400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Көңілді мәре» атты эстафеталық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
эстафета
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Көңілді мәре» атты эстафеталық ойын

Мақсаты:

1. Балалардың денсаулығын нығайту, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.

2. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Қолданылатын құралдар: эстафеталық кедергілер, доп,қасық,арқан,қақпақ.

Сайыстың барысы: Спорт залында көңілді музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым!.

Салауатты өмір салтын ұстану – осы іс шараның бір баспалдағы.

Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» Т.Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

Ал енді спорт заңы бойынша әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.Серікбаева С

2.Тулегенова Ж

3.Бабаханова М

Спортшылар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер – күші жалындап,

Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз,

Сайысатын спортшылар бүгінгі

Болашақ тобының тәрбиеленушілері

Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

Ортаға сайысқа түскелі тұрған спортшыларымызды шақырайық:

1 топ: «Қыран»

2 топ «Жігер»

Екі топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады.

Жүргізуші: ««Көңілді мәре» атты эстафеталық ойынымыз 5 кезеннен тұрады. Өз бақтарын сынағалы тұрған әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын бастайды. Олар өздерінің топ аттары және ұрандарын таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 5 кезеннен тұрады.

Ойын түрлері

Топ атын және ұраның дайындау Барлығы Барлығы бірге айту

1 Кенгуру Допты аяққа қысып секіріп барып келіп екіншісі жалғастырады.

2 Кім епті Допты екі адам кеудемен қысып барып, келеді.





3 Кім шапшаң Қасыққа біріктірілген қақпақты салып, жүгіріп барып келеді.







4 Арқан тарту Екі команда шығып арқан тартады

5 Ұзындыққа секіру Біреуі шығып ұзындыққа секіреді сол жерден 2-ші адам жалғастырады.



Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.

Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.

Құттықтау.

Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті спортшылар!

Бір тілек айтарымыз,

Берекелі заман болсын,

Шәкіртеріміз аман болсын!

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Көңілді мәре» эстафеталық ойын жарысын,

Осымен аяқтаймыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
06.06.2024
326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12