Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конус және оның элементтері. Конус бетінің ауданы. Киық конус және оның элементтері. Қиық конустың бетінің ауданы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Конус және оның элементтері. Конус бетінің ауданы. Киық конус және оның элементтері. Қиық конустың бетінің ауданы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Директордың әдістемелік

істер жөніндегі орынбасары:

_________ Байғабылова Л.Т.

«____» _____________2024 ж




Қызылорда медициналық жоғары колледжі

(білім беру ұйымының атауы)


Оқу сабағының жоспары


Конус және оның элементтері. Конустың бетінің ауданы. Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың бетінің ауданы.

(сабақ тақырыбы)

     

Модуль /пән атауы ЖББ-1 МАТЕМАТИКА ____________

     

Дайындаған педагог: Акмурзаева Алмагуль Кожабергеновна

2024 жылғы "29" қараша     

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ: І курс, «Мейіргер ісі» бөлімі, 4 топ

Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

2. Мақсаты, міндеттері:

11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу;

11.3.6 - конустың бүйір жəне толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану; 11.1.9 - қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; қиық конусты жазықтықта кескіндей алу;

11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару; 11.3.7 - қиық конустың бүйір жəне толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Тәрбиелік мақсаты:

-білім алушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;

-білім алушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру;

-білім алушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ міндеттері:

  • білім алушыларды өзін-өзі және топты бағалату арқылы азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;

  • топтық және жұптық жұмыстарда проблемалық сұрақтарды талдата отырып ашықтыққа тәрбиелеу;

  • өз бетімен жеке жұмыс жасату арқылы өмір бойы білім алуға дағдыландыру.

3. Күтілетін нәтижелер:

-айналу денелері қалай алынатынын тұжырымдайды;

-конус пен қиық конустың анықтамасын тұжырымдайды;

-конус пен қиық конустың түрлерін, элементтерін таниды;

-конус пен қиық конустың сызбасын салады;

-конус пен қиық конустың элементтеріне байланысты есептерді шығарады.

4. Қажетті ресурстар:

  1. Электрондық оқулық 10-11 сынып. Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2011.

  2. Мультимедиялық проектор.

  3. Дидактикалық материал.

  4. bilimland.kz

  5. https://learningapps.org/447363


5. Сабақтың барысы:

     

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-білім алушылармен амандасу;

- жоқ білім алушыларды белгілеу;

- сабақтың мақсатын хабарлау;

-бағалау критерийлерімен таныстыру.


Сабақтың басы








































































Білім алушыларды 4 топқа бөлу:

І. Үй тапсырмасын тексеру. (3 мин)

Үй тапсырмасының жауабы интерактивтік тақтада көрсетіледі.

Жұптық тексеру. Үй тапсырмасында қиындық тудырған есепті топпен біріге отырып талқылайды.

ІІ. Сәйкестендіру. Pairs. Educaplay платформасы. (8 мин)

Бағалау. Студенттерге алған ұпай саны көрсетіліп тұрады.


ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы. Өтілген материалдар бойынша қайталау сұрақтарына жауап беру: (8 мин)

1. Цилиндр дегеніміз не?

2. Цилиндрдың қандай элементтері бар?

3. Цилиндрдың радиусы дегеніміз не?

4. Цилиндрдың осі дегеніміз не?

5. Цилиндрдың биіктігі дегеніміз не?

6. Цилиндрдың жасаушысы дегеніміз не?

7. Цилиндрдің түрлері?

8. Цилиндрдің жазбасы қалай пайда болады?

Дұрыс жауап бергеннен кейін тақтада әр түрлі құрылғылардың суреттері шығады.

-Балалар бәрің экранға назар аударыңдар.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Бұл суреттер қандай денеге ұқсайды?

-Конус жайлы не айтуға болады?

Бағалау. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.


ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. (15 мин)


І. Конустың түрлері және элементтерімен таныстыру

Тік бұрышты үшбұрыштың оның бір катеті жатқан түзуден айналдыру арқылы алынған фигураны конус деп атайды.

Дөңгелек – конустың табаны

Конустың биіктігі- конус төбесінен оның табан жазықтығына түсірілген перпендикулярдың ұзындығы.

Конустың төбесі мен шеңбердің центрі арқылы өтетін түзу- конустың осі деп аталады.

Конус төбесі мен оның табанындағы шеңбердің кез келген нүктесін қосатын кесінді конустың жасаушысы деп аталады.

Табанының радиусы- конустың радиусы.



Конустың қималары

Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш

Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш Конусыты оның осіне перендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек

Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.

Негізгі формулалар

Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:

Sбүй.беті =ПRl,

Sк.тол.беті =ПRl + ПR2

мұндағы l – жасаушы, R- конустың радиусы

ІІ. Қиық конус элементтерімен таныстыру

Қиық конус деп конустың табан жазықтығына параллель жазықтықпен қиып өтсе, онда конустың осы жазықтық пен табан жазықтығының арасындағы шектелген бөлігін айтады.

І. Тақтамен жұмыс (15 мин)

(білім алушылар оқытушымен бірігіп тақтада тапсырманы орындайды)

ІІ. Топтық жұмыс. (10 мин)

1. Конустың биіктігі 6 см, ал радиусы 3 см. Конус жасаушысын табыңыз.(Жауабы: )

2. Конус жасаушысы 14 см, ал биіктігі 8 см. Конус табанындағы дөңгелектің ауданын табыңыз. (Жауабы: )

3. Конус табанының радиусы 3 см-ге, ал биіктігі 4 см-ге тең. Конустың жасаушысын табыңыз. (Жауабы:5 см)

4. Конустың табанындағы дөңгелектің ауданы 1600 , биіктігі 9. Конустың жасаушысын табыңыз. (Жауабы: 41)

5. Конустың биіктігі 8 см, ал радиусы 6 см. Конус жасаушысын табыңыз.(Жауабы: 10 см)

6. Конус жасаушысы 8 м және ол табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Конустың табан ауданын табыңдар.




Білім алушылар жұмыс нәтижесін дайын жауаптар арқылы тексереді.

Бағалау: Әр бір дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай беріледі.

ІІІ. PISA тапсырмасы немесе функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырма. (топтық жұмыс) (7 мин)

Мұнараның конус формалы шатырының диаметрі 6 м, биіктігі 2 м. Осы шатырға 0,7 м x 1,4 м өлшемді қанша темір қаңылтыр қажет? Шатырдың 10% ауданы мөлшеріндегі қаңылтыр кесуге және бекітуге шығындалады.













  1. Жауап: 39



ІV. Басқатырғыш «Сөздерді тап». Educaplay платформасы. (4 мин)

Бағалау. Студенттерге алған ұпай саны көрсетіліп тұрады.



V. Onlain Test Pad қолданып тест алу. (7 мин)

Бағалау. Студенттерге алған ұпай саны көрсетіліп тұрады.


Сабақтың соңы


Жалпы бағалау жүргізу (4 мин)

Үй тапсырмасы: 6.18 есеп 49 бет (2 мин)
















Рефлексия:

Рефлексия:( 2 мин)









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
253
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі