Конспект "Алтын Орда"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конспект "Алтын Орда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихынан Әбілхайыр хандығына арналған конспект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын Орда XIIIғ.40ж- XVғ ортасы

1227ж. Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.

1235ж. Қарақорымда құрылтай өткізілді. Қаралған мәселе:- Еуропаға жорық

Әскер қолбасшылығына Батыйды сайлау

1236-1242ж. Еуропаға жорық жасалды.XIIIғ. монғолдар Азия, Шығыс ж/е Орталық Еуропаны жаулады

1243ж. Еділдің төменгі бойында Алтын Орда мемлекеті құрылды.

Алтын Орданың негізін қалаған Батый хан

Территориясы: ШДҚ, Хорезм, Батыс Сібірдің бір бөлігі, Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер.

Астанасы: Сарай Бату (Астрахань маңы) кейіннен Сарай Берке қаласы (Волгоград маңы).

Солтүстік Кавказ, Қырым бойы, Орыс кінәздіктері, Шығыс Еуропа тәуелді болып, салық төледі.

XIII ғасырдың 60 жылдарынан дербес хандық болып бөлінді.

Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. XIII-XIVғ. жазба деректерде халқы «татарлар» деп аталған.

Тілі:қыпшақ. XIVғ. Алтын Ордадағы монғолдар толығымен түркіленді.

Сұлтан (төре, оғлан)-ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы.

Батый хан тұсында мем. екіге бөлінді: 1. Оң қанат-Батый хан билігі

2. Сол қанат- Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен ұлы)

Батый хан тұсында (1227-1255ж) Алтын Орда Монғол империясына тәуелді болды.

Берке хан тұсында (1257-1267ж) тәуелсіздігін жариялады.

Мөңке хан тұсында (1267-1280ж) өз атынан теңге щығарды.

XIVғ. I жартысында Өзбек (1312-1342) ж/е Жәнібек (1342-1357) тұсында мемлекет күшейді.

1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін деп жариялады. 50ж. ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін «ұлы дүрбелең (апат)» басталды.

1357-1380ж. билік үшін күресте 25 хан ауысты

1380ж. Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді. Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға хан болды. Ол билігін нығайту үшін 1382ж. Ресейге жорық жасап, Мәскеуді өртеді. Тоқтамыстың қарсыласы Әмір Темірдің 1389, 1391, 1395ж. жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.

Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.

Алтын Орданың күйреуінің себептері: Билік үшін өзара қырқыстар, Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары, Халық көтерілістері, Ұлыстардың дербестікке үмтылуы.

XVғ. ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады. Ең ірісі: Ақ Орда (XVғ. 30ж). XVғ. 20-60ж. Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан, Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты.

Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмет 1502ж. өлгеннен кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды.



Басқару құрылымы:

Құрылтай-ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы.

Диван-ең жоғарғы атқарушы орган.

Беклербек-әскерді ж/е дипломатиялық істерді басқарушы.

Мәлік-азаматтық басқару билігін жүргізушілер

Даругтер, басқақтар-бағынышты елдерді басқарушы ж/е салық жинаушылар.

Нояндар, бектер, әмірлер, баhадүрлер-әскербасылар.



Феодалдық жер иелену түрлері:

Інжу-Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер

Сойырғал-әскер н/е азаматтық қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйға берілетін үлестік жер

Вакф- мұсылман дінбасыларының жері

Мильк- жер иеленудің жеке меншік түрі.



Салықтың 20-ға жуық түрі енгізілді:

Тағар- әскерді азық-түлікпен қамтамасыз етуүшін жиналатын егін ж/е мал салығы

Ұшыр – мал салығы.

Харадж – егіншілерден жиналатын салық

Зекет – дін басыларына берілетін мал салығы, қолөнершілер мен саудагерлерге де салынды.

Аваиз – төтенше салық

Әскери міндеткерлік – 10 түтіннен 1 жауынгер алынды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
1023
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі