«Көңілді жаз» (жазғы спорттық ойын-сауық)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көңілді жаз» (жазғы спорттық ойын-сауық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Көңілді жаз» (жазғы спорттық ойын-сауық)

Мақсаты: Балалардың көңіл күйлерін көтере отырып, музыкамен қимылдар жасау дағдыларын дамыту. Шуақты көңіл - күй сыйлау. Жазғы көтеріңкі көңіл күйді би өнерімен байланыстыру. Би билеу техникасын үйрету: топтасабилеу. Ересектің көмегімен және өздігінен би билеу. Өз ара татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Музыкалық орталық, аудиожазба, биге арналған әуендер.
Жүру барысы: Балалар марш әуенімен алаңға келеді, жүру, жүгіру қимылдарын жасап ортаға тұрады.
- Балалар, алдымен амандасып алайық!
(Амандасу жаттығуы)
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз «тыныштық сәтімен» бастайық!
Тыныштық сәті.
- Өте жақсы, рахмет балалар! Енді аяғымызды алшақ қоямыз, қолымыз белде, менімен бірге қайталаңдар.
Жаттығу
Әуенмен.
- Басымызды оңға, солға қозғалту (8 рет), алға - артқа (4 рет);
- Қолымызды түсіреміз, екі иығымызды бірге көтереміз (8), иықты кезек кезек көтереміз (4);
- Қолымыз белде, аяғымызды алшақтатамыз. Екі жағымызға жеңіл иілеміз. (8);
- Аяғымыз бірге, секіреміз. (8);
- Аяғымызды алшақтатамыз. Қолымызды жоғары көтеріп, жан жаққа қозғалту. (8);
- басымызды иыққа жәй тигізу. (4);
- «Моторчики» - жұдырықпен қолды оңға - солға айналдыру (2), жоғары – төмен (2);
- Аяқпен, денемізді оңға бұру. «Буратино» қимылын салу - (8). Сол жаққа қайталау.
- Секіреміз: Аяқты алшақтатып қою, екі қолды екі жаққа созу - аяқты қосу, қолды жоғары көтеріп соғу. (4 р. в жәй темпте, 8 р. жылдам темпте).
- балалар, көктем мезгілі санаулы күндерден кейін кетіп, көңілді жаз мезгілі келе жатыр, жаз мезгілі сендерге ұнай ма?
- Ал енді мен сендерге ертегі айтып беремін, сендер сол ертегіні қимылмен суреттеп бересіңдер. Мұқият тыңдап, маған қараңдар.
- Бақта әдемі гүл өсіп тұрады (балалар, тізерлеп отырып, алақандарын бір біріне түйістіріп, гүл бейнесін салады).
Таң атып, күн нұрын шашып, бүкіл табиғат оянады, гүл де оянып өзінің жапырақтарын ашады. (балалар жаймен орындарынан тұрып, қолдарын



жоғары көтеріп, екіжаққа ашады).
Самал жел соғады(балалар жан жаққа қолдарын тербетеді). Бір мезгілде жел күшейе түседі де, гүл жерге дейін еңкейіп қалады. (балалар қатты шайқалып, қолдарын жерге тигізеді).
Кенеттен гүл жұлынып, ұшып кетеді. (балалар бір орындарында айналады, бірінші оң жаққа, содан сол жаққа).
Сонан соң құстар ұшып келеді (балалар аяқтың ұшына тұрып, қолдарын жоғары - төмен қозғалтады).
Баққа аралар да келе бастады! (балалар алаңда аралар қимылын салып жүгіреді). Аралар гүлге отырып, бал жинай бастайды. (балалар тізерлеп отырып, аралардың бал жинап жатырған қимылын көрсетеді). Аралар бізге не сыйлайды?, (балалар: Бал). Жақсы, ал балды қандай жануар жақсы көреді? (Аю). Міне, бізге Аюда келді!(Балалар Аю қимылын салып жүреді).
Біздің бақта бақалар да жүр екен! (Балалар бақа қимылын салып секіреді). Ал бақалар қалай сөйлеседі?(квак - квак). Біздің арамызда ең үлкен бақа бар ма? (балалар, жоғары секіріп, алақандарын бастарынан асырып соғады).
Жарайсыңдар балалар!

- Ал енді сендермен бірге көңілді достарың билегісі келеді. Кәнекей барлығымыз бірге би билейік.

Би: «Көңілді достар»
Қорытынды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
3947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі