Конспект "Жаңаша оқыту-сапалы білім негізі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конспект "Жаңаша оқыту-сапалы білім негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада жаңаша оқытудың әрбір ұстаз үшін өте маңызды іс екені айырықша көрсетілген.Жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін қалай сабақта қолдану керектігі айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жаңаша оқыту-сапалы білім кепілі.


Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.

Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған.

Бұл төрт дағды бір –бірімен тығыз байланыста қатар жүруі тиіс. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда тақырыпты меңгеру барлық пән бойынша зерттеу, модельдеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Осы орайда барлық күш оларды оқытып,тәрбиелейтін мұғалімге жүктеледі. "Мектептің жаны-мұғалім". Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұрМұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға.

Мен өз тәжірибемде сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды ең басты мақсатым деп шешіп, балалардың өзін-өзі тануы,реттеуіне ықпал етіп, бір-біріне қолдау көрсетуге үйретіп отырдым. Балаларды әртүрлі тәсілдермен күнделікті топқа бөліп, топтық, жеке, жұптық жұмыс жасап отырдым.Топтық жұмыс кезінде бір-біріне көмектесу арқылы еркін сөйлеуге, өз ойларын айтуға дағдыланды.Сабақ соңында бағалаудың түрлерін қолдандым.Бағалаудың мақсаты-балалар өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалау арқылы шынай жеткен жетістіктерін көре алады.

Бағалау кезінде смайликтер,"Бағдаршам","Геометриялық фигуралар"арқылы бағалап отырдым.

Сонымен қатар сабақ соңында "Кері байланыс" жүргізудің тиімділігі жоғары.

Өйткені, балалар сабақтан алған әсерлерімен нені білгенін, нені үйренгенін жазып береді,мұның пайдасы сабақ жоспарын жазу барысында ескеріліп баланың ойы іске асырылғанын байқайсыз,яғни бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Жалпы, түйіндей айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының жаңаша оқыту жүйесі нағыз жаңа ғасырдың шығармашыл ұстазы мен бәсекеге қабілетті, рухани дамыған жеке  тұлғасын даярлаудың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
















































































































х с работой и содержанием сайта. Если Вы заметили, что на данном сайте незаконно используются материалы, сообщите об этом администрации сайта через форму обратной связи.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.06.2018
335
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі