жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Көркем еңбек және интерьер дизайны

Төлеу Ержан Сансызбайұлы
Әлімұлы Жаңабек
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ
Қызылорда,2024

УДК 373
ББК 74. 298
Қ 14
Құрастырғандар: Төлеу Ержан Сансызбайұлы –
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр
атындағы №70 орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі,
педагог-модератор
Әлімұлы Жаңабек - Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Ғани Мұратбаев атындағы №91 орта мектептің көркем
еңбек пәні мұғалімі
Пікір жазған: А.Ә.Әлайдарова - Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің «Дәстүрлі өнер және
педагогика» институтының аға оқытушысы, педагогика
ғылымдарының магистрі
«Көркем еңбек және интерьер дизайны» Әдістемелік
көмекші құрал. Қызылорда. «Айзере» баспасы. 2024 .- 120
б
Кез келген интерьер дизайнер көзқарасын қажет
етеді. Қазіргі заманғы заманауи интерьерде түстердің
көмегімен бөлме ішін кеңейтуге де, тарылтуға да сондай-
ақ жарық қылуға, тұйық етуге де болады. Ал көркем еңбек
сабағы арқылы оқушылар бойында интерьер ұғымын
жаттықтырып, оның кемшіліктері мен артықшылықтарын
сіңдіру арқылы жеке тұлға бойынан өзіндік эстетика мен
жаңашылдықты қалыптастыруға болады.
Әдістемелік құрал жалпы білім беру ұйымдары
педагогтеріне арналған.
ISBN 978-601-04-0328-08

Кіріспе
Визуалды өнер мен сәндік-қолданбалы өнер
шығармашылық бөлімдерінің тақырыптары мектеп
бағдарламасының жоғарғы сыныптарында берілген.
Визуалды өнер бөлімінің мазмұны төмендегі
бөлімшелерді: классикалық және заманауи өнер;
қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу
өнерінің жанрлары мен түрлері, сандық өнер (фотосурет,
анимация, медиа құралдар); бейнелеу (визуалды) өнерінің
көркем тәсілдері; көркемдік материалдар және
техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.
Сәндік-қолданбалы шығармашы лық бөлімінің
мазмұны төмендегі бөлімшелерді: сәндік-қолданбалы өнер
ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және
басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері, сәндік
қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен
құралдары, ұлттық ою-өрнек; ішкі көріністі сәнді
безендіру қарастырады.
Дизайн және технология (ер балалар) бөлімінің
мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі конструкциялық,
табиғи, жасанды жөне дәстүрлі емес материалдарды;
материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын,
материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді, әртүрлі
материалдардан бұйым дизайнын; ұлттық тұрмыстық
заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық және
әлемдік сәулет ескерткіштерін, макеттеуді, ішкі көрініс
дизайнын; робототехника, көлік құралдарын модельдеуді
қамтиды.
Үй мәдениеті бөлімінің мазмұны (ер балалар)
төмендегі бөлімшелерді тұрғын үйдің экологиясын,
өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы,
ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының көздері
туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және

электр құралдарын қолдану мен жөндеуді, тұрмыстық
жөндеу жұмыстарын, ішкі көріністі ұйымдастыру мен
жоспарлауды қамтиды.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі Көркем еңбек
пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу,
идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап
(тұрмыстық), арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті,
материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем
өндеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу,
технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын
иелену болып табылады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда
ұсынылатын әрекет түрлері, өнер-білім саласы бойынша
тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек
компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп
құрылған.
Оқу жоспарының мазмұнына сызу және
компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін
технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын
дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге
бағытталған әрекет түрлері қосылған.
Көркем еңбек пәні бойынша жиынтық бағалау
өткізілмейді, жыл соңында есептелінді (есептелінген жоқ)
деген белгі жазылады. Көркем еңбек пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау
барысында оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық
шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Көркем еңбек пәнінің оқу бағдарламасы 6 -
сыныптан бастап, негізгі орта мектеп деңгейінде Сәндік-
қолданбалы өнер, Дизайн және технология бөлімдерінде
бұйымның эскиздерін таныстыру жөне әзірлеу,
материалдар мен құралдарды таңдау, оларды дайындау
үшін қол электр құралдарымен жөне жабдықтарымен қатар
компьютерлік модельдеу мүмкіндіктері қолданылады.

Тәжірибелік жұмыстар, құрастыр малы
бөлшектерден роботтарды әзірлеу, роботтардың пайда
болу тарихы мен түрлері (өз бетінше зерттеу), робот жасау
үшін эскизді өзірлеу, робот жасау үшін материалдарды
дайындау, робот жасау, роботтың жылжымалы бөліктерін
жасау бойынша эксперимент, көлік құралдарының түрлері
туралы жалпы мәліметтер (өз бетінше зерттеу), көлік
құралының моделін әзірлеу, эскиз, материалдарды іріктеу,
көлік құралының моделін жасау, модельдің жекелеген
бөліктерін жасау, модельді құрастыру және өңдеу,
жұмыстарды таныстыру.
Дизайн ұғымы туралы түсінік
Дизайн көркемсурет жане сәулет өнерінің өнеркәсіп
бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық
ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы.
Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған
тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық
үйлесімін жүзеге асырып, олардың жаңа үлгілерін ойлап
табу. Бұл 1928ж. АҚШ-та пайда болды. Дизайнер термині
1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын
қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800
жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер
әзірлеген көптеген орындықтар шығарды. Ақын және
дизайнер Вильям Морис 1880 жылдары фабрика
бұйымдарына қарсылығын білдірді. ТМД елдерінде, соның
ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап
жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады 1987 ж. Қазақстан
Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең
тұрмыстық жағдайлар мен талап -сұраныстарға
байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама,
плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау,
жиһаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б.
қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілу, дизайн өнерімен

тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік
қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму
үстінде.
Дизайнер қазіргі уақытта алдынғы орындардың
біріне ие, нарықтық экономикадағы сапалы дизайнды
қамтиды. Дизайнның көптеген бағыттары бар :
анимациялық дизайн, сәулет дизайны, графикалық дизайн,
киім модельдеу, ақпараттық, ландшафтық, баспа дизайны,
интерьер және жарнама, веб-дизайны.
Өнердің пластикалық түрінің, сонымен қатар
дизайнның заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және
заттық ортаның формасын сана-сезімімен түйсінетін адам
эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар
артықшылыққа ие жақсы заттарды таңдау, көркемдік
қайталанбас заттар, заттық ортаны тудыру. Дизайн термині
ағылшын тілінен аударғанда Дизайн сөзі-суреттеу, салу
мағынасын береді. Дизайн бізді қоршаған орта мен еңбек
заттарына, тұрмыстық бұйымдарды орналастыру
ыңғайына қарай негізделеді. Жобалаудың басты екі шарты
бар. Оның ең кең тараған қазіргі жаңа үлгіге
сәйкестендіріп келбетін заманға сай жетілдіре түсу.
Батыста мұны стайлинг (стилизация) деп атайды. Ал
екіншісі қалыпты жағдайға байланысты. Керек жарақтарды
ыңғайластырып орналастыру. Жылдап, айлап емес күн
сайын өзгеріп жатқан мынау заманымызда интерьерді жеке
бұйымдарға қарап жобалаудан гөрі кешенді жобалау яғни
сол ортаға бейімдеу басым болып барады. Жалпы кез
келген интерьер, мейлі ол тұрғын үй болсын, мекеме
болсын тіпті дүкен, ателье, шеберхана болсын дизайнер
көзқарасын қажет етеді. Қазіргі заманғы интерьерде
түстердің алатын орны өте қомақты. Интерьер
кеңістігіндегі негізгі шешімдер осы түстерге байланысты.
Оның көмегімен бөлме ішін кеңейтуге де, тарылтуға да
сондай-ақ жарық қылуға, тұйық етуге де болады. Интерьер

құрылымының қарапайым болғаны дұрыс, ол адамдардың
өздерін еркін де, әрі жеңіл сезінулеріне зор ықпал
жасайды. Бұл жерде бөлме мен оның ішіндегі
жиһаздардың да түстерінің үйлесімді болғаны мақұл.
Заманауи интерьердің қазіргі ерекшелігі де осы
қарапайымдылығында. Озық үлгідегі интерьерлер
бөлмелерді әсіресе әшекейлеуден, шектен тыс жылтырақ
нәрселерден аулақ болуды ұсынады. Керісінше керек
заттар, жиһаздар, бұйымдар, тіпті картиналар тағы
басқалар кажетті орындарында тұрған болса ол адам
жанына жылылық ұялатады, жаныңды сергітеді. Қазіргі
заманғы сәулет өнерінің озық үлгілері интерьер
элементтерінің біртұтастығына, стильдік ерекшеліктеріне
негізделген.
Интерьердің гармониялық үйлесімділігі оның ішкі
элементтеріне: бөлменің құрылымына, оның ішіндегі
жиһаздарға және олардың дұрыс орналастырылуына, қала
берді олардың түстеріне, шамдар мен люстраларға, есік-
терезе перделеріне, тіпті сәндік бұйымдарға да
байланысты. Ал осы жоғарыда аты аталған нәрселер

шамадан тыс артық болса, ол адамның көңіл күйіне кері
әсерін тигізеді. Жанұя жылуына, үйдің ішкі сұлулығына
қазақ халқы өте ыждағаттылықпен қараған.
Интерьер дизайны
Интерьер дизайны қоршаған орта мен адамдар
арасындағы жайлылық пен эстетикалық жағымды
әсерлесуді қамтамасыз ету үшін кеңістіктердің интерьеріне
бағытталған дизайн саласы. Интерьер дизайны көркемдік
және өнеркәсіптік дизайнды біріктіреді.
Интерьер дизайнерінің міндеті бөлмені ыңғайлы,
функционалды және әдемі ету. Қабырғаларды, едендерді,
төбелерді әрлеуге арналған материалдарды таңдау,
нұсқаларды зерттеу кіреді. Маман ин терьердің
тұжырымдамасын жасайды жэне оны жүзеге асыруға
көмектеседі. Дизайнер жұмысының нәтижесі жайлы пәтер,
жайлы кеңсе, атмосфералық кафе. Бұл қызықты,
шығармашылық және сөнді мамандық. Оны эстетиканы
бағалайтын жөне айналасындағы кеңістікті өзгерткісі
келетін адамдар таңдайды. Маман интерьердің
тұжырымдамасын жасайды және оны жүзеге асыруға
көмектеседі. Интерьер дизайнерінің жұмысы қызметтің
технологиялық құрамдас бөлігін қамтиды: интерьердің
дизайнын жасап қана қоймай, сонымен қатар макеттерді
келісу бойынша тапсырыс берушілермен келіссөздер
жүргізу, эскиздер, пішіндер мен сызбаларды әзірлеу,
болашақ өнімдерді жасау технологиясының барлық қыр-
сырларын анықтауы керек. Сурет салу тәжірибесі
дизайнердің пішің, жарық, түс, пропорция жөне
композицияны сезінуін дамытады, көркемдік талғамды
қалыптастыруға ықпал етеді. Сурет сала алу дизайнның
барлық түрлерінде: өнеркәсіптік жөне техникалық, киім
дизайнында, интерьерде, иллюстрацияларда, үш өлшемді
графикада және визуалда іске жарайды. Интерьер
дизайнының принц иптері Интерьер дизайны

архитектураның немесе экологиялық дизайнның
мамандандырылған саласы екенін атап өту маңызды, кез-
келген саладағы мамандандырылған саланың бірде-бірінде
тәжірибе жасалса, ол өте маңызды болмайтынын ескеру
маңызды контекст. Ең жақсы ғимараттар мен ең жақсы
интерьер бұл жиынтықты құрайтын көптеген элементтер
арасында айқын айырмашылық жоқ. Бұл элементтердің
қатарында ғимараттың (бөлмедегі жұмысты
оңтайландыруды жүзеге асырады, үлкен бөлмелерде
навигацияны жақсартады, құрылымдық аспектілері,
алаңды жоспарлау, көгалдандыру, жиһаз жөне сәулет бар
графика белгілер), сонымен қатар ішкі бөлшектер.
Шынында да, бір жетекші қолмен жасалған және
үйлестірілген ерекше ғимараттар мен интерьерлердің
көптеген мысалдары бар. Интерьер дизайнері талапқа
сәйкес мамандандырылған бөлмелердің (мысалы, дыбыс
жазу студиялары, киномонтаж, фотосуреттер, аквапарктер)
дизайнын жасайды. Дизайнер бөлменің орналасуынан,
жарықтандырудан, желдету жүйелерінен, акустикадан
бастап, интерьер дизайнының барлық процесін басқарады,
қабырғаларды әрлеу, және жиһазды орналастырумен және
навигациялық белгілерді орнатумен аяқталады.
Қазіргі заманғы интерьер дизайны
Қазіргі уақытта еліміздің экономикасы қарқынды
дамуда, сонымен қатар сәулет өнері де өзіміздің ұлттық
нақышта көркейіп келеді, ал дизайн өнері саласы елімізде
кеш дамыса да, осы уақытта еліміздің барлық өндіріс
саласында өз қажеттіліктері бойынша сұранысқа ие болып
отыр. Жалпы тұрмысымызға қажеттілігі өте зор заманауи
дизайн интерьері стильдерінің қалыптасуы заман талабына
сай, қазіргі уақытта өзекті тақырыптардың бірі болып
саналады. Қоршаған кеңістікті түрлендіру, өз қалауынша
әсемдеу адам баласының бойына ертеден қалыптасқан.
Интерьер стильдері біздің психологиялық және

эмоционалдық жағдайымызға үлкен әсер беретіні ертеден
белгілі, сол себепті адамдарға пәтердің ішкі көрінісін жөне
түстік шешімдерін әрқашан өзгертіп тұруға
құштарлықтарын туғызады. Біздің пайымдауымызша,
дизайн интерьері күшті визуалды әсерге ие сол себепті, біз
алдымен қолданбалы функцияларды орындауымен
байланысты деп ойлаймыз, дизайн интерьерлерін
өдептеуді жобалау барысында ең көп сұранысқа ие
қолданбалы дизайны екені белгілі, себебі ол пәтердің,
немесе үйдің жөндеуін толығымен қайта өзгертуін қажет
етпейді. Қазіргі уақытта, біз білетін заманауи дизайн
интерьерінің көптеген стильдері бар. Осы стильдерді біз
қазіргі жағдайда тұрмысымызда пайдаланатын барлық
интерьерлерде кеңінен қолданамыз. Қазіргі заманғы
интерьер дизайны бұл, өзін білдіруге үй жайлылығын
жасау, өзіне демалуға орын береді, өз жұмақты
ұйымдастыру тағы бір жолы болып табылады, интерьер
түрлі стильдер конфигурациялауға болады. Ол
классикалық, сондай-ақ романтикалық стиль, минимализм,
винтаж ретро стильдері белгілі болды. Ең жақында пайда
болған стильдер: модерн стилі, эстрадалық өнер стилі (ол
60-шы жылдардың сән оралды). Заманауи стильде
интерьер негізінен ерекше нысаны ерекшеленеді: ол ұзын
бойлы терезелерін дөңгелектенеді Жиһаздан бастап
бөлмелердің формасына дейінгі заманауи дизайнның
көптеген компонеттері қосымша бөлшектерсіз таза, түзу
сызықтарды қамтиды. Бұл қисық сызықтар мен
сызықтарды қолданатын заманауи дизайннан біршама
ерекшеленеді, заманауи дизайн желілері айқын, өткір және
өте қажет.интерьрде бірінші кезекте жеңілдік, эстетикалық
сұлулық, табиғатпен бірлігін бейнелейді.
Минимализм заманауи дизайнның ажырамас бөлігі
болып табылады, композицияның қарапайымдылығын,
нақтылығы мен біріктілігін суреттейтін дизайндағы стиль

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген