Материалдар / "Көңілді информатика" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көңілді информатика" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс керек сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сыныбы: 7а,7ә7б7в

Сабақтың тақырыбы: «Көңілді информатитка»

Сабақтың мақсаты:

а/Білімділік:

Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың

информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

ә/Дамытушылық:

Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын

дамыту.

б/Тәрбиелік.

Оқушыларды ұжымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

1. Таныстыру

  1. Түсін мені» мимика сайысы

3.“Жұмбақтас”

4.Ақпарат алмастыру

5.“Ойлан”

6.“Кім жылдам”

  1. Өз өнерін көрсету


Уа халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі жарыс төрінде

Информатика елінде

Информатика тілінде

Сұрақтарға жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысын

Көңілді жарыс жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.


Құрметті оқушылар, көрермендер біз бүгінгі «Көңілді информатика» сайысын бастауға рұхсат етіңіздер.

Бұл сайыстың әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алсақ.

  1. М.Сүгірбаева - әдістемелік жетекшісі

  2. М.Құлжан – бірлестік жетекшісі

  3. А.Қалиева – математика пәнің мұғалімі

Мұғалім: Ал балалар, жарысымыздың екі топтың бір –бірімен танысуы мен топ басшыларын сынаудан бастайық:

1 топ: Білгірлер

2 топ: Тапқырлар


  1. Командалардың амандасу рәсімі. Екі топпен танысу (топ басшыларымен де). Әр топ аттарыңызды, ұрандарыңызды таныстырып өтесіздер.

2 – кезеңімізде «Түсін мені» мимика сайысы. Бұл сайыста балалар оқушыларға тапсырма беріледі. Сол тапсырманы мимика түрінде көрермендерге түсіндіреді.


1-топқа: 1. Компьютерде ойнап отырған бала.

2. Істемей алған принтер


2-топқа: 1. Бірінші рет компьютерге отырған адам.

2. Компьютерде жұмыс жасап отырып жарық сөніп қалды

сен құжатты сақтаған жоқсын сол кездегі көрініс.









3-кезеңде: «Жұмбақтар орталығы» әр топқа жұмбақтар беріледі .


1. Керегіңнің бәрін дағы аласың

Түр түрлерін ақпараттың табасың.

Алыстағы туысыңды іздесең,

Интернетпен хабарласа саласың /компьютер/



2. Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді / сканер/


3. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ

Ұзын саны жүз жеті / пернетақта/


4. Батырманы басасың,

Қажетті файлды ашасың / тышқан/


5. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. /монитор/


6. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана “F”әрпінен басталады /функциялық пернелер/



7. Ұзынтыра Жалқаубек.

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. /бос орын/


8. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені, / кактус/


9. Ақпаратты сақтап, таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан /компьютер/


10. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді. / пернетақта/





4-кезеңде: Ақпарат алмастыру.

Бұл сайыста стол үстінде дискете – тарелка, су- ақпарат, стакан – желі жад .

Топ оқушылар процессор болады. Сол оқушы қасықтың көмегімен ақпаратты /су/ - дискетке/тарелка/- дискеттен , желі жадқа / стаканға/ ауыстырады.

Әділқазылар бұл сайыста процессордың жұмысын бағалайды. Қай процессор баяу, қай процессор тез жұмысын стакандағы суға қарап баға береді.


5- кезең: «Ойлан» деп аталады. Бұл сайыста 2 топқа сөз беріледі. Сол сөзге сөз құрау керек.

еденге қағаз тасталып, сызық сызылады. Сол сызықтан оқушы қағазды шығармай аяғымен жүргізе тақтаға жеткізу керек. Тақтаға жеткен бала экрандағы сөзге қарап сөз құрайды. Әр бала бір сөз құрау керек. Қай топ көп сөз құраса сол жеңімпаз аталады.


6-кезең Кім жылдам?

1.Ең көп тараған процессордың түрі қалай аталады?

ПЕНТИУМ

2. Курсордың сол жағындағы символды өшіру пернесі

BACKSPACE

3. Тінтуірдің орысша баламасы.

МЫШКА

4. Бит және байт –бұл ?

АҚПАРАТТЫ ӨЛШЕУ БІРЛІКТЕРІ

5. Шығару құрылғыларын ата

МОНИТОР,ПРИНТЕР,КОЛОНКА

6. Экран мен адам арасында көз қанша арақашықтықта болу керек

60-70 см

7. Келесі жолға өту пернесі қандай?

ENTER

8. Адам мен монитор арасындағы қарым-қатынас не деп аталады?

ИНТЕРФЕЙС


7-кезең Өз өнерін көрсету.

Топтағы оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.


Әділқазы армысыздар, алқалар,

Талай-талай шындық сізде бар табар!

Бағаларын балалардың беріңіз,

Қымбат бізге-билігі бар орталар.

Әділ-қазылар топтың әділ бағасын бере деп ойлаймын.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе ойынымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!