Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Конспект Ежелгі грек өнері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯНЫҢ ӨНЕРІ
Сабақтың мақсаты: Ежелгі Грекияның олимпиада ойындары мен діни наным-сенімдерін, грек театрының тарихы жайлы балаларға білім беру.
Сабақтың міндеті:
Білімдік: Ежелгі Грекиядағы олимпиада ойындарың, аңыздары мен мифтерін ерекшеліктерін талқылау.
Дамытушы: Ежелгі грек театры, сәулет және мүсін өнеріне қатысты тапсырмаларды орындау, кестені толтыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ауызекі сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс жасау, ізденіс.
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй жұмысын тексеру: тест
-
Жаңа сабақты меңгеру
Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
-
Ежелгі Грекия мерекелері, діни наным-сенімдері мен мифтер
-
Грек театры, сәулет және мүсін өнері
Грек полистерінің азаматтары жергілікті тұрғындар еді. Гректер байлық жиғандар мен салтанатты өмір сүруге ұмтылғандарды ұнатпады. Бай азаматтар байлығының бір бөлігін қоғамның қажеттілігіне жұмсауға міндетті болды. Оны литургия деп атады. Ол кеме жасау, қоғамдық ойындар өткізу және т.б. іске жұмсалды. Әрбір адамзат өз полисін мақтан тұтты және онық қорғауға дайын тұрды. Себебі, ол полисін басқаруға, оны дамытуға тікелей атсалысатын еді. Грек шаруалары қарапайым соқамен жер жыртты, кетпен жер өңдеді. Орақпен бидай мен арпа дәндерін орып алды, бастырмамен дәндерді қауызынан ажыратты. Күрекпен желге көтере шашып тазалады. Нан негізінен арпадан пісірілді, гректердің басты тағамы арпаның тоқашы мен ботқасы болды. Ежелгі гректердің мереклері діни түсініктермен тығыз байланысты. Олимпия қаласында аспан мен найзағай құдайы Зевстің құрметіне мереке өткізілді ал Афиныда мереке полистің қамқоршысы Афины құдай анаға арналды. Өсімдіктер мен жүзім құдайы Диониске, теңіз құдайы Посейдонға бағыштап мерекелер өткізді. Олардың көпшілігі жергілікті, полистік қана емес, жалпыгректік сипатта өтті.
Олимпиада ойындары. Олимпия қаласы Пелопоннесте орналасты, бұл қалада Зевс құдайға арналған үлкен храм орналасты. Бірінші олимпиада ойындары б.з.б. 776 жылы өткізілді, VІ ғасырдан бастап спорттық жарыстар негізгі рөл атқара бастады. Тіпті теотрландырылған қойылымдардың өзі екінші қатарға ығыстырылды. Ойын 4 жылда бір рет өткізілді, жаз айында 5 күн болды. Бірінші күні құрбандық шалынды. Төрешілер мен барлық ойынға қатысушылар адалдық антын берді. Ойынға ең мықты грек атлеттері қатысты. Олар күресу, жүгіру, секіру, найза мен диск лақтыру бойынша жарысты. Ең қызықта қауіпті сайыс түрі ат жегілген қос дөңгелекті арбамен жарысу болды. Ойынның соңында жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.
Діни наным-сенімдер. Гректер үшін құдай құдіретті тіршілік саналды. Бірақ құдай адамдарды өздеріне табындырып қана қоймайды, оларға көмектесіп те отырады. Табиғат құбылыстарын, ауа-райын, теңізді, аспан мен жерді басқарып, өзгертуге қабілетті. Құдайларда да ренжиді, қатыгез, кешірімшіл, ақкөңіл де бола алады. Ежелгі гректердің мифі мен аңызы діни түсініктермен байланысты еді. Құдайлар адамдармен некелік қатынаста бола алады. Олардан жартылай құдай тәрізді батырлар дүниеге келеді. Олар әртүрлі аждаһарлар мен жыртқыштарды жойып, керемет ерліктер жасайды. Гректерде Геракл туралы аңыздар мен мифтер кең тараған.
Ежелгі Грек театры. Театр «ойын көретін орын» мағынасы. Ол үшін қырқалар мен беткейлердің етегі таңдап алынды. Беткейде баспалдақ тәрізді етіп адамдар отыратын орындар жасалды. Ол доға тәрізді болды. Араларынан адамдар өтетін жол қалдырылып бөліктерге бөлінді. Сахналық көрініс алғаш тапталған алаңшада көрсетілді. Бұл алаңша орхестр деп аталды. Орхестрда актерлер мен хор өнер көрсетті. Орхестрдің артында шатыр тұрды. Ол шатыр скена деп аталды. Аристофанның (б.з.б. 445-385 ж) комедиялық еңбектері грек театрларында жиі қойылды. Оның «Сона», «Бұлт», «Құстар» атты еңбектерін гректер құмарта тамашалайтын. Өйткені оларда күнделікті өмірдегі келеңсі жағдайлар өткір сыңға алынатын. Әскербасылардың дарынсыздығы, қызметкерлердің ұйымдасқан жемқорлығы ашық келемежденетін. Грек трагедиясының атасы Эсхил еңбегінде отансүйгіштік, ерлік пен төзімділік, еркіндік пен тәуелсіздікті жырлады.
1 тапсырма. Мәтінде Прометейдің іс-әрекетіне баға беріп, тұлғалық жеке қасиеттерін анықтаңыз
Сондай аңыздардың бірі алып Прометей туралы. Прометей Зевстің рұқсатыңсыз адамдарға отты береді. Өнерге үйретеді. Санауды, оқуды және жазуды меңгертеді. Металмен таныстырып, оны жерден алуды, өндеуді де үйретеді. Ол тіпті алғашқы кемені жасап, теңізде жүзуді көрсетеді. Дәрі жасауды, онымен емдеу жолдарын да айтады. Жердегі өмір жақсара бастайды. Прометейдің ісінен хабар алған Зевс қатты ашуланады. Прометейді биік шыңның басындағы жартасқа темір бұғаумен бұғаулап тастайды. Жертасты құлатып, жер астындағы түпсіз тұңғиыққа да жібереді. Прометей ешбір қорқынышсыз барлық қиындықтарға шыдап жата береді. Ғасырлар өтеді. Ақыры оны Геракл атты батыр бұғаудан құтқарады.
2 тапсырма. Бос орынды толтырыңыз
Ежелгі Грекиялықтардың мерекелері мен ойындары бүкіл халықтық сипат алды. .... ... құрметіне жасалған мереке «егіншілер мерекесі» деп аталды. Афиныдағы басты мереке - .... ...., 6 күнге созылып, жаңа жылдың алғашқы .... өткізген. Алғаш рет спорттық Олимпиада ойындары б.з.д. 776 жылы .... .... етегінде, Зевс .... құрметіне жасалды. Ойындар жаздыгүні 5 күн болып, .... ..... бір рет ұйымдастырылды. Бұл кезде ......, ..... қатысуына тыйым салынды. Ойынның бірінші .... жарыстары болған; ең қауіпті ойын ... .... болып, 4 ат жегілген арба иподромды .... айналып шығуы тиіс болатын. Олимпиада ойындарының 6 рет күрестен чемпионы болған палуан .... болды; төрт ат жегілген арбаны ұстап тоқтатқан .... болды; жүйрік және жұдырықтасу шебері ... болды; олимпиада ойындарының жеңімпаздары ... ..... жасалған венок ;ақын-жазушылар өзінің ...... оқу үшін олимпиадаға келді.
3 тапсырма. Ежелгі Грекия құдайларына қатысты кестедегі тапсырманы орыңданыз
Зевс |
Терімшілік құдайы |
Гера |
Соғыс құдайы |
Афины |
Күн құдайы |
Аид |
Ойын-сауық пен шарап құдайы |
Посейдон |
Теңіз құдайы |
Дионис |
Аспан құдайы |
Гелиос |
Найзағай құдайы |
Арес |
Жеңіс және данышпандық құдайы |
Гефест |
Жерасты, өлілер құдайы |
Артемида |
Махаббат құдайы |
Деметра |
Қолөнер құдайы |
Аполлон |
Табиғат пен егіншілік құдайы |
Афродита |
Аңшылық құдайы |