«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің көңіл - күйін көтеру мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Науырзым ауданы білім беру бөлімінің

Жамбыл орта мектебі»ММ













«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті!»

( мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг - сабақ)






Өткізген: педагог – психолог:

А.Х.Тасанова


















Қарамеңді 2020 жыл

Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті!»
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Қатысушылар: мұғалімдер

Көрнекіліктер: ватман, гуаш.

Тренинг сабақ құрылымы:
1. Танысу
2. Әдістеме «Менің мінезім»
3. «Ыстық картоп» жаттығуы

4. Тест: “Сіз көшбасшы бола аласыз ба?”

5. «Мандарин» жаттығуы
6. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену

1. «Таныс болайық!» жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.

2. Әдістеме: «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,
Жылан, Балық.
Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.

Жауабы:
1. Түйе- шыдамды
2. Жылқы- тектілік
3. Сиыр- өкпелегіш
4. Қой- жайдарлылық
5. Ешкі- ұйымдастырушылық
6. Ит- адалдық
7. Мысық- биөрісі басым адамдар
8. Тауық- шығармашыл
9. Қаз- тазалық
10. Аққу- сезімтал
11. Қарлығаш- бауырмал
12. Үйрек- ұқыптылық
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін
14. Арыстан- қайратты
15. Қасқыр- жігерлі
16. Түлкі- бейімделгіш
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар
18. Қоян- елгезек
19. Тауешкі- талғамы жоғары
20. Тасбақа- мейірімді
21. Жылан- салқынқанды
22. Балық- еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?

4. «Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйің?
Сенің сүйікті тағамың?
Сенің хоббиің?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Қандай киім үлгісін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
Жылдың ең қысқа айы?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әнің?
«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?
Кері оқығанда тура мағынаны беретін адамның дене мүшесі?
Саған ұнайтын кино?
Сүйікті әншің?

4. Тест: “Сіз көшбасшы бола аласыз ба?”

5. «Мандарин» жаттығуы

Мақсаты: көңіл – күй көтеру

Барысы: мұғалімдер музыка ырғағымен ватманға сурет салады.

6.«Күн шуағы» жаттығуы

Мақсаты: позитивті көңіл-күй орнату.
Барысы: әрбір қатысушының алдын ала дайындалған күннің бейнесі дайындалған. Күннің ішіне және сәулесіне қатысушылар бір біріне өз тілектерін жазады.
Қорытынды: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!






































Өзіндік сараптама


Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті!»
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Қатысушылар: мұғалімдер

Көрнекіліктер: ватман, гуаш.

Күні: 05.02.2018ж.
Тренинг сабақ құрылымы:
1. Танысу
2. Әдістеме «Менің мінезім»
3. «Ыстық картоп» жаттығуы

4. Тест: “Сіз көшбасшы бола аласыз ба?”

5. «Мандарин» жаттығуы
6. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығуы.

Психологиялық тренинг сабақ «Таныс болайық!»жаттығуынан бастамасын бастады. Мақсаты: өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.Танысып алған соң «Менің мінезім» атты әдістеме алынды.Мақсаты: өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады.Соңында 1. Үйде, 2. Жұмыста, 3. Жолдастарының арасында, 4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады. Жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма? деген сұрақтар арқылы талданды.Тренинг«Ыстық картоп» ойынымен жалғасын тапты. Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Содан соң“Сіз көшбасшы бола аласыз ба?” әдістемесі алынып, талданып, мұғалімдерге шешімі оқылды. Тренинг«Мандарин» жаттығуымен жалғасты. Мақсаты: көңіл – күй көтеру. Барысы: мұғалімдер музыка ырғағымен ватманға сурет салады. «Күн шуағы» жаттығуымен тренинг сабақ өз мәресіне жетті. Мақсаты: позитивті көңіл-күй орнату. Барысы: әрбір қатысушының алдын ала дайындалған күннің бейнесі дайындалған. Күннің ішіне және сәулесіне қатысушылар бір біріне өз тілектерін жазады.Психологиялық тренинг – сабақ өте қызықты өтті деп айта аламын. Мұғалімдер тренингке қызыға қатысып, белсенділік танытты. Мұғалімдер бір серпіліп қалғандай болды. Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу деген мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Picture 9 Picture 7


Педагог – психолог: А.Х.Тасанова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі