
Көңілден шыққан көрікті ойлар.
Қалампыр Даришева Жолдыбайқызы
Қалампыр Даришева Жолдыбайқызы
«Көңілден шыққан көрікті ойлар»
№3 «Жауқазын балалар бақшасының
1–санатты тәрбиешісі,
25 жыл еңбек өтілі бар. Қалампыр Жолдыбайқызы көңілдегі
ойларын жыр жолдарымен сәби
көңіліне жеткізуде жыр шумақтарын жазып жүреді.
«Көңілден шыққан көрікті ойлар»
атты жыр шумақтары сәби
жүректердің қажетіне жарар деген ойдамыз.
Г.Мырзагереева
«Жауқазын» балабақша меңгерушісі.
Жауқазын
Әр үйдің баласы
Ішінде ағы, қарасы,
Ұзыны мен қысқасы
Пысығы мен жуасы
Алғыр мен момында
Қырсық пенен қыңырда
Ақ көңіл мен ашық та
Біздің балабақшада
Тату-тәтті ойнап,
Ойындары жарасты.
Балабақша
«Жауқазынға» келіңіз!
Бақшамызды көріңіз!
Қылығы, балдай бөбектің
Тату-тәтті ойынын,
сізде, тамашалап көріңіз.
Ойын
«Жауқазын» -атты бақшада
Түрлі-түрлі ойынды
Қуана-қуана ойнаймыз.
Ойнаған сайын көңілді
Ойынға біз тоймаймыз.
Рахима
Рахимашым!
Келе ғой сүп-сүйкімді бөпешім.
Кіп-кішкентай саусағыңды
маған қарай, соза ғой.
Ештеңеден қорықпа
Мықты бол!
Тек қана, өзіңнің құттай ғана,
аяғыңа сене ғой.
Бишілер
Хадиша мен Қабылбек
Венера мен Сайранат
Милана мен Гауhарда
Жабырқамай Жаннұрда
Жатырқамай, жатcынбай,
Бибігүлге қосылып,
мың құбылып Шарадай
би билейді бұралып.
Бала
Ойын менен өсемін
Әлі-ақ өсіп кетемін
Үлкен болып ержеттіп
Елге қызмет етемін.
Жазда
Жазда күн ыссы
Дала да ыстық леп
Көлеңкеде шапқылап
Бала біткен ойнайды.
Ойынға бір тоймайды
Торғай
Торғай жем тауып ап
Жүгіре қашты
Басқа ешкім көрмесін деп
Жаны-шығып састы
Жүргізуші
Жүргізуші ағай
Абайла!
Сақ болшы!
Көлігіңді,балалардан
аулақ әрірек алысқа қойшы.
Тығылмақ
Балалар қайда екен
Аула ішінде жоқпа екен
Тез,тез,тез іздеп
Тығылғанды табайық.
Ойын әлі біткен жоқ
Қызықты ойынды,
Көңілді ойнап,
Одан әрі ,жалғайық.
Тілек
Қуанышты көңілмен
Шаттық жүрек үнімен
Құттықтаймыз Дильназды
Дәл бүгінгі туған күнімен.
Ептілік
Есет біздің епті
Арықтан құлап кетпеді.
Диаста қалмай секірді
Жеңіске жылдам жетті
Таңдану
Өмірзақ алысып
Медетпен ойнайды
Ерсұлтан не болды деп
Тосырқап оған қарайды.
Бұзық бала
Қанша ойыншық әкелсе де,
Сындырады шетінен
Бұл не деген!
Ерке-шолжаң!
Сотқардың айту керек бетіне
8- «А»-ға
Айша, Арсен,
Аманым!
Айқын, Азамат,
Ақназарым!
Аружан мен Асылайым
Тату бірге ойнаңдар
Топты шашып қоймаңдар.
Құрбыларыңды мазалап
Ренжітіп алып жүрмеңдер.
Қарлығаш
Қарлығашқа, қарашы!
Нешеу екен?
Балаларым санашы!
Зеңгір көкте,
Биікте,
Қалықташы,
Қарлығашым!
Қанатың бір талмасын.
Доп
Доптар, доптар,көп доптар
Қызыл, сары көк доптар
Домалайды, тоқтамайды
Бірақ бізге ұстатпайды.
Таң
Жайма шуақ таң атып
Думанды күн басталды
Қанат қағып құстарда
Көкке өрлеп , самғады.
Күз
Сарғайды жапырақ
Сап-сары айнала
Алтын күз келді деп
Сайрайды құстарда.
Аулада
Көңілді бақшада
Тап-таза айнала
Балалар шулайды
Асыр салып ойнайды
Серуенде
Серуен мезгілі болғанда
Асыр –салып ойнаймыз
Ойыншықтарды бөлісіп
Қызықты ойын бастаймыз
Машина
Пип, пип, пип
Жолдан былай кет
Тұрма жолыма
Мен кеттім
Тұрмаймын
Атырауға қарай
Зулаймын.
Ойынға шақыру
Балалар!
Келіңдер!
Ойынды бастайық!
Қозғалтайық денені,
Көтерейік көңілді.
Қоян
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көңілден шыққан көрікті ойлар"
"Көңілден шыққан көрікті ойлар"

Көңілден шыққан көрікті ойлар.
Қалампыр Даришева Жолдыбайқызы
Қалампыр Даришева Жолдыбайқызы
«Көңілден шыққан көрікті ойлар»
№3 «Жауқазын балалар бақшасының
1–санатты тәрбиешісі,
25 жыл еңбек өтілі бар. Қалампыр Жолдыбайқызы көңілдегі
ойларын жыр жолдарымен сәби
көңіліне жеткізуде жыр шумақтарын жазып жүреді.
«Көңілден шыққан көрікті ойлар»
атты жыр шумақтары сәби
жүректердің қажетіне жарар деген ойдамыз.
Г.Мырзагереева
«Жауқазын» балабақша меңгерушісі.
Жауқазын
Әр үйдің баласы
Ішінде ағы, қарасы,
Ұзыны мен қысқасы
Пысығы мен жуасы
Алғыр мен момында
Қырсық пенен қыңырда
Ақ көңіл мен ашық та
Біздің балабақшада
Тату-тәтті ойнап,
Ойындары жарасты.
Балабақша
«Жауқазынға» келіңіз!
Бақшамызды көріңіз!
Қылығы, балдай бөбектің
Тату-тәтті ойынын,
сізде, тамашалап көріңіз.
Ойын
«Жауқазын» -атты бақшада
Түрлі-түрлі ойынды
Қуана-қуана ойнаймыз.
Ойнаған сайын көңілді
Ойынға біз тоймаймыз.
Рахима
Рахимашым!
Келе ғой сүп-сүйкімді бөпешім.
Кіп-кішкентай саусағыңды
маған қарай, соза ғой.
Ештеңеден қорықпа
Мықты бол!
Тек қана, өзіңнің құттай ғана,
аяғыңа сене ғой.
Бишілер
Хадиша мен Қабылбек
Венера мен Сайранат
Милана мен Гауhарда
Жабырқамай Жаннұрда
Жатырқамай, жатcынбай,
Бибігүлге қосылып,
мың құбылып Шарадай
би билейді бұралып.
Бала
Ойын менен өсемін
Әлі-ақ өсіп кетемін
Үлкен болып ержеттіп
Елге қызмет етемін.
Жазда
Жазда күн ыссы
Дала да ыстық леп
Көлеңкеде шапқылап
Бала біткен ойнайды.
Ойынға бір тоймайды
Торғай
Торғай жем тауып ап
Жүгіре қашты
Басқа ешкім көрмесін деп
Жаны-шығып састы
Жүргізуші
Жүргізуші ағай
Абайла!
Сақ болшы!
Көлігіңді,балалардан
аулақ әрірек алысқа қойшы.
Тығылмақ
Балалар қайда екен
Аула ішінде жоқпа екен
Тез,тез,тез іздеп
Тығылғанды табайық.
Ойын әлі біткен жоқ
Қызықты ойынды,
Көңілді ойнап,
Одан әрі ,жалғайық.
Тілек
Қуанышты көңілмен
Шаттық жүрек үнімен
Құттықтаймыз Дильназды
Дәл бүгінгі туған күнімен.
Ептілік
Есет біздің епті
Арықтан құлап кетпеді.
Диаста қалмай секірді
Жеңіске жылдам жетті
Таңдану
Өмірзақ алысып
Медетпен ойнайды
Ерсұлтан не болды деп
Тосырқап оған қарайды.
Бұзық бала
Қанша ойыншық әкелсе де,
Сындырады шетінен
Бұл не деген!
Ерке-шолжаң!
Сотқардың айту керек бетіне
8- «А»-ға
Айша, Арсен,
Аманым!
Айқын, Азамат,
Ақназарым!
Аружан мен Асылайым
Тату бірге ойнаңдар
Топты шашып қоймаңдар.
Құрбыларыңды мазалап
Ренжітіп алып жүрмеңдер.
Қарлығаш
Қарлығашқа, қарашы!
Нешеу екен?
Балаларым санашы!
Зеңгір көкте,
Биікте,
Қалықташы,
Қарлығашым!
Қанатың бір талмасын.
Доп
Доптар, доптар,көп доптар
Қызыл, сары көк доптар
Домалайды, тоқтамайды
Бірақ бізге ұстатпайды.
Таң
Жайма шуақ таң атып
Думанды күн басталды
Қанат қағып құстарда
Көкке өрлеп , самғады.
Күз
Сарғайды жапырақ
Сап-сары айнала
Алтын күз келді деп
Сайрайды құстарда.
Аулада
Көңілді бақшада
Тап-таза айнала
Балалар шулайды
Асыр салып ойнайды
Серуенде
Серуен мезгілі болғанда
Асыр –салып ойнаймыз
Ойыншықтарды бөлісіп
Қызықты ойын бастаймыз
Машина
Пип, пип, пип
Жолдан былай кет
Тұрма жолыма
Мен кеттім
Тұрмаймын
Атырауға қарай
Зулаймын.
Ойынға шақыру
Балалар!
Келіңдер!
Ойынды бастайық!
Қозғалтайық денені,
Көтерейік көңілді.
Қоян
шағым қалдыра аласыз













