Материалдар / «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
304
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің

« № 3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі»КММ

Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»
жас мамандарға арналған психологиялық тренинг

Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
Тренинг сабақ құрылымы:

  1. «Дос – досымен» амандасу;

  2. «Тимбилдинг» жаттығуы;

  3. «Ыстық кортоп» сергіту сәті;

  4. Шығармашылық жұмыс: 1) Ұстаздың үш стилі; (сахналау)

2) « Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман» (постер)

5. «Дене мүшелерімен би» жаттығуы;

6. Қорытынды: 1) «Жақсы адамдар» әні;

2) «Айна» жаттығуы;

7. Жадынама тарату;

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.


Топтағы қағида:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзін еркін ұстауға үйрену



  1. «Дос – досымен» амандасу;

«Дос-досымен» дегенде ойыншылар досын ұстап екеу болып тұрады. Жүргізушінің нұсқауы бойынша: мысалы «шаш-шашымен» дегенде шаштарын тигізеді; арқа-арқамен дегенде арқаларын тақайды; қол-қолымен; саусақ-саусақпен; тізе-тіземен; иық-иықпен; деген сияқты бірнеше сөздер айтылса, соларды орындау керек.

  1. «Тимбилдинг» жаттығуы;

  1. Лента таңдау;

  2. Лентаны бір-біріне жалғау арқылы шеңбер жасау және де қол ұстау, «қиындықтан өту» жаттығуы;

Мақсаты: Еңбек жолында кездескен кедергілерден ұжымға деген сеніммен бірлесе өту.

  1. Көзді жұмып, лентамен әр түрлі фигураларды жасау;

3. «Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйің?
Сенің хоббиің?
Спорттың қай түрін ұнатасың?
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін?
Қай түсті ұнатасың?
«А» дыбысынан басталатын бес затты ата?
Кері оқығанда тура мағынаны беретін адамның дене мүшесі?


4.
Шығармашылық жұмыс:

  1. Ұстаздың үш стилі; (сахналау)

  • Ұстаз- авторитарлық;

  • Ұстаз- ізгілік;

  • Ұстаз- шағымданушы;

  1. « Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман» (постер)

  1. «Дене мүшелер биі» жаттығуы;

Енді көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында қазір барлығымыз орнымызда отырып, билейміз. Биіміз ерекше болады. Мен бір дене мүшесін айтам, тек қана сол дене мүшелеріңізбен билеу қажет. Ал бастайық:

  1. Саусақ биі

  2. Қолдар биі

  3. Бас биі

  4. Иықтар биі

  5. Ішімізбен билейміз

  6. Аяқтар биі

  1. «Жақсы адамдар» әні;

Тірліктен іздеп келеміз пайда

Қол созамыз көп неге біз айға?

Көш салатындай қос қанатындай мейірім қайда?

Іс пен сөздері баршаның сай ма?

Қалауың байлық мансабың бай ма?

Жақынға жат болып тасталған қарт көп

Қамқорлық қайда?

 

Жақсы адамдарын, жақсы адамдарын

Қынжылтар жанды ақсағандарын

Шалқып төрдейсін артық көрмесін

Ақшадан бәрін

Жақсы адамдарын, жақсы адамдарын

Кем емессіндер патшадан бәрің

Бес күн өмірде жасасын ылғи жақсы амалдарын

 

Бағаламаймыз қолыңда барды

Жүрме еді өлмес жолында мәңгі

Біз байып бірден бұзбайық мүлдем

Адамдық заңды

 

Жақсы адамдарын, жақсы адамдарын

Қынжылтар жанды ақсағандарын

Шалқып төрдейсін артық көрмесін

Ақшадан бәрін

Жақсы адамдарын, жақсы адамдарын

Кем емессіндер патшадан бәрің

Бес күн өмірде жасасын ылғи жақсы амалдарын

 

Жақсы адамдарын, жақсы адамдарын

Қынжылтар жанды ақсағандарын

Шалқып төрдейсін артық көрмесін

Ақшадан бәрін

Жақсы адамдарын, жақсы адамдарын

Кем емессіндер патшадан бәрің

Бес күн өмірде жасасын ылғи жақсы амалдарын



«Айна» жаттығуы:

Таңертең үйден шығар алдында айнаға қарап шыққан адам қол көтерсін. Ал, айнаға қарап күлімдеген адам қол көтерсін. Көріп тұрғанымыздай, күлімдеп шыққан адам аз.  Сондықтан, құрметті әріптестер қазір жүзімізге күлкі ұялатып, бір-бірімізге күлімсіреп қарайық.

Қорытынды:

Ы.Алтынсарин

Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!