400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Координаталық жазықтық ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Координаталық жазықтық тақырыбында ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: №27 М. Маметова атындағы физика – математика бағытындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Балтабаева А.С.

Сынып: 6 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталық жазықтық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.4

координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;

6.3.2.3

кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;

Сабақ мақсаттары

-координаталар жазықтығында нүктені белгілеуді біледі,

-нүктесі бойынша координатасын анықтауды, фигураларды, суреттерді сала алады;

- берілген нүктелердің координаталарын таба біледі.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Бағалау критерийлері

-координаталар жазықтығында нүктені белгілейді;

-нүктесі бойынша координатасын анықтауды, фигураларды, суреттерді салады;

- берілген нүктелердің координаталарын табады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- координаталар жүйесі

- абсцисса

- ордината

- жазықтық

- кесінді

- ширектер

- нүкте

- координаталар басы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр, бірлік кесінділері бірдей екі координаталық түзуді тік бұрышты координаталар жүйесі деп атайды;

- тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады;

- берілген нүктенің абсциссасы (х) мен ординатасы (у) нүктенің координаталары деп аталады;

Құндылықтарды

дарыту


Белсенділік, шыншылдық, басқаларды тыңдай білу, жұптық, топтық жұмыстар арқылы құрметтеуді дарыту

топ ішіндегі бір бірін бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы жауапкершілікті дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия

Құрал жабдықтар

слайд, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, тақта, бор


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-3 минут



1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау. Кезекшілік тексеріп, жоқ оқушыларды анықтау.

«True, false» әдісі арқылы үй жұмыстарын тексереді

Үй тапсырмасы: №1088, 1089

1088



Жауабы: С(0; 2), С(0; -2)


1089



Слайд № 3,4,5

Сабақтың ортасы

Өткен материалды қайталау


4-10 минут




Өткен материалды қайталау (сөзжұмбақ)

«Миға шабуыл» әдісі.

« Координата» сөзжұмбағын шешу.

1.Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қандай түзулер деп аталады? (перпендикуляр)

2.Оу осі қалай аталады? (ордината)

3. Координаталар басы қандай әріппен белгіленеді? (О)

4. Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу қандай түзулер деп аталады? (Параллель)

5. Тік бұрышты координаталар жүйесін математикаға кім енгізген (Р. Декарт)

6. Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөлгендегі бір бөлігі қалай аталады? (ширек)

7. Перпендикуляр түзу неше градус жасап қиылысады? (тоқсан)

8. Ох осі қалай аталады? (абсцисса)

9. «Координаталар» сөзінің қазақша баламасы? (Реттелген)

10. Өзара тең бұрыштар? (вертикаль)

Слайд № 6,7








11-18 минут













































«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Оқулықпен жұмыс

1096, №1097, №1098


1-топ: №1096

Координаталық жазықтықта ABCD тік төртбұрышының A (-2;-2), B (-2;3) және C (4;2) төбелері бойынша оның D төбесінің координаталарын анықтаңдар. Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептеп табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.


2-топ: №1097

EFMN квадратының E төбесі координаталар басында жатыр, оның F (0;4), M (4;4) төбелерінің координаталары бойынша N төбесінің координатасын табыңдар. EFMN квадратының ауданын табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.

3-топ: №1098 (1)

Координаталары бойынша AB және CD сәулелерін сызыңдар:

A (-7;6); B (-3;4); C(7;6); D(4;4)

Координаталармен жазыңдар:

AB және CD сәулелерінің қиылысу нүктесін.



4- топ: №1098 (2)

Координаталары бойынша AB және CD сәулелерін сызыңдар:

A (-7;6); B (-3;4); C(7;6); D(4;4)

Координаталармен жазыңдар:

CD сәулесінің абсциссалар осімен (Ox) қиылысу N нүктесін.



Бағалау: «Бағдаршам» әдісі

Математика кітабы 6 сынып 2-бөлім

Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е. С. Байшоланов



Слайд № 8,9








































1-топ 2-топты

2-топ 3-топты

3-топ 4-топты

4-топ 1-топты бағалайды




















19 -29 минут












«Елестету көрінісі» әдісі. Топтық, шығармашылық жұмыс.


1 топ.
1) (2;-3), (2;-2), (4; -2), (4;-1), (3;1), (2; 1), (1; 2), (0; 0), (-3; 2) , (-4; 5), (0; 8), (2; 7), (6; 7), (8; 8), (10; 6), (10; 2), (7; 0), (6; 2), (5; -3), (2; -3).

2) (4; -3), (4; -5), (3; -9), (0; -8), (1; -5), (1; -4) , (0, -4) , (0; -9), (-3, -9), (-3; -3), (-7; -3) , (-7; -7), (-8; -7), (-8; -8), (-11; -8), (-10; -4), (-11; -1), (-14; -3), (-12; -1), (-11; 2), (-8; 4), (-4; 5)

3) көзі: (2; 4), (6; 4)


№2 топ.
1) (3; - 4), (3; - 1), (2; 3), (2; 5),(3; 6), (3; 8), (2; 9), (1; 9),(- 1; 7), (- 1; 6), (- 4; 4), (- 2; 3), (- 1; 3), (- 1; 1), (- 2; 1), (-2; - 1), (- 1; 0), (- 1; - 4), (- 2; - 4), (- 2; - 6), (- 3; - 6), (- 3; - 7),(- 1; - 7), (- 1; - 5), (1; - 5), (1; - 6), (3; - 6), (3; - 7),(4; - 7), (4; - 5), (2; - 5), (3; - 4).
2) құйрығы: (3; - 3), (5; - 2), (3; -4).
3) көзі: (- 1; 5).

3 топ.
(3; 12), (6; 9), (6; 8), (5; 9), (4; 8), (4; 2), (3; 1), (3; 0), (2; -1), (2; -7), (3; -8), (1; -8), (1; -1) ,(-2; -4), (-2; -5), (-1; -6), (-3; -6), (-3; -3), (0; 0), (-1; 1), (-3: 1), (-2; 2), (-2; 3), (-3, 4), (-3, 5), (-4; 6), (-1; 9), (0; 8), (2; 6), (2; 5), (3; 6), (3; 12)

көзі (4; 10)


4 топ.

1) (1;-4), (1;-6), (-4;-6), (-3;-5), (-1;-5), (-3;-4), (-3;-3), (-1;-1), (-1;0), (-3;0), (-3;-1), (-4;-1), (-4;0), (-3;1), (-1;1), (-1;2), (-3;3), (-1;4), (0;6), (1;4), (1;2), (3;4), (6;5), (9;2), (9;0), (8;-4), (6;-4), (5;-1), (4;-1), (1;-4)

2) көзі: (-1;3)


Бағалау: «Бас бармақ» әдісі

Үлестірме материал №1


Слайд №10














1-топ 2-топты

2-топ 3-топты

3-топ 4-топты

4-топ 1-топты бағалайды






30 - 34 минут



























35 – 37 минут

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
15.09.2023
508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі