Көркем әдебиет.Тақырыбы:Дәрумендер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем әдебиет.Тақырыбы:Дәрумендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Дәрумендер »

Мақсаты: Өлеңді жаттау және сөздік қорларын молайту

Міндеттері: Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге , өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Билингвалды компонент:дәрумен-витамин,Дымбілмес-Незнайка,жеміс-фрукты,жуа-чеснок,лук-пияз:

Көрнекі құралдар: суреттер, жемістермен көкөніс муляждары

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Сабақ барысы:


I. Кіріспе

Шаттық шеңбері

Сұрақ-жауап: Балалар^ қазір жылдың қай мезгілі?

( балалар жауабы) Дұрыс!  Бүгін біз дәрумендер туралы білетін боламыз.Дәрумен дегеніміз- витамин. Қане, қайталаңдаршы .

Осы кезде Дімбілмес пайда болады. Өзі өте көңілсіз екен.

-Дымбілмес,саған не болды?

-Мен қатты ауырып тұрмын Таңертеңнен бері көңіл- күйім жоқ.

-Ал сен жақсылап тамақтандың ба?

-Әрине!.

-Қ,ане, сен кешкі асқа және таңғы асқа не жедің, соны айтшы?

-Мен кешкі асқа чипсы  жедім, кока- кола іштім, ал таңғы асқа болса, шоколад жедім.

-Ай- ай- ай, Дімбілмес, оның жарамаған екен. Балалар, Дімбілмес дұрыс істеді ме? Солай тамақтануға бола ма екен? Тамақ тек қана тәтті емес, пайдалы да болу керек қой. Мысалы, көкөністер, міне ,мынау не?



II. Негізгі бөлім

-Дұрыс, сәбізді жеу денсаулыққа пайдалы. Оны жеген адамның көзі өте жақсы көреді. Ал мынау ше? /балалар жауабы/

-Иә апельсинді жегенде біз тұмаумен ауырмаймыз. Жуа мен сарымсақты жеу де салқын тиюден аман сақтайды. Балалар мына қораптағы не деп ойлайсыңдар? /балалар жауабы/

-Дұрыс сүтті үнемі қолданған адамның сүйектері мықты болады. Тістері ауырмайды. Енді дәрумендердің пайдасы туралы тақпақ тыңдап көрейікші.

Ешқашанда мұңаймаймын,

Күлімсіреп жүремін.

Өйткені мен дәруменді,

Өте жақсы көремін!


Дәрумендер туралы тақпақтар:

Сәбізді көп жесеңдер,

Сәбіз шырынын ішсеңдер,

Көзің жақсы көреді,

Мұны бәрі біледі.

Балық майы дәмсіз ғой,

Сонда да ішу қажет- ақ,

Дәруменге толы май,

Денсаулық үшін маңызды- ақ

 Дидактикалық ойын “Дәмінен таны”

  –Балалар, Дімбілмес көп затты түсінген сияқты. Біз оны әрдайым пайдалы тағамдарды жеп жүрсін деп, олардың, яғни көкөністердің суретін салып берейік.

Сурет салу “ Қызанақ пен алма”

-Балалар, мына қызыққа қараңдаршы, мыналар не? /балалар жауабы/

-Қазір біз бұл жемістерден өте дәмді шырын дайындаймыз. Қараңдар.

Сергіту сәті

Қорбандаған аюдың

құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

Қалтамызға салайық

Сендер қандай тақпақпен таныстыңдар?

Тақпақта не жайында айтылған?

Осы жемістердің адам денсаулығына пайдасы өте зор, онда көптеген дәрумендер болады.

Шырын дайындау

– Балалар, сендерге көп рахмет. Бүгін біз кімді көрдік? Дімбілмеске қалай көмектестік? Сендер енді пайдалы тағамдарды жейсіңдер ме?  Көкөністерді жейсіңдер ме

III.Бекіту бөлімі


II. Қортынды Бүгін біз не туралы әңгімеледік? Мадақтау ,бағалау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2018
3233
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі