КӨП ТІЛ БІЛУГЕ ТОСҚАУЫЛ ЖОҚ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӨП ТІЛ БІЛУГЕ ТОСҚАУЫЛ ЖОҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеңседе, жұмыс арасында, үйде, бос уақытта мобильді қосымшаны ашып, қазақ, орыс, ағылшын тілін тез үйренуге әбден болады. Әрі тегін, әрі тиімді. Мұндай қосымшаны пайдаланушылар қатары Қазақстанда да көбейіп келеді. Халық пайдаланып жүрген мобильді қосымшалар Soyle.kz порталы мен Sozdik.soyle.kz тақырыптық сөздiгі екен. Оларды мемлекеттік тілді дамыту қоры іске қосқан. Soyle.kz қосымшасын телефонға немесе планшетке жүктеп алып, мемлекеттік тілді өзіңізге ыңғайлы уақытта үйренуге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӨП ТІЛ БІЛУГЕ ТОСҚАУЫЛ ЖОҚ


Қолыңыздағы қарапайым ұялы телефондарға енгізілетін арнайы мобильді қосымшалар мемлекеттік тіл мен әлем тілдерін де жылдам үйренуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жастарға өте қолайлы. Кеңседе, жұмыс арасында, үйде, бос уақытта мобильді қосымшаны ашып, қазақ, орыс, ағылшын тілін тез үйренуге әбден болады. Әрі тегін, әрі тиімді. Мұндай қосымшаны пайдаланушылар қатары Қазақстанда да көбейіп келеді.

Халық пайдаланып жүрген мобильді қосымшалар Soyle.kz порталы мен Sozdik.soyle.kz тақырыптық сөздiгі екен. Оларды мемлекеттік тілді дамыту қоры іске қосқан. Soyle.kz қосымшасын телефонға немесе планшетке жүктеп алып, мемлекеттік тілді өзіңізге ыңғайлы уақытта үйренуге болады. Қосымшаға Soyle.kz порталының барлық бөлімдері және де 3500-ге жуық сөз бен 700-ден астам тілдесу үлгілері толықтай дыбысталған. Қазір бұл дамытылып жетілдірілген.

Желіге «Тақырыптық сөздік» материалдары да еніп отыр. Жинақталған 50 тақырып күнделікті өмірдің негізгі салаларын қамтиды, бұл есте сақтауда қиындық тудыратын сөздерді кезең-кезеңмен меңгеруге мүмкіндік береді. Мобильді қосымшалар қазақ, ағылшын, орыс тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау, жастар арасында IT-білімдерін қалыптастыру мақсатында жасалған. Оны пайдалану нәтижесінде әрбір адам арнайы тілдік курстарға кететін алтын уақытын үнемдей алады.

Ағылшын және қазақ тіліндегі кітаптарды да оқуға мүмкіндік мол. Оны «Кitap.kz» атты тегін мобильді қосымшаны жүктеп алып жүзеге асырсаңыз болғаны. Онда 500-ден аса автордың 4000-ға жуық кітабы жинақталғаны белгілі. Мобильді қосымшаның бір артықшылығы кез келген жағдайда өзіңізбен бірге алып жүресіз. Әсіресе, ауыл-аймақтардағы оқырмандар интернеттен ұнаған кітапты жүктеп алып, кейін интернет жоқ жерде онлайн оқи береді. Ал, балаларға арналған жүктемелердің қатарында Abaialemi.kz онлайн-энциклопедиясының, Tattialma.kz балалар әдеби сайтының мобильді қосымшалары, сондай-ақ, «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Қазақстанның мерекелері» және тұңғыш отандық зияткерлік ойыны «Кім білгіш?» атты қосымшалар да бар екенін айта кеткен жөн. Үйренгісі келген адамға қазір барлық жағдайлар жасалып жатыр. Тек ынта қажет. Енжарлық пен немқұрайлылықты артқа тастап, заман ағымына ілесе білгеннің ұтары көп. Қысқасы, көп тіл біліп, көп ақпарат алуға ешқандай тосқауыл жоқ. Бұл өз өзіңізді дамытудың жолы ғана. Ал, арнайы курстардың жөні бір бөлек.


Ұлтуған АЛДАСБЕРГЕНОВА,

Арал көпсалалы колледжінің оқытушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2022
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі