Материалдар / Көп тіл білгім келеді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көп тіл білгім келеді

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге қосымша ақпарат алу үшін керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні : қазақ тілі

Күні:

Сабақ тақырыбы: Көп тіл білгім келеді.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер негізінде тақырып туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: Сабақ барысында сөзжұмбақ шешіп , түлі ойындар арқылы ой -өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Тақырыпқа сүйене отырып қазақ тілін үйретуге, отанын сүюге үйрету, рухани – мәдени тәрбие беру.

Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті тақта, сөзжұмбақтар, мақалдар, білім ағашы, класстер, сағат ойыны.

Әдістер: сұрақ –жауап, диалог, топтық, сергіту жаттығуы.

Сабақтың ұйымдастырылуы:

1. Сәлемдесу. Көңіл күйіміз көтеріңкі болу үшін ән айтамыз. «Жаса, Қазақстан!».

2. Үй тапсырмасын сұрау.2- тапсырма, 4 беттегі

3. Жаңа сабақ. Оқушылар көп тіл білгім келеді дегенді қалай түсінесіңдер?

Біз көп тіл білуіміз керек. Өйткені қазір жедел дамып бара жатқан соң тілді білу артық болмайды.Басқа тілді үйрену үшін , ең алдымен , өз ана тіліңнің қыр –сырын білуіміз керек. Зерттеушілердің пікірінше басқа тілде жетік сөйлеу үшін неше сөз білген дұрыс? Қазақ тілі қандай тіл?

Балалар сендер екі топ болып отырсыңдар.Біз қазір топпен жұмыс жасаймыз.

7- тапсырмада екі топтан бір –бірден оқушы шығып 5- тапсырмадан көптік жалғау жалғанған сөздерді табасыңдар?

8- тапсырма . Тіл үйренушілердің өз тәжірибесі туралы пікірін тыңдап аударамыз.

1. Бәйтерек тобы.

1. « Шет тілдерін үйрену үшін сөз жаттау, ғаламтор арқылы түрлі ұлт өкілдерімен байланыс орнату қажет».

2. « Күніне ғаламтордан қойын дәптеріме 50 сөз көшіріп жаздым. Соны жолда, қолым бос кезде , қоғамдық көлікте жаттап жүрдім. Күніне 40 сөз тіркесін жаттаймын».

3. « Жалпы тіл үйрену үшін ғаламтордағы онлайн – курстардың көмегі зор».



2. Астана тобы.

1. « Жалпы , тіл үйрену үшін адамның өзінде қызығушылық болу керек».

2. «Негізі тіл үйренудің ең оңай жолы – сол тілдің Отанына бару».

3. « Бала өз ана тілін жақсы білсе, басқа тілді үйренуі жеңіл болады».

Енді сөзжұмбақ шешеміз . «Қазақ тілі» деген.

Кавычки сөзінің аудармасы.

  1. Дауыстыға басталып, дауыссызға аяқталатын буын..

  2. Онсыз астың дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ.

  1. Парк сөзінің аудармасы.

  2. Қай жыл мезгілінде қар жауады?

  3. Көптік жалғау.

  4. Қазақ тілінде неше септік бар.

  5. Түсі сары сүйкімді

Дәмі қышқыл бір түрлі,

Ащы дей де алмайсыз,

Шекерсіз жей алмайсыз

Ол не?

9. Кімнің ? ненің ?деген сұраққа жауап беретін септік

Сергіту сәті.

Тапсырмалар.

Диалогты оқып , аударып, түсіндіру.



1. Бәйтерек тобы



Диалог

-Сәлем

  • Сәлем , қалың қалай?

  • Сен үйірмеге барып жүрсің бе?

  • Иә, барып жүрмін . Ағылшын үйірмесіне. Өзінше?

  • Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін.Көп тіл білгім келеді

  • Иә , қазір көп тіл үйрену керек.

  • Сау бол!

  • Сау бол!

2. Астана тобы.

Диалог



  • Сәлем Асем

  • -Сәлем ,Асан. Қалың қалай?

  • Жақсы. Асан неше тіл білесің?

  • Мен қазақ, орыс тілін білемін.

  • Мен қазақша дұрыс сөйлей алмаймын үйретші маған?

  • Әрине, үйретемін. Біз Қазақстанда тұрған соң қазақ тілін білуіміз керек.

Білім ағашының сұрағына жауап беруіміз керек.

1. Бәйтерек тобы.

1. Қазақ тілінде неше жалғау бар?

2. Антоним дегеніміз?

3. Сұраулық шылау?

4. Қазақ тілінде неше септік бар?

5.Оқушы сөзін көпте, сұраулық шылау жаса?



2. Астана тобы.

1. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді.

2. Синоним дегеніміз?

3.Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

4.Көптік жалғау?

5. Септіктерді ата?

Ойын . Сағатта қандай сөз жасырынды соны табу.

Сабақты қорытындылау.

Балалар біз көп тіл білу үшін не істеуіміз керек?

Тіл үйренемін.

Тіл үйрену үйірмелеріне барамын.

Сөздерді жаттаймын.

Бекіту .Қазақ тілі қандай тіл ? Класстер толтыру.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 6- тапсырма.Мәтін бойынша бірнеше сұрақ қой.

Рефлексия . Оқушыларға жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш таратылады соны көтереді. Тақырыпты түсінген бала жұлдызша, орташа түсінген төртбұрыш, түсінбеген оқушы үбұрыш көтереді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!