400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

контексті қт

Материал туралы қысқаша түсінік
тестке қосымша
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Геродоттан үзінді
... Кир массагеттердi бағындыруды ойлады. Массагеттер, айтуға қарағанда,
аса күштi ірi саны жағынан көп тайпа...
Массагеттердiң патшасы қайтыс болып, орнына әйелi Тұмар патшайым
таққа келедi. Кир оған елшiлерiн жiберiп, өзiне әйелi болуға ұсыныс жасайды.
Тұмар Кирдiң ойын бiрден түсiнiп, оның өзiне емес, елiне құштар болып
отырғандығын бiлiп, ұсынысынан бас тартады. Кир өз ойы iске аспаған соң,
массагеттерге ашық соғысқа аттанады. ...Тұмар өзiнiң хабарлаушыларын парсы
патшасына жiберiп, былай деген: “Парсы патшасы! Өз ойыңнан қайт. Сенiң бұл
жасап жатқан көпiрiңнiң пайдасының саған тиер-тимесiн бiлмейсiң ғой ”. Кир
өзiнiң кеңесшiлерiн жинап алып: “Не iстеуiмiз керек?” - деп кеңес сұрады. ...осы
кеңесте отырған қолбасшы мидиялық Крез: “Менiң ойымша, сенiң күшiң оларға
қарағанда артық, сен оларды жеңесiң... Менiң бiлуiмше, массагеттерде бiздiң
өмiрiмiздегi алуан түрлi дәмдi тамақ, тағамдар, шарап, сусындардың молдығы
жайлы хабар жоқ. Нашар соғысатын іскер бөлiктерiн қалдырып, өзiмiз бiр күндiк
жерге шегiнемiз”, - деп кеңес бередi...
Мұндай құрылған торға Тұмардың баласы Спаргапис өз әскерлерiмен түсiп
қалады.
...Тұмар өзiнiң бар әскер күшiмен парсыларға шабуылға шығады. Бұл
шайқас, менiң естуiмше, тарихта бұрын-соңды болып көрмеген шайқас.
Қарсыластар алғашқы кезде бiр-бiрiне қарама-қарсы тұрып алып, садақпен
атысқан. Садақ оқтары таусылғаннан кейiн, қанжар, семсер, найзалармен
соғысқан. Бiр-бiрiне берiлмей ұзақ уақыт шайқасып, ақыр соңында Тұмардың
әскерi жеңiске жеткен. Парсылардың әскерi түгелдей қырғынға ұшырап, Кирдiң
өзi де қаза болған.

1.Тұмар (Томирис) басқарған тайпа:
A) Сақ
B) Қаңлы
C) Ғұн
D) Үйсін
E) Сармат
2.Мәтін бойынша шайқасқа қатысқан елдер:
A) қаңлылар мен үйсіндердің қақтығысы
B) үйсіндер мен ғұндардың қақтығысы
C) сақтар мен парсылардың қақтығысы
D) ғұндар мен қытайлардың қақтығысы
E) сарматтар мен римдіктердің қақтығысы
3.Кирдің шайқаста жеңілу себебін анықтаңыз
A) Кирдің өз әскерін сақтардан мықты санауы
B) сақтарға көршілес тайпалардың көмекке келуі
C) үйсіндер мен қытайлар арасындағы әскери одақ құрылуы
D) қаңлы әскерінде озық техникалық қарудың болуы
E) Кирдің римдіктермен байланыста болуы
4.Өз мүддесінен мемлекет мүддесін жоғары қойған тұлға


Page 2

A) Кир
B) Томирис
C) Камбиз
D) Спаргапис
E) Крез
5.Мәтіндегі тұлғаларды мемлекеттерімен сәйкестендіріңіз
1. Томирис; 2. Кир; 3. Крез
А. Мидия; В. Парсы С. Сақ
A) 1-А; 2-С; 3-В;
B) 1-В; 2-С; 3-А;
C) 1-С; 2-А; 3-В;
D) 1-А; 2-В; 3-С;
E) 1-С; 2-В; 3-А;
Жүздер туралы
Тағы бiр мәселеге көңiл аударғым келедi. Жүз - тарихи-әлеуметтiк
категория. Ол байтақ қазақ сахарасында ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелi
шаруашылықтың жер ыңғайына қарай орналасуына байланысты .... Әрбiр
тайпалық одақ қыс қонысын, жаз жайлауын көшпелi тiршiлiктiң өзiндiк
ерекшелiгiне орай құрған. Екiншi фактор - ел қорғау, отан қорғау, жер қорғау
мүддесiнен туындаған. Үшiншiден, жетi атаға дейiн ғана араластырмай, тұқым
тазалығын сақтау арқылы этностың генетикалық қорын аман алып қалуға
бағытталған. Бұл болса, белгiлi бiр географиялық шеңберде, белгiлi бiр ортада
ортақ бүкiлхалықтық бақылауға алынған. Үш жүз бола отырып, қазақ елiнiң
тәуелсiздiгiн, қазақ жерiнiң тұтастығын қорғаған. Ортақ тiл, дiл, атамекен
халықтық бiрлiкке, мүдде бiрлiгiне қызмет еткен. “Жүз” туралы сөз болғанда
тағы бiр еске алар жағдай - ол мемлекеттiк қызметтi де орындаған. Жүз iшiнде
дау-дамай, көшi-қон жолдары, рулар арасындағы қарым-қатынас аймақтық
дәрежеде шешiлген. Жүзаралық - жер, қоныс, ел қорғау, қазақ жерiнiң
тұтастығы, әскери жасақ, ортақ қолбасшы, хандар сайлауы, т.б. ел, халық
дәрежесiндегi келiсiлiп отырған. Сонымен бiрге үш жүз көршi мемлекеттермен
қарым-қатынасты бiрiгiп, ұлттық биiктiктен барлай шешкен. Сондықтан қазақ
халқындағы жүз мәселесi әлдебiр дүмбiлез атқамiнерлер айтып жүргендей
“жүзшiлдiк”, “жүзшiл” деген ұғымнан ада жай. Жалпы, қазақ этносы - бiртұтас
этнос. Қазақ атаулы елiн, руын сұрағаны болмаса, ешқашан жүзге бөлiп
көрмеген, бiр-бiрiне атам қазақтың, бiр қазақтың баласы деп қараған.

Арғынбаев Х., Мұқанов М. , Востров В.
Қазақ шежiресi хақында. А., 2000. 9-10-бб.


Page 3


6.Жүздік құрылымның ерекшелігі
A) әртүрлі ұлттардың қоныстануы
B) тіл мен діннің әртүрлілігі
C) ортақ тіл, діл, шаруашылықтың болуы
D) экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі
E) мәдени ерекшеліктердің болуы
7.Картада «1» реттік санымен көрсетілген
A) Төле ұлысы
B) Орта жүз
C) Кіші жүз
D) Жошы ұлысы
E) Ұлы жүз
8.Кіші жүз қамтитын аймақ
A) Солтүстік Қазақстан
B) Шығыс Қазақстан
C) Батыс Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
E) Оңтүстік Қазақстан
9.Мәтіндегі екінші фактордың мәні:
A) тұқым тазалығын сақтау
B) отан қорғау
C) мәдениетті дамыту
D) этностың тұтастығын қамтамасыз ету
E) гентикалық қордың амандығын сақтау
10.Мәтінде көтерілмеген мәселелердің бірі:
A) халықты отырықшылыққа көшіру
B) жүзге, руға бөлінбеу
C) көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату
D) рулар арасындағы қарым-қатынас


Page 4

E) тұқым тазалығын сақтау
Жетiсу өңiрiндегi аттары кеңiнен мәлiм екi қала әрi жiбек жолындағы аса iрi
екi орталық болып саналатын Суяб пен Баласағұн қашаннан-ақ зерттеушiлердiң
назарын аударып келедi. Алайда авторлар еңбектерiнде едәуiр мол мағлұматтар
келтiрiледi, дегенмен осынау қалалардың тарихи тағдырларында әлi де
бұлыңғыр тұстар жоқ емес. Бұл олардың тұрған орындарын анықтауға да
қатысты нәрсе.
Суяб жайында ең көне, сонау VII ғасырдың бiрiншi жартысы мен VIII
ғасырдан қалған деректер ... мәлiметтерiнде сақталған. Будда тәуапшысы Сюань
Цзянь 629 жылы Үндiстанға бара жатқан сапарында Жетiсуды басып өтедi. Сүйе
өзенiнiң маңында ол бiр қалаға кез болады. «Оның аумағы 6-7 ли. Онда түрлi
елдерден келген көпестер мен соғдылар тұрады екен. Топырағы қызыл, тары мен
жүзiм өсiруге қолайлы. Сүйеден тура батысқа қарай бiр-бiрiнен бөлек ондаған
жеке қалалар орналасыпты». Бұдан әрi Сюань Цзянь Жетiсу қалаларының
тұрғындарын, олардың дәстүрлерiн, киiмдерiн, әдет-ғұрыптарын сипаттап,
сөзiнiң соңында бұл қалаларда диқандар мен саудагерлер тұратынын жазған.
VIII ғасырдың алғашқы жартысына дейiнгi деректер ұсынатын беймәлiм
автордың «Худуд аль-Алем» атты еңбегiнде, сондай-ақ Гардизидiң «Зайн әл-
ахбар» («Баяндау көркi») шығармасында Суяб туралы мынадай сипаттама
келтiрiледi: «бұл 20 мың адам тұратын үлкен мекен. Шаһардың әмiршiсi Ялан
шах есiмдi джабгудың бауыры екен». Баласағұнды басып алған түркiлер
(қараханидтер) ислам дiнiн қабылдап, бiрте-бiрте Орта Азияны жаулап алады.

11.Мәтінде айтылған екі қаланың орналасқан аймағы
A) Оңтүстік Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Шығыс Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
E) Батыс Қазақстан
12.Мәтінде сипатталған тарихи кезең
A) Қола дәуірі
B) Жаңа заман
C) Қазіргі заман
D) Темір дәуірі
E) Орта ғасырлар
13.Мәтінде айтылған қалалар орналасқан мемлекет
A) Қыпшақ
B) Қарахан
C) Қимақ
D) Оғыз
E) Ноғай
14.Ерте орта ғасырлық түркі империялық мемлекеттерінің астанасы болған қала
A) Науакет
B) Қарнақ
C) Сайрам


Page 5

D) Сауран
E) Суяб
15.Мемлекет орталықтарын сәйкестендіріңіз
1. Суяб; 2. Баласағұн; 3. Балықты
А. Қарахан мемлекеті; В. Түргеш қағанаты; С. Найман хандығы
A) 1-А; 2-В; 3-С
B) 1-В; 2-А; 3-С
C) 1-С; 2-В; 3-А
D) 1-С; 2-А; 3-В
E) 1-В; 2-С; 3-А

&&&


Page 6


16.Кестедегі іс-шаралар қамтитын кезең:
A) ХХ ғасырдың 80-90 жж
B) ХХ ғасырдың 20-40 жж.
C) ХХ ғасырдың 50-60 жж.
D) ХХ ғасырдың 70-80 жж.
E) ХХ ғасырдың 90 жж.
17.Кестедегі іс-шаралар жататын экономикалық жүйе
A) аралас
B) нарықтық
C) жоспарлы
D) құрамды
E) дәстүрлі
18.Кестедегі іс-шаралардың толық жүзеге аспау немесе үлкен шығындарға
әкелу себебін анықтаңыз:
A) салаларға қаржының шамадан тыс көп бөлінуі
B) екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы


Page 7

C) банк қаржы жүйесі жұмысының тұрақсыздығы
D) саясаттағы төменнен жоғары принципінің қалыптасуы
E) басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесінің кедергі жасауы
19.2-кесте бойынша Қазақстан өнеркәсібінде қалыптасқан ахуал:
A) кәсіпорындар шикізат өндірумен шектелді
B) ауыр-машина жасау кәсіпорындары қалыптасты
C) кәсіпорындаржаппай электрлендіріліп, механикаландырылды
D) автоматтандырылған кәсіпорындар пайда болды
E) дайын өнім шығаратын кәсіпорындар пайда болды
20.Кестедегі салалар бойынша ортақ белгіні анықтаңыз:
A) дербестігі күшейіп өнім өндірудің артуы
B) мемлекеттік биліктің тікелей қатысуы
C) нарықтық қатынастар негізінде дамуы
D) шетел акционерлерінің (инвестор) қаржы салуы
E) бірнеше адамдар (кәсіпкер) меншігінде шоғырлануы

&&&


Page 8




21.3-суретте бейнеленген қазақтың ертедегі мүлкі(бұйымы)
A) ер-тұрман
B) ағаш төсек
C) әшекей бұйымдар
D) киіз үй
E) сандық
22.4-суреттегі бұйымды жасауда қазақтар жиі қолданған шикізат
A) мырыш
B) қола
C) күміс
D) тері
E) темір
23.Суреттерде берілген бұйымдардың ортақ атауы
A) қазақтың жазбаша мәдени туындылары
B) қазақтың материалдық мәдениеті
C) қазақтың дәстүрлі діни атрибуттары
D) қазақтың фольклорлық туындылары
E) қазақтың ауызша мәдени туындылары
24.Киіз, туырлық, сықырлауық, желбау бұйымдары сәйкес келетін сурет
A) Сурет 1
B) Сурет 2
C) Сурет 3
D) Сурет 4
E) Сурет 5
25.Берілген суреттен «материалдық әлем белгісі» болып табылатын нышанды
анықтаңыз
A) 5-сурет
B) 2-сурет
C) 1-сурет
D) 4-сурет
E) 3-сурет


Page 9



26.2-суреттегі тұлға қызмет еткен ғылым саласы
A) медицина
B) геология
C) астрономия
D) филология
E) химия
27.қызмет еткен ортақ кезеңі
A) патшалық кезең
B) кеңестік кезең
C) тәуелсіздік кезеңі
D) кейінгі ортағасырлар
E) дамыған ортағасырлар
28.1-суреттегі тұлғаның ХХ ғ. 20-30 жылдарда жазған атақты пьесаларын
анықтаңыз:
A) «Жалбыр», «Оқыту»
B) «Еңлік -Кебек», «Айман-Шолпан»
C) «Қыз-Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»
D) «Мансапқорлар», «Халық тірегі»
E) «Қызыл сұңқарлар», «Күрес күндерінде»
29.3-суреттегі тұлғаның негізгі шығармалары:
A) «Абай жолы», «Айман-Шолпан»
B) «Арғымақтар», «Адамға табын, Жер, енді!»
C) «Алдаркөсе», «Менің атым Қожа»
D) «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры»
E) «Ана-Жер ана», «Соңғы аялдама»
30.Суреттегі тұлғаларға ортақ ақпарат:
A) өндіріс саласына айтарлықтай үлес қосты
B) ауыл шаруашылығында жетістікке жетті
C) кеңес билігі тарапынан қудаланды
D) шетелге кетуге мәжбүр болды


Page 10

E) космонавтиканы дамытты


31.Қазақ кәсіби сахнасында тұңғыш қойылған шығарма:
A) «Еңлік-Кебек»
B) «Қыз Жібек»
C) «Амангелді»
D) «Екі жауынгер»
E) «Түрксіб»
32.Тәуелсіздік кезеңінде қолдануға берілген ғимарат:
A) сурет-2
B) сурет-3
C) сурет-2, сурет-3
D) сурет-1, сурет-2
E) сурет-1
33.Елордада орналасқан ғимарат:
A) сурет-3
B) сурет-1
C) сурет-2, сурет-3
D) сурет-1, сурет-2


Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі