Материалдар / Координаталық жызықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Координаталық жызықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
6-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тексерілді: Р.Шаханова

Педагогтің аты-жөні:

Жұмаханова Мирамгүл Бәлиқызы

Пән/Сынып:

6 сынып

Күні:

06.03.2025

Бөлім:

6.3С Координаталық жазықтық

Сабақтың тақырыбы:

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.3.2.3кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу;

Сабақтың мақсаты:

- кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады.

Сабақтың барысы:

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі тақырыбын қарастырамыз

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

- кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады.

«Жұбыңды тексер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау

а) егер екі түзу тік бұрыш жасап қиылысса, олар ... түзулер деп аталады.

б) егер екі түзу қиылыспаса, олар ... түзулер деп аталады.

в) Координаталық осьтер жазықтықты неше бөлікке бөледі?

г) Координаталық осьтердің қиылысу нүктесін қалай атайды?




Амандасады, үй тапсырмасына жауап береді.






Сұрақтарға жауап береді



Ауызша бағалау






Дескриптор:

- сұрақтарға жауап береді;

1-ұпай




Оқулық









Бағалау парағы

Сабақтың ортасы

Координаталық жазықтықтың координаталар жүйесі берілген жазықтық екенін түсіндіру

Горизонталь сызылған және солдан оңға қарай бағытталған координаталық түзу абсциссалар осі деп аталады. Тік сызылған және төменнен жоғары қарай бағытталған координаталық түзу ординаталар осі деп аталады.

Абциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. 

Координата – объектінің орналасқан орынын анықтайтын, деректер жинағы. Координаталар осі жазықтықты 4 бұрышқа бөледі. Оларды координаталық ширектер деп атайды.





Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады














Бағалау: тапсырмалар ды орындау барысында оқушыны ауызша марапаттау, ынталандыру.







Презентация


Qalan.kz платформасы арқылы тақырыпты қайталау мақсатында тікбұрышты координаталар жүйесінде берілген нүктелердің координаталарын табады.

Оқушылар Qalan.kz платформасы арқылы берілген нүктелердің координаталрын белгілейді

Дескриптор:

- координата

ларын анықтайды;

1-ұпай

https://qalan.kz/


Бағалау парағы


Жұптық жұмыс (оқулықпен жұмыс)

1122.

M(0;5), N(8;1), C(2;2), D(-6;-2) нүктелерін координаталық жызықтыққа белгілеңдер. MN және CD түзулерінің қиылысу нүктесінің координатасын табыңдар. Осы түзулердің қайсысына К(0;1) нүктесі тиісті болады?

Оқушылар жұптасып отырып, оқулықпен жұмыс жасайды.

Дескриптор:

-Тікбұрышты координаталар жүйесін нүктелерді белгілейді;

- қиылысу нүктесінің координатасын табады;

- К(0;1) нүкте

сін тиісті ме анықтайды;

2-ұпай

Жалпы білім беретін мектептің 6–сыныбына арналған оқулық.



Бағалау парағы


Сергіту сәті

Тақтадан математикалық сауаттылыққа байланысты тапсырмалар көрсетіледі

1) Заңдылықты тауып, сан тізбегінің 7-ші мүшесін анықтаңыз.

5...10...12...24...26...

2) Заңдылықты тауып, сан тізбегінің 7-ші мүшесін анықтаңыз.

1; 4; 10; 19; х; у

х+у мәнін есептеңіз


Математикалық сауаттылық есебін орындайды

Дескриптор:

-заңдылықты орындайды;

1-ұпай


Слайд

Бағалау парағы


Топтық жұмыс (функционалдық сауаттылық)

Оқушылар берілген координаталар арқылы тікбұрышты координаталар жүйесіне нүктелерді белгілейді. Белгіленген нүктелерді қосу арқылы сурет құрастырады.



Оқушылар функционалдық сауаттылықа байланысты берілген тапсырманы топпен бірлесе отырып жасайды.

Дескриптор:

- координата

ларын табады;

- нүктелерді қосады;

- сурет құрастырады;

3-ұпай

Ақ қағаз

Қалам

Маркер

Бағалау парағы


ЕБҚ

A, B, F және C, D, K нүктелерін қосып, шыққан фигураны атайды



Берілген тапсырманы орындайды

1) түзу

2) үшбұрыш


Дескриптор:

- нүктелерді қосады;

- суретті атайды;

2-ұпай



Парақша


Бағалау парағы


Жеке жұмыс

A, B, C, D, F, K нүктелерінің координаталарын және әр нүктенің ширегін анықтаңыз.

Тапсырманы орындайды


Жауабы:

A(-4;3); B(-2;0); C(3;4); D(6;5) F(0;-3); K(5;-2)


Дескриптор:

- координа

таларын анықтайды

- әр нүстенің ширектерін анықтайды;

3-4 нүктені дұрыс тапса, 1-ұпай

5-6 нүктені дұрыс тапса 2-ұпай


Парақша



Бағалау парағы






Сабақтың соңы

Бүгінгі сабақта:

- кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен таба алдық па?


Рефлексия

«Сиқырлы кітап» әдісі арқылы кері байланыс

аламын


«Ұстазға хат» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс аламын.


Үйге тапсырма. №1123



Тақырыпты меңгергенін анықтау





Мұғалімге бүгінгі тақырып бойынша кері байланыс қалдырады.

Ауызша бағалау

Жарайсың!

Өте жақсы!




Бағалау парақтары бойынша жинаған ұпаймен 1-10 аралығында бағалау



Презентация
































Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі