"Көңілдің асыл пернесі" патриоттық ән байқауы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көңілдің асыл пернесі" патриоттық ән байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген елбасымыздың ән шығармашылығына арналған патриоттық ән байқауының сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұңғыш президент күніне орай «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау салтанатты жиыны.


Аида.1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар!

Дария.2-Жүргізуші: Қош келдіңіздер қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Аида.1-Жүргізуші: Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке жетті.

Дария.2-Жүргізуші: Тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа тарихының да жаңа беттері ашылды.

Әр сөздің астарына осы арада

Ағайын, ой жіберіп, жіті қара

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы елбасының жеке дара

-деп ақын жырлағандай бүгінде елбасы ойға оралып, нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз, алтын сәулелерін шашады. Олай болса 1-желтоқсан Президент күні баршамызға құтты болсын!

Аида.1-Жүргізуші: Туған еліміздің мерейі өсіп, абыройы тасқанын көруден артық қуаныш та бақыт та жоқ.

Дария.2-Жүргізуші: Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер білім саласында да жетерлік. Өмірдегі барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі.

Сан ғасырлар тарихы мол кешені

Туған жердің шежіресі деседі

Менің елім Қазақстан Отаным

Болашағы бізбен бірге өседі

-дей келе мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Ерлан Серікқазыұлына беріледі.

...........................................................................................................................


Дария.2-Жүргізуші: Ал енді кешіміздің екінші бөлімі оқушыларымызды Жас ұлан ұйымына қабылдау сәті.

Аида.1-Жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімін ашық деп жариялаймыз!

Оқушы: Түзеліңдер, Тік тұрыңдар! Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы енгізілсін! (....................................................................................)

(марш ырғағымен)  

Дария.2-Жүргізуші:«Жас Ұлан» - шыншыл патриот

Аида.1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - нағыз топжарған

Дария.2-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді

Аида.1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - жауапты азамат

Дария.2-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - сенімді дос

Аида.1-Жүргізуші: «Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»


2-Жүргізуші:

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаңа толған мекен,

Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлылардың арманын биік еткен.

Өзге де ұлт, ұлысқа қоңыс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.


Аида.1-Жүргізуші:

«Жас қыранға» қабылданатын 1 «А, Б» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.

Дария2-Жүргізуші:

«Жас Ұлан» галстуктарын тағу рәсімін .............................................................................................................. береміз.  

Аида.1-Жүргізуші:

«Жас Ұланға» қабылданатын 5 «А, Б» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.

Дария.2-Жүргізуші:

«Жас Ұлан» галстуктарын тағу рәсімін ................................................................................................................ береміз.  


Аида.1-Жүргізуші: Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

(5 сынып оқушысы Сейтбазар Балжан ант береді)

(Гимн орындалады)

Оқушы: «Біз ...»

Хормен: «Жас Ұлан»

Оқушы: Ұранымыз

Хормен: «Қазақстан– Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.


Оқушы: Түзеліңдер, Тік тұрыңдар! Жас ұлан ұйымының туы шығарылсын.

(Марш ырғағымен)

.....................................................................................................................................................


Дария.2-жүргізуші:
Кешіміздің 2-бөлімі «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен өткелі тұрған «Көңілдің асыл пернесі» атты Тұңғыш Президент күніне арналған патриоттық ән байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!
Аида.1-жүргізуші:
«Патриот, патриотизм» барлық адамда болу керек сезім. Әр адамның өз еліне, туып-өскен жеріне деген сезімі шексіз. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз.

Дария.2-жүргізуші:

Мен – патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін. Мен Отанымды, отбасымды сүйемін. Мен Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеймін. Мен, аса қымбат, осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын.

Аида.1-жүргізуші:

«Патриот – еліне адал, халқына берік қорған бола алатын, өз өмірін еліне арнауға дайын, қайсар жүректі, ақ ниетті адал жан» - деп білеміз. Ендеше бүгінгі байқауымызда мектебіміздің патриоттары өнер көрсетпек. Олар патриоттық рухта ән салмақ.


Аида.1-жүргізуші:

«Көңілдің асыл пернесі» атты Н.Ә. Назарбаевтың шығармашылық ән кешінің негізінде ұйымдастырылып отырған байқауымыздың мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ескі әндерді жаңғырту, елбасының ән шығармаларымен танысу, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.



Дария.2-жүргізуші:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымыз да ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы

-дей келе 3 «А» сынып оқушыларын елбасымыздың сүйіп тыңдайтын әндерінің бірі «Ақ сиса» әнімен ортаға шақырамыз!

Дария

Қошемет көрсетіңіздер! Алдарыңызда өнер көрсеткен 3 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Тұрсынбекова Бақытжан Есқалиқызы

Аида:

Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.

Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,

Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.

Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,

Бәсекелес елу елдің қатарынан.

Олай болса келесі үміткерлеріміз 5 «Б» сынып оқушылары «Сарыарқа» әнімен.



Аида.1-жүргізуші:

Қошемет! 5 «Б» сыныбы. Сынып жетекшісі Жұмағалиев Мұрат.


Дария.2-жүргізуші:

Мақтан етем Елбасын,

Алға бастап халықты,

Елімнің Елтаңбасын

Бар әлемге танытты.

ортада 6 А сынып оқушылары. «Ұлт көсемі» әнімен

Дария.

Қол соғайық! 6 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Елубаев Роллан


Аида.
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
Олай болса елбасымызға арнап 3 «Б» сынып оқушылары «Мен қазақпын» әнін шырқамақ. Қарсы алыңыздар!

Аида

Алдарыңызда өнер көрсеткен 3 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Баякеева Алмагүл


Дария:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Қазақстан, замананың заңғарында,

Халқыма мекен болған жайлауың да.

Алатау ақ самайлы басын иген

Қайратты қарт Қаратау қойнауында

-дей келе 5 «А» сынып оқушыларын «Атамекен» әнімен сахна төріне шақырамыз.

Дария

Алдарыңызда өнер көрсеткен 5 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Қайырбекова Жанар.






Аида.

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.

Намысын ешкімге қолынан бермеген.

Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Сахнада 6 «Б» сынып оқушылары «Елім менің» әнімен. Қарсы алыңыздар!

Аида.:

Талаптарыңа нұр жаусын! Алдарыңызда болған 6 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Акишева Ғалия


Аида:

Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп демалам

Құшағыңда қысылмай

-дей келе алдарыңызда «Ана туралы жыр» әнімен 4 «Б» сынып оқушылары. Қарсы алайық!

Аида:

Көптен-көп рахмет! Сіздерге өз өнерлерін көрсеткен 4 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Гүлзира.


Дария:

Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!

Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! 

-дей келе «Жасай бер мәңгі, Қазақстаным» әнімен 4 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!
Дария

Өнерлерің өрге жүзсін! Жарайсыңдар! Алдарыңызда болған 4 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Жұмабекқызы Сауле.









Дария

Ардақтайды сыйлы болған данасын,
Аялайды нәзік жанды анасын,
Елімнің қайсар рухты жігіттері
Әлі талай асқақтатар даласын.
Жақсылығын қашан-дағы асырған,
Достың кемшін тұсын ылғи жасырған.
Жігіттері менің текті елімнің
Жаралған ғой ұлы нәзік асылдан.

-дей келе сахна төріне 7 «Б» сынып оқушыларын «Сапқа тұр» әнімен шақырамыз!

Дария:

Сіздерге өз өнерлерін көрсеткен 7 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Тұрысбек Мөлдір


Дария:

Біз қазақпыз!

Ежелден - ақ қазақ болып аталған,

Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң

Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,

Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Керегімді алу үшін жаһаннан,

Бейімделдім заманыма жаңарған.

Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,

Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.


Сахна төріне келесі үміткерлеріміз 9 «А» сынып оқушыларын «Үш қоңыр» әнімен шақырамыз.

Дария.

Алдарыңызда өнер көрсеткен 9 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Карлыга Таурбаева.


Аида. Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел - Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.

Тәуелсіз азат елім,

Туып өскен- байтақ жерім.

Мәңгі жайнап тура бер

Қазақстаным менің!

-дей келе «Отаным» әнімен 7 «А» сынып оқушылары.

Аида:

Қошемет! Ортамызда өнер көрсеткен 7 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Түктібаева Алтынай






Дария:

Елбасымыздың сүйікті халық әндерінің бірі «Беу Айдай» әнімен 9 «Б» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз!

Дария:

Бәрекелді! Жарайсыңдар! 9 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Алма Аханқызы.


Аида

Президент бар бізде де,

Бүкіл халық сайлаған.

Бабам салған ізбенен,

Ақ жолынан таймаған.

Алдарыңызда «Еділ мен Жайық» әнімен 10 сынып оқушылары.

Аида:

Көп-көп рахмет! Сіздерге өнер көрсеткен 10 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Мейрамғайша Қойбасарқызы.


Дария:

Астана біздің бас қала!

Астана біздің жас қала!

Астана мақтанышымыз,

Жайнай бер, мәңгі Астана!!!

Алдарыңызда «Город мой» әнімен 8 «Б» сынып оқушылары.

Дария:

Сіздерге өз өнерлерін паш еткен 8 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Қанафия Елжас


Аида:

Сүйікті халық әндерінің бірі «Дудар-ай». Орындайтын 8 «А» сынып оқушылары.

Аида

8 «А» сынып оқушыларына қошемет! Сынып жетекшісі Болатова Гүлмира


Дария:

Осымен үміткерлеріміздің барлығы өз өнерлерін ортаға салды. Әділ қазылар алқасының әділ шешім шығаруға уақыт беріледі. Көрермендердің дауыс беру сәті басталды ..................................................................................................................................................................................................








Мектебіміздің оқушысы Ғизатова Шырын кеше ғана Астана қаласында өткен «Көңілдің асыл пернесі» атты Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы «Біздің президенттің сүйікті әндері ырғағымен» номинациясы бойынша республика бойынша 3 орынды жеңіп алып, 100000 теңге сомасында сертификат иеленіп келді. Жетекшісі ұлағатты ұстаз Асхат Рәтайұлы. Ендеше сахна төріне Ғизатова Шырынды шақырамыз


Аида.
Мақтан етем Елбасын,

Алға бастап халықты,

Елімнің Елтаңбасын

Бар әлемге танытты.
Дария.

Бақ тілейміз енді біз,

Ылғи күліп тұрсын таң.

Тұңғыш Президентіміз-

Назарбаев Нұрсұлтан.

-дей келе баршаңызды Тұңғыш президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аида. Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Дария.

Құттықтаймыз! Еліміздің патриоттары аман болсын, мерейлері арта берсін!
Жүргізушілер

Қош, сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.12.2018
401
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі