Материалдар / Көңілді ноталар

Көңілді ноталар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеу тілінің кемшілігі бар балаларға арналған.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Бекітемін»

ППТК КММ меңгерушсі

___________Есалиева Г.





Балалардың таупиясы: Дислалия.

Сабақтың тақырыбы: Көңілді ноталар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға көркемдік білім беріп, музыка теориясы

элементтерін игеру, саз сырын ұғындыру.



Дамытушылық: Ән айту техникасын, эстетикалық ой-өрістерін, музыка

тыңдау мәдениетін дамыту. Оқушылардың ән-күйлер тыңдау

арқылы әуендік сезімталдығын артыру, есте сақтау, қиялдау,

ойлау қабілеттерін дамыту.



Сабақта қолданылған әдістер: Сұрақ-жауап, ойын элементері, ән айту,

өз бетімен жұмыс.

Көрнекіліктері: Плакат, Домбыра, Баян, Нота таблицасы, ән

ноталары.



1. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.



Үлкендерге сіз.

Кішілерге біз.

Әдеппенен бас иіп.

Сәлем бердік біз.

Балалардың назарын сабаққа аудару. Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен өткізейік. Сабағымызды бастауға дайынбызба? Ендеше сабағымызды бастайық.



2. Ритмикалық жаттығулар.

Марш. Аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жанымен секіріп жүру, Аяқты сілкілеу.

3. Дем алу жаттығулары.

1.Қоңыз, Маса, жылан, Гармон

4. Жаңа сабақ.

Қазақ халқында 5,7 сандары қасиетті деп саналады. Бес санына қатысты не білеміз?

Балалар: Жігіттің бес қаруын, бес саусақты бестік баға, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі жатқа айтады.





Балалар нота сызығыда бес сызықтан тұратынын есімізден шығармайық.

Берілген бес ұзын сызық –негізгі нота сызығы деп аталады.

Енді балалар нота сызығына ноталарды дұрыс жазып орналастырайық.

Дыбыстар қатарын атайық:



ДО, РЕ, МИ, ФА, СОЛЬ, ЛЯ, СИ.





Балалар нота 7 дыбыстан тұрады. 7санына байланысты: жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті жоқ, жеті шелпек, жеті қарақшы.т.б.



Балалар алдарыңда тұрған тақтада 5сызық бар сол бес сызыққа ноталарды орны-орнына орналастырайық.



1-оқушы. Мен отырмын бақылап

Бірінші сызық жақын-ақ.

До нотасы болған соң,

Көтерілем сатылап.

До нотасын жазып қатарға тұрады.



2-оқушы. Мен-Ре, ремін, ремін.

Ре ретінде білемін.

Бірінші сызық астында.

Қатарласып келемін.



3-оқушы: Бірінші сызық үстіне,

Шығып алдым, күш міне!

Ми нотасы боламын,

Естеріңе түстіме.



4-оқушы: Мен фа, фа нота болғасын,

Екі сызықтың ортасын.

Иеленіп жатырмын

Меншігімді қорғасып.

5-оқушы. Сольмін, сольмін тұз деме,

Төменненде іздеме.

Екінші сызық үстінде.

Түрмын түспей, түс десе.



Соль нотасын жазып қатарға тұрады.





6-оқушы: Мен , ля, ля, ля, биікпін, биікпін.

Көңілдімін сүйіктім, сүйіктім.

Аяғым екінші сызықта,

Төбем үшке тиіп түр.



7-оқушы: Си нота деп аталдым.

Рас, біраз мен қиналдым.

Үш сызыққа шыққанда,

Қасыма бәрің жиналдың.

(Си нотасын жазып қатарға тұрады.)

Жарайсыңдар балалар сендер ноталарды дұрыс орналастырдыңдар. Енді балалар нотаға қарап әндерді оқи алатын болдыңдар.

Балалар бойымызды жазып сергітіп алайық.



5. Сергіту сәті. « Адасқан ноталар» ойыны

6. Дауысқа арналған жатығулар.



Да-де-ди-до-ду

Ма-ме-ми-мо-му

До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до,

До-си-ля-соль-фа-ми-ре-до,



7. Жаңа ән үйрету.

-Ал балалар үйренетін әніміз «Біздің ән».

8. Музыка тыңдау. «Торы жорға» Абай.

9. Сабақты пысықтау.

-Балалар бүгін біз қандай тақырыпта сабақ өттік?

-Музыка неден түрады?

-ноталар қайда жазылады?

-нота сызығы нешеу?

10. Үй тапсырмасы.

-Әнді жаттап келу.

-Жеті нотаны жаттап келу.



11. Қортынды. Балалардың іс әрекетін бағалау,мақтау, мадақтау.







« Психологиялық-педогогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ



Тақырыбы: Көңілді ноталар.



Дайындаған: Ән күй маманы С. Оразбаев

















Жетісай -2017ж

ЖИ арқылы жасау
29 Қаңтар 2018
1120
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі