Материалдар / «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІ БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІ БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға, оқушыларғы, студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2021
221
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІ БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Еңбек  тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі.

Жас жеткіншектерді  еңбекке баулымай оларды тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екенін  XIX ғ. әйгілі педагогтар   И.Песталоцци, Р.Оуэн, К.Д.Ушинскийлер дәлелдеген.

Ал қазіргі таңдағы бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту ясында «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және  негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің кіріктірілген «Көркем еңбек» пәні оқушыларды тек еңбекке ғана баулымай, балалардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңартылған пән мазмұны білім алушының түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, көркемдік қабілеттерін, кеңістікті көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау оның аса қажет құрамдас бір бөлігі болып есептеледі. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттыруда қосатын үлесі зор.

«Қөркем еңбек» пәнін оқыту үдерісіне қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы  арасында кері байланысты орнату.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау  дағдылары.

Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу   мақсаттарын енгізуі қажет.

оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;

тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.

Мәліметтерді жинау және талдау жасау үшін мұғалімге бақылау парағын, журналды, күнделікті, басқа да қалыптастырушы бағалау нәтижелерін тіркеудің формаларын жүргізу ұсынылады. Бұл мұғалім әрекетінің тиімділігін, оқудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

1. Бөлім 2: Сәндік - қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек түрлері мен қысқаша тарихы. Қазақ халқының ұлттық ою- өрнегі (түрлері, стильдеу, мотивтері)

Оқу мақсаты: 1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық  мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.

Топтық жұмыс.

Алдыңғы сабақты қайталап әрі жаңа тақырыппен байланыстыру үшін шағын тест өткізілді.  Элективті тест (Оқушылар А,В,С карточкаларын көтеру арқылы) Оқушылар қолдарындағы жауап белгілерін жоғары көттеру арқылы дұрыс жауапты көрсетеді. Кейін алдын –ала дайындалған дұрыс жауаптардың суретін көру ақылы  өз жауаптарын тексеріп, өзін- өзі бағалай алады. Сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен танысқаннан кейін оқушылар бүгінгі сабақта қандай нәтижеге қол жеткізу керек екенін сұрақ- жауап, талқылау арқылы,  ал сабақ барысында меңгеруі қажет  іс әрекетті өз көзімен көру арқылы білуі керек.

Мұғалім оқушыларға  ою оюып, оны бұйым бетіне орналастырып көрсетеді, ал оқушылар дәптерге жазып алады.

  1. Нобай жасаймыз. Ою таңдаймыз. Мотив

  2. Қағазды алып бүктейміз (үш бүктеу)

  3. Таңдап алынған оюдың бір элементін саламыз

  4. Оюды мұқият қиып аламыз (кілемше түріне байланысты 2-4  мотив) Ою симметриялы болуы шарт

  5. Оюды жазып қағаз бетіне орналастырамыз (Раппорт)

  6. Кілемешенің шетін безендіру үшін шет ою жасаймыз. Ырғақ

  7. Оюларды ұқыптылықпен жабыстырамыз.

Бұл кезеңде оқушылар мұғалімнің іс- әрекетіне мұқият зер салып,  аталған терминдерге аса көңіл бөлуі шарт.

Осыдан кейін  «Сұрақ –жауап» арқылы бағалау критерийлерін  қоямыз :

Бағалау критерийлері

*Қазақтың ұлттық ою-өрегінің бір түрін қағаз бетіне түсіру;

*Симметрия заңдылығын ұстанады;

* Түрлі- түсті қағаздан, өрнекті қыйып алады;

*Қыйып  алынған өрнекті А-3 форматты қағаз бетіне түсіріп, «кілемше» жасайды;

*Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Топтардың жұмысын бағалау үлгісі

Кері байланыс:

5_____сынып

1-ші топ

2-ші топ

Бағалау критерийлері:

 

 

 

 

Жазбаша түрдегі кері байланысқа мынандай даяр үлгілер беруге болады: Бір минуттық эссе

Мен білдім

Мен таңдандым

Өзіме ашқан жаңалығым

Мынандай қорытындыға келдім

 

2.

2 бөлім Сәндік-қолданбалы өнер

Тақырып: Көркемдік кестемен бұйымды безендіру

Оқу мақсаты:

5.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

Біз кесте техникасында дайындалған тұскиіздерді көрсету.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері туындысы, керемет үй жиһазы туралы өз ойларын сұрау

Топтық жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Тұскиіздің қолданылуы

- Қандай материалдардан, қалай жасалады?

Бағалау критерийлерін қатысушылармен берге қоямыз

  1. Техникалық:

-       нобай бойынша бұйымды ұқыпты кестелейді

-       Тігістері біркелкі тегіс

-       Оң жағынан да теріс жағынан да таза

  1. Эстетикалық:

-       ұлттық ою түрлерін үйлесімді қолданады

-       Түстері үйлесімді

Практикалық тапсырма:

Біз кесте тігу техникасымен үлгі бойынша кесте тігу.

Дайын жұмыстарын бағалау.

Топтар жасаған жұмыстарын бір- бірімен алмастырады, бір- бірінің жұмыстарын жоғарыда  аталған критерийлер бойынша бағалайды.

Рефлексия  «Чемодан, еттартқыш, себет»

- Кейін керек болуы мүмкін (Бүгінгі шеберлік сыныптан өзіңізге алған маңызды         ақпараттарды «чемодан» суреті жанына толтырыңыз)

-  Ақпаратты өңдеймін.   (Әліде зерттеуді, өңдеуді, толықтыруды қажет ететін ақпаратты «еттартқыш» суреті жанына толтырыңыз)

- Барлығын лақтырамын.  (Бүгінгі шеберлік сыныпта  сізге берілген қажетсіз ақпараттар бар болса «себет» суреті жанына толтырыңыз)

 

3. Бөлім 3 А: Дизайн және технология  Сабақтың тақырыбы Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар

Оқу мақсаты:

5.2.2.1 Тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді  сипаттау  және білу, машина тігістерін орындау.

5.2.2.2 Тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен (үтік) өңдеуге арналған жабдықтарын білу, сипаттай алу және қолдану.

Жеке жұмыс.

Бағалау критериі     Білім алушы: Тігін машинесі құрылысын зерттейді. Машина тігістерін орындайды

Дескриптор   Білім алушы:

Тігін машинесінің құрылымын анықтайды;

Топ ішінде құрылғылардың бөлшектерін талқылайды;

Бөлшектердің атқаратын қызметттерін анықтайды;

Қажетті жазбаларды жүргізеді, нобайын салады;

Жіпсіз тігістер орындайды.

(Жабық)  Сұрақтар:

Тігін машинесін не үшін қолданамыз?...................

ЫЖӨ ретілігі...............?

Үтікті қолдану ережелеріне-……..?

Машине табаны қандай қызмет атқарады ………?

Сабақтың соңында оқушылар жасаған жұмыстарына талдау жүргізеді және қандай жұмыс жақсы атқарылды ал, қай жұмысты жақсарту керек екендігіне белгілер (рефлексия) жүргізеді.

Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

- Ең бастысы (бүгін) сіз не білдіңіз?

- Есіңізде не қалды?

- Қандай сұрақ сіз үшін түсініксіз болды?

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегітпедагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы. Үлестірме материалдар.  Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 жыл.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, екінші басылым, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 жыл.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру  бағдарламасы, екінші басылым, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 жыл.

«Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас.» Әліпбаева А.Қ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!