Көңілді жаңа жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көңілді жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл -күй сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылдық ертеңгілік құрылымы

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.



Ән: «Біз көңілді баламыз»

(Орындарына отырады)

Жүргізуші:Шыршаға таянып,сылдырмақты тауып алады.Балалар, қараңдаршы!Қандай әдемі сылдырмақ.Қане, сылдырлатып көрейік.

Музыка ырғағымен Қоян секіріп кіреді.

Қоян:
Ау, жарандар, қараңдар
Қар жауып тұр себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Сәлеметсіңдер ме балалар!Армысыздар қонақтар!Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!Мен де сендермен бірге жаңа жылдық мерекені тойласам бола ма?

Жүргізуші:Әрине Қоянжан, бізбен бірге көңіл көтер.

Қоян:Иә, бірақ мен жалғыз келген жоқпын.Өзімнің достарымды да бірге ала келдім.Қане достарым, бидің сәнін келтірейік.



«Қояндар биі»

Жүргізуші:Балалар, ал енді біздің мерекемізге кімдер жетіспейді?Әрине, Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші сылдырмақпен сылдырлатады.

Қане, оларды шақырайық!

Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақша қар келеді



Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым!

Амансың ба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің!

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алысқан,

Асау жылмен жарысқан.

Аталарың сендерге

Шаршап келдім алыстан.



Жүргізуші:Аяз ата, олай болса демалып, біздің балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыз.



Ақшақар: - Аяз ата, балалардың әсем шырша шамдарын жағайықшы.

Ол үшін шыршаға үрлейік.(Үрлегенде – шамдары сөнеді) Қолымызбен шапалақтайық (Шамдары жанады) Ойын 2 рет қайталанады.



Шырша шамы жағылады

Жүргізуші:Бәрекелді,тамаша!Рахмет сіздерге!Аяз ата, ал біздің балаларымыздың өзіңізге арнаған әсем әндері бар.Соны бірге шырқайық.



Ән: «Аяз ата»



Ақша қар:Қане Ақшақарлар, шыр айналып би билейік.



«Ақшақарлар биі»

Аяз ата:Қандай тамаша ән, қандай тамаша би!жарайсыңдар балалар!Ал енді бәріміз бірге қызықты ойын ойнайық.

Жүргізуші: Қане, балаларАяз атамен бірге қар атысу ойынын ойнайық



Ойын: «Қармен атысу»

Жүргізуші:

Балалардың биші аяғы

Би дегенде тұра алмас

Алдарыңда би билесе

Қандай адам қуанбас.

Аяз Ата! Енді біздің балаларымыздың жұппен биін қабыл алыңыз!



«Жұппен би»



Жүргізуші:Аяз ата!Біздің балаларымыз бүгін тақпақ та айтты, би де билеп, ән салды.

Аяз ата:Иә, жарадыңдар балалар!Ал мынау керемет сыйлықтар өздеріңе.Қабыл алыңдар!



Сыйлықтар таратылады.

Аяз ата:Ал бізге басқа да балабақшаға бару керек.Тағы да жаңа жылдарың құтты болсын.

Ақшақар:Сау болыңдар балалар!

Қоян:Сау болыңдар балалар, сендерге рахмет!

Жүргізуші:Осымен біздің жаңа жыдық ертеңгілігіміз аяқталды.Жаңа жылымыз тағы да құтты болсын!Сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі