Материалдар / Көп постылы қорек көздері туралы жалпы мағлұмат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көп постылы қорек көздері туралы жалпы мағлұмат

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
260
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Көп постылы қорек көздері туралы жалпы мағлұмат.
Шектеулі өндіріс алаңдарында пііру посттарының айтарлықтай көлемін
орналастыру қажеттігі барысында қуаттау көздерінің қуаттылығы жоғары
тҥрлерін қолданған жөн. Бұндай көздер бір уақытта бірнеше пост
жұмыстарын қуат көзінің шығыс қысқышына қосылған жалпы өткізгіш
арқылы қамтамасыз етеді. Бұндай көздерді қуаттаудың көппостылы көздері
деп атайды.
Көппостылы доғаның қуат көздеріне қойылатын негізгі талап
– қондырылған жəне өтпелі режимдегі басқа посттар əсер етуінен тəуелсіз,
оған қосылған əрбір посттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.












1-сурет. Пісіру постын көптостылы
қуат көзіне қосу схемасы:
В – тоқ көзі; СП1 – СПn – пісіру посты; ШС – шинасым;
РБ – балласттық кедергі


Посттардың бұндай тəуелсіздігі əрбір пост ҥшін дөңгелек өткізгіш арқылы
жасалатын бос жҥріс кернеуінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Көппостылы қуаттауды электродтармен жабындалған қолмен доғалық пісіру,
флюс арқылы автоматты пісіру жəне көмірқышқыл газ ортасында
механикалық пісіру ҥшін қолданады. Көппостылы қуаттауда əрбір пісіру
посты бөлек постылық (балласттық) кедергі арқылы дөңгелек өткізгішке
жалғанады.
Қосу схемасы 1-суретте көрсетілген. В көппостылық көз n пісіру посттарын
(СП1–СПn) жалпы дөңгелек өткізгіш ШС арқылы өткізеді. Әрбір пісіру посты
дөңгелек өткізгішке балласттық қарсылық РБ арқылы жалғанған.

Қуат көздеріне арналған көмекші қондырғылар

Тұрақты жəне өзгермелі тоқта пісіру жасауға арналған көптеген арнайы
доғаны қуаттау көздері доға жануын жеңілдететін қондырғылармен
топтамаланады.
Осцилляторлар, жоғары кернеу тоқтарын (2...5 кВ) жəне жиіліктерін
(150...250 кГц) құрушы , қуаттылығы аз (100...300 Вт), жоғары жиілікті,
кеңінен қолданыс табудағы генераторларлар.
Пісіру доғасын пісіру тоғының негізгі көзімен бірге жоғары жиілікті жəне
жоғары кернеулі тоқпен қосарынан қуаттау, доғаның тұрақты жануын
арттырып жəне оның тұтануын
жеңілдетеді. Доғаның жануы электродтың бұйыммен жанаспауынсыз ақ
қамтамасыз етіледі, бұл əсіресе, қорғаныс газдарында вольфрамдық
электродпен пісіру барысында қажет болып табылады . Осциллятордан
импульстік тоқты беру барысында бұйым мен электрод арасында аралықтың


Page 2

ҥзілуі орын алады. Онда еркін электрондар пайда болып, негізгі тоқтан
қуатталатын доғаның жануына жағдай жасайды.












2-сурет. ДТ-2 доға тұрақтандырғышын қосу
схемасы:
Т – пісіру трансформаторы; ТА – тоқ трансформаторы; К – контактор;
С – конденсатор; ЗУ – қуаттаушы қондырғы; БУ – басқару бөлігі; Д –
доғалық аралық


Жоғары жиілікті жəне кернеулі тоқ адамға қауіпіз. Тұрақты тоқты қуаттау
көздерімен бірге осцилляторлар доғаны бастапқы қозғалысқа келтіру ҥшін
қолданады, ал өзгермелі тоқты – доғаны бастапқы қозғалысқа келтіру ҥшін де
жəне полярлығын ауыстырғаннан кейін (тоқ синуоидтарының нөлден
ауысуынан кейін) де қозғалысқа тҥсіруге, яғни доғаның тұрақты жануын
қолдау ҥшін қолданады. Осцилляторларды негізінен аз қуатты доғалық пісіру
барысында, аргонды доғалық пісіру барысында, жұқа қаңылтыр металды
доғалық пісіру барысында, пісірулі тоқ көзінің бос жҥрісінің төмен кернеуінде
қолданады.
Тұрақтандырғыштар кернеу пульсінің əрбір артуы кезеңінде, нөлдік
шамадан тоқтың өтуі кезінде нақты тҥрде доғаны қайта жаға отырып, жанатын
электродпен өзгермелі тоқта пісіру жасау барысында, пісіру доғасының
тұрақты жануына қолдау көрсетеді.
Қосу схемалары 2-суретте көрсетілген СД -2 доғасының
тұрақтандырғыштары қуаттаушы қондырғылардан ЗУ, тоқ
трансформаторының ТА конденсаторынан С, контактор К жəне
басқару бөлігінен БУ құралады. Конденсатор қуаттаушы қондырғыдан
қуатталады жəне тоқтың нөлдік шамадан өтуі барысында доғалық аралыққа
дейін Д доғалық разрядты т ұрақтандыра отырып тоқ жоғалтады.
Тұрақтандырғыш бөлек бөліктерді білдіреді ж əне пісірулік
трансформаторының Т екінші орамасына қосылады.
Алюминийдің жəне оның қорытпаларының балқымайтын электродпен
өзгермелі тоқта аргонды доғалық қолмен пісірілуі барысында доғаның жануын
жҥзеге асыру жəне т ұрақтандыру ҥшін ВСД -01 қозғалтқыш-
тұрақтандырғышты қолданады. Ол доғаның тұрақты жануын доға аралығы 6
мм жəне бұйым мен электрод арасындағы тҥйісу аралығы 2 мм дейінгі
ұзындығында
қамтамасыз етеді. Доғаны қуаттаушы көздер ретінде пісіру соңында пісіру
тоғын баяулата азайтуды реттеушілер кеңінен қолданылады. Бұл пісірудің
аяқталуы кезінде жіктерінің кратерін дəнекерлеу ҥшін қажет.

Бақылау сұрақтары


Page 3

1. Пісіру доғасының қуат көзіне қандай негізгі талаптар қойылады?
2. Пісіру трансформаторлары, тҥзеткіштер, генераторлар,
ауыстырғыштар қалай құрастырылған?
3. Пісірудің тұрақты процесі кезінде доғаның қуаттау көзі мен сыртқы
сипаты арасындағы өзара байланыс қандай?
4. Қуат көзінің тиімді тҥрін қалай таңдауға болады?
5. Пісіру доғасының қуат көзінің көмекші қондырғыларын қалай
тағайындайды?
6. Неге электродтармен жабындалған қолмен пісірілетін доға қуаты көзін
керемет құламалы сыртқы сипатымен бірге қолданады?
7. Қатты сыртқы сипатты доғаның қуат көзінен пісіруге арналған
құламалы сипатты алады?
8. Инвенторлық қуат көздерінің ерекшеліктері қандай?


Виноградов В.С.
В493 Электр доғалы пісіру: орта кəсіптік білім беру

ҧйымдарының студенттеріне арналған оқулық / В.С. Виноградов. – 8-басылым, стер. –
М.: «Академия» баспа орталығы, 2015. – 320 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!