"Көңілді старт" Сыныптан тыс жұмыстар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көңілді старт" Сыныптан тыс жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға бағыттайды.Эстафеталық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы



  • Сабақ тақырыбы:«Көңілді старт» эстафеталық жарыс.

    Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.

    Көрнекілігі: Доп,кедергілер,шар,секірме,таяқша, тақырып жазылған плакат «Спорт-салауатты өмір серігі»


    «Көңілді старт» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр»

    Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет..Бүгінгі өткізгелі отырған «Көңілді старт» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

    Ал құрметті халайық,

    Жарысты енді көріңдер.

    Әділ қазы алқасы,

    Әділ баға беріңдер. 


    Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

    1. __________________________________________________________

2.___________________________________________________________

3.___________________________________________________________

4.___________________________________________________________


Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,

Әзірледік сізге орынды төрден біз.

Ұландардың ең құрметті қонағы,

Жанкүйерде төреші де өзіңіз.

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 

  • Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

  • Еңбек етіп келгенінше әліміз.

  • «Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

  • Сайысқа аттанайық бәріміз!

  • Шарттары: 
    1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек) (5 ұпаймен бағаланады)

Жалын» тобы

Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,

Біз спортшы боламыз!

«Шымыр» тобы

Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,

Спорт сүйер өренбіз!



Жарыс алдындағы дене қыздыру жаттығуы 2 команда флешмоб билейді.


2.«Мәреге кім бұрын?»
Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.  ( Скакалкамен секіру). 

3. «Кім жылдам»

Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты кедергілерден өту арқылы ұрып барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.



4.«Қаппен жүгіру»

Төрешінің белгісі арқылы қапты киіп алып,белгіленген жерге секіріп барып,кейін қайтады.Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.


5.Тепе-теңдікті сақтау.

Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға(5ұпай), екінші командаға (3ұпай) беріледі.

6. «Арқан тартыс». Команда болып арқан тартысады.






7«Капитандар сайысы». 2 команданың капитандары ортаға аяқтарына шар байлап шығады, қарсыластың аяғындағы шарын жарып тастау керек.

 

Қорытынды сөз.Марапаттау рәсімі.


Сөз кезегін оқушыларымызды жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан . сөз береміз.
Жүлделеріңіз құтты болсын! Ізгі ниет,жақсы өнеге тозбасын

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1248
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі