Материалдар / Конспект Ежелгі грек тарихшылары мен философтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Конспект Ежелгі грек тарихшылары мен философтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Конспект Ежелгі грек тарихшылары мен философтары 5-6 сынып дүниежүзі тарихы, жалпы білім беретін мектепке арналған конспект
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2021
1135
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕЖЕЛГІ ГРЕК ТАРИХШЫЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫ

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Грекияның тарихшылары мен философтарын талқылау.

Сабақтың міндеті:

Білімдік: Грекияның философтарының дүниенің бастауы туралы көзқарасы.

Дамытушы: Ежелгі Грекияның таришыларының шығармаларының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыру, кестені толтыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ауызекі сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс жасау, ізденіс.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын тексеру: тест

  3. Жаңа сабақты меңгеру

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Ежелгі Грек тарихшылары: Геродот, Фукидид, Ксенофонт

  2. Ежелгі Грек тарихшылары: Демокрит, Сократ, Платон

Гректердегі алғашқы көлемді тарихи еңбек жазған адам Геродот (б.з.б. 485-425 ж.) болды. Оны сол ежелгі замандардан-ақ «тарихтың атасы» деп атаған. Ол көптеген елдерді аралаған. Жерорта теңізінің шығысындағы елдерде, Грекияда елдер мен оларды тарихы туралы мәліметтер жинады. Кітабын жазу барысында жиналған мәліметтерді іріктеп, талдай отырып пайдаланған. Кейде мифтік және күмәнді мәліметтер де кездеседі. Жалпы алғанда, сыни талдаулары, жүйелі тұжырымдары, әдеби көркем сипаттауы оның еңбегің құнды туындыға айналдырды. Бүгінгі дейін көптеген елдердің зерттеушілері оны өз халықтарының ежелгі тарихын жазу үшін пайдаланып келді. Келесі бір тарихшысы Фукидид Афиныда жауапты қызметтер атқарған. Жоғары әскери қызметте стратег болған. Бірақ б.з.б. 424 жылы Спартамен соғысты сәтсіз жүргізгені үшін Афиныдан қуылды. Македонияның солтүстігіндегі Фракияға қоныс тепті. Сөйтіп, ол да «Тарих» атты кітап жазды. Егер Геродот кейбір аңыздарды пайдаланса, Фукидид тарихи деректерлің өзің қатаң тұрде тексеріп іріктеді. Күмәнді мәліметтерді алып тастады. Пелопоннес соғысының б.з.б. 431-411 жылдар арасындағы оқиғаларды қамтитын тарихын жазды. Бірақ 8 кітаптан тұратын еңбек аяқталмай қалды.

Демокрит (б.з.б. 460-370 ж) жас кезінен-ақ көптеген ғылым салаларын жақсы оқып үйренген. Әсіресе физика мен математиканы жетік білген, музыка мен поэзиямен айналысқан. Сол заманның өзінде 300-дей еңбек жазғаны белгілі. Ол дүниенің негізі атомдардан – ең ұсақ, одан әрі бөлінбейтін бөлшектерден тұрады дейді. Атом грекше «бөлінбейтін» деген ұғымды білдіреді, атомдар үнемі қозғалыста болады. Олардың қосылуынан, соқтығысуынан әртүрлі заттар дүниеге келеді. Барлық зат атомдардан тұрады-деген. Сократ (б.з.б. 469-399 ж) Афиныдағы мүсіншінің отбасында дүниеге келді, жас кезінде өнерден сабақ алды. Бірнеше шайқаста ерлік көрсетіп көзге түскен батыл адам еді. Бірақ бейбіт уақытта кедейдің өмірін сүрді, ешқашан Аттикадан кетпеді. Сократтың көзқарастары мен тұжырымдары бізге шәкірттері арқылы жетті. Б.з.б. 399 жылы оған грек құдайларын құрметтемейді, жаңа құдайлар ойлап табады, жастарды азғырады леген айып тағылды.

Платон (б.з.б. 427-347 ж) – Сократтың шәкірті. Сократ қайтыс болған соң, Мысырға, Сицилияға барып, білімін толықтырды. Оның айтуынша, затты мазмұны мен мәні тек ой, идея арқылы ғана танылады. Демек, зат емес, идея, ой-басты болып табылады. Платон адамның жаны мен тәні, денесі туралы өзіндік ой айтады. Жан мен тәнді бір-біріне қарсы қояды. Тән, дене өледі, ыдырайды, ал жан өлмейді, мәңгілік өмір сүреді. Аристотель –кең ауқымды философиялық жүйе құрған алғашқы ойшыл. Жан-жақты білімі бар ғалым. Оның философиясы көптеген ғылым салаларын қамтыды. Әлеуметтану, саясат, логика мен физика, астрономияғ өсімдіктану салаларында көптеген зерттеулер жүргізді. Саясат атты еңбегіңде мемлекеттің дұрыс және дұрыс емес түрлері болады, оны дұрыс түрлеріне: монархия, аристократия, ал дұрыс емес түріне: тирандық, олигархия жатқызылды. Тарихи дамудың барысында олардың бірінен екіншісіне өтіп отыруы мүмкін дейді.

1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Платонның мінсіз қоғамының сипаттамасы қандай болды?

  2. Ксенофонт жазбаларының кемшілігі мен артықшылықтары саралаңыз

  3. Геродот пен Фукидид еңбегінің айырмашылығы қандай болды?

2 тапсырма. Кестені толтырып, сәйкестігін табыңыз.

ғалымдар

Еңбегі

Аристотель

Ежелгі грек ақыны «бұлбұл мен қаршыға туралы мысал»

Геродот

Көлеңкесіне қарап, египет пирамидасын өлшеді

Гесиод

Математика ғыл.дамуына үлес қосты. «барлық нәрсенің бастапқы негізі сан» деді

Гипократ

Философия ғыл.негізін салушы, саясат еңбегі. Маймылдардың дене құрылысын зерттеп, оны адамға ұқсас екенін алғаш айтқан.

Демокрит

60-қа жуық медициналық кітаптар жазды.

Эмпедокл

Органикалық заттардың қасиеттері туралы айтты

Пифагор

Әлемде тұңғыш рет атом туралы жаңалықты ашты.

Фалес

«тарихтың атасы» грек-парсы соғыс туралы еңбек жазды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!