көңілді тіл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

көңілді тіл

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыстық жұмысқа артикуляциялық аппаратың алдын ала нығайту, ширату, қалыптастыру. Статикалық және динамикалық жаттығуларын қайталау, нақты қимыл-қозғалыстарын бекіту. Сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Көңілді тіл»

Түзету-білімділік мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту.

Түзету-дамытушылық мақсаты: Дыбыстық жұмысқа артикуляциялық аппаратың алдын ала нығайту, ширату, қалыптастыру. Статикалық және динамикалық жаттығуларын қайталау, нақты қимыл-қозғалыстарын бекіту. Сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Түзету-тәрбиелік мақсаты: Дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Тіл, ерін, тістер, ұрт, қатты, таңдай, жұмсақ, таңдай, артикуляциялық жаттығу.

Көрнекілігі: артикуляциялық жаттығулардың суреттері, слайд, айна,шар, қыстырғыштар.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу (балалар хормен)

Ұсақ қол моторикасын дамыту. «Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Басбармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың саусақтарына орындау.

2.Артикуляциялық жаттығулар:

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде қып қызыл еріндердің артында, аппақ тістердің арғы жағында көңілді тіл өмір сүріпті. Тіл ұйықтап жатады

(«Күрекше» - жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15сек ұстау).Тіл оянып, сағатқа қарайды («Сағат» -күлеміз, ауызды ашамыз. Тілдің ұшын оң жаққа, сол жаққа тигізу керек. Астыңғы жақ сүйек қимылдамай тұруы қажет). Тіл орнынан тұрып, керіліп, жуынуға барады. («Тісімізді тазалаймыз» - Күліп, ауызды ашамыз. Тілдің ұшымен астыңғы және үстіңгі тістердің ішкі жағын тазалаймыз. Астыңғы жақ сүйек қимылдамауын қадағалаңыз). Енді тісімізді қалай ысу керек екенін көрсетейік («Тарақ» - күліп, тілімізді тістейміз. Тілді тісіміздің арасынан алға артқа шығарамыз, оны тараған секілді. 3-4 мәрте орындау қажет). Тіліміз жуынып, таранып болып шай ішеді («Кесе» күлеміз, ауызды ашамыз. Жалпақ тілді астыңғы тілге қойып, тілдің шет шетін қайырып, кесеге ұқсатамыз. Бес санағанша ұстау. Астыңғы ерін астыңғы тілді көмкеріп қалмауы керек). Тәтті тосап жейді («Тәтті тосап» күлімсіреп, ауызды ашамыз. Тілімізбен үстіңгі ерінді жоғары төмен жалаймыз. Астыңғы ерінмен көмектеспейміз). Таңертеңгі асымыз осымен бітті. Енді далаға шығып, күннің көзіне қыздырынамыз («Күрекше» - жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15сек ұстау). Сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше тілмен әткеншек ойнайық («Әткеншек» күлеміз, ауызды ашамыз.1-2 дегенде кезекпен астыңғы және үстіңгі тістердің артына тілдің ұшын тигізу керек). Тіл ойнап болған соң машинаға отырады. Машина қалай жүреді көрсетейікші?! (Би-би-би). Тіл машинамен келе жатса жанынан ат шауып келеді («Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу,жылдам қағу керек.Тіл асты желбезегін созу,осы жаттығуды 1-ден, 5-ке дейін қайталау қажет). Тіл үйіне келіп жаттығу жасап тынығуға кетті («Футбол» ауызды жабамыз. Тілмен оңға, солға кезек кезек тілдің ұшын бір жақтан екінші жаққа тигізу, допты қақпаға кіргізген сияқты). Тіліміз тынығып алғанша біздер ойындар мен тапсырмаларды орындай тұрайық.

Дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға арналған ойындар
1.Қуыршақты тербетіп отырған кішкентай қыздың суретін қарастыру;-Бұл Айсұлу,ол қуыршағын ұйықтатып отыр және -А-а-а-деп әндетеді!Біз де көмек берейік А-а-а –деп әндетеміз (қолымызбен тербетіп көрсетеміз).Әндеткенде балаға ауызды кең ашуды көрсетеміз.
2.Тісі ауырып отырған қыздың суретін қарастырып: -Бұл Асия,оның тісі ауырып отыр О-о-о! Асия қалай айтты –О-о-о.Ұртымызды қолымызбен ұстап,басымызды шайқап отырып,айтамыз.
3.Суретті қарастырып немесе қолымызға ойыншық ат алып: Құлыншақ анасын шақырады –И-и –и- деп бірге қосылып айтамыз. Еріннің жымиып,созылуын қадағалаймыз.
4.Суреттегі кемені қарастырамыз немесе ойыншық кемені қолымызға алып: Кеме айлаққа жүзіп келеді –У-у-у деп уілдейміз.Балалардың еріндерін түтікше қылып орайды.Кеме қалай уілдейді? –У-у-у
5.Суреттегі аю мен қонжықты қарастырамыз. Үлкен аю екі қолын екі жаққа қойып –Э-э-э деп айқайлайды,ал кішкентай қонжық қолын жақын ұстап э-э-э деп жәй айтады.Балаларға аю мен қонжықты көрсетуді ұсынамыз.

Сергіту сәті

Бала, бала, балапан

Қане қайсы алақан

Саусақтарың айбат

Былай-былай ойнат

Бір қадам алға басамыз

Алақанмен соқ-соқ

Бір қадам артқа басамыз

Аяқпенен топ-топ

Тыныс алу жаттығулары.

«Көбелекті ұшырамыз»

«Бақа»

Дидактикалық ойын: «Қыстырғыштар»

Қажетті заттар: қыстырғыштар, қағаздан қиылған түрлі бейнелер.

Ойын барысы: балаға қағаздан қиылған бейнелер беріліп, оның қажетті детальдарын қыстырғышпен толықтыру ұсынылады.

Тұрмыстық заттардың дыбысына еліктеу ойындары:
Сағат тықылдайды – ТИК—ТАК
Су тамшылайды – КАП—КАП
Кішкентай балақай жүреді – ТОП—ТОП
Балға соғады ТУК—ТУК
Қайшы қияды ЧИК—ЧИК
Әткеншек тебеміз КАЧ—КАЧ
Сәбіз жейміз ХРУМ–ХРУМ
Машина жүреді БИ—БИ


Қорытынды

Бүгінгі сабақта алған әсерлерін, сұрақ-жауап арқылы әңгімелеп,сабақты аяқтау, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Артикуляциялық аппараттын мүшелерін біледі.

Қандай түсініктерді игерді : Артикуляциялық жаттығуларды.

Меңгерген дағдырлары мен іскерліктері : Статикалық және динамикалық жаттығуларды дұрыс және нақты істей алады.













































1 «Сәби әлемі» бөбекжай-бақшасы















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Көңілді тіл»











Тобы: «Балбөбек» II кіші топ тәрбиеленушілері (4жас)

Логопед: Уразова А.Б

















2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2022
1134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі