Материалдар / Конспект Ежелгі Римнің мәдениеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Конспект Ежелгі Римнің мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Конспект Ежелгі Римнің сол кездегі мәдениеті және мифтері, тапсырмалар, жалпы білім беретін мектепке 5-6 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2021
925
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕЖЕЛГІ РИМНІҢ МӘДЕНИЕТІ

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Римнің мәдениеті мен ақын-жазушылардың шығармашылығын оқыту.

Сабақтың міндеті:

Білімдік: Ежелгі Римнің мәдени дамуының негіздері мен ерекшеліктерін, білім жүйесін оқыту.

Дамытушы: Ежелгі Римнің түрлі ақын-жазушыларын римдік құқық жүйесі туралы баяндау, кестені толтыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ауызекі сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс жасау, ізденіс.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын тексеру: тест

  3. Жаңа сабақты меңгеру

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Римдік дін, білім жүйесі

  2. Римнің әйгілі ақын-жазушылары

  3. Римдік құқық

Мәдени дамудың негіздері мен ерекшеліктері. І-ІІ ғғ римдік қоғам өзінің жоғары даму деңгейіне жетті. Рим мәдениеті енді Италия аумағынан шығып, жерортатеңіздік ауқымға көтерілді. Ол империя құрамына кірген көптеген халықтардың мәдени құндылықтарды өзіне қосты. Рим империясы әлеуметтік құрылымы бойынша ежеогі дүниедегі ең күрделі елдің бірі болды. Өйткені оның құрамындағы елдер дамудың әртүрлі сатысында тұрды. Олардың алуан түрлі мәдениеті жерортатеңіздік мәдениеттің дамуына ықпал етті. Римдіктерде грек дінінің ықпалы күштірек болды. Мәселен, Юпитер грек құдайы Зевспен, Венера-Афродитамен, Марс-Ареспен байланыстырыла түсіндірілді. Вулкан- от пен темір ұсталығы құдайы, Нептун-теңіз құдайы, Диана-ай құдайы саналды. Елге қамқор болсын деп адамдар құдайларға сиынды. Әртүрлі діни әдет-ғұрыптарды ойлап тапты, құрбандықтар шалды, абыздар бұл әдет-ғұрыптардың дұрыс жүргізілуін қадағалады. Храмдардағы тәртіпті реттеп отырды.

Білім жүйесі. Римдік білім жүйесі жергілікті, яғни римдік-италиялық негізде дамыды. Дегенмен көп дүниелер гректерден алынды. І-ІІ ғғ империядағы білім үш сатылы болды:1ші бастауыш сатысы 7 жастан басталып, оқу 4-5 жылға созылып, мұнда ұлдар мен ұыздар оқыды; 2-ші сауаттылық мектебі, оқу бағдарламасы бес пәнді оқытуға: латын әдебиеті, римдык құқық негіздері, философия бойынша бастапқы білім, грек тілі жіне математика;3-ші шешендік мектебі, 16 жастан бастап, 3-4 жылға созылды.оқу ақысы өте қымбат болды, 5 пән кеңейтіліп оқытылды.

Римнің әйгілі ақын-жазушылары. Ежелгі Римнің атақты шешешні, жазушысы әрі саяси қайраткері Марк Тулий Цицерон білімін Кіші Азия мен Афиныда жетілдірді.Оның 800-ден астам трактаты мен хаттары болды. Саяси бағыттағы 58 туындысында оның ұлағатты сөздері баяндалған. Империя құрылатын кездеримдік әдебиеттің үш алыбы: Вергилий, Горациий және Овидий еді. Вергилийдің (б.з.б. 70-19 ж) «Буколиктер» атты өлеңдер жинағы белгілі.көркем әдеби тілмен бейбіт өмірдің құндылығын көрсетті, достық пен сүйіспеншілікті жырлады. Вергилийдің екінші еңбегі – «Георгик» жерді қалай өңдеу, тыңайту және өгізді қалай күту туралы айтылады. Ақын мұнда егінші еңбегін қызықтыра сипаттайды, адам мен табиғаттың тығыз байланысты екенін шеберлікпен бейнелейді. Рим поэзиясының шыңы – Элеида дастаны. Онда Троя құлағаннан кейін оның батырларының бірі Эней қаладан кетеді. Ол көп жүріп Италияға келеді. Тарихи тақырыпта жазылғанына қарамастан дастан өз уақытының күрделі мәселелерін де қарастырды. Озбырлық пен байллыққа мән беріліп отырған қоғамда Энейдің бейнесі адалдығымен ерекшеленеді.

Гораций (б.з.б. 65-8 ж) –рим ақыны, шағын сатиралық жинағы бар. «Өлеңдер» атты лирикалық сипаттағы төрт кітабы болды. Ал «хаттар» еңбегі әдебиет, этика мәселереіне арнады. Оның римдік әнұран сияқты шығармасы «Ғасырлар әні» деп аталады. Ол ән ретінде б.з.б. 17 жылы үлкен мереке кезінде айтылды. Гораций монархиялық тәртіпті дәріптеді. Октавиан Августтан қолдау көре отырып, оның билік жүйесін жырлады. Ол әрбір азамат міндеттерін адал атқаруы тиіс, саяси іске көп араласпауы керек дейді. Овидий (б.з.бб 43-б.з. 18 ж) ақсүйектер арасында өскен ақын, оның өлеңдері ақсүйектердің көңіл күйін білдірді. Оның кейбір ойлары Августтың ішкі саясатына сай келмеді. Сол себепті оны империяның алыс шетіне жер аудартты. Ол мұнда өмірінің соңғы он жылын өткізді. Жастық шағында сүйіспеншілік пен махаббат мәселелерін жырлады. Есейе келе тарихи-мифологиялық тақырыпта екі поэма жазды.

1 тапсырма. Мына сөйлемдердің қайсысы жалған

  1. Римде жылына 2 айға созылатын мереке ұйымдастырылды

  2. І ғасырда 50 мың адам сиятын амфитеатр Колизей салынды

  3. Өнер адамдарына көмек көрсетуді Траян император қолға алды

  4. Мерекеде гладиаторлар шайқастарын тамашалау римдіктердің басты ермегі болды

  5. Ежелгі Римдегі «Тарих» атты еңбектің авторы Лукреций болды.

2 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Гораций мен Овидий еңбектерінің айырмашылғы қандай?

  2. Римдегі және Ежелгі Грекиядағы білім жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары?

  3. Марк Иулий Цицеронның шығармаларын талдаңыз.

3 тапсырма. Әлемнің жеті кереметін жазыңыз





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!