Көпжақтар.Пирамида.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көпжақтар.Пирамида.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көпжақтар және пирамида тақырыбы бойынша сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 17.10.2024 ж.


Сабақтың тақырыбы: Көпжақтар.Пирамида.

Сабақтың мақсаты:

- Пирамиданың негізгі элементтері мен формулаларын білуі, есеп шығаруда тиімді қолдана білуі.көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу;
-пирамиданың бетінің ауданының формуласын қорытып шығару, --оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Математикалық білімге қызығушылығын арттыру, математиканың өмірмен байланысын көрсету.

Сабақтың түрі: Практикалық-машықтану

Өткізу әдісі: түсіндіру, жазбаша, әңгімелеу, кітаппен жұмыс, тірек-сызбалау, талдау, жинақтау.

Пәнаралық байланыс:геометрия,физика ,сызу,тарих

Қажетті ресурстар:түрлі-түсті қағаздар,пластилин,картондар,сызғыштар,қайшы


Күтілетін нәтиже:Оқушылар есептерге талдау жасай білу, шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйрену керек.Байқағыштыққа,тапқырлыққа берілген есептерді шеше білу.Логикалық есептерді шеше білу.Өз бетімен және ұжымда жұмыс істей білу.

Үйірме сабағының барысы:

  • Баяндама 5-10минут (математика тарихы бойынша, математик-ғалымдар туралы,қазіргі заманғы математиканың даму тарихы туралы, адам өміріндегі математиканың орны туралы және т.б..).

  • Формулалар әлемі

  • Шығармашылық тапсырма.

  • Қызықты есептерді шешу.

Тарихқа шолу
Ежелден-ақ адамзат түрлі қарапайым фигуралардың аудандарын есептей білген. Мәселен, б.з.д 2000 жылдары мысырлықтар тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын есептеу үшін жуықтау формуласын қолданған. Ал Герон формуласы б.з. І ғасырында өмір сүрген александриялық Геронның «Математика» атты кітабында кездеседі. Жалпы үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеуді тұңғыш рет Архимед ойлап тапқан.(б.з.д ІІІ ғ.)

  • Дұрыс көпжақтар ежелгі заманнан бері белгілі. Олардың ою-өрнек үлгілерін оюланған тас шарлардан табуға болады. Платоннан кем дегенде 1000 жыл бұрын Шотландияда кеш неолит дәуірінде құрылған. Өркениеттің алғашқы күндерінде адамдар ойнаған сүйектерде дұрыс көпжақ формаларында болған.

  • Көпжақтар Ежелгі Египет пен Вавилонда белгілі болған. Әйгілі Египет Пирамидаларын еске түсіру жеткілікті. Гизадағы Ұлы пирамида-ежелгі жеті кереметтің ішіндегі ең көнесі. Сонымен қатар, бұл бүгінгі күнге дейін сақталған ғажайыптардың бірі. Құрылған кезінде Ұлы пирамида әлемдегі ең биік құрылым болды. Ол бұл рекордты шамамен 4000 жыл бойы сақтап қалды. Бұл дұрыс пирамида, оның негізінде жағы 233 м және биіктігі 146,5 м болатын алаң бар, оның құрылысында 20 жыл бойы күн сайын шамамен

  • 100 000 адам жұмыс істеді.

  • Пирамида (архитектурада) — пирамида үлгісіндегі алып құрылыс. Пирамида тұрғызу негізінен көне заманда етек алды. Оны ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі (Гизадағы Хеопс Пирамидасы, т.б.) ретінде тұрғызатын болған.

  • Кейбір Пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы рөлін атқарып келді. Пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадатхана тұғыры, космол. құрылыстар) Орталық және Оңтүстік Америка жерінде (б.з. 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Ежелгі Рим мен Жаңа Еуропа өнерінде Пирамида үлгісі мемориалды құрылыстар тұрғызу ісінде қолданылды.

2.«Формула әлемі» сәйкестендіру тапсырмасы.

а) Тіктөртбұрыш ауданы——-S=a b
ә) Параллелограмм ауданы——— S=a  h
б) Ромб ауданы—————-S=
в) Үшбұрыш ауданы———-S=
г) Трапеция ауданы————S=

2. Шығармашылық тапсырма

Нұр-сұлтан қаласындағы «Солтүстік шұғыла» тұрғын үй кешеніндегі әр ғимараттағы бір торкөз шаршысының қабырғасы 3,3 м деп алып,
а) 38 қабатты ғимараттың бүйір жақтары ауданын жуықтап есептеңдер;
ә) оның биіктігін есептеп тауып, оны нақты биіктігімен салыстырыңдар.

(Көпжақтар жасау)






 Кешегі пирамида (Хеопс пирамидасының суреті көрсетіліп беріледі)

Египет астанасы – Каирде оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқай сұрғылт таулар көрінеді. Ең үлкені Хеопс пирамидасы, оның биіктігі 146 м, жер бетіндегі периметрі 1000 м. Б.з.б. 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынды. Бүйір бетінің ауданын табайық.

Жауабы:  Sбүй=96100 м2

 

 Бүгінгі пирамида  (Бейбітшілік және келісім сарайының суреті көрсетіліп беріледі. )

 

Биіктігі 62  метр, төменгі  қырларының  ұзындығы  да  62 метрден болып

тұрған  Пирамида  25  қабатты  үймен  бірдей. Оның  құрылысына 12 мың

шаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тонна цемент,

900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша  құрылыс  материалын бар-жоғы

13  айдың  ішінде  сағызша  илеп, тамаша  ғимарат  етіп  шығарған  түріктің

Сембол-Иншаат”құрылыс компаниясы. Бүйір бетінің ауданын табайық.

 

Жауабы : Sбүй=8556 м2

 ( Практикалық жұмыс)Қолдағы пирамида  

Сызу пәнінде өздері жасаған пирамида модельдерінің табанының ұзындығын, апофемасын сызғышпен өлшеп, оның табанының ауданын, бүйір бетінің ауданын, биіктігін, толық бетінің ауданын, пирамиданың көлемін есептейді.

 IV. Үйге тапсырма


Үлкен пирамида —  Хеопс пирамидасының  — ежелгі заманда биіктігі 146 м болған,  қазіргі кезде  пирамиданың жоғарғы бөлігі қираған, сондықтан   оның осы кездегі биіктігі 137 м.

     Қазіргі таңдағы Хеопс пирамидасының бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын, көлемін табу және бұрынғысымен салыстыру.

142 есеп

V. Қорытындылау  

Не білдік?

Не үйрендік?

Сабақ несімен ұнады?







AutoShape 3




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.11.2024
274
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі