Материалдар / Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2021
473
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

8.1.В Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу.

Мектеп: №169 мектеп-лицей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дәулет Гүлзихан

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.1. Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалары, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану

Сабақтың мақсаты

  • Үшбұрыштың тамаша нүктелерін біледі;

  • Есептер шығаруда тамаша нүктелердің қасиеттерін қолданады

Бағалау критерийі

Тамаша нүктелерді қолданып, үшбұрышқа іштей және сырттай шеңбер сала алады

Үшбұрыштың медианалары қиылысу нүктесінде 2:1 қатынасындай бөлінетінін біледі

Үшбұрыштың тамаша нүктесі- ортоцентрді біледі

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Есептеулерде үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалары, биіктіктер және орта перпендикуляр қасиеттерін қолдануды тұжырымдай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Медиана, биссектриса, биіктік, орта перпендикуляр, үшбұрыштың ауырлық центрі,үшбұрыштың ортацентрі, іштей және сырттай сызылған шеңбер;

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Үшбұрыштың қабырғасына жүргізілген медиана дегеніміз ...

Үшбұрыштың биссектрисасы деп ...

Үшбұрыштың биіктігі деп ...

Үшбұрыштың орта перпендикуляры деп ...

Құндылықтарға баулу



Оқушыларды жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығына баулу – біздің ең маңызды міндетіміз. Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу


Пәнаралық байланыс

сызу

Алдыңғы білім


Перпендикуляр, үшбұрыштың медианасы, үшбұрыштың биіктігі, үшбұрыштың биссектрисасы


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


- оқушылардың назарын шоғырландыру үшін «Шаттық шеңбері» әдісін қолданамын. Бұл әдіс оқушыларды бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйілерін көтереді, бауырмалдылықтарын оятады;

- оқушыларды топқа бөлу үшін «Төрттік» әдісін қолданамын. Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшаларды таратамын, сол аттары бойынша топқа біріктіремін;

- үй тапсырмасын тексеру үшін «Жалғасын тап» әдісін қолданамын. Бір оқушы үйге берілген тапсырманың берілгенін оқиды, келесі оқушы тапсырманың жауабын айтады;

- «Сұрақты ұстап ал» әдісін қолданып, сабақтың мақсатын анықтаймын. Өтілген материалға байланысты келесі сұрақтарды қоямын:

1. Биссектриса дегеніміз не?

2. Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?

3. Үшбұрыштың биіктігі дегеніміз не?

4. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер дегеніміз не?

5. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер дегеніміз не?

Оқушылар берілген сұрақтаға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың осы түсініктерге байланысты екенін анықтайды;

- Сабақ мақсатын анықтағаннан кейін, оқушылар сабақ соңында қандай нәтиже күтілетіні туралы өз ойларын айтады;


«5 әдістен – 50 әдіске»

Сабақтың ортасы


Жаңа материалды игеру үшін «Атмосфера орнату» әдісін қолданамын.Тақырыпты ашу үшін әр топқа тапсырма беремін.

1-топ. Тең қабырғалы үшбұрыштың әрбір төбесінен биссекриса жүргізу тапсырылады

2-топ. Тік бұрышты үшбұрыштың әрбір төбесінен биіктік жүргізу тапсырылады

3-топ. Теңбүйірлі үшбұрыштың әрбір төбесінен медиана жүргізу тапсырылады.

4-топ. Доғал бұрышты үшбұрыштың әрбір төбесінен биіктік жүргізу тапсырылады.

Тапсырманы орындап болған соң әр топ өз тапсырмасын ортаға шығып қорғайды, осыдан не түсінгенін қорытындылайды. Тақырыпты толықтыру үшін белсенді оқытудың «Балалар философиясы» әдісін қолданып, тамаша нүктелердің анықтамасын беремін. Жалпылама пайымдау үшін қолданылатын мысалдарды келтіре отырып, есепті шығару жолдарын түсіндіремін.Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарды құрастыруға бір-екі минут беріледі.Әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысамын.

Белсенді оқытудың «Барлық оқушылармен жұмыс» әдісін қолданып тапсырмаларды беремін. Берілген әдісті қолдану мақсатым: бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушылардың бір мезгілде жұмысқа жұмылдыруын қамтамасыз етеді.

Тапсырма 1. Берілген үшбұрышқа сырттай және іштей шеңбер салыңыз.

Дескрипторы:

  1. Іштей сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесі болатынын біледі

  2. Сырттай сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың ортаперпендикулярларының қиылысуы болатынын біледі

«Мұғалімнің шолуы» әдісін қолданып, ауызша бағалау жүргіземін.

Тапсырма 2. АВС үшбұрышының ВС қабырғасы 13 см. АВ қабырғасының медианасы болатын CF кесіндісінің ұзындығы 9 см, ал АС қабырғасының медианасы болатын ВЕ кесіндісінің ұзындығы 6 см. Пайда болған ВОС үшбұрышының периметірін табыңыз.

Дескрипторы:

  1. Үшбұрыштың медианалары қиылысу нүктесінде 2:1 қатынасындай бөлінетінін біледі

  2. ВОС үшбұрыштың әрбір қабырғасының ұзындығын табады

  3. Үшбұрыштың периметрін табады

Оқушыларды бағалау үшін: «Блок ортасында бағалауды» қолданамын. Бұл әдіс мәселені қарастыруға, ұсынуға және қайталауға мүмкіндік береді.

Мақсатым: үлгермей жатқан оқушыға қолдау көрсету

Тапсырма 3. Үшбұрыштың биіктігі оны екі теңбүйірлі үшбұрышқа бөледі. Берілген үшбұрыштың бұрыштарын табыңыз.

Дескрипторы:

  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін біледі

  2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын біледі

  3. Берілген үшбұрыштың бұрыштарын табады

«Шығыс қателер» әдісін қолданамын, оқушылар өзін-өзі бағалайды.


































Ә.Н.Шыныбеков «Геометрия» 8 сынып, Алматы «Атамұра»2011





Ж.Қайдасов, Г.Хабарова, А.Абдиев «Геометрия» 8-сынып, «Мектеп» баспасы 2016

Сабақтың соңы


Сабақты постерде «Өрмекші» әдісін қолданып қорытындылаймын. Әр топ біріге отырып «Үшбұрыштың тамаша нүктелеріне» постер жасап, жасаған постерлерін қорғайды.

Сабақ соңында «Сұрағы бар жәшік» әдісін пайдаланып кері байланыс жасаймын. Оқушылар толық түсінбеген сұрақтарын жәшікке салып кетеді. Сұрақтарды келесі сабақтың барысында оқушылармен бірге талқылаймыз.

Үйге тапсырма: №120,124


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Берілген №1 тапсырманы оқушылар қолдау көрсету мақсатында келесі сұрақтарды қоямын:

1.Үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесі қандай тамаша нүкте болады?

2. Үшбұрыштың ортаперпендикуляр қиылысу нүктесі қандай тамаша нүкте болады?

2 тапсырманы орындауда кейбір оқушаларға қолдау көрсету үшін келесі түрткі сұрақтарды қолданамын:

1.Үшбұрыштың медианасы қиылысу нүктесінде қандай қатынаста бөлінеді?

2. Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

3 тапсырманы орындауда мынадай түрткі сұрақтарды қолданамын:

1.Теңбүйірлі үшбұрыш дегеніміз қандай үшбұрыш?

2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?

«Мұғалімнің шолуы» әдісін қолданып, ауызша бағалау жүргіземін.

«Блок ортасында бағалау» жүргіземін. Бұл әдісті мәселені қарастыруға, ұсынуға және қайталауға мүмкіндік береді.

Мақсатым: үлгермей жатқан оқушыға қолдау көрсету

«Шығыс қателер» әдісін қолданамын, оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Постерде «Өрмекші» әдісін қолданамын

Мақсатым: оқушылардың жаңа материалды түсіну деңгейін анықтау

Сабақ соңында «Сұрағы бар жәшік» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!