400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

КӨПТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр. Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсу
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӨПТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ



Шымкент қаласы №28 жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмайлова Уркия Курбантаевна


«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсегеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Қазіргі кезде жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр. Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту,толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа ену және талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету. [1]

Көптілді оқыту – заман талабы. Ондағы үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды.

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халыққа Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұл қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. [2]

«Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету қажет. Осылайша біз тілдерді меңгерудің қисынды жүйесін қалыптастыра аламыз: әліпбиі – балабақша деңгейінде, мектепте – базалық деңгей, университет пен колледжде – мамандық бойынша кәсіби тіл», - деп, көптілді білім беруді дамытуға басымдық танытып отыр.

Бүгінгі күні жалпы білім беру жүйесіне енгізіліп отырған жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тілдік дағдыларды дамытуға басымдықтар берілген. Дағдыларды дамыту барысында оқушылардың бойында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіземіз:

  • Сыныптағы оқушының барлығы дерлік сабаққа қатысады;

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

  • Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

  • Оқушылардың шығармашылығын арттырады;

  • Оқушыларды жеке және топпен жұмыс істеуге үйретеді;

  • Грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

  • Оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

  • Пікірталас, талдау,анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Мемлекеттің бірінші басшысы: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазастан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады» деп сендірді. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз,-деді. [3]

Тілдік пәндерді оқу барысында оқушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді.

Сонымен қатар бастауыш сынып пәндерін оқытуда қазақ-ағылшын тілі және қазақ-орыс тілі екітілдік элементтерін біртіндеп енгізу жоспарлануда. Көптілді білімнің дамуына байланысты қазақ-орыс-ағылшын тілді ортаны кеңейту қажеттілігі туындайды.

Ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуде, қоғамдық татулық пен келісімді тұрақты ұстауда, халықаралық маңызды мәселелерде ортақ шешімге келуде, жаңа иннновациялық технологияларды, заманауи көзқарастар мен идеяларды енгізіп, кеңінен таратуда орыс тілінің рөлі айрықша екендігі баршаға мәлім.

Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда. 

Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы ізденісінің әрекетін дамытуды мақсат етеуге болады. 

Өз іс-тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде тиімді жүргізуге болады. Нәтиже бере алатын іскерлік ойындарды: «Интервью», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Тілдер сөйлейді», «Рөльдік ойындар», «Ғажайып алаң» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Балаларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болады. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болатынын да айту керек. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланады. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі» салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп орындалса, бұл тапсырмада мақал-мәтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну, үндестігін табу. Яғни, мақал-мәтелдер; «Білім инемен құдық қазғандай», «Век живи-век учись», «Live and learn»

Бұл жерде оқушылардың сөйлеу тілдері мен сауаттылықтарына назар аударылады. Ал, осы тақырып бойынша қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық бағыттағы тапсырма «Мақал-мәтелдердің баламасын жаз» ұсынуға болады. Бұл жерде оқушылар өздері таңдаған тақырыпта үш-тілде мақал-мәтел ойлап, баламасын жазуға талаптанады.

Бұл тапсырмалар балалардың ізденушілік әрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дәлелдеу дағдыларына түрткі болады. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерін дамытады. Пәнаралық байланыстың негізінде оқушылар әр пәннен алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге дағдыланады. 

Қорыта келгенде, «Тілдердің үш тұғырлығы» бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл –қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады.

Өскелең ұрпаққа үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тілретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы – заман талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Көптілді болу - заман талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады.Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі – адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр. Өзге тілді білсең – өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.

Әдебиеттер тізімі

  1. «Білім берудегі менеджмент» 1 [80] 2016ж.

  2. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал №4

  3. «Білім берудегі менеджмент» 1 [88] 2018ж.


Қосымша 1


«ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕГІ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ ПАРАҒЫ


№

Негізгі параметрлері

Параметрлерді түсіндіру

1

Аты-жөні (толық)

Уркия Курбантаевна Исмайлова

2

Жұмыс орны, қызметі (толық атауы,

қала, облыс)

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы

3

Қатысу бағыты

Көптілділік — заманауи үздіксіз білім берудің басымдығы;


4

Баяндама (материалдың) тақырыбы

КӨПТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

5

Байланыс телефоны (е-mail.ru)

87472363578

6

E-mail

Urkia.79@mail.ru


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі