Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын білудің маңыздылығын түсінеді, тілдері, сөздік қорлары, сыни көзқарастары дамиды, адамгершілік қасиеттердің құндылығын сезеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы туралы білім бере отырып, тілдерін, сөздік қорларын, сыни көзқарастарын дамыту, адамгершілік қасиеттердің құндылығы туралы біліктерін шыңдау.

Күтілетін нәтижесі:

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын білудің  маңыздылығын түсінеді,  тілдері, сөздік қорлары, сыни көзқарастары дамиды, адамгершілік қасиеттердің құндылығын сезеді.

Сабақтың типі: Жаттығу – талдау, баяндау.

Оқыту әдістері: АКТ, жеке жұмыс, іздену, талдау.

Түйінді идеялар:

Бұл материалдан алған білімдерінің қажеттілігі туралы ойланады, «өзім» емес «өзіміз» деудің маңыздылығын ұғады

Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайд, өлең мәтіні.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу)

Психологиялық дайындық:

II.Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап әдісі:

Жұрт алдында дайындалу жолдарының сатыларын атаңыздар;

Психологиялық дайындық дегеніміз не?

Нақты сөзге дайындық дегеніміз не?

Күнделікті сөзге дайындық дегеніміз не?

Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдарын атаңыздар.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады,

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ,- деген екен Бұқар жырау.

Үй тапсырмасы бойынша: 114-жаттығу:



ІІІ. Жаңа сабақ:

Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы

Кіріспе:

Тәжірибелі шешендер тыңдаушының назарын аудару үшін тартымды сөз оралымдарын қолданады: «Құрметті әріптестер...», «Ханымдар мен мырзалар...», «Танысып қоялық...», «Сіздермен кездесу мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын...», т.б.

Кіріспе сөздің міндеті – тыңдаушының назарын сөз мазмұнына бұру, ойына түрткі жасау арқылы негізгі бөлімде айтылар тұжырымдарды қабылдауға дайындау.

IV. Тақтамен жұмыс:

Тапсырмалар:

1: Мәтінді түсініп оқып жоспар құрыңыздар:

... Уа Жалпақ! Ергенекті ел елімізді екі рет шапты. Бірінде мен тоналдым, бірінде сен тоналдың. Мен малымды бердім, сен жаныңды бердің, жаныңды бергенің емей немене, қырық жетіні қырқа матап бүгіп отырған қалыңдығыңды бергенсің! Білетін бе едің? Ол кезде сен жас едің. Қазір сен Жалпақ балуан атандың. Ол кезді қалай ұмытып жүрсің?-дейді.

Жоспар:

  1. Ергенектің елді шабуы

  2. Жалпақтың жас кезі

  3. Қалыңдығынан айырылуы

  4. Бала бидің шындықты айтуы

2

Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, тақырыптарын атаңыз, сәйкестендіріңіздер.

Туған жердей ел болмас

Далаға атқан оқпен тең.

Жаманға айтқан ақылың

Ормансыз бұлбұл

Аз сөз алтын-

Туған елдей ел болмас

Туған жер

Көп сөз-көмір.

Отансыз адам,

Баққанға бітеді

Мал

Алтын бесік

3.

Сөйлемдерге синтаксистік талдаулар жасау:

  1. Сен өзіңнің жағымды, жағымсыз қасиеттеріңді тани біл.

  2. Өзіңнің кемшіліктеріңді жеке басыңның туы біткен қасиеттері деп санама, оны жоюға тырыс.

  3. Өз әрекеттерің туралы сыннан қорытынды шығар, бірақ өз басыңды сынауға жол берме.

V. Сабақты қорытындылау: Сабақта қандай жұмыстар жасадық?

Не құрдық, не білдік, не үйрендік?

VІ. Сабақты бекіту сұрағы:

  • Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы неше бөліктен тұрады?

  • Жоспардың түрлерін атаңыз.

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды

VІІ. Үйге тапсырма: 118-жаттығу: Газет-журналдардан өздеріңізге ұнаған шешендік сөздерді жинап, ондағы кіріспе бөлімді ажыратыңыздар. Оларға талдау жасаңыздар. Кіріспенің жетістігі мен кемшілігін дәлелдеңіздер.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2018
5271
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі