«Көңіл-күйді тап» тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көңіл-күйді тап» тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көңіл-күйді тап»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту, қиялдарын жетілдіру. Баланы қуана білуге, өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйрету. Ойын жаттығулары арқылы білімдерін дамыту.

Түзету мақсаты: Ойындар арқылы балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Көрнекіліктер: слайд, қима суреттер, бас киім, гүл, қолшатыр, жағымды әуен.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері.
— Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Слайдта (күн, алақан, жүрекше, смайл) көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.
Жүрекшелер шыққан сәтте- бір-біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.
Алақан шыққан сәтте – бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.
Күннің бейнесі көрінсе – бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз.
Смайликтер шыққанда – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.
Көңіл-күйді көтеру үлкен өнер. Иә, балалар.
— Қанекей балалар көңіл-күйлерің қалай? Керемет! (қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарын қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
— Ендеше сабағымызды бастайық. О-О-О (бас бармақтарын көрсетеді)
Бүгінгі тренинг сабағымыздың аты Көңіл-күй жаттығулары.

II. Негізгі бөлім:

1. Күніміз қалай күледі (қима суретпен жұмыс) 
Балаларға үш – төрт бөлікке бөлінген күннің суреттерін беру. Олардың міндеті сәйкес келетін бөліктерін тауып, тез күннің суретін құрап шығу. Жарыс түрінде. Балаларды мақтап мадақтау.
Әр топтың күн сәулесіне арналған тақпақтары.
1) Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз
Ренжуді білмейміз.
2) Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйіп не керек
Көңілді боп жүрейік.

2. Психогимнастика «Кім қалай жүреді?»
Мақсаты: Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қоян қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Аю қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Түлкі қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Көлбең-көлбең, көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем.
Маймыл қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?

3. «Бас киімін шешіп ал»
Бұл ойынды екі адам ойнайды (бойларының бірдей болғаны жақсы). Әрбіреуінің сол қолы денесіне байланады, бастарында бас киімдері бар. Белгі бойынша балалар өздерінің бас киімдерін шешкізбей тұрып, екінші баланың бас киімін шешіп алуға тырысуы керек.

4. «Шапалақты тыңда» ойыны
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін дамыту.
Жүргізілу барысы: Балалар айнала дөңгелек бойымен қозғалады. Бір рет шапалақтағанда «қоян» секілді тұрып қалулары керек. Екі шапалақ « ит» секілді үреді, үш шапалақтан соң « құс » секілді балалар қолдарын екі жаққа лақтырып жүреді. Төрт рет шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа келулері керек.

5. «Мен қандаймын?»
Мақсаты:
Балалардың шапшаң қимылдауға, өзіне деген сенімділігін арттыруға дағдыландыру.
Жүру барысы: Қатысушылар 2 командыға бөлініп, 2 колонкаға орналасады. Сіздердің міндетіңіз жерге қарамай қолдарындағы гүлді жоғары ұстап тек сол гүлге қарау арқылы кедергілерден өтіп шығуларын керек. Өтіп шыққан адам гүлдегі жасырылған сөзді оқиды.

6. «Көпір»
Мақсаты: бір-бірімен түсінісу, көмек көрсетуге, ым-ишараны қолдануға үйрету.
Жүру барысы: Қатысушылар шеңбер құрып отырады, психолог диагональ бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді. Бұл сызық көпір, желге теңселе тартылып байланған. Бұл көпірдің астында сарқырап ағып жатқан өзен. Көпірмен бір ғана адам өте алады, артқа шегінуге, қайтып кетуге мүмкіндік жоқ. Бір-біріне қарсы келе жатқан екі ұлттың өкілі, бір-бірінің тілін түсінбейді. Екеуінің де мақсаты көпірден қалай да құламай өту. Тапсырманы орындауға 1-минут беріледі. Талдау. Қатысушылар бір-біріне көмектестіме?

7. «Қолшатыр» ойыны.
Жүру барысы:
Балалар шеңберге тұрып әуен ырғағымен іс-қимыл арқылы қолшатырдан айналып жүреді. Ал, әуен тоқтап қалған кезде оқушылардың міндеті ортадағы қолшатырды бірінші болып алу, кім қолшатырды алуға үлгермейді сол ойыннан шығады. Ең соныңда қалған оқушы жеңімпаз атанады.

8. «Ергежейлілер мен алыптар»
Барлығы шеңбер болып тұрады. «Алыптар» деген команда кезінде бәрі түрегеліп тұрады, «ергежейлілер» деген кезде – бәрі отыруы керек. Жүргізуші оларды шатастыру үшін «Алыптар» деген кезде өзі отыра қалады.

Қорытынды: Бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтайық балалар. Әрқашанда осындай жылы сөздермен және жылы жүрегіміз, әдемі күлкімізбен бір-бірімізді қуанта берейік. Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.08.2018
1140
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі