Материалдар / Конспект Ежелгі Римнің саяси және қоғамдық құрылысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Конспект Ежелгі Римнің саяси және қоғамдық құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Конспект Ежелгі Римнің саяси және қоғамдық құрылысы жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныбына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2021
2054
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕЖЕЛГІ РИМНІҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Римнің саяси және қоғамдық құрылысын талқылау.

Сабақтың міндеті:

Білімдік: Римнің қоғамдық құрылысын, жаулаушылық соғыстарының барысын оқу.

Дамытушы: Ежелгі Римнің патшалық, республикалық, империялық кезеңінің ерекшеліктерін оқыту, кестені толтыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ауызекі сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс жасау, ізденіс.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын тексеру: тест

  3. Жаңа сабақты меңгеру

Жаңа сабақты оқытудың жоспары:

  1. Апениин түбегінің табиғи географиялық ерекшеліңтері

  2. Патшалық кезеңдегі саяси және қоғамдық құрылысы

  3. Республика кезеңіндегі саяси және қоғамдық құрылысы

  4. Спартак бастаған құлдар көтерілісі

Апеннин түбегі Балқан түбегінің батыс жағында орналасқан. Сырттай қарағанда ол етікке ұқсайды. Оның оңтүстігінде Сицилия аралы жатыр. Ал батысында Корсика және Сардиния аралдары бар. Оларды түбектен Тиррен теңізі бөліп тұр. Грекиямен салыстырғанда егіншілікке қолайлы ойпаттар ен жазықтар көп. Ерте кездері Италияның ауа райы салқындау және ылғалды болды. Неше түрлі өсімдіктер мен жеміс ағаштары өсті. Аңдар мен жануарлар да көп еді. Қой,сиыр және шошқа ертерек қолға үйретілді. Табиға қазба байлықтарынан темір, мыс, қалайы, мәрмәр, алтын және күміс өндірілді.

Патшалық кезеңдегі саяси және қоғамдық құрылысы. Аңыз бойынша, оның негізін қалаған және алғашқы патшасы болған Ромул еді. Римде ақсақалдар кеңесі – сенат деп аталып, римнің маңызды мәселелрі қаралы, сенаттың ұсынысымен патша сайланды. Сондықтан да Рим тарихының бұл кезеңі патшалық дәуір деп аталды. Ол б.з.б. 753-509 жж қамтиды, бірақ римдік патшалар ежелгі шығыстағыдай қызметін мұраға қалдыра алмады. Көрші аймақтарды бағындырды. Патрийцилер байырға тұрғындар ретінде ерекше құқыққа ие болды. Ал көшіп келгендер плебей деп аталды. Олардың сенатқа қатысуына құқы болмады, әскерге алынбады. Б.з.б. VІ ғасырды елде үлкен мүліктік жіктеліс басталды. Олардың бір бөлігі байып, көпшілігі кедейленді. Бұл жағдай әсіресе плебейлерде айқын байқалды.олардың сенатқа қатысуына болмады, әскерге алынбады.

Республика кезеңіндегі саяси және қоғамдық құрылысы. Енді Римді арнайы қызметкерлер басқаратын болды. Жыл сайын сайланып отыратын бұл қызметкерлер – магистраттар деп, мемлекеттің жоғарғы органы халық жиналысы деп есептелді. Онда заңдар, соғыс және бейбітшілік туралы шешім қабылданды. Халық жиналысында барлық қызметкерлер сайланатын болды. Сенаттың рөлі күшейді. Ол халық жиналысын да, барлық қызметкерді де бақылап, тексерііп отырды. Рим республикасы б.з.б. 509-27 жылдар аралығында өмір сүрды.

Римнің жаулаушылық соғыстары. Плаебейлердің жеңісі елдің жауынгерлік қуатын арттырды. Б.з.б. ІV ғ Рим өзінің көршілерінен әскери-техникасы бойынша басым түсті. Рим енді Апенин түбегін бағындыру саясатына көшті. Карфагенмен соғыс 264 жылы басталды. Бұл соғыс арасындағы үзілістермен, бір ғасырға созылды. Карфагеннің қолбасшысы Ганнибал болды. Ол б.з.б. 218 жылы тарихта теңдесі жоқ жорықты іске асырды. Испаниядан орасан зор армияны бастап шықты. Альпі тауларынан асып, Италия жеріне келді. Мұнда ол бірнеше жеңістерге қол жеткізді. Бірақ, римдіктер африкаға келіп, Карфагенге қарай жорық бастады. Карфаген билеушілері Ганнибалды Италиядан шақырып алды. Ақыры б.з.б. 146 жылы римдіктер Карфагенді толық жеңді.

Спартак бастаған құлдар көтерілісі. Римде құлдыққа түскен адамдардың саны өте көп болды. Құлдар шаруашылықтың барлық саласында жұмыс істеді. Тіпті ержүрек тұтқындарды бір-бірімен шайқастырып қызықтайтын еді. Мұндай құлдарды гладиатор деп атады. Римнің оңтүстігіндегі Капуя қаласында 200-дей гладиатор болды. Олар б.з.б. 74 жылы байларыдң озбырлығына қарсы көтеріліске шықты. Басшылары қабілетті гладиатор Спартак еді. Б.з.б. 72 жылы көктемде көтерілісшілер саны 70 мыңға жетті. Спартак оларды соғыс ісіне үйретті әскери күшке айналдыруға тырысты. Атты әскер тобын құрды. Қару-жарақ жасатты. Б.з.б. 71 жылы Брундузий қаласы маңында Спартак пен римдік әскерлер арасында ақырғы шайқас өтті. Кескілескен шайқас барысында көтерілісшілер жеңілді. Талантты әскербасы Спартак қаза тапты. Спартак бастаған құлдар көтерілісі жеңілді.

1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Патшалық және республика кезеңдеріндегі Римде қандай өзгерістер болды?

  2. Римді Гай Юлий Цезарьдың билеуі туралы айтыңыз

  3. Италияның географиялық жағдайын Грекиямен салыстырыңыз

2 тапсырма. Оқиғаларды тарихи реттілікпен жазыңыз.

  1. А) спартак көтерілісі

Б) Римдегі Азамат соғысы

В) Гай Юлий Цезарь билігі

Г) Римнің Италияны жаулап алуы

2. А) Диоклетиан император

Б) Гай юлий Цезарь

В) Август Октавиан

Г) Нерон Артист


3. А) Жалған шағыммен дарға асуға тыйым салды

Б) Армияға басқа ұлт өкілдері алынды

В) Епископ сайланды

Г) гладиаторлар пайда болды.


3 тапсырма. Артық сөзді табыңыз? Не үшін артық екенін түсіңдіріңіз

  1. Центурат, Трибалар, Сенат, Курия, Наместниктер

  2. Траян, Рудиарий, Октавиан, Нерон, Константин

  3. Энеида, Жолдама, заттар табиғаты туралы, Жаратылыс тарихы, Алтын қала

  4. Логика, астрономия, философия, арифметика, музыка




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!