Көрісу амал дәстүрі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көрісу амал дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Көрісу амал дәстүрі

Құндылық


Мақсаттары

1) Балаларға көрісу (амал мерекесі), наурыз көже туралы түсінік беріп, өнерлерін көпшілік алдында көрсетуге үйрету;

2) Балалардың есте сақтау қабілетін, бойындағы дарындылығын, төзімділігін дамыту; Ауызекі сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, болашаққа деген сенімділігі мен сүйіспеншілігін арттыру;

3) Ата-баба салтын сақтау, құрметтеу, сыпайылыққа, бірін-бірі сыйлап көмектесуге, кешірімді бола білуге тәрбиелеу. Ата жолын үлгі тұта отырып, өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау;



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

14 Наурыз-Жаңа жылдың басы болып саналады.Еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп, наурыз айының 14-күнінен бастап, «Көрісу» салты басталады. Кей жерлерде «амал» деп те атайды.. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күні кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» – деген. Сонда көрісу дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де болған, тек бертін келе халық ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға тырысқан. Бірақ, осы батыс аймақтарда ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелі заманда сан қазына түбірімен құрып, ұмытылып кеткені шындық. Ай мен Үркердің қиылысып өтуін көшпелі жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-нен 15-на қараған күні қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-і күні халық қыс жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен. Сонымен, ертең – қазіргі күнтізбе бойынша Наурыз айы туады. Наурызды қазақ жыл басы десе, ескіше болсын, жаңаша болсын, келе жатқан Жаңа жылымыз – Наурыз құтты болсын!


Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шарттары, талаптары баршылық. Соның бірі Ұлыстың ұлы күні Наурызнамада дайындалатын «Наурыз көже» асы. Наурыз көженің мәні – жаңа жылда татулық, молшылық, мәнді, сәнді өмір болсын деген ырымдардан, тілектерден туған.


Сабақтың ортасы

Үлкен отбасынан ата шығып , көрісу туралы мағлумат береді,
Алмұрат ата :Таң сібірлеп атысымен , көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасын алдын ала дайындалып ұойған дастарханын жаяды .Міндетті түрде бауырсақ пісіріп , дастарханға тәтті пәтісімен қосып үйіп қояды.
Отбасының кішілері үлкенндеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады.Бір біріне «Бір жасыңмен дейді Оли «Бір жасқа есеюіңмен!Осы жылға аман есен жетуіңмен дегенді білдіреді.Содан кейін әр отбасы көршелерімен көріседі.Жасы кіші отбасы мүшелері, жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.
Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек , яғни түске дейін үш үйге кіріп , көрісіп үлгеруі керек.Кішкентай балаларға аналары пакет ұстатып қояды.Бала қай үйге көрісуге кірсе , сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады.Қазақ қашанда дастарханын айырқша қастерлеген .Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін , дастарханымыз аралас болсын , қарым қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.



Сабақтың соңы

 « Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін еліне адал қызмет ететін, тілінің салт – дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздерідің қолдарыңызда құрметті оқушылар. Сіздерге көп рахмет.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2023
267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі