«Көңілді ноталар» (ортаңғы топқа арналған музыкалық сабақ)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көңілді ноталар» (ортаңғы топқа арналған музыкалық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көңілді ноталар»

(ортаңғы топқа арналған музыкалық сабақ)


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Музыка жетекшісі: Абдильманова Дина Сәлімқызы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Көңілді ноталар»
Мақсаты: Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту. Музыкалық ойындар арқылы музыкаға қызығушылықтарын арттыру.  Әуенді ноталарды түстеріне байланысты ажырата білуге үйрету.

Музыкалық репертуар: В.Тюльканов — «Марш»  
«Сәлемдесу жаттығуы” Г.Абдарахманова,   Н.Шахина. "Қандай ырғақ"   



Іс - әрекет кезеңдері

Педагогтың  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді.

Амандасу.

Шеңберде марш екпінмен қимылды қозғалыс жасату.

Сәлеметсіздер ме балалар?

Балалар, біздер музыкалық оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын музыканы тыңдау үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.

Мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығара отырып үрлейміз.

Енді балалар дауыс жаттығуларын жасаймыз.

Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля

Ля Ля ЛЯ ЛЯ Ля Ля ля

Ми МИ ми ми ми ми ми

Ми МИ ми ми ми ми ми

  • Жарасып тұр сәніміз,

Ән шырқайық бәріміз.

Естіген жұрт таң қалсын,

Әдемі ән шырқалсын.

Балалар музыка залына марш екпінімен музыканы тыңдай отыра кіреді.

Музыка әуені арқылы

жетекшімен қонақтармен

амандасты

Сәлеметсізбе апай!

Тыныс алу жаттығуларын жасау.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

  • Балалар, менің қолымдағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

  • Кемпірқосақта неше түс бар.

  • Балалар,   біздің музыка әлемінде де 5 қара сызықтың бойында скрипка кілті 7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді

1-нота қызыл түс

2-нота қызғылт сары түс

3-нота сары түс

4-нота жасыл түс

5-көгілдір түс

6- көк түс

7- күлгін түс

 

Осы ноталар өздеріне сәйкес дыбысталады.

Ойын: «Ноталар үйіне конаққа барамыз» саусақ қимылдары арқылы ноталар үйіне моншақты орналастыру.

 

  • Балалар, кішкене отырып дем алайық.

Ойын : “Қандай ырғақ”  Мен сөзін айтамын, ал сендер аспаппен  ойнайсындар.

  • Данғыраны ұр қатты,
    Дәл қайтала ырғақты.
    Тоғайда көп тоқылдақ,
    Үн естілді тоқылдап.
    Тоқ тоқ тоқ,
    Тоқ тоқ тоқ.
    Данғыраны ұр қатты,
    Дәл қайтала ырғақты.
    Күн күркіреп жарқылдап,,
    Бұршақ жауды сартылдап.
    Сарт сарт сарт сарт,
    Сарт сарт сарт сарт сарт.

Жарайсындар! Рахмет!

 

Әр нота түстермен белгіленген

  • «Көңілді ноталар» ойынын ойнайық. Бәріміз шеңбер құрып отырамыз, берілген түстерді ретімен қоямыз.

Әр балаға жеті нота салынған каптамалар беріледі, жетекші айтуымен орналастырады. Сонғы нота қойылған соң орындарынан тұрады.

  • Балалар, қарандаршы,біздің құрастырған түстерден ненің бейнесін көріп тұрмыз?

  • Енді балалар, осы түстерді, яғни ноталарды аяқ қимылы арқылы тауып алайық.


 

 

 

Кемпірқосақтың жеті түсі бар

 

 


 

 

Ноталар атын атау

 


 

Балалар ноталарды түстерімен орналастырады

Ойын шарты бойынша түсініп ойнайды.

Балалар шеңберде отырады.

Музыкалық ырғақтарды аспаптардың көмегімен ойнап көрсетеді.

 

 

 

 


Гүлдің,кемпірқосақтың,

Күннің.

Балалар жеті нотаны түстеріне қарай орналастырады.

Рефлексиялық -

Түзетушілік

  • Жарайсыңдар балалар! Сендерге бүгінгі оқу әрекетіміз ұнады ма? Мен сендерге көңілді ноталар таратамын. Осы ноталар арқылы қонақтарға көңіл күйімізді көрсетейікші.

Марш екпінмен залдан шығып кету.

Балалар өз ойларын еркін жеткізу.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Нота туралы мағлұматтар беру.

Игереді: Әр түрлі ойындар арқылы ноталар дыбысын, түстерін нота сызықтарына орналастыруға үйрену.

Меңгереді: Нота туралы түсініктерді ұғына отырып, ойнау дағдылары қалыптасады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2021
1554
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі