді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2472
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»


Экранда 1 слайд: Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отанның», Отбасылық Тәрбиелеу Институтының логотиптері мен ата-аналар конференцияның тақырыбы.


Құрметті ата-аналар, қонақтар , Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отанның», Отбасылық Тәрбиелеу Институтының тапсыруымен өткізіліп жатқан «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясына қош келдіңіздер!

1. Конференцияны ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Амринова Ж.Б. беріледі.

2. Келесі сөз кезегі Көктерек селолық округінің әкімі «Нұр Отан» партиясының өкілі Кабдылуахитов А.А. беріледі.

3. ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының

Республикалық ата-аналар конференциясының қатысушыларына құттықтау сөзі


Құрметті мектеп басшылары, ұстаздар, психолог мамандар мен бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

Қазақстандық мектептерде оқитын жаңа буынның ата-аналарымен сәлемдесуге рұқсат етіңіздер.

Биылғы жылы біздің елімізде Астана және Алматы қалалары мен облыстарда 7 мыңнан астап мектепке 360 мың бала алғаш мектеп табалдырығын аттады.

Бірінші сынып оқушылары үшін өмірдің ең маңызды жаңа - мектепте білім алу кезеңі басталады. Қоғамымыздың болашағы бұл кезеңнің қаншалықты сапалы болғанына байланысты. Он екі жыл көзді ашып жұмғанша өтеді кетед: 2028 жылы бұл балалар үлкен өмірге аяқ басып 21 ғасырда Қазақстанның іргесін берік әрі гүлденген мемлекет ету үшін еңбек етуді бастайды. Қазақстан Республикасынң Президенті, Ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын, Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет деп бірнеше рет атап айтқан болатын.

Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде жемісті тығыз ынтымақтастық болуы керек. Ата-ана мен ұстаз және оқушылармен жұмыс істейтін мектеп психологы мен басқа да мамандар арасында нақты келісім болуы керек. Мектеп пен отбасының балаға қойған талаптары моральды- адами құндылықтардың біріңғай жүйесін ұсына отырып бір біріне қарама-қайшы келмеуі керек.

Бүгінгі ата-аналар конференциясының міндеті – мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Отбасылық Тәрбиелеу Институтының 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» конференциясын өткізу бастамасын қолдауы кездейсоқ емес.

Белігілі бір жағдайда балаға психологиялық қолдау көрсету, кәсіби көмек көрсету – бұл проблема өкінішке орай отбасында да білім беру ордаларында әлі күнге дейін орын алып келеді.

Мәселені тек қана отбасы және мектептің өзара тығыз қатынаста ғана шешуге болады.

Білім алу – жауапты, қиын еңбек. Мектепке бару баланың өмірін айтарлықтай өзгертеді. Мектептегі жаңа жағдайға сәтті бейімделуге қалай көмек беруге болады? Бүгінгі конференция осы тақырыпта өрбиді.

Құрметті конференцияға қатысушылар! Сіздерді Қазақстанның отбасы күнімен құттықтаймын! Біздің бүгінгі кездесуіміз ата-ана мен мектептің тығыз өзара қарым-қатынасқа дайын екендігін сезінуге септігі тиеді деген сенімдемін. Қатысып отырған әрқайсыңызда мектеппен ынтымақтастықтың маңыздылығын түсініп, мектептің жұмыстарына белсенді қатысуға ықылас пайда болады деген үміттемін.

Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!


Отбасылық Тәрбиелеу Институтының өкіліне ата-аналар алдында сөз беріледі

Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен бірге конференциямызда «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғы сөзін құттықтау сөзін тыңдадық. Бұл дегеніміз мемлекетіміз балалардың денсаулығын сақтауға, білім алуы мен тәрбесіне көптеген күш пен қаржы жұмсау арқылы біздің отбасымыздың түрлі мәселелеріне қатты көңіл аударып отырғанын көрсетеді. Өскелең ұрпақтың еңбек және зияткерлік әлеуетін отанның мүддесін дамыту міндеті еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды басты міндеті болып табылады.

Бала мүддесіне немқұрайлылықпен қарау орын алған, ата-аналары баланың тәрбиесіне жауапты әрі белсенді араласудан қашатын отбасында балалар білім алуда, мұғалімдермен және құрдастарымен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болады. Ата-ананың немқұрайлығы мен зорлық-зомбылығының қысымындағы бала – екіжүзді, және оның қарсылығы мейрімсідіктен кек пен ызаға айналады. Осымен бір мезетте оның өзіндік адамгершіл қасиеті де жоғала бастайды. Мұндай жағдайда жеткіншек жасындағы балалардың темекі шегу, көргенсіздік, өзінің міндеттерін елемеу, көбінесе ішімдік ішу және есірткі қолдану немесе кейбіреуі шынайы өмірден компьютерлік ойындармен виртуалды әлемге, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым-қатынастарға еніп кететін түрлі әумесерлік қылықтарға бой алдырады. Отбасының қолдауы мен түсіністігін сезінбеген жеткіншек қазіргі замандағы теле және интернетке тәуелділік, есірткі, ойын әуестігі, дүниеқоңыздық сияқты көптеген теріс азғыруларға оңай бой алдырып эмоционалды салқынқанды бола бастайды. Әлемде ұятсыз, қатыгез баладан қасіретті не бар?

Ал егер отбасы махаббат пен сүйіспеншілікте, кішіпейілділік пен мейірімділікте өмір сүрсе баланың өзіне деген сенімділігі, өзін-өзі бағалауы жоғарылап білім алуға деген талпынысы күшейеді; ол сыныптастарымен дос болғысы келеді; ұстаздарына сыйластықпен қарайды. Ол ержеткенде өзінің алдына биік мақсаттар қояды және дегеніне жетуге барлық күш жігерін жұмсайды. Қазіргі замандағы қиын жағдайда отбасына мектеп тарапына жүйелі және білікті көме керек. Ата-ананың педагогикалық біліксіздігі өте қауіпті. Себебі ата-аналық қателіктерді түзете отырып баланы қайта тәрбиелеу баланы басынан бастап бұрыс сөздер айтпай, теріс әрекеттер жасамай тәрбиелегеннен әлдеқайда қиынырақ. Сондықтан да ата-ананың пелагогикалық мәдениетін көтеру кез-келген жеке отбасы мен түгел қоғамның міндеті. «Балаларға көмектің ең дұрыс тәсілі бұл – олардың ата-аналарына көмек көрсету» - деп американдық жазушы Томас Харрис дәл айтқандай. Отбасылық Тәрбиелеу Институты конференция бағдарламасын жасап оны тек қана пайдалы ақпараттармен ғана емес


Отбасылық Тәрбиелеу Институты конференция бағдарламасын жасап бүгінгі әрбір қатысушы тағы бір рет баланы жақсы ету үшін – оны бақытты ету керектігін естеріне алуы үшін оны позитивті әсерлі қалып туындататын, бала мен ата-ананы байланыстыратын сол бір керемет сезімді еске түсіретін жылы сезімдерді туғызатын материалдармен толықтырды.


Отбасылық Тәрбиелеу Институты бүгінгі конференцияға қасытушы барлық ата-аналарға жақсы көңіл-күй тілейді. Сіздердің әрқайсыңызда балаларыңызға сенімді сүйеу болуға жеткілікті күш-жігер, даналық бар екенінен сенімдіміз.

Сіздерді Қазақстанның отбасы күнімен құттықтап «Менің отбасым» атты видеоролиқті ұсынуға рұқсат етіңіздер «Менің отбасым» (№1 ролик) қосылады.

Әрі қарай мектеп директоры: Құрметті ата-аналар сіздермен бүгінгі конференцияны өткізетін психолог (ФИО) таныстыруға рұқсат етіңіздер.


Психологқа сөз (жаттау керек)

Армысыздар Құрметті ата-аналар!!!

Бірінші сентябрь күні балаңыз бірінші сыныпқа барды. Сіздердің әрқайсыңыз бақытты ата-ана болғыңыз келеді, яғни өз балаңызбен мақтанғыңыз келеді. Және біз бәріміз мектепке дайындық кезеңі мен оқудағы алғашқы айлар қиын кезең екенін жақсы білеміз. Бала үшін бірінші сынып бұл расында да үлкен өзгерістер уақыты. Мектеп өміріне бейімделу кезеңін әр бала басынан өткереді. Көптеген пайда болған қиындықтар уақыт өте жоғалады.

Мәселен: мектепке барудың бірінші кезеңінде баланың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар тынымсыз, беймаза, ашуланшақ, гипербелсенді немесе тым енжар болып кетуі мүмкін. Физикалық жағдайы нашарлауы мүмкін. Бірақ уақыт өткен соң (біреуде ерте, біреуде кеш) барлығы қалпына келеді. Сондықтан да баланың мектепте білім алуға бейімделуінің ерекшеліктерінің зерттеулеріне арналған психология мен педагогиканың атқарған жұмыс көлемімен танысып, құлақ түргеніңіз маңызды.

Ендігі слайдқа көңіл бөлейік. Экранға назар аударыңыздар!


Екінші СЛАЙД

Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау , және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.

Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж. Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек

Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?

  • Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.

  • Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау

  • Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.

3 слайд. Келесі слайдқа назар аударыңыз.

Бала өміріндегі орын алып жатқан өзгерістер кезінде ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы тиіс:

  • Бірінші сынып оқушылары өте әсершіл болып қала береді;

  • Тез ашуланғыш келеді;

  • Тез шаршайды;

  • Олардың зейіні құбылмалы болады;

  • Тәртібі сыртқы жағдайға байланысты

Балалар әлі ұжымда жұмыс істей алмайды. Мектептегі үйренбеген жағдай барлығына бірдей әсер етпейді: бірінде психологиялық қысым пайда болса, екіншісінде тәбеттің, ұйқының бұзылуы, ауруға қарсы тұру күшінің бәсеңдеуі сияқты физикалық қысым пайда болады. Бұл жағдайға ескермесе баланың жағдайы күрт төмендеп жұмыс істеу қабілеті нашарлап, оқуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Егер Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшелігін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз бейімделу кезеңін оңай еңсереді.

Бірінші сыныпты болашақтың жетістіктеріне бастау алаңы болуы үшін не істеу керек? Бірінші сынып оқушысы ата-аналарының ата-аналық

Что же надо сделать, чтобы первый класс стал стартовой площадкой к успехам в будущем? Поговорим о ТРЕХ важнейших компонентах родительских стратегий родителей первоклассников.


Төртінші СЛАЙД (кезекті)

Үш «Б» заңы
Бейімделу, Бедел, Белсенділік

Баланың мектепте білім алуға бейімделуі – ата-аналар міндеті: бірінші сынып оқушысына эмоциялық және рухани қолдау көрсету, үйренбеген жағдайға бой үйретуге көмек беру,


Бедел– ата-аналар міндеті: ата-аналар беделін жаңа деңгейге дамыту және күшейту, мектеп пен мұғалімнің беделінің қалыптасуы.

Белсенділік – ата-аналар міндеті: Мұғаліммен тығыз байланыс орнату, бала келіспеушіліктің әсерінен зиян шекпеуі үшін мектеп талаптарын алдын-ала талқылау, кеңестерге құлақ түру, жалпы жұмыстар мен мерекелік шараларды ұйымдастыруға көмек беруді тоқтатпау, себебі, үлкендердің мектеп өміріне көбірек қатысуы балаға оң әсерін береді. Осыдан кейін ғана ұлыңыз немесе қызыңыз өз ата-анасымен мақтана алады.



Бесінші СЛАЙД- Алтыншы СЛАЙД


Баланың мектепте білім алуға бейімделуі

Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті – өз балаңызға көбірек көңіл бөлуіңіз.

Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

  • Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

  • Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын түсінесіз.

  • Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай балаға бөлек уақыт бөліңіз.

Есте сақтаңыз: бала сіздің махаббатыңызға өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады

Егер балаңыз оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса, ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.

ЖЕТІНШІ слайд

  • Екінші кеңес: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз.

  • Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.

  • Оның жетістіктерін атап, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз. Оның әрбір жұмысынан мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.

  • Есте сақтаңыз: «Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!» сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.


СЕГІЗІНШІ слайд

Үшінші кеңес: балаға жаңа өмір тәртібіне енуге көмек беріңіз.

  • Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.

  • Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.

  • Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді.

  • Есте сақтаңыз: күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.

  • Компьютердегі ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.

  • Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз (бірінші сыныпта оқуды қосқанда -1-1,5 сағат ), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз.


Күн тәртібін сақтауға дәрігерлер де кеңес береді, себебі, ол бала қозғыштығы мен ашуланшақтығының бірден-бір емі. Жұмыс істеу қабілеті күн бойына бірдей емес. Гигиенист дәрігерлер жұмыс істеу қабілеттілігінің арту кезеңі 8-11 аралығы, 16-18 түс қайта, содан соң жұмыс істеу қабілеті күрт төмендейді. Сол үшін үй жұмысын орындауды кешкі уақытқа ысыру жемісті болмайды.


Бала мектепке тек психологиялық тұрғыдан ғана емес физикалық тұрғыдан да үйрене бастайды. Көптеген балалар бірінші сыныпта алғаш рет танертең бір уақытта тұру мәселесіне тап болады. Мектеп уақытымен оқушы 3 -6 сағат белсенді сабақ оқиды. Алты-жеті жаста мұндай ауыртпалық ересек адамның қауырт жұмыс күніне тең. Мектеп басталған уақытта баланың омыртқа, көру, есту нерв жүйесіне түсетін жүктің ауыртпалығы күрт күшейіп кетеді.


Егер сіз бұған дейін күн тәртібін сақтамаған болсаңыз, оны жәйлап енгізуге тырысыңыз. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз уақытылы және созылмалы ұйқыны қажет етеді. Оқушыға күнделікті бір уақытта ұйықтауға үйренуге көмек беріңіз. Баланы мектептен келе үй тапсырмасын орындауға отырғызбаңыз. Балаға демалып алуға уақыт қажет. Бұл оқу процесі үшін де маңызды. Демалыс уақытын ми «жаңа білімді керек таяқшаларға енгізу» пайдаланады. Өзімізге жұмыс күнінен кейін керек шамалы уақыт тыныштық пен демалыс балаға да керек. Балаңыздың денсаулығына қараңыз , себебі мектепте алғаш білім алудың бірінші айларында күн тәртібіндегі қателіктер бұрынғыдан қарағанда күрделі нәтижесін береді.

ТОҒЫЗЫНШЫ слайд

Төртінші кеңес: мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға тырысыңыз

  • Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз. 

  • Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.

  • Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық. Баланың қателесуге құқы бар.

Ата-ананың сабырлығы мен сенімділігін көріп бала мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.


ОНЫНШЫ слайд

Баланы адамға үйірлігі үшін мақтаңыз, оның мектептегі жаңа таныстықтары үшін қуанғаныңызды айтып білдіріңіз.

  • Балаңызбен құрдастарымен қарым-қатынастың тәртібі жайлы сөйлесіңіз, өз балаңыздың өзгелерге көз тартарлық болып көрінуіне көмек беріңіз.

  • Балаңызды достарына көрсете алуы үшін жаңа ойындарға үйретіңіз.

  • Жай ғана шай ішуге балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз, ал кішкентай үй иесі қонақ күтуді үйренеді.

  • Балаңыздың мектептегі жолдастарының назарын қымбат ойыншықтар мен киімдермен сатып алуға тырыспаңыз. Бұлай балаңыз өзгелерге керек болуды үйрене алмайды. Мұндай жағдайда қызыңыз немесе ұлыңыз сыныптастарының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық сезімдеріне тап болуы ықтимал.


Өзіне сенімді және көпшіл бала кез-келген жағдайға тез бейімделеді.

ОН БІРІНШІ слайд

Алтыншы кеңес: Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты болуға үйреніңіз:

Балаңызды мектеп күнделігінің қосымшасына айналдырмаңыз.

Әрине мектептегі жетістіктер маңызды. Бірақ, бұл балаңыздың бүкіл өмірі емес.

  • Мектептегі баға — балаға берілген пән бойынша дәл қазіргі уақытқа қойылған баға. Баға баланың жеке басын сипаттай алмайды.

  • Өз балаңызды өзге балалармен салыстырмаңыз.

  • Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз. Және ешқандай да жақсы баға балаңыздың бақытынан маңызды емес.

  • Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз.

  • Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз.

  • Есте сақтаңыз: балаңызға сеніміңіз, көмегіңіз бен қолдауыңыз өте қажет.


ОН ЕКІНШІ слайд

Жетінші кеңес: балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында шамадан тыс ауыртапалық жүктемеуге тырысыңыз.

  • Баланы мектептен келе үй жұмысын орындауға отырғызудың қажеті жоқ. Оған 2-3 сағат демалуға, егер мүмкін болса оның 1,5 сағат ұйықтап алуына мүмкіндік жасаңыз.

  • Бала үй тапсырмасын орындап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өзі жасағаны абзал. Сіздің міндетіңіз орындау емес көмек беру.

  • Қамтылмағанды қамтуға тырыспаңыз!! Балаларыңызды музыка, шет тілі, жүзу , мәнерлі сырғанау, сурет өнері сияқты қосымша үйірмелерге беріп «зерек» бала жасауға талпынбаңыз. Мұндай жағдайда бала өз-өзіне иелік ете алмайды, ол үшін басқалар шешім қабылдайды және ол кей кезде баланың өзіндік қызығушылығы, қалауы мен күшіннен тыс болып жатады.

  • Сабақтардың уақыт бойынша және саны бойынша да тиімді мөлшерін табыңыз. Мұнда шектен шығу оңай. Ал бұдан қандай нәтиже шықпақ? Мұндай жағдайда бала кейде жаман қылықтарға бой алдырып барлық нәрсені, үлкендердің нұсқауымен баратын сабақтарды жек көре бастайды және ешкім бөгет болмайтын көшеге қашқысы келіп тұрады.

Қарапайым жауап: оны мәжбүрлеп немесе күштеп емес еліктіруге және қызықтыруға тырысыңыз.

  • Мектепке бару баланы ойыннан айырмауы керек: балада ойын ойнауға жеткілікті уақыт қалуы тиіс.

  • Ұмытпаңыз: тіпті үлкен балалар да ертегі оқып, ұйықтар алдында құшақтап, еркелетіп қайырлы түн айтқаныңызды қалайды. Мұның бәрі бір күн бойындағы ауыртпалықты жоюға көмек береді.

Кез-келген балдырғанның мектеп әлеміне жасаған бірінші қадамын өзі үшін де отбасы үшінде ең қуанышты және сенімді етуге тырысайық!

Сіздерге ұсынылған кеңестер балаңызбен қарым-қатынаста өте әсерлі болуларыңызға көмек береді деген үміттемін. Сіздерге әке мен қыздың өзара қарым-қатынасы жайлы видеоролигін көруге ұсынамыз. Экранға назар аударыңыз!

Психолог №2 видеороликті қосады. "Әке мені вальске шақыр!"

Видеороликтен аке мен қыздың арасындағы жылылық пен махаббатты сезіндіңіздер деп үміттенемін. Осы залда отырған конференсияға қатысушы әрбіріңізге, әкелерге балаларыңызбен осындай қарым-қатынаста болуды шын жүрегімнен тілеймін. Сіздердің атыңыздан Отбасылық Тәрбиелеу Институтына осындай фильмді жинақтағаны үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Олардың жұмысының арқасында осы керемет фильмді тамашалап, таңғажайып музыка тыңдадық. Және осы отырған қай-қайсымыз да керемет сезімде болдық.

Ендігі бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының міндеттері жайлы әңгімемізді жалғастырайық.

ОН ҮШІНШІ слайд

Екінші «Б» заңы Бедел

Ата-ана беделі

Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы жаңа кезеңді өткере бастайды. Бұл қарым-қатынастар бала мектепке барғанда қайткен күнде де отбасылық қарым-қатынастың шеңберінен шыққанда қайта қалыптасады. ОЛ сыныптастарымен, ұстаздармен жаңа қарым-қатынастарға ие бола бастайды. Бірақ оған ата-анасымен қарым-қатынас ұзақ уақытқа дейін маңыздырақ болып көрінеді және оның өміріне көптеп ықпалын тигізеді. Балаңызбен қарым-қатынаста өз беделіңізді нықтау үшін сізге төмендегідей ережелерді сақтауды ұсынамыз.

  • Балаңызбен тепе-тең құқықтағы серіктес деңгейінде сөйлесіңіз және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың, тілдесудің тәртіп үлгісін көрсетіңіз.

  • Отбасы мүшелерінің баламен қарым-қатынастың бірыңғай тактикасын таңдаңыз. Бала бар жерде көзқарастарыңыздың әрқилығын талқылаудың қажеті жоқ. Барлық келіспеушіліктер сыртта қалуы қажет.

  • Өз ойыңызды білдіріңіз, бірақ осы және басқа да мәселелерде балаға өз пікіріңізді таңбаңыз.

  • Ұмытпаңыз: бала өмірге деген өз көзқарасын сіздікінен қалыптастыруы мүмкін.

  • Балаға өз пікірін білдіру үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Оның ауызша айту белсенділігіне еркіндік беріңіз.

  • Баланың оқудағы жетістігі көбінесе отбасы мен мектептің ынтымақтастығына байланысты, сол себепті, кез келген уақытта өз шаруаларыңызды тастап баламен айналысуға дайын болыңыз.


ОН ТӨРТІНШІ слайд

Мұғалім беделі
Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген оң көзқарасыңыз баланың бейімделу кезеңін жеңілдетеді.
Мектеп табалдырығын аттаған күнен бастап балаңыздың өмірінде сізден де беделді адам пайда болды. Ол- мұғалім. Кез-келген бірінші сынып оқушысынан мұғалімің қандай деп сұраңыз. Сіз ол сондай керемет, ең жақсы, ең әдемі, ең мейрімді деген жауап еститініңіз сөзсіз. Бірінші сынып оқушысы үшін мұғалім ең басты ересек адамның біріне айналады. Мектептің бірінші айларында мұғалім ата-анадан да асып -түсіп жатады. Бала бойындағы мұндай «ғашықтықты» қызғану емес қолдау парасаттылық болады. Алғашқы мұғалім тек бала үшін ғана емес отбасы үшін де маңызды адам.

Бірінші сынып оқушысының ұстазы жайындағы пікірін сыйлаңыз.

Балаңыздың мұғалімдерімен бірге жұмыс жасаңыз , көмек ұсыныңыз, белсенділік танытыңыз. Белсенді ата-аналары бар сыныпта байқалғандай балалар арасындағы қарым-қатынас тығыз және жақсы, өмір қызықты, көп мерекелер мен саяхаттар болады.

Ұмытпаңыз: ата-ана ретінде жеке өзіңізде мұғалімге деген сұрақтарыңыз немесе кейбір нәрселерді басқаша жасау керек деген пікірлеріңіз болса, мұндай қайшылықтар ересектер арасында қалуы қажет. Әйтпесе бала ата-анасына деген махаббат пен мұғалімнің беделі ортасында қалуға мәжбүр болады.

«Отбасы ортасында» мектеп немесе мұғалім жайлы жағымсыз пікірлер өте зиянды, бұл баланың бейімделу кезеңін айтарлықтай қиындатады, баланың тыныштығын бұзады және ол үшін жақын адамдары арасында келісім мен қамқорлыққа сенімсіздігін туындатады.

Егер де сізге оқыту әдісі түсініксіз не қолайсыз болса, мұғалімнен бұл әдістің өзге тәсілдерден қандай айырмашылығы және қандай артықшылығы бар екенін түсіндіруін сұрауыңыз қажет. Кез-келген мұғалім бұл сұраққа қуана жауап береді, себебі , мұғалімге де сыншы емес, көмекші ата-ана қажет.

Ал қазір сіздердің назарларыңызға керемет ролиті ұсынамын. Экранға назар аударыңыз.

Психолог №3 видеороликті көрсетеді. Роликті тамашалағаннан кейін психолог (жаттап алу қажет)

Ананың қамыңды жасауы, ананы сүйіспеншілігі, ең бастысы ананың махаббаты – барлық ауыртпалықтың емі! Ананың жүрегі бұл – нағыз сенімді қорғаныс! Ана өзінің барлық балаларын жақсы көреді, біреу болсын, үшеу не болмаса бесеу – оның махаббаты бәріне жетеді. Және сіздер мұны жақсы білесіздер! Қымбатты аналар сіздердің аналық сезімдеріңіз әрқашан бақыт әкеледі деген сенімдемін!

Бірінші сынып оқушылары ата-аналарының өзін-өзі ұстау заңдары туралы әңгімемізді жалғастырайық

ОН БЕСІНШІ слайд ( психолог сценари бойынша қайта оқуын бастайды)

Үшінші «Б»заңы: Белсенділік

Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы
Ата-аналар жасайтын төрт негізгі қателік

Мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасында оның нәтижелілігін айтарлықтай төмендететін қателіктер жіберілуі мүмкін.


1. отбасы мен мектеп арасындағы әрекеттердің келісілмегендігі


Мектептегі келіспеушілікті бала бар жерде талқылауды доғарыңыз.


Мұғалімдер туралы теріс пікірлерге жол бермеңіз.


Мектеп әкімшілігі мен психологтардың, мұғалімдердің ұсыныстарын елеусіз қалдырмаңыз.


«Мектептен де басқа маңызды шаруалар бар» деген ұстанымды ұстанбаңыз.


ОН АЛТЫНШЫ слайд

2. Қарым-қатынастардың эпизодтық сипаттамасы.

Мектепке келу мәселесі «жағдайдан жағдайға» ұласып не болмаса төтенше жағдайдың болуына байланысты сиреп кетпеуін қадағалаңыз.


