Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көрісу айт-ынтымақ пен берекенің бастауы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жоспары 4-сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлімі:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны:  34            Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Көрісу айт-ынтымақ пен берекенің бастауы»

Құндылықтар

Әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу, дәстүрлермен таныстыру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.


Әнұран айтылады.Оқушыларды түгендейді

Психологиялық ахуал. «Қара жорға биі»

Саламатсыздар ма оқушылар, орындарыңызға отырыңыздар.Осы сәтте ішке Қожанасыр кіріп келеді.

Сынып іші:Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау, Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз.
Ортаға Қожанасыр келіп:
Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нәрсенің жайы, білесіңдер ме?
- Жооқ, білмейміз
- білмесеңдер, білмейтін нәрселерің жайынан қалай сөйлеймін?- деп тағы кетіп қалады.
- Енді Қожеке сұрағанда білеміз дейік - деп келіседі
- Жамағат, мен не жайында сөйлемекпін, білесіңдер ме?
- Білеміз, білеміз - деп шулайды.
- Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын - деп тағы кетіп қалады.
- Енді Қожеке сұрай қалса, білетініміз де бар, білмейтініз де бар деп айтайық - деп келіседі
- Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын білесіңдер ме?
- Білетініміз де бар, білмейтініз де бар - деп шулайды.
- Олай болса, білетіндерің білмейтіндерге үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін - деп мінбеден түсіп кетеді.
Нені білуіміз керек? Нені білмейміз?
Ау ағайын, бүгін амал мерекесі емес пе? Бүгін көрісу ғой. Ендеше көрісейік.

Мұғалім:

14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.

Бейнеролик көрсетіледі.

Қожанасыр: Оқушылар, бүгінгідей мейрамда кімнің қандай өнері бар? Білетініміз білмейтін оқушыларға тсіндіріп, көрсетпелік пе көрісу күнінің қалай тойлануы керек екенін.

-Иа, дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.

Айзере мен Інжу ортаға шығады:

Айзере: Уа, халайық! Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.

Інжу: Бұл күні үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін кез.

Әйед адамдардың көрісуін көрсетеді.
Ал, халайық! Енді осы мерекемізге ата - салтымыз бойынша ортамызға Қыдыр бабамызды шақырайық. Қыдыр баба баршамызға тілек тілеп, оң батасын берсін!

Ортаға Қыдыр ата шығап батасын береді:

Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы - уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!

Әумин. Амал мерекесі құтты болсын.

Ортаға Шадияр мен Мансур шығады

Шадияр:Көрісу мерекесі құтты болсын,

Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.


Мансур: Атамекен тазарып
Асығы түссін алшыдан.
Құт - береке кетпесін
Диқаншы мен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле - жала қазақты
Іздесе де, таппасын!

Мансур мен Шадияр ер адамдардың көрісуін көрсетеді.

Мұғалім: Ой жарайсыздар, оқушылар. Оқушылар сіздер Наурыз туралы ән білесіздер ме? Жақсы ендеше «Наурыз жыры» әнін бірге шырқайық.

Караоке «Наурыз жыры».

Сергіту сәті «Амандасу түрлері».

Суретте көрсетілген қимылдар бойынша амандасады. Мұғалім:оқушылар, сіздер бүгін көрісу туралы толық түсіндіңіздер, бідіңіздер деп ойлаймын. Ендеше қазақи түрде бір-бірімізбен көрісейік.

(Оқушылар бір-бірімен көріседі).

Қожанарсыр мен Қыдыр ата ортаға шығады.

-Оқушылар көп-көп рахмет. Бізге ұнады. Көөрісу мерекесі құтты болсын. Аман болайық.

Ал енді бізден бір қонақ кәде қабыл алыңыздар:

Күй


Қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» биін билейді













Көрісу мерекесі туралы түсінеді











Қыдыр ата бата береді

















































































Әйел адамдардың көрісуін көрсетеді.






















Ер адамдардың көрісуін көрсетеді.























Караоке «Наурыз жыры».


Сергіту сәті «Амандасу түрлері».





Қонақ кәде «Күй»













Ауызша бағалау.



Үш шапалақ әдісі













Бір-бірін бағалайды.







Қазақи киімдер



Интербелсенді тақта

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2023
868
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12