ШҚО
Семей қаласы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын копбейінді
гимназия»
Математика пәні мұғалімі
Калиева Манигаш Смагулбековна
«Көңілділер тапқыштар
клубы»
атты
математикалық ойын – сайысы .
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой
ұшқыр-лығын,
оқуға
ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар,
логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық
сайыс сағаты.
Типі: Ойын
түрінде
Жоспары: 1.
Топтың өзін таныстыруы
2.
Сергіту кезеңі
3.
Жарнама
4. Үй
тапсырмасы
5. Сен
маған, мен саған
6.
Капитандар сайысы
Қолданылған нақыл
сөздер:
1. Арифметика
математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке
келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық
ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
Жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл
ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика
атанғансың! – дей келе ойынымызды бастаймыз.
Қайырлы күн қадірменді
көрермендер! «Көңілділер тапқыштар клубы» ойынына қош
келдіңіздер.
Бүгінгі
ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға 9«А», 9«Ә»,9«Б» топтарын
шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға
бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып
сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділқазылар алқасымен
таныстырып өтейін.
Бүгінгі кештің жоспары
таныстырылады.
Сайыс
– толқын, жатқандай асып тасып,
Біреу
мығым, біреулер шағыс басып
Бұл
сайыста байқалар ғұлама ойлар
Жеңсең
де, жеңілсең де қалма жасып
Сіздермен бірлесе отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Алдымен команда капитандары жреби таңдай арқылы
өздерінің командаларының реттік номерін анықтайды.
Сонымен І кезең «Таныстыру» (Командалар
ретімен өнер көрсетеді) 5 ұпай
Енді І кезең бойынша әділқазылар алқаларын
бағалауды сұраймыз.
Білім
деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
ІІ кезең
«Сергіту кезеңі» деп аталады. Әр команда берілген 10 сұраққа жауап беру
тиіс. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Әділқазылар алқасы
командалардың берген дұрыс жауаптары бойынша қорытынды шығарады.
(Сұрақтар қойылады) 1 топ. Сергіту
кезеңі
1. Геометрия сөзі грекшеден
аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)
2.
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады?
(квадрат)
3.
tgα неге тең?
(sinα/cosα)
4. 70
мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе? (тең)
5. Қай
кезде векторлар перпендикуляр болады? (а*в=0, егер векторлардың
скаляр көбейтіндісі 0-ге тең болса)
6.
Мақалды аяқта: Білекті бірді........жығар, білімді мыңды жығар.
7.
Жұмбақты шешіңдер: Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы
жазулы тұр өзінде. (сызғыш)
8. Шеңбердің ең үлкен
хордасы (диаметр)
9. Бұл қай ғалым?
Дәлелденген формуласы бар, математик, астроном, өзінің табысына
шаттанып қуанғанда «Таптым! Таптым!» деп айғалаған. (Архимед)
10.
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика». Бұл кімнің сөзі?
(М.В.Ломоносов) 2 топ. Сергіту
кезеңі
1. Барлық бұрышы тік
болатын төртбұрыш (тіктөртбұрыш)
2.
ctgα неге тең?
(cosα/sinα)
3. Бұл кім? Өз өмірінде 40
тонна тамақ жейді, дүние жүзінлегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта
есеппен 2,2 Вт (адам)
4. Қай кезде векторлар
коллинеар болады? (Сәйкес координаталары пропорцианал болса)
5. cos2π неге тең? (1)
6.
Мақалды аяқта: Екі жақсы.........қас
болмас, екі жаман дос болмас
7.
Жұмбақты шеш: Нәрселерді санағанда,
Керек ол
бізге ауадай
Айтындаршы бұл қандай сан
Жан –
жағына қарамай? (Натурал сан)
8. «Математика барлық
ғылымдардың патшасы». Бұл кімнің сөзі? (Гаусс)
9. Бұрышты өлшейтін құрал.
(транспортир)
10. 2 ғасырда неше жыл бар?
(200)
3 топ. Сергіту
кезеңі
1. Барлық қабырғасы тең
параллелограмм? (ромб)
2. tgα*ctgα неге
тең? (1)
3. Қандай құрал? Керекті
бағытынды көрсетеді, алмаз бен қымбат материалды елемейді, жолына
темір кезіксе бұлқына бастайды. (компас)
4.
tgπ/2 неге тең?
(мәні жоқ)
5.
Мақалды аяқта: Алтау ала
болса
Ауыздағы
кетеді,.........
Төртеу түгел
болса
Төбедегі
келеді.
6.
Жұмбақты шеш: Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама
(кітап)
7. Қандай түзулердің ортақ
нүктесі жоқ. (параллель)
8. Қай сан барлық санға
қалдықсыз бөлінеді? (0)
9. Корзинадағы 7 алманы 7
қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл
қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
10.
«Математиканың өз тілі бар ол – формула».Бұл кімнің сөзі?
(С.В.Ковалевская)
Осымен
«сергіту кезеңі» аяқталды. Әділқазылар алқаларынан бағалауды
сұраймыз.
Келесі
кезекте «Жарнама»
кезеңі. Әр команда математика
тақырыбында жарнама көрсетулері тиіс.
Көрермен
жиналған бұл тамашаға
Құр
қарап, тыныш отыру жараса ма
Сыныптас, туыс, досқа, танысқа есем
Соқ
қолынды білімді жас талапқа.
«Үй
тапсырмасы» кезеңі. Әр команда үйде
дайындалған номерларын көрсетпек.
1. Математика келешекте. 9
«А»
2. Математика өткен
заманда. 9 «Ә»
3.
Математика қазіргі кезде. 9 «Б»
Сонымен
бұл кезең бойынша әділқазылар шешімі.
Мәңгі
бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың
«Сен
маған, мен саған» деп аталатын 5
кезеңді бастаймыз.Әр топ үйден дайындап келген әзіл сұрақтарын бір
- біріне қояды.
Сонымен бұл кезең бойынша
әділқазылар шешімі.
Жастықтың оты қайдасың
Жүректі түртіп қозғамай
Ғылымның біліп пайдасын
Дүниенің көркін болжамай,- деген ұлы Абай
атамыздың өлең жолдары ойынның келесі кезеңі «Капитандар» сайысына
жігер бергендей. Онда біз команда капитандарын
Қандай
сынақ болса дағы беріспе
Әрқашан да үміткер бол жеңіске! – деп ортаға шақырамыз.
Бұл
кезең 2 сайыстан тұрады.
Бірінші сайыста капитандар
формулаларды дұрыс тауып, өз тобына апару керек. Формулалар 2
үстелге бөлінеді. Олардың басы 1 үстелде, ал аяғы 2 үстелде болады.
Сонымен іске сәт!
Екінші
сайыс «Әр қолда-өзінің ісі» . Топ капитандарына қағаз және
екі қолына да қарындаш беріледі. Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң
қолмен шеңбер салыңдар.
Бүгін
көріп, тамашалаған «Көңілді тапқырлар» ойыны өз мәресіне жетті.
Қорытынды жасау үшін әділқазы алқасына беріледі.