Материалдар / «КӨҢІЛДІ МАТЕМАТИКА» ТАҢДАУ КУРСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«КӨҢІЛДІ МАТЕМАТИКА» ТАҢДАУ КУРСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
«КӨҢІЛДІ МАТЕМАТИКА» ТАҢДАУ КУРСЫ жалпы білім беретін мектептердің жанынан ашылатын қысқа мерзімді мектепалды даярлық курсының математика пәніне арналған бағдарлама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2024
246
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-25 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес «жазғы айларда мектепалды даярлықты күшейту» міндеті қойылған. Осыған орай мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты күшейту үшін мектептер жанынан қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары, «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылада . «Көңілді математика» таңдау курсының бағдарламасы мектепалды даярлық пен бастауыш білімнің сабақтастығын жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдеріне математика пәнін оқытуға арналған көмекші құрал ретінде жазылды.

Мақсаты: бүлдіршіндерге математика пәнінен қажетті бастапқы базалық білімді мегерту, танымдық, дамытушылық ойындар арқылы математикалық функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Міндеттері:

  • Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамыту;

  • Ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, құрастыру, модельдеу, себеп-салдарлық байланыс-тарды анықтау) жаттықтыру;

  • Таным процестерін: зейінді, есте сақтауды, қабылдауды, шығармашылық қабілеттерін, логикаларын арттыру;

  • танымдық, дамытушылық ойындар арқылы функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Бағыты: математика-жаратылыстану

Өзектілігі: мектепалды даярлық тобының балаларының негізгі қызметі ойын болғандықтан танымдық, дамытушылық ойындар көмегімен танымдық әрекеттен оқу әрекетіне қиындықсыз өте отырып функционалдық сауаттылықтары дамиды.

Педагогикалық негізі: Сабақ барысында заттардың қасиеттерін ажыратып, кеңістікте, жазықтықта, қағаз бетінде, уақытты бағдарлай алады. Заттарды тура және кері санайды, цифрларымен сәйкестендіреді, заттарды, сандарды салыстырады, геометриялық фигуралардың ажыратады, фигуралармен құрастыру жұмыстарын жүргізеді, заттарды қосады, азайтады, есептеуде қолдана алады, заттар ұзындығын, салмағын өлшейді, математикалық жұмбақтарды, ойын-есептерді, ребустарды шешеді, логикалық байланыстар мен заңдылықтарды табады. Курс математиканы оқуды қызықты және практикалық етуге, балаларға математикалық білімді күнделікті өмірде қолдануға көмектесуге арналған түрлі тапсырмалар мен ойындардан тұрады. Ерекшеліктері: балалардың жас ерекшелігін ескере отырып мектепалды даярлықтан бастауыш мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз етеді. Курстың мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізінде әзірленген. Таңдау курс бағдарламасымен қоса әр сабақ бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық жасалған. Мұғалімге арналған нұсқаулықта әрбір сабақты бағалау критерийі берілуімен ерекшеленеді.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалар математика пәнінен қажетті бастапқы базалық білімді меңгереді;

  • Математикалық ұғымдарды түсінуді және күнделікті өмірде қолдануды жақсартады;

  • Математикалық функционалдық сауаттылықтары дамиды;

  • Мектептегі математика пәнін оқуға бейімделеді.









«Көңілді математика» таңдау курсының бағдарламасы


Тақырыбы

Сағат саны

1

Заттардың қасиеттері

1

2

Кеңістікте бағдарлау

1

3

Жазықтықта бағдарлау

1

4

Уақытты бағдарлау

1

5

Тура және кері санау

1

6

Сандар және цифрлар

1

7

Салыстыру

1

8

Ғажайып таңбалар

1

9

Қосу және азайту

1

10

Геометриялық фигурала

1

11

Құрастыру


12

Шамалар. Ұзындық

1

13

Шамалар. Салмақ

1

14

Математикалық жұмбақтар

1

15

Заңдылықтар

1

16

Логикалық ойлауды дамыту тапсырмалары

1

17

Өзіңді тексер

1

18

Қайталау.

1

Барлығы: 18 сағат





1-сабақ. Заттардың қасиеті

Сабақ мақсаты: Заттардың қасиеттері (пішіні, түсі, көлемі) бойынша балардың алғашқы білімін анықтау және дамыту.


Күтілетін нәтиже: - заттардың пішінін, түсін, көлемін анықтайды;

  • заттарды қаситі бойынша біріктіреді;

  • заттардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын

ажыратады;


Ұсынылатын әдіс тәсілдер:

Shape1

«Көңілді математика» әлеміне қош келдіңіздер!



Алғашқы сабақта балаларды «Көңілді математика» әлеміне саяхат жасауға шақырыңыз. Ол елде (яғни курста) математикадан білімдерін дамытып, жаңа ұғымдармен танысатынын айтып кетіңіз.

Балалардың заттардың түсі, пішіні, көлемі бойынша білімдерін анықтап алу үшін сабақты ауызша жұмыстар жүргізумен бастауға болады.

Shape2

1 Shape5 Shape4 Shape3

Picture 7

-тапсырма. Суреттегі заттарға мұқият қараңыздар. Әр топтаманың қандай ұқсастығы бар?

Shape7 Shape6

Shape8

Shape9



Бірінші топтамадағы заттардың түстері бірдей - сары. Түс – заттың белгісі, ол бойынша заттарды салыстыруға болады.

Екінші топтамадағы фигуралардың да түстері бірдей-қызыл, бірақ пішіндері әр түрлі-шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, бесбұрыш, тік төртбұрыш. Пішін – заттың белгісі, ол бойынша заттарды салыстыруға болады.

Үшінші топтамадағы доптар өте ұқсас. Олардың түстері де, пішіні де бірдей- шар тәрізді. Бірақ біреуі үлкен, қалған үшеуі кішкентай. Яғни доптардың көлемі әр түрлі. Көлем – заттың белгісі, ол бойынша заттарды салыстыруға болады. Оқушыларға түсіндірілетін қорытынды ой: яғни әр заттың өзіне тән түсі, пішіні, көлемі, өлшемі сол заттың қасиетін білдіреді. Заттардың қасиеті бір-біріне ұқсастығы немесе олардың бір-бірінен айырмашылығынмен анықталады.

2- тапсырма. Суреттегі затты ататып, суреттеп беруді сұраңыз? Бірден суреттеп бермесе, «Түсі қандай?», «Пішіні қандай?», «Дәмі қандай?» т.б сұрақтар арқылы көмектесіңіз.

Лимон: сары, сопақ, қышқыл. (Мұғалім кез келген зат суретін көрсетін, қажетінше жалғастырады)

Өздік жұмыс. Суреттегі заттарды қандай да бір қасиеті бойынша қарындашпен сәйкестендір. (Суреттер топтамасы әр балаға жеке беріледі)

Shape10








Балардың білімін бекіту үшін «Не болуы мүмкін?» ойынын ұсынамын.

Ойын мақсаты: айналасындағы заттарды қасиеті бойынша анықтауға үйрету; ойлау жылдамдығын дамыту.

Ойын барысы: Мұғалім сұрақты қойып, балаға допты лақтырады. Бала қағып алып, жауап береді және допты мұғалімге қайта лақтырады. Мұғалім допты келесі балаға лақтырады, одан жауап күтеді. Ойын қажетінше жалғасады.

Дөңгелек не болуы мүмкін? (Доп, дөңгелек, күн, ай алма, шие...)

Не ұзаққа созылады? (Жол, өзен, арқан, жіп таспа, бау...)

Не биік? (Тау, ағаш, адам, жүз үй, шкаф...)

Не жасыл? (Шөп, ағаштар, бұталар, шегірткелер, көйлек...)

Не суық? (Су, қар, мұз, шық, аязды тас, түн...)

Не тәтті? (Қант, кәмпиттер, торттар, вафли...)







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!