Ата-аналар жиналысын және өзге шараларды елеусіз қалдырмаңыз.


Мектеппен қарым-қатынасыңыздың ауық-ауық және сирек болуының нәтижесі балаңыздың өмірі, оның достары мен қызығатын нәрселері , неге еліктейтіні жайлы өте аз білетініңіз болмақ.


Мұның барлығы түсініспеушіліктің көбеюі, ұстаздың, бала мен ата-ананың бір-бірінен алшақтауы мен ата-ананың ұстаздық мәдениетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.


Осының салдарынан бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаз көптеген қателіктер жіберуі мүмкін.

ОН ЖЕТІНШІ слайд


3. « ықпал етуші ортаның» бөлінуі

Кей жағдайда ата-аналар баланың тек материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуді мойнына алып, негізгі тәрбиені мектеп беруі тиіс деп ойлайды.

Нәтижесінде бала өмірінде отбасылық тәрбиеден бос кеңістік пайда болады.

Бұл кеңістік теріс ықпалдарға толтырылып тәрбиелеуге қиындық тудыруы мүмкін.

ОН СЕГІЗІНШІ слайд


4. өзара әрекеттің негізі ретінде «басқарушы нұсқаулықтар» жүйесі, отбасы тарапынан мектеп ісіне араласудың ақталмауы Мұндай жағдайда ата-ана өз баласын өзінен басқа ешкім жақсы білмейтініне, оны қалай тәрбиелеуді өзі ғана білетініне сенімді, және баласын өзі ғана білетінін желеуретеді. Нәтижесінде бала үлкендермен нашар қарым-қатынаста, кез-келген тәрбиелік әрекеттерге қарсылық білдіріп немесе өзін-өзі басқаруды дамытудан қалыс қалуы, шығармашылық қабілетіндегі ынтаның төмендеуі орын алады.


ОН ТОҒЫЗЫНШЫ слайд

Бейімделу кезеңінің сәтті өткенін қалай білуге болады? 
Сәтті бейімделудің белгілері

Бірінші — білім алу процесіне баланың қанағаттануы. Оған мектеп ұнайды, ол сенімсіздік пен қорқынышты сезінбейді.

Екінші —бала мектеп бағдарламасын артық күш-жігерсіз игереді.

Егер әдеттегідай мектеп және бағдарлама дәстүрлі болып, ал, бала білім алу кезінде қиындықтарға тап болып жатса, оған қиын сәтте қолдау көрсету қажет. Бірінші сынып оқушысына алғашқы кезеңдерде жасуға жол бермей жетістікке жету сенімділігін сіңіру өте маңызды, «Қолымнан еш нәрсе келер емес» деген пікірге бойын үйретпеу керек. Әйтпесе мұндай селсоқтықпен ұзақ күресуге тура келеді.


Егер бағдарлама қиын және шет тілін үйрену болжамданса, онда бастауыш сынып мұғалімдері мен шет тілі пәні мұғалімдері және ата-аналар мұндай жүк бала үшін шамадан тыс болмауын қадағалауы тиіс. Дұрысы мұны өз уақытында түзету керек, әйтпесе артынша түрлі мәселелер көбінесе денсаулыққа байланысты мәселелер туындайды. Мүмкін бала сабағы жеңіл басқа сыныпта өзін жайлы сезінер?


Көбінесе ата-ана балаға бар ынтасымен көмек беріп жатады, бұл кері әсер туындатады: оқушы тапсырманы бірге орындауға үйреніп алады да өз бетінше жасағысы келмейді. Мұнда көмек шеңберіне шек қойып, оны ақырын азайту керек.


ЖИЫРМАСЫНШЫ слайд

Үшінші, баланың мектеп ортасына үйренгендігінің ең маңызды белгісі сыныптастары мен мұғаліммен тұлғаішілік қарым-қатынастан қанағаттануы болып табылады.
Ата-аналар балаларын мектептен кеш келетіндігі үшін, оған достарының себепсіз телефон соғатыны үшін, оның көп уақыты серуендеумен өтетіні үшін жиі сөгіп жатады.

Алайда, осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас орнататынын, балалар арасында өзінің орнын іздейтінін, өзге балалармен бірге іс атқаруды үйреніп және олардың өзіне деген көмектерін қабылдауды үйренетінін ұмытпағанымыз жөн. Және осындай күрделі жұмыста оған көмек қажет!

Баланың әлеуметтік рөлдерді бөлу кезінде кандай текшеге орнығатыны оның мектепте білім алуы қаншалықты сәтті өтетініне байланысты.

Есімізге алайық, «сараң», «білгіш-сымақ» деген таңбадан құтылу қандай қиын, бір кездерде кішкентай баланың өзін лайықты деңгейде ұстай алмағаны үшін жасөспірім шағында көптеген мәселелер туындайды.

Міне осы сияқты қарапайым көрінгенімен маңызды заңдылықтарды балаларға мектепке бейімделу кезеңін сәтті өткізуіне көмек беру үшін ата-ананың есінде болуы керек.


Балаңыздың өз-өзіне сенімді, барабар бағалауға ие, батыл және ынталы болуы үшін өздеріңізге мұқият болыңыз:
сізде теріс ықпалды сөйлемдердің бар-жоғына талдау жасаңыз, және оларды балаңызбен қарым-қатынаста қолданбаңыз.

Видеофильм тамашалауды ұсынамын. Экранға назар аударыңыздар №4 видеоролик «Бала мен қыз».


Видеороликтен кейін психолог келесі ЖИЫРМА БІРІНШІ слайдты жалғастырады..





Ата-ананың жағымсыз әдеттері

1«Сені желкемнің шұқыры көрсін!», «Маған сендей жаман бала керек емес», «Мені қанша рет абыржыттың»! (ата-ананың кінәлауы). Бала өзіне «Менің жоқ болғаным жақсы еді» деген тұжырым жасайды. Жасөспірім жасындағы кәмелетке толмаған жеткіншек үшін қауіпті және өршіткіш әрекет бұл себебі жасырын - суицид.

2. «Кішкентай бала сияқтысың?!" Берілген тіркес ересек кезінде адамдардың өзіне өте көп міндетті артып алуына себеп, оларда өз балаларымен қарым-қатынас жасауда қиындықтар туындайды, себебі оларға баланың жағдайына енуден баланы өз жағдайына, өз іс-әрекеті мен қамына енгізу оңайырақ.

3. «Ақылгөйсіме», «Айтқанды істе", «Не істеу керек екенін мен жақсы білемін". Балалар өзінің зияткерлік қабілетіне сенімсіздік таныта бастайды, өзін қорғансыз және жұтаң сезінеді.


ЖИЫРМА ЕКІНШІ слайд

4. «Иттен қорқудан қалай ұялмайсың?", «Әкеңе ашулануға қалай дәтің барды?". Ашу, қорқыныш, өкпе сияқты сезімдерге тиым салынады. Бұл сезімдер тұлғаның жан тыныштығын бұзатын күшке ие. Нәтижесінде адам өзінің сезімдерін сөзбен жеткізе алмайды.

5. «Болмашы жараға бола…". Баланың түйсінуін елемеу. Болашақта қауіпсіздікке деген қабілетін жоғалтатын баланың физикалық ауруын, ауруды сезінуін ата-ана елемейді. Нәтижесінде дене-бітімін бақылауды жоғалтады (оның бір көрінісі ретінде – семіру)

6. «Сенен бәрібір түк шықпайды!" Баланың жетістікке жетуіне сенімсіздік. Бала еңбекқор және ынталы болса да ол өзінің жеткен жетістіктеріне лайық емеспін деп санайды. Балаға деген осындай қарым-қатынастың себебі ата-анадағы жасырын қызғаныш болуы да мүмкін.


Психолог тағы да ата-аналарға тағы да экранға назар салуын ұсынады. №5 видеоролигі ұсынылады « Айқайлаушы ата-аналар».


ЖИЫРМА ҮШІНШІ слайд

7. «Менен басқа ешкімге сенбе!", «Менен басқа саған кім шынын айтады?". Берілген бұл тіркес, баланы басқа адамдарға сенбеуге, кез-келген жақын қарым-қатынас ол үшін қауіпті деп санауға үйретеді. Нәтижесінде: адам өзгелерге сенуге болатынын анықтай алмайды, өтірікті сезінбейді немесе керісінше барлық нәрсеге күдікпен қарайтын болады.  

8. «Өзің істеме, қауіпті!", «Өзім істеймін", «Әкел, мен көмектесейін", «Өзің істеме, мені күт! ". Ата-аналар ең кенже баласына немесе кеш туған баламен осылай сөйлеседі. Нәтижесінде: кез-келген жұмыс бастамасында қорқыныш сезімі пайда болып, кез-келген жұмысты кейінге қалдыру әдетке айналады.

9.«…ұқсауға тырыс (мәселен, «Сен бұдан да жақсы істей аласың ", «Өз мұратыңа талпын!"). Бұл тіркестерде ата-аналар көңіл толмаушылықпен, балаларының басқа балалардан асып түсуін қалайтын ниетпен айтады. Нәтижесінде: адам өз-өзіне үнемі көңілі толмайды. Мұны түзетуші әрекет: Адамды нақты нәтижеге бағыттау, Әділ және оң баға беру

10. «Сен сондай нәзік болсаң да тоқсанды жақсы бағамен бітірдің". Бала денінің сауығатынына сенбейді, оның өзін жақсы сезінуіне нақты тиым салынады. Ол ауруға таңылып тәрбие алады. Бала оған тек ауруының арқасында көңіл аударылатынына үйреніп алады, ал кез-келген әңгімеде ең басты екпін сырқатқа жүктеліп айтылады. Ол өзіндік бағасын көтере отырып, өзгелердің өзін кінәлауын дамыта расымен де өзін жайсыз сезінеді.


ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ слайд

Есте сақтаңыз: Бала өзіне үлкендер қалай қараса, ол да солай қарайды.
Жағымсыз тіркестер баланы қанша жылға алдын-ала жоспарлауға қабілетті. Көбінесе ата-ананың асығыста айтылған сөздері нұсқауға айналады (әрекетке, тәртіпке ойға бұйрық), кейіннен баланың ары қарай дамуын анықтайды.

Психолог тағы да ата-аналарға №6 «Ваза» видеоролигін көруді ұсынды.


Психолог өз сөзін әрі қарай жалғасытарады:


Сөз қорыңыздан балаңызға деген жылы сезімді тәнтілікті білдіретін сөздер табыңыз.

Міне балаға «Сені жақсы көремін»деп айтудың Отыз тәсілі

Бастайық, сіздер жалғастырыңыздар:

1. Жарайсың! 2. Жақсы! 3. Таң қаларлық! 4. Мен күткеннен де керемет. 5. Тамаша! 6. Таңғажайып! 7. Өте керемет! 8. Ұмыту мүмкін емес! 9. Дәл осыны күткен едік. 10. Бұл менің жан дүниеме қатты әсер етеді.

11. Сен сондай жақсы айттың – қысқа әрі нұсқа. 12. Тапқырлық. 13. Ең жақсы. 14 . Талантты. 15. Сен бүгін көп шаруа бітірдің. 16. Бәрекелді! 17. Енді жақсы. 18. Тамаша . 19. Таң қаларлық! 20. Сұлулық!
21. Ертегідегідей. 22. Өте анық. 23. Жарық, көрнекті. 24. Керемет бастама. 25. Сен дұрыс жолдасың. 26. Сен ұтымды шештің ! 27. Сен мұны оңай жасайсың. 28. Бұл нағыз керекті нәрсе. 29. Ух!!! 30. Құттықтаймын!

Келесі балаға жақсы көретініңізді білдіретін қандай сөздер бар? Сіз жалғастырыңыз!


Психолог залмет жұмыс жасайды- ата-аналар баласына «Сені жақсы көремін» деп айтудың өз нұсқаларын ұсынады.


Ал енді қыз бала мен ұл баланы қалай әртүрлі тәрбиелеу керектігіне мұқият зер салайық.

ЖИЫРМА БЕСІНШІ слайд

Болашақ бірінші сынып оқушылары –ұлдар мен қыздардың ата-аналары үшін нейро-психофизиологтардың ұсыныстары

1. Ешқашан сіздің алдыңызда жай ғана бала емес өзіне тиісілі қабылдау ерекшеліктері, ойлау қабілеті мен сезімталдығы бар ұл немесе қыз тұрғанын ұмытпаңыз. Оларды тәрбиелеу, үйрету тіпті, әр түрлі жақсы көру керек. Бірақ өте қатты жақсы көру керек.
2. Ешқашан ұл мен ызды салыстырмаңыз, бірін-біріне үлгі етпеңіз: олар әртүрлі, биологиқялық жас жағынан да, қыз бала өзімен қатар ұл баладан үлкен болады.
3. Ұл бала мен қыз бала әр нәрсені өзгеше қабылдайтынын, өзгеше көріп, еститінін, түйсінетінін, кеңістікті әртүрлі қабылдап және сол бағытта бейімделетінін, ал, ең бастысы әлемдегі не нәрсеге тап болса соны әртүрлі зерделейтінін Ұмытпаңыз. Және әрине, ересектер сияқты емес.
4. Солақайды күшпен қайта үйретпеңіз. Мәселе қолда емес, мидың құрылымында.
5. Бала тәрбиесінде бірізді болыңыз.

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ слайд

Баланың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етіңіз, не үшін екенін білетіндей етіп оны жиі мақтаңыз.

Баланың қиындықтары ол- сіздің қиындықтарыңыз. Қиындықтарды бірге жеңу оңай әрі жылдам! Ақын жырлағандай балаңызға шүбәсіз махаббат сыйлаңыз.

Біз сені себепсіз сүйеміз

Немере болғаның үшін,

Ұлымыз болғаның үшін,

Сәби болғаның үшін,

Өсіп келе жатқаның үшін,

Әкеңе, анаңа тартқаның үшін.

Бұл Махаббат өміріңнің соңына дейін

Сенің құпия сүйенішің (діңгегің) болады.

«Махаббатқа толы балалықпен бір ғұмыр кешуге болады»,- дейді әйгілі ұстаз Г. Песталоцци.

 

Әрі қарай психолог: Өз балаларының болашығына деген ата-ананың парасатты көзқарасы баланың болашақта білім алуы үшін салым қорын құруды ұсынатын Қаржылық орталықпен жасалған видеороликте көрсетілген. Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Экранда Қаржылық орталықтың №7 видеоролигі ұсынылады.


Психолог жалғастырады:

Енді сіздерді қызықты ойынмен таныстырғым келеді. Оған балалар да ересектер де қатыса алады. Бұл – «сөздер ойыны». Ойынды ең маңызды сөздерден бастаған жөн. Мәселен, баланың есімінен.

Адам өмірінде оның есімінің қаншалықты маңызды екенін бәріміз де білеміз. Әйгілі кино актеры «Қайықты қалай атасаңыз ол солай жүзеді» дейді. Адам есімі де солай. Есім адамның жетістіктерімен тікелей байланысты. Бұл жүз пайызға дұрыс екендігін дәлелдемейміз. Бұл жаттығуда мәселе тіпті басқада. Біздің әрқайсымыз да өз тәжірибемізден есімімізді сыйластықпен, мақтанышпен айтса кімге де болса ұнайтынын білеміз. Сондықтан да педагогтар есімдегі құдіреттен асып кете алмады. Баланы ынталандыру ұшін оның есімін қалай пайдалануға болады?


Мәне қарапайым техника.

Мен сіздерге бірнеше есімдерді пайдалана отырып көрсетемін. Бірінші – ЖУЛДЫЗ.


ЖИЫРМА ЖЕТІ слайдқа қараңыз

Жұлдыз есімін вертикалды жазамыз (психолог слайдта қалай жазылғанын көрсетеді:


Ж

ұ

Л

Д

Ы

З

Ал енді әр әріпіне сәйкес Жұлдыз есіміне қандай қасиеттер он тән екенін ойланайық. Бұл қасиеттерді әр әріптің тұсына жазайық. Нәтижесі өандай болғанын экраннан көреміз:

Ж - жақсы

ұ – ұтқыр

Л – лайықты

Д – дос

Ы – ынталы

З – зерек


Бұл жаттығуды баламен бірге жасау керек. Бала ойланып, өзінің шығармашылық қабілетін оятсын. Баламен әр әріпті талқылаңыз, оны өз есімінің әр әріпіндегі қасиетке ие болуына үгіттеңіз.

Бала есімімен қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіңіздер деген үміттемін және өз есімдеріңіздің күшін пайдалану үшін де. Мен сідерге бұл жаттығуды бірнеше есімдерді пайдалана көрсетемін.

Енді ер адамның есімін алайық. Нұржан

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ слайд.

Келесі слайдқа қарайық

НУРЖАН. Қараңыз, есімді қалай қызықты мағынасын ашуға болады.

Н – нұрлы

ұ – ұқыпты

Р – ризашыл

Ж – жігерлі

А – адал

Н – намысшыл


Ал келесі ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ слайдта біз керемет Әсем есімінің мағынасын ашамыз. Қараңыздаршы қандай қызықты ындаландыратын мағына шықты .

Әсем

Ә – әдепті

С – сезімтал

Е – ерке

М – мейірімді


Тағы да ОТЫЗЫНШЫ слайдтағы есімге назар аударыңыздар

Ажар

А – арманшыл

Ж – жағымды

А – ақылды

Р- риясыз

Міне қандай керемет мағынасын ашу! Сіздердің әрқайсыларыңыз өз есімдеріңізден осындай керемет ынталандыратын сөздерді таба алады деген үміттемін. Осы әсерлі жаттығуды жасауды өз балаларыңызға жасауды үйретуге кеңес беремін. Бұл керемет ресурсты жаттығу! Ол керемет әсерде қалдырады! Оны өзіңіз қолданыңыз және балаңызды қолданғаны үшін мақтап отырыңыз!


Мұндай ойынды тек есімдермен емес бала үшін маңызы зор түрлі сөздермен ойнау пайдалы.

ОТЫЗ БІРІНШІ слайдқа зер салайық.

Мұнда жаңа Мектеп сөзмен байланысты мағыналар келтірілген

МЕКТЕП

М – мерген

Е – еркін

К – кітап

Т - талап

Е – ескертпе

П– парасатты


ОТЫЗ екінші слайдқа қарайық


Сынып сөзін қарайық

С– сызғыш

Ы – ынта

Н – назар

Ы – ықылас

П – парта


ПСИХОЛОГ жалғастырады:


ОТЫЗ үшінші слайд

Қазақстан Республикасындағы орта білім беру реформасының аясында білім берудің артықшылығы

Реформа ұлттық қазақ халық педагогикасы дәстүрін сақтай отырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы тәжірибені ескеріп өткізіледі.

Реформадағы басты бағыт:

балалар білім алуды 6 жастан бастайды.

6 жастан білім ала бастаған балалар өздеріне қажетті білімді мидың ерекше белсенді даму кезеңінде алады: бала 5 жастан 6 жасқа дейінгі уақытта жаңа ақпараттарды оңай меңгереді және тез арада жаңа дағдылар ойлап табады. Бұл кезде олардың бейімделу мүмкіндіктері де жаңа кестені, жаңа қарым-қатынас және тәртіп ережелерін меңгеріп, қабылдауға жеткілікті деңгейде дамыған.

орта мектепте оқу мерзімі 12 жылға созылады., оның ішінде, АҚШ-та, Канадада, Германияда, Францияда және басқа да көптеген елдерде өзінің қабілеттілігін дәлелдеді. Тек 12 жылдық білім ғана балаларымызға артық ауыртпалық түсірмей, мектеп бағдарламасына бүгінгі қажетті пәндерді және тәртіпті сыйғызуға мүмкіндік береді.



Отыз төртінші слайд

Мектептерде пәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы (үш тілділік)

  1. Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін енгізу мен қазақ тілінің мәртебесін нығайту, елімізді мекендеген барлық ұлттары мен ұлыстары өкілдерінің рухани ауызбіршілігінің, өзара түсіністігі мен өзара сыйластығының бірыңғай аясын жасауға мүмкіндік береді. Қазақ халқы әрдайым ықпалдастырушы болған; ол болашақта да Қазақстан қоғамын шоғырландырушы негіз болып қалуы тиіс. Әр қазақстандықтың қазақ тілін білуі, мемлекеттіліктің негізін нығайтады, тарихи қалыптасқан көп этникалылық пен көп конфессиялылықты ескеріп, көпұлтты келісімнің қалыптасуына жаңа серпін береді.

  2. Орыс тілін білу – Қазақстан халқын шоғырландыратын негізгі маңызды фактор. Орыс тілі – екінші орында: бұл – Қазақстанды мекендеген орыс халқы (шамамен елдің барлық тұрғынының 24%) үшін, сондай-ақ Қазақстандағы көптеген еуропа халықтары үшін де туған тілдері болып саналады.


3. 21 ғасырдағы өмір шындығы осындай (ағылшын тілі әлемде ең көп таралған тіл), кез-келген кәсіби жетістікке, өзін-өзі кемелдендіруге және танытуға талпынған адам үшін, қызметтің көптеген салаларында - ІТ технологияларда, құрал – және автокөлік жасауда, биомедицинада, кибернетикада және басқаларында жаңа деректерге қол жеткізудің қажетті шарты - ағылшын тілін меңгеру болып отыр. Ағылшын тілін білу мамандықта да, өмірде де жолыңды ашады, өзің үшін түрлі мәдени жаңалықтарды ашып, ой-өрісіңді кеңейте отырып, жағымды және ұмытылмас әсерлі саяхаттар жасауға болады.


Психолог үштілділік туралы №8 видеороликті көруді ұсынады. Отыз бесінші слайд

Тәрбиелеу процесіндегі көптеген қарапайым емес сұрақтарға Астана қаласынан Отбасылық Тәрбилеу Институтының екі тілде шығарылған «Отбасылық тәрбие: қалай жақсы ата-ана болу » кітабынан жауап таба аласыз

  • Өзіңіздің педагогикалық мәдениетіңізді өздігіңізден баға беруге;

  • Жақсы ана мен әке қандай білімді, дағдыларды үйрену керектігін түсінуге;

  • Балаға деген талаптарды қалай дұрыс тұжырымдау керектігін білуге;

  • Қайшылықтарды позитивті реттеп, нәтижесінде бәрі жеңіске жететіндей етуді үйренуге

  • Бауырлар мен апалы-сіңлілернді бәсекелестіктен қорғауды үйренуге

  • Балалармен әсерлі қарымқатынастың тәртібін; баланы қалай дұрыс мақтау керектігін түсініп, жазалау қандай болатынын меңгеруге

мүмкіндік беретін, Кітапта керекті материалдар ұсынылған.


Жақсы ата-ана міндетті түрде өзінің педагогикалық білімін арттыруға адамның қасиетті құқығының бірі әлемде туындаған дұрыс тәрбиеге құқықты сыйлағандығы үшін тырмысып бағады.


Психолог жалғастырады: (жатқа) Уважаемые родители! Құрметті ата-аналар! Сіздердің керекті ақпараттардың молдығынан шаршағандарыңызды түсінеміз. Сол үшін біз сіздерге Отанымыз жайлы Төлеген Ғабдрахманның орындауындағы әсем әнді ұсынамыз.


ПСИХОЛОГ «Менің Қазақстаным» атты әнмен видеороликті қояды.


Психолог: Кезедесуімізді аяқтамас бұрын мен сіздерге Астана қаласынан Отбасылық Тәрбиелеу Институтының Бас директоры София Львова Евдокимованың тілек сөзін ұсынғым келеді.


Тілек сөзбен видеоролигі қосылады.


/Во время раздачи памяток музыка/ видеороликтен соң психолог қатысушыларға ескертпелерді таратуды ұсынады.


Ескерпелерді тарату (10 минут, музыка өосулы тұрады)


Ескертпелерді таратқаннан кейін психолог жалғастырады.

ОТЫЗ АЛТЫНШЫ слайд

Мен сіздердің барлықтарыңызға зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі конференциядан алған ақпараттарыңыз бен ескертпе сіздерге және балаларыңызға көмегі тиеді деген үміттемін!

Давайте никогда не забывать, что:



Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!
Мақтаншақ қой демегін!


Отыз жетінші слайд


Құрметті ата-аналар! Біздің конференциямыз өз мәресіне жетті. Бірақ отбасылық Тәрбиелеу Институты сіздермен қоштаспайды, сіздерге берілген ескерт пелерді мұқият оқып, ондағы ife.kz. сайтында әрі қарай баланыста болуға шақырады. Сайтта сіздерге бірінші сынып оқушыларыныцң ата-аналарын оқыту бойынша бағдарлама ұсынылған. Бұл бағдарламада оқу барысында сіз «Менің балам мені естімейді және менің өтініштерімді елемейді». «Менің балам қорқады». «Менің балам қулық істейді». «Менің балам өзімшіл». «Менің балам әдепсіздік жасайды және ерегіседі.» сияқты сұрақтар туындағанда не істеу керектігін біле аласыз. Сіздің балаңыз ынтасыз, елгезек болса, жанжал шығарғыш, долы мінезін көрсетіп дау-дамай шығарса не істеу керек. Мұндай теріс қылықтарды тоқтаусыз жалғастыра беруге болады. Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін міндетті түрде оқу керек. Сонда ғана Сіз өзіңізді толғандырған сұрақтарға толықтай жауап ала аласыз.


Сіздер туралы «Қандай керемет отбасы» деп айтқанын қалаймын достар!

Құрметті ата-аналар! Сіздерге және бірінші сынып оқушысына сәттілік тілейміз !


Осымен бүгінгі жиналымыз жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Музыка қойылады. Ата-аналар орындарынан тұрып қошемет көрсетеді!!!





19


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